Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы


Кеңістіктік-уақыттық сипаттамалар



бет31/138
Дата30.06.2023
өлшемі0.6 Mb.
#475458
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   138
Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д

Кеңістіктік-уақыттық сипаттамалар. Қозғалыс жылдамдығы дененің немесе оның мүшесінің жүріп өткен жолы өлшемінің (ұзындығының) сол жолға жұмсалған уақытқа қатысымен анықталады. Жылдамдық м/секундпен өлшенеді. Егер шапшаңдық жолдың бар нүктелерінде де тұрақты болса, онда қозғалыс бір қалыпты, егер ол өзгеріп отыратын болса, өзгермелі деп аталады. Жылдамдықтың белгілі бір уақыт ішінде өзгеруі үдеу деп аталады. Ол оң да, теріс те болуы мүмкін. Қозғалысты орындау процесінде жылдамдық та, үдеу де өзгepyi мүмкін. Егер қозғалыс жылдамдығы күрт өзгермей үдеумен орындалса, ондай қозғалысты бір қалыпты қозғалыс деп атайды, бірден үлкен жылдамдықпен басталатын қозғалысты - күрт қозғалыс дейді, сондай-ақ біркелкі үдемелі және біркелкі баяулайтын немесе кілт тоқтайтын қозғалыстар болады. Тұрақты жылдамдықты немесе тұрақты үдемелі қозғалыстар аз кездеседі. Жақсы орындалған дене жаттығуында, әдетте, жылдамдықтың тұтқиылдан, күрт өзгеруі болмайды. Дене жаттығуларын орындағанда бүкіл дененің қозғалыс жылдамдығы және дененің жеке мүшесінің шапшаңдығы бөлініп алынады. Бүкіл дененің қозғалу жылдамдығы дененің жеке мүшелерінің шапшаңдығына және басқа фактор­ына (аяқ-қолдың ұзындығына, сыртқы орта кедергісіне т. б.) тәуелді болады. Жылдамдықты оптималды және максималды деп бөледі. Жылдамдық ұлғайған сайын нәтиже де жоғары болады, дегенмен, мейлінше жақсы нәтижеге жету үшін максималды емес қозғалыс жылдамдығының әр адам үшін оптималды болуының маңызы зор. Қозғалыс жылдамдығы ықтиярлы (тауға шыққанда) және ықтиярсыз (таудан түскенде) болуы мүмкін. Дене тәрбиесі процесінде айналысушыларды қозғалыс жылдамдығын оны өзгерте отырып меңгеруге үйрету өте маңызды («жылдамдықты сезінуді» дамыту, белгіленген жылдамдықты ұстану).
Уақыттық сипаттамалар. Уақыттық сипаттамаларға жаттығуды және оның бөлшектерін, жеке статикалық жағдайларды орындау ұзақтығы мен қарқыны жатады. Дене жаттығуларын орындаған кезде техниканың жеке бөлшектері әртүрлі ұзақтықта атқарылады (лақтыру кезінде құлаштау лақтырудан жайырақ орындалады). Жеке статикалық жағдайларды (тік тұру) және дене мүшелерінің қозғалыстарын орындауға әртүрлі уақыт бөлінуі мүмкін. Жаттығудың, оның жеке бөлшектерінің ұзақтық өлшемін біле отырып, түсетін салмақтың жалпы ауқымын анықтауға және оны реттеуге болады. Қарқын - уақыт бірлігінде қозғалыс циклдерін немесе қозғалыс санын қайталау жиілігі (жаяу жүру қарқыны минутына 120-140 адымға тең). Қозғалыс қарқыны дененің қозғалатын бөліктерінің массасына тәуелді (мысалы, қолдың саусақтары секундына 8-10, ал кеуде 1-2 қозғалыс жасай алады). Қарқынның өзгеруіне қарай көбіне, қозғалыстың барлық құрылымы сапалық өзгеріске ұшырайды. Мысалы, қарқын белгілі шектен асса, жүріс жүгіріске айналады (минутына 180-200 адым). Козғалыс қарқынының өзгеруі денеге түсетін жүктің артуына немесе азаюына әкеледі. Әр адамның қозғалысты атқаруының индивидуалды қарқыны бар. Бұл организм ерекшеліктеріне (бой, салмақ, жүйке жүйесінің типі) тұтас алғанда жеке адамдық қасиетке (жалпы белсенділік т. б.), сондай-ақ сол бір қозғалысты меңгеру деңгейіне тәуелді. Дене жаттықтырумен жүйелі айналысу нәтижесінде қозғалысты орындаудың индивидуалдық қарқынын өзгертуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет