Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы



бет29/138
Дата30.06.2023
өлшемі0.6 Mb.
#475458
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   138
Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д

Соңғы фазаның міндеті - қозғалысты тежеу және тепе-теңдік сақтап қалу, алысқа лақтырудан соң сызықтан асып кетпеу, жүгіріп келіп ұзындыққа секірген соң құламау. Жаттығу элементтерге бөлінеді, мысалы, нысананы көздеп лақтыруда: бастапқы жағдайда көздеу, құлаштау, лақтыру.
Қорытынды фаза бейнелеп айтқанда жұмыс жағдайынан шығуға мүмкіндік беретін қимылмен аяқталады. Секіруде бұл фаза жерге аяқтың тиюінде, ал жүгіруде-инерция бойынша фиништен (мәреден) кейінде жүгіріп өту. Қорытынды фазаның тиімділігі кейде негізгі фазада қимылды орындаудың дұрыстығына байланысты болмақ. Негізгі фаза техниканың негізін құрайтын қозғалыстардың көмегімен, ал қалған екі фаза - техниканың бөліктерін кұрайтын қозғалыстың көмегімен жүзеге асырылады.
Циклсіз жаттығулар (лақтыру, секіру т.б.) үш фазаға бөлінеді: дайындық, негізгі (басты), соңғы фазалар. Бұл фазалардың бәрі өзара байланысты, біртұтас өтеді, бір-бірімен шарттас келеді, бірақ олардың әрқайсысының тұтас жаттығуда атқаратын қызметіне байланысты ерекше орны бар.
Кеңістіктік сипат. Дене жаттығуларының бәрі кеңістікте кеңістіктік сипатта орындалады. Кеңістіктік сипатқа жататындар: бастапқы жағдай, дене және оның мүшелерінің қозғалыстағы жағдайы, траектория. Бастапқы жағдай - бұл жаттығу басталар алдында, салыстырмалы түрде айтқанда қозғалмай тұру, ол әрекет етуге әзірлікті көрсетеді. Дененің және оның мүшелерінің бастапқы жағдайын өзгертумен бірге жаттығудың күрделілігін өзгертуге, бұлшық етке түсетін салмақты арттыруға және организмге ағымды әсер етуге болады. Мысалы, орындықта отырып кеудені оңға, солға бұру қарын бұлшық еттерінің жұмысын күшейтеді; еденде жатып жаттығу дене салмағының омыртқаға түсіретін қысым күшін азайтады. Бастапқы жағдай жаттығудың дұрыс орындалу және келесі әрекеттердің нәтижелілігін қамтамасыз ету (тізені молырақ бүгу, жүгіру жылдамдығын мейлінше арттыруға көмектеседі) үшін мейлінше тиімді жағдай туғызады. Дененің немесе оның жеке бөліктерінің дене жаттығуларын орындау процесінде қозғалмайтын жағдайда болуына бұлшық еттердің статикалық ширығуы арқылы қол жетеді. Орындалатын дене жаттығуларының тиімділігі керекті қалып сақтауға, денені және оның мүшелерін мейлінше оңтайлы жағдайда ұстауға байланысты. Мәселен, коньки, шаңғы тебушінің тізені төменірек бүгуі, велосипедшінің отырысы ауа кедергісін азайтады, сөйтіп алға қарай шапшаң қозғалуға жәрдемдеседі. Жүгіру процесінде дененің алға-артқа еңкею бұрышын өзгерту арқылы оған жылдамдық қосуға болады. Кейбір жаттығуларды орындау техникасында бастың белгілі бір жағдайда болуы маңызды. Мысалы, орындық, бөрене үстімен жүргенде тепе-теңдік сақтау үшін басты тік ұстау қажет. Мәнерлеп сырғанауда, көркем, спорттық гимнастикада дене және оның жеке бөлшектері жағдайына арнайы эстетикалық: аяқтың басын тік ұстау, көкіректі қайқайту, т. б. талаптар қойылады. Кейбір бастапқы және статикалық жағдайлардың өзіндік мәні де болады (тік тұру).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет