Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы


-Дәріс. Сәби шақтағы балалардың дене тәрбиесі



бет38/138
Дата30.06.2023
өлшемі0.6 Mb.
#475458
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   138
Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д

6-Дәріс. Сәби шақтағы балалардың дене тәрбиесі


Дәріс жоспары

  1. Сәби шақтың даму ерекшелігі

  2. Сәби шақтағы дене жаттығуларының маңызы

  3. Перинаталдық онтогенез туралы ғылым. Перинаталдық кезеңдегі дамудың маңызы



Негізгі әдебиеттер:

  1. Кенеман А.В., Хухлаева Д.В. «Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі».

  2. А.Ж.Сисенбердиева «Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі». Оқулық. Алматы. 2011

  3. Уанбаев Е.К. «Дене тәрбиесінің негіздері». Алматы. Санат. 2000

  4. «Балалар бақшасындағы дене тәрбиесі». Осокина. 1982. Мектеп

Қосымша әдебиеттер:

  1. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік бағдарламасы, 2016 жыл

  2. Жұмабекова Ф.Н. «Мектепке дейінгі педагогика» Астана, 2008

  3. ЖМББС «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»




  1. Сәби шақтың даму ерекшелігі

Баланың жас ерекшеліктері туралы айтатын болсақ, баланың даму кезеңдерін ең алғаш рет бөліп берген Аристотель болатын. Ол жеті жасқа дейін, жетіден 14 жасқа дейін, 14-тен 21-жасқа дейін кезеңдерге бөлді. Жеті жасқа дейін бала үйде тәрбие алады. Мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастыру жөнінде, жас ерекшеліктеріне сай тамақтандыру, дене қозғалысының қажеттілігі, денені шынықтыру, баланың тәрбие ортасын ескеру көрсетілді.
Я.A.Kоменский адамның өсіп-жетілуіндегі жас ерекшеліктерін негізге ала отырып, бір-бірімен байланысты құрылған оқудың төрт сатылы кезеңін ұсынды. Туғаннан 6 жасқа дейінгі балалар үшін әр қауымда «Aна мектебі», 6-12 жастағылар үшін «Aна тілі» мектебі, 12-18 жастағылар үшін латын мектебі; гимназия; 18-24 жастағы жастар үшін әрбір мемлекетте академия болу керек деді.
Баланың өсу кезеңдері және әр кезеңдегі тәрбие ерекшеліктерін Жан Жак Руссо төрт кезеңге бөлді: бірінші кезең - баланың туған күнінен 2-жасқа дейінгі, екінші кезең - 2-ден 12 жасқа дейінгі, үшінші кезең - 12-ден 15 жасқа дейінгі, төртінші кезең - 15 жастан ер жетуіне дейінгі өсу дәуірлері. Жас ерекшеліктеріне қарай тәрбиенің салаларын ұсынды. Екі жасқа дейінгілерге негізінен дене тәрбиесі, денесінің өсуіне мүмкіндік беруді талап етті. 2-12 жаста баланың сезім мүшелерін жетілдіру, 12-15 жаста ақыл-ой мен еңбек тәрбиесі негізгі болады. Жас өспірімнің төртінші дәуірінде адамгершілік тәрбиесі басталатынын айтты.
Оқыту мен тәрбиелеу процесінде балалардың жас ерекшелігін және дара қабілеттерін ескеруді орыс педагогтары мен психологтары K.Д.Ушинский, Н.П.Пирогов, H.Ф.Бунаков, В.П.Вахтеров, В.И.Водовозов, И.Н.Ульянов, А.С.Макаренко, П.Л.Блонский, B.A.Cухомлинский талап етті.
Соңғы кезге дейін Кеңестік дәуір педагогтары мен физиологтары балалардың даму кезеңдерін төрт кезеңге бөліп келді:
1 кезең-Мектепке дейінгі кезең (сәбилік - 1 жасқа, бөбектік 1-3 жас, мектепке дейінгілер 3-7 жас арасындағылар)
2 кезең - Төменгі мектеп жасындағылар (7-10 жастағылар)
3 кезең -Жас өспірімдер (11-16 жас)
4 кезең -Жас өрендер (аға мектеп жасындағылар 16-18 жастағылар)
K.Д.Ушинский - егер педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда ол оны барлық жағынан білуге де тиіс деп атап көрсеткен 6олатын. Балалардың жас ерекшеліктерін анықтау және олардың өсу кезеңдерін белгілеу үшін анатомиялық көрсеткіштері ескеріледі. Сонымен бірге, физиологиялық процестердің жүру ерекшеліктері: бойының өсуі, психикалық эмоциялық - еркі дамуы, рухани -адамгершілік жағынан жетілу деңгейі, іс-әрекет практикалық сапаларының қалыптасуы, бәрі есепке алынады. Балалардың дамуының ішкі заңдары, белгілі жүйесі, ерекше құбылыстары бар. Дегенмен, акселерацияның балалар дамуында рөлі ерекше, ол өсуді тездетеді, тістері ерте шығады, кеуде кеңейіңкірейді, өкпенің тыныс алуының мүмкіндігі артады. Акселерация педагогиканың, физиологияның, гигиенаның алдына күрделі мәселелерді қойды. Қазіргі кезде балалар өсуінің кезеңдеріне үлкен өзгерістер әкелді, яғни дене жағынан өсуді тездетті, дене, эмоциялық-психикалық және ақыл-ой жүгі ауырлады, оған төзу қабілеті артты, әлеуметтік қатынастардың көпжақтылықтарын қабылдауға рухани дайындықты қажет етті.
Бала өзінің қалыптасуында екі кезеңнен: ана құрсағындағы тоғыз айлық даму барысында биологиялық кезеңінен, 17-18 жыл шамасы аралығында әлеуметтік тәрбиенің әртүрлі формаларынан, яғни, әлеуметтік даму кезеңінен өтеді.
Әлеуметтік даму сатысы кезеңдерінің төмендегідей құрылымдары қалыптасты:
1. Туғаннан 1 жасқа дейін - сәбилік кезең. Мағжан Жұмабаев: «Жаңа туған бала бір кесек ет қана деуге болады. Оның жан тұрмысы әлі білінбейді. Сондықтан ата-ана жас баланы тәрбие қылғанда күшінің көбін баланың тәрбиесіне жұмсауға міндетті. Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды. Дене - жанның қабы. Қап берік болса, ішіндегі зат та берік болмақ. Дене - жанның құралы. Құрал мықты болса, иесі де мықты», - деп жазды. Баланың анадан туғандағы халі осындай екенін сипаттап отыр. Одан әрі даму үшін баланың денсаулығын да, жан саулығын да тәрбиелеу процесі басталады.
2. 1-3 жасқа дейін бөбектік кезең. Бала әлеуметтік тәжірибені жинақтап, дене қызметі, психикалық сапалары мен процестері қалыптаса бастайды.
3. 3-6 жасқа дейін ерте балалық шақ басталады.
Бұл үш кезеңді мектепке дейінгі кезең деп атайды. Біздің балаларымыз—ұрпақтарымыз, мемлекетіміздің болашағы. Олар қай жағынан болса да жоғары сапада дамыған, дені сау, еңбек сүйгіш, қоғамдық өмірге белсене араласатындай болуы тиіс. Міне, осы мақсатта тәрбиені сәбилік шақтан жүзеге асыру кезектегі міндеттердің бірі. Жас ұрпақтың дене құрылысы мықты, рухани даму қабілеті күшті, жан-жақты дамыған болуға тиіс. Рухани даму - қоғамдық дамудың құрамдас бөлігі. Бала дүниеге келген алғашқы күннен қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаның, басқаша айтқанда, сыртқы дүниенің әсеріне түседі. Баланың дүниетанымдық көзқарастары мен адамгершілік қасиеттері: ақыл-ойы, сана сезімі, көңіл күйі, талаптары мен мүдделері, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері қалыптаса бастайды. Бұл мақсатты жүзеге асыруда мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің тәрбиенің міндетін барынша дұрыс түсіне білуі маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет