Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі



бет50/155
Дата01.03.2024
өлшемі1.59 Mb.
#493424
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   155
2022-2023 оқу жылының ӘНХ (1)

2 Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарлары арқылы (өзгерістер мен толықтырулар өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 25 бұйрықпен бекітілген) жүзеге асырылады. Олар:

  • Үлгілік оқу жоспарлары;

  • төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары.

Үлгілік оқу жоспарының оқу түріне байланысты 5-11-cыныпта «Қазақ тілі» пәнін оқытуға бөлінген жаңартылған мазмұндағы оқу жүктемесінің және төмендетілген оқу жүктемесінің көлемі 6.1-кестеде көрсетілген.

6.1-кесте – 5-11-cыныпта «Қазақ тілі» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі



Сынып

Оқу пәнінің атауы

Жалпы жүктеме, сағат

Үлгілік оқу жоспары

Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу жүктемесімен)

Апталық

Жылдық

Апталық

Жылдық

5

Қазақ тілі

3

108

3

108

6

Қазақ тілі

3

108

3

108

7

Қазақ тілі

3

108

2

72

8

Қазақ тілі

2

72

2

72

72

Қазақ тілі

2

72

2

72

қоғамдық-гуманитарлық бағыт

10

Қазақ тілі

2

72

2

72

11

Қазақ тілі

2

72

2

72

жаратылыстану-математика бағыты

10

Қазақ тілі

1

36

1

36

11

Қазақ тілі

1

36

1

36

Оқу жылының ұзаруына байланысты пайда болған қосымша сағаттарды


қайталауға, өтілген материалды бекітуге және күрделі тақырыптарды оқуға пайдалану ұсынылады.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына сәйкес «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» білім беру ұйымдары меншік түрі мен оқыту нысанына қарамастан, үлгілік оқу жоспарын дербес таңдай алады.
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес оқу жүктемесі 7- сыныпта үлгілік оқу бағдарламасында 3 сағат болса, төмендетілген бағдарламада 2 сағат көлемінде беріледі, яғни 1 сағатқа қысқарады. (ҚР БҒМ 2020 жылғы 27 қарашадағы №496 бұйрық). Оқу көлемі төмендетілген сыныптарға вариативті компоненттен сағат алуға мүмкіндік көрсетілген.
3 Оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
2022-2023 оқу жылында «Қазақ тілі» пәнінен 5-11-сыныпта оқу процесі:

  1. 5-9-сыныптар бойынша «Қазақ тілі» пәнінің мазмұны «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ м.а. 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен (өзгерістер мен толықтырулар ҚР БҒМ 2019 жы 26 шілдедегі №334 бұйрығымен бекітілген) бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.

10-11-сыныптар бойынша «Қазақ тілі» пәнінің мазмұны «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер пен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 шілдедегі №352 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламаларымен (07.03.2019 ж. №105 бұйрықпен өзгерістер мен және толықтырулар енгізілген) жүзеге асырылады:

  • жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы;

  • жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы.

  1. Негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспарын (төмендетілген оқу жүктемесімен) таңдаған білім беру ұйымдарындағы оқу процесі «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-сыныбында «Қазақ тілі» пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) негізінде жүзеге асырылады.

«Қазақ тілі» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасының мақсаты оқушының тіл сауаттылығы мен сөз байлығын дамытуды, әлеуметтік ортада еркін қарым-қатынасқа түсуін жетілдіруді және дүниетанымдық дағдыларын
кеңейтуді көздейді. Бағдарламаның білім мазмұны қазақ тілі арқылы оқушыларға қазақ халқының материалдық және рухани құндылықтарын, қазақ халқының салт-дәстүрін құрметтеуді, қазақша сөйлеу әдебі мен әдетін дағдыландыруды және қазақ әдебиеті үлгілерін терең меңгертуді мақсат етеді және алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйретеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   155




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет