5.Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің дамуы.
Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесінің пайда болуы мен даму кезеңдері төмендегі жайлардан туындаған:
1.Қоғамдык өмір практикасы. Қоғамымыздың жақсы дене дайындығы бар адамдарға мұқтаждығы, дене тәрбиесінің заңдылыктарын тануға деген ұмтылысты туғызады және соның негізінде адам денесін жетілдіруді басқару жүйесін құруды қажет етті.
2.Дене тәрбиесінің практикасы. Тек кана практика жағдайында барлық теориялық қағидалардың өміршеңділігі тексеріледі. Осындай жағдайларда ғана дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі жаңа қағидаларды жасау кажеттілігі тың идеялар туындауы мүмкін.
3.Әртүрлі кезеңдерде және әртүрлі елдерде философтардың, педагогтардың, дәрігерлердің жан-жақты дамыған жеке адамды тәрбиелеу жолдары және мазмұны жөніндегі айтқан прогрестік идеялары.
4.Өзінің дамуының жоғары деңгейінде дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесінің жетекші қайнар көзі еліміздің Конституциясы болып табылады;
5.Ел үкіметінің дене шынықтырудың жағдайы және жетілдіру жолдары туралы каулылары;
6.Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі саласындағы ізденістер нәтижесі.
Тарихи өзінің даму жолында дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі бірнеше кезеңдерден өтті.
Бірінші кезең - қозғалыс дағдыларының организмге әсері жөніндегі эмпиризмдік (сезім қабылдауларын, тәжірибені дүние танудың бірден-бір бұлағы деп тауып, теориялық қорытындыларды бағаламайтын, сол себепті құбылыстардың өзара байланысын және даму заңдарын аша алмайтын (философиялық ілім) білім кезеңі. Адам баласы оны күнделікті қозғалыс қимылында алды. Эмпиризмдік білімнің жинақталуы адамды «жаттығудың тиімділігін» түсінуге және тәжірибені өзгелерге беру әдістерін танып білуге әкелді. Бұның өзі дене жаттығуларының пайда болуының алғышарттары болды, ал одан кейін дене тәрбиесінің де пайда болуына әкелді.
Екінші кезең - дене тәрбиесінің ең алғаш әдістерінің жасалу кезеңі. Ол ежелгі және орта ғасырлардағы құл иеленуші мемлекеттердің кезеңін қамтиды. Бұл әдістер тәжірибе жолымен жасалды. Педагогтар, философтар және дәрігерлер адам организмі қызметінің заңдылықтарын әлі біле қойған жоқ, дене жаттығуларының әсер ету механизмін түсіндіре алмады, сол себепті дене шынықтыру жаттығуларымен айналысу тиімділігін тек «сыртқы» өзгерістер (адам шыдамды, күшті, өзіне керекті дағдыларды игерді) бойынша ғана анықтады. Дене тәрбиесі әдістерінің ең белгілісі Ертедегі Грекияда жасалынып пайдаланған әдіс. Ол әдіс бірыңғай жүйеге белгілі бір іс-қимылдарды, сонымен қатар үйрету әдістерін, адам бойындағы қасиеттерді арттыру жолдарын біріктірді. Орта ғасырлар кезеңдерінде әдістер саны үнемі артып отырды және гимнастикадан, жүзуден, ойындардан, садақ атудан, семсерлесуден, атпен жүруден алғашқы көмекші құралдар пайда бола бастады.
Yшінші кезең - дене тәрбиесі туралы теориялық білімнің тасқынды түрде жиналуы. Қайта өрлеу кезеңінен XIX ғасырдың аяғына дейінгі аралықты қамтиды. Адам туралы, оны тәрбиелеу және үйрету, оны емдеу туралы ғылымның дамуы философтарды, педагогтарды, дәрігерлерді дене тәрбиесі проблемаларына назар аударуға тартты. Дене тәрбиесінің атқаратын қызметі жөнінде педагогикалық, философиялық, дәрігерлік ой-пікірлер жинақтала бастады. Әрине, ой-пікірлер бұл кезде әлі жүйелі түрде жинақталмағандығын байқауға болады, себебі олар жекелеген ғылымдардың (педагогиканың, философияның, медицинаның) өз ішінде ғана туындаған. Жоғарыдағы аталған ғылымдардың өкілдері көптеген «өзіндік» мәселелерді адам өмірінде дене тәрбиесінің атқаратын қызметін есептемей шешу мүмкін еместігін түсінді. Қайта өрлеу дәуірінің өзінде-ақ педагог-гуманистер және социалист-утопистер дене тәрбиесіне тұтастай тәрбиенің міндетті бөлігі деп караған. И.Г.Песталоцци (1746-1827) балалардың қозғалыс мүмкіншілігін дамытуға арнап, «Буын гимнастикасы» теориясын құрып дене жаттығуларының, жалпы педагогикалық талаптарына сай құрыла бастағанын атап көрсетеді. XVІІІ ғасырда анатомдар дене шынықтыру жаттығуларының биомеханикалық саласында ізденістер жасаған, ал XIX ғасырда дене тәрбиесі туралы жұмыстар көріне бастады. Қоғам өміріндегі дене тәрбиесінің атқаратын кызметіне байланысты объективтік баға беру үшін К.Маркс пен Ф.Энгельстің еңбектері маңызды орын алады. Бірінші рет, олар, ғылыми түрде тәрбиенің тарихи және таптық сипатын дәлелдеді. Тәрбиенің мазмұнын ашып берумен қатар, дене тәрбиесінің орнын анықтады, адамды жан-жақты тәрбиелеу кағидаларын жүзеге асыру жолдары көрсетілді. Сөйтіп, бұл кезеңде дене тәрбиесі теориясының негізі қаланды. XIX ғасырдың басынан бастап дене тәрбиесінің теориясы ғылыми білімнің жеке саласы есебінде калыптаса бастады.
Төртінші кезең - біздің елімізде жеке ғылыми және оқу пәні есебінде дене тәрбиесінің теориясы мен әдістерінің құрылу кезеңі. Бұл кезең XIX ғасырдың аяғы мен Қазан революциясына дейінгі аралықты қамтиды және дене тәрбиесінің проблемалары жөнінде арнаулы ізденістердің тасқынды дамуымен сипатталынады. Осы уақытта, қоғамдық өмірдің көптеген салаларына дене тәрбиесі әсерінің ықпалы тигендігін аңғаруға болады. Дене тәрбиесі саласындағы ғалымдар арасында ең жарқын өкілдерінің бірі П.Ф.Лесгафт (1837-1909) болды. Оның тарихтан, анатомиядан, биологиядан, педагогикадан, антропологиядан, дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесінен еңбектерінің көпшілігі прогрестік бағытта болды, сондықтан жеке ғылыми және оқу пәні есебінде дене тәрбиесінің теориясы мен әдісінің негізіне енді.
Бесінші кезең - Қазан революциясынан бастап қазіргі кезеңмен өлшенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |