Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі



бет107/155
Дата01.03.2024
өлшемі1.59 Mb.
#493424
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   155
2022-2023 оқу жылының ӘНХ (1)

Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен элективтік курс тақырыптары

Ұсынылатын элективті курстардың тақырыптары:

  • «Әлемдік озық мәдениеттің жауһарлары» курсы

  • «Әлемдік мұражайлар өркениеттер тарихы» курсы

  • «Евразия кеңістігіндегі көшпелілер өркениеті» курсы

  • «Тарихи демография» курсы

  • «Жаһандану үдерістері: теория және қазіргі заман» курсы

  • «Дүниежүзі тарихында әлеуметтік-саяси қозғалыстар: коммунистік, социалистік, жаңа демократиялық қозғалыстар» курсы

  • «ҒТР және оның әлеуметтік және рухани салаға ықпалы» курсы

  • «Батыстық өркениет: мәселелер мен үдерістер» курсы




    1. Оқу пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде қарастырылатын әдістемелік тақырыптар

Әдістемелік бірлестік отырыстарында «Дүниежүзі тарихы» пәні мұғалімдерінің кәсіби қызметін жетілдіру (әдістемелік бірлестік, жас мамандар
мектебі, педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі, шығармашылық топ және т.б.) бойынша ұсынылатын тақырыптар:

  • Білім алушылардың тәрбиелік әлеуетін арттыруда тарих сабағының

орны;



  • Тарих сабақтарын қашықтықтан оқыту: мәселелер мен тенденциялар;

  • Оқушылардың тарих бойынша жобалық қызметін ұйымдастыру;

  • Тарих бойынша білім алушылардың зерттеу жұмыстары;

  • Тарих сабақтарында негізгі жалпы білім берудің ЖМБС-ның мета-

пәндік талаптарын іске асыру жолдары;

    • Тарих бойынша оқу-әдістемелік жинақтарда негізгі жалпы білім берудің мемлекеттік стандартының талаптарын іске асыру;

    • Педагогтың тарих сабағына дайындалуы;

    • Тарихты оқытуда техникалық құралдарды пайдалану тәсілдері;

    • Мұражай педагогикасы арқылы оқушылардың тұлғасын әлеуметтендіру;

    • Тарихты зерделеу кезінде оқушылармен экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру;

    • «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу кейстерін жобалау және пайдалану

    • Тарихты зерделеу кезінде білім алушылардың АКТ – құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесі;

    • 6-7-сыныптардағы тарих сабақтарында мәтіндік құжаттарды оқу процесінде білім алушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту.




    1. «Дүниежүзі тарихы» оқу пәні бойынша оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық тасымалдау құралдары тізбесі.

2022-2023 оқу жылында қолданылатын оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың тізімі «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу- әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы ҚР БҒМ-нің 2021 жылғы 10 маусымдағы №286 бұйрығымен бекітілген.

2022-2023 оқу жылында «Дүниежүзі тарихы» бойынша келесі оқулықтар пайдаланылатын болады:

  • 5-сынып – 5-сыныпқа арналған «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары (ежелгі заман: шамамен 2,5 млн жыл бұрын V ғасыр);

  • 6-сынып –6-сыныпқа арналған «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары

(ортағасырлар кезеңі: V - XVII ғасырлар);

  • 7-сынып – 7-сыныпқа арналған «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары (жаңа заман кезеңі: XVIII -XIX ғасырлар);

  • 8-сынып – 8-сыныпқа арналған «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары ( қазіргі заман тарихы кезеңі: XX ғасырдың бірінші жартысы);

  • 9-сынып –9-сыныпқа арналған «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары

(қазіргі заман тарихы кезеңі: XX ғасырдың екінші жартысынан бүгінгі күнге дейін)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   155




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет