Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы



бет32/138
Дата30.06.2023
өлшемі0.6 Mb.
#475458
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   138
Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д

Ырғақтық сипаттама. Ырғақ - бұл қозғалыстың күшті, айрықша бөліктерін, әлсіз, сылбыр бөліктерімен уақыт жүзінде үйлестіру. Қозғалыстың айрықша, күшті бөлігі бұлшық ет күшін мейлінше көп жұмсаумен орындалады, содан соң қозғалыс біраз уақыт инерция бойынша, сылбыр жүріп жатады (шаңғы таяқтарын бір мерзімде таяна серпілу және қосаяқтап сырғанау). Айрықша кезең интенсивті болған сайын қозғалыстың сылбыр бөліктері соғұрлым толық пайдаланылады. Бұлшық еттің ширығуы мен босаңсуын дер кезінде кезектестіріп отыру дене жаттығуларын дұрыс орындаудың, қимыл-қозғалыс міндеттерін шешудің үнемді тәсілдерінің бірі болып табылады. Ырғақты қозғалыс оңай орындалады, сондықтан ұзақ уақытқа дейін шаршатпайды. Қимыл-қозғалыс ырғағы игерілген қозғалыстарда, әдетте, тұрақты сипатқа ие болады, бірақ жағдай өзгерген кезде ырғақ та өзгереді (бет бедері әр түрлі жерде шаңғымен жүргенде). Қимыл-қозғалыс ырғақтарын адам саналы және ықтиярлы түрде қалыптастырады, реттейді. Жаттығуды орындаған кезде әр адамның өзінің индивидуалды ырғағы болады, бірақ оның белгілі бір қозғалыстың рационалды құрылымы анықтайтын шектен шықпауына талпыну керек. Дене жаттығуларымен айналысу әсерімен қозғалыстың белсенді және сылбыр бөліктері ұзақтығының арақатысын өзгертуге болады.
Динамикалык сипаттама. Адам денесінің қозғалысына әсерін тигізетін күштер ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі күштерге жататындар: тірек-қозғалыс аппаратының сылбыр күштері (бұлшық еттерінің серпінділігі, тұтқырлығы т.б.), қозғалыс аппараттарының белсенді күштері (бұлшық еттерінің тарту күші), реактивті күштер (үдемелі қозғалыс процесінде дене буындарының өзара әрекеттесуі кезінде пайда болатын қайта тебетін күштер). Сыртқы күштерге - адам денесіне сырттан әсер ететін күштер жатады: өз денеңнің салмақ күші, сүйеніш реак­ция күші, сыртқы орта (су, ауа, құм) кедергілерінің күштері және сыртқы дене (күрестегі қарсылас, акробатикадағы әріптес), сыртқы ауырлық (нығыздалған доп, штанга) күштері адам орнынан қозғайтын денелердің инерциялық күштері. Адамның қимыл-қозғалыс әрекеті бұлшық еттік тарту күштерінің басқа ішкі және сыртқы күштермен өзара әрекеттесуінің қосымшасы ретінде қарала алады. Дене жаттығуларын орындаған кезде кедергі жасайтын күштерді азайтумен бірге қозғалтқыш күштердің бәрін мүмкіндігінше толық пайдалануға талпыну керек. Қозғалысты дұрыс меңгергендерде өзара әрекеттес күштердің арақатысы орынды, тиімді, үнемді болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет