Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігі


Халыққа салауатты өмір салтын үйрету!



бет14/15
Дата24.09.2024
өлшемі244.14 Kb.
#503931
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
гастрит

Халыққа салауатты өмір салтын үйрету!

бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Өмір Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады.


Денсаулықты сақтауда уақытымен және дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Жүріп бара жатып, кітап оқып отырып, теледидар алдында тамақтануға болмайды. Майлы, тұзды, тәтті тағамдарды қабылдауды шектеген жөн, тамақты аса көп жеуге, ұйықтар алдында тамақтануға болмайды. Тағам әр түрлі сапалы, экологиялық таза болуы тиіс. Төрт мезгіл тамақтануды сақтай отырып, белгілі бір сағатта ас қабылдаған дұрыс.


Әр түрлі аурулардың алдын алу үшін организмді үнемі шынықтыру қажет. Шынығудың арқасында организм қоршаған ортадағы температураның күрт өзгеруіне бейімделеді және организмнің жұқпаларға қарсылығын жоғарлатады. Шынықтыру емшараларын таңдау кезінде адамның жасы, денсаулығы , шынығуға бейімделу дәрежесі және т.б. жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.


Бұл салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады. Ол өмірлік маңызды мүшелердің және мүшелер жүйесінің қызметін жақсартады, сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру организмнің өсу мен дамуына белсенді ықпал етеді, организмнің жұмысқа қабілеттігін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады. Ал аз қозғалған кезде организмде өзгерістер дамиды.




Тәжірибелік ұсыныстар

Қарапайым халыққа гастриттің алдын алу мақсатында білім беру және психологиялық жұмыстарды ұйымдастыру.


Ақпараттық материалдардың болуын жетілдіру (плакаттар, оның ішінде гастрит бойынша плакаттар, парақшалар, брошюралар, асқазан ішек туралы кітаптары).
Емханадағы және ауруханадғы мейірбикелердің,университет қабырғасындағы студенттердің сондай-ақ мектептің материалдық базасын жақсарту.
Халыққа салауатты өмір салтын сақтануы оның маңызын үйрету.Күнделікті өмірде майлы,тұзды тағамдарды,газды сусындарды шекту.Зиянды әдеттерден аулақ болу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет