Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовке Депутаттық сауал Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!



жүктеу 13.24 Kb.
Дата25.02.2016
өлшемі13.24 Kb.
2015 ж. 20 мамырда жарияланды Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

К.Қ. Мәсімовке

Депутаттық сауал
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!



  • Біздің депутаттық сауалымыз су тасқынынан зардап шегіп отырған елді мекендерге қатысты.

Биылғы жылы қардың бұрынғы деңгейінен көп түсуі мен тез еруінен және оған қоса нөсер жауынның әсерінен уақытша төселген бөгеттер бұзылып нәтижесінде Нұра және Есіл өзендерінің деңгейлері күрт көтерілгендігі белгілі. Осының салдарынан Целиноград ауданының Жаңажол, Оразақ, Талапкер, Ағанас, Шнет және тағыда басқа ауылды мекендерін су басып екі жүзден аса тұрғын үй суда қалғанын білеміз.

Осындай жағдайлар республика бойынша басқада өңірлерде орын алып отыр. Су тасқынына байланысты нақты жұмыстардың атқарылғанына қарамастан, қауіптің беті әлі де қайтар емес. Бұндай жағдайлар келешекте де қайталамасына кім кепілдік бере алады? Осындай төтенше жағдайлар елімізде бұрын да орын алғанын бәріміз жақсы білеміз.

Сол себепті, құрметті Кәрім Қажымқанұлы, Сізден су тасқынына қатысты Нұра және Есіл өзендерінің жағалауында орыналасқан елді мекендерді алдын ала су басып қалу қауіпінен сақтау үшін бұрынғы салынған су бөгеттерді қайта жоспарлап қалпына келтіру мәселесін шешу және су тасқыны кезінде зардап шеккен тұрғындарға Үкіметтен көмек көрсету жағын қараструыңызды сұраймыз.








Құрметпен, Ж. Дүйсебаев

Т. Ибраев

Орын: Е.Дүйішев



74-64-16


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет