Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі



бет116/155
Дата01.03.2024
өлшемі1.59 Mb.
#493424
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   155
2022-2023 оқу жылының ӘНХ (1)

ҚРБҒМ26.01.2022ж.
25бұйрығы

Апталық

Жылдық

Апталық

Жылдық

қоғамдық-гуманитарлық бағыт және жаратылыстану-математикалық бағыт

Инварианттық компонент

10

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық

1

36

1

36

11

Алғашқы әскери және
технологиялық дайындық

1

36

1

36

Вариативті компонент

сондай-ақ далалық оқу жиынына (лагерьлік) вариативті бөлімнен 30 сағат қарастырылған
















Оқу жылының ұзартылуына байланысты пайда болған қосымша сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдалану ұсынылады.



  1. «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (жаратылыстану-математикалық бағыттағы, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «21» сәуірдегі № 154 бұйрығына қосымша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 425-қосымша арқылы жүзеге асырылады.
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық меншік түрі мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық типтегі жалпы білім беретін мектептерде әскерге шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып табылады. Алғашқы әскери және технологиялық дайындық теориялық және практикалық сабақтарда іске асырылады: теориялық сабақтарды оқытудың дидактикалық материалдарын, техникалық құралдар мен инновациялық әдістерін қолдана отырып, әңгімелесу және сұхбаттасу түрінде өткізіледі; практикалық сабақтар оқулықты, қару және әскери-техникалық мүлікті, құралдарды және өзге де жабдықтарды қолдана отырып, оқу материалын игеруге
бағытталады.
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы- ұйымдастырушы әскери істі оқыту процесінде жастардың бойында азаматтық таным, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қорғау, әскери қызметке деген саналы жауапкершілікті қалыптастыруға тәрбиелеу мен оқытудың басты міндеттерін шешеді.
2022-2023 оқу жылында әрбір білім беру ұйымдарында алғашқы әскери және технологиялық дайындықты оқытудың оқу жылына есептелген күнтізбелік-тақырыптық жоспары құрылады.
Барлық жалпы білім беру мектептерінде меншік түрі мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша құралдар және жиһаздармен жабдықтау нормасына сәйкес көрнекіліктер, көрнекі үгіт-насихат стендтері және техникалық оқыту құралдарымен қамтамасыз етілуі үнемі жетілдіріліп отырады.
Қару макеттері және өзге де әскери-техникалық құралдармен, оқу құралдарымен қамтамасыз етілуі білім беру ұйымдарының есебінен іске асырылады.



10-сыныпта өмір қауіпсіздігі және ақпараттық технология негіздері бөлімінде – азаматтық қорғау және медициналық білім негіздері сабағында білім алушылар Қазақстан Республикасының халқын бейбіт және соғыс кезіндегі табиғи апаттарда, ірі апаттарда, қасірет пен террористік актіде атқарылатын іс- шаралармен таныстырады.
Білім алушылардың практикалық дағдылары мен біліктіліктерін шыңдау және жетілдіру, сонымен қатар әскери істі оқып-үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында оқу жылының соңында спорттық- қорғаныс сауықтыру лагерлерінде, әскери бөлім базаларында (әскери бөлім басшылығымен келісе отырып) 10-сынып ұлдарымен 30 сағат көлеміндегі бес күндік оқу-далалық (лагерьлік) жиыны өткізіледі.
Далалық-оқу жиынындағы (лагерьлік) оқу материалдарын тақырыптар бойынша жоспарлау үлгісі (ұлдарға арналған). 10-сынып.
Бөлімдер:

  1. «Тактикалық дайындық».

  2. «Атыс дайындығы».

  3. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер және әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары».

  4. «Саптық дайындық».

  5. «Әскери топография».

Оқу-дала жиыны курсы алғашқы әскери және технологиялық дайындық бағдарламасының міндетті кезеңі болып табылады. Ол жергілікті атқару органдарымен бірлесіп ұйымдастырылады және білім беру ұйымдарының оқу сағаттарымен қамтамасыз етіледі.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқу нәтижелерін бағалау үшін ауызша сұрақ қою, жазба жұмыстың және практикалық жаттығулар бақылауын қолдану арқылы жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   155




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет