Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі



бет95/155
Дата01.03.2024
өлшемі1.59 Mb.
#493424
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   155
2022-2023 оқу жылының ӘНХ (1)

Жалпыға міндетті білім беру стандартына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар (ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы №604)

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы
№ 348 бұйрығымен бекітілген жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартының 34-тармағына сәйкес 10-11-сыныптарда «Биология» оқу пәні бойынша екі оқыту бағыты бойынша сабақтар өткізу кезінде білім алушылардың санына қарамастан қалалық, ауылдық білім беру ұйымдарында, шағын жинақталған мектептерде сабақ өткізу кезінде сыныпты топтарға бөлуге жол беріледі.

  1. Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептердегі оқу процесі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына (өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 26 қаңтардағы №25 бұйрығымен енгізілген) сәйкес жүргізіледі.
«Биология» пәнінен үлгілік оқу жоспары бойынша оқу жүктемесінің көлемі 16.1-кестеде берілген.

16.1-кесте. «Биология» пәнінен үлгілік оқу жоспары бойынша оқу жүктемесінің көлемі





Сынып

Негізгі үлгілік оқу жоспары

Төмендетілген оқу жүктемесімен үлгілік оқу жоспары




Аптасына (сағ.)

Оқу жылында (сағ.)

Аптасына (сағ.)

Оқу жылында (сағ.)

7-сынып

2

72

1

36

8-сынып

2

72

1

36

9-сынып

2

72

1

36

ЖМБ 10-сынып

2

72

3

108

ҚГБ 10-сынып

1

36

2

72

ЖМБ 11-сынып

2

72

3

108

ҚГБ 11-сынып

1

36

2

72

Оқу жылының ұзартылуына байланысты пайда болған қосымша сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдалану ұсынылады.


Оқу жүктемесі төмендетілген Үлгілік оқу жоспарына сәйкес (ҚР БҒМ 26.01.2022 ж. №25 бұйрығы) 7-9-сыныптарда білім алушылардың ерте кәсіби бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында вариативті компонентте инвариантты компоненттен таңдалатын оқу пәндерінің (әрқайсысы 2 сағаттан) пән комбинациялары қарастырылған.
Вариативті компонент есебінен инвариантты компоненттен «Биология» пәнін таңдау келесі тәртіппен жүзеге асырылады:

    • оқу пәндері: «Биология», «Химия» және инвариантты компоненттен таңдалатын бір пән;

    • оқу пәндері: «Биология», «География» және инвариантты компоненттен таңдалатын бір пән.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18
наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес, вариативтік компонент есебінен таңдалған 7- 11-сыныптардағы оқу пәндері бойынша (инварианттық компоненттегі таңдау пәндері) жиынтық бағалау өткізілмейді, оқу жылының соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   155




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет