Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовке Депутаттық сауал



Дата25.02.2016
өлшемі63.43 Kb.
#24877

2015 жылғы 11 қарашада

жарияланды




Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

К.Қ. Мәсімовке


Депутаттық сауал
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
Ағымдағы жылғы қазан айында Сіз Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевпен кездескенде, Елбасы «Кәсіпорындар мемлекет қаражатпен қамтамасыз етеді деп күтпеуі тиіс» дей келе, нашар жұмыс істейтін кәсіпорындарға Ұлттық қордан субсидия бөлуге тыйым салатынын айтты.

Расында да, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы (бұдан ары - Бағдарлама) бойынша, нашар жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілерін субсидиялау фактілері орын алған.

Атап айтқанда, осы Бағдарлама бойынша көтерме-бөлшек сауда кәсіпорындары, қонақүй бизнесі, демалыс пен ойын-сауық кәсіпорындарына, сондай-ақ проблемалық несиелері бар кәсіпкерлік субъектілеріне субсидия берілген.

Бағдарламаны іске асыру шеңберінде 2013, 2014 жылдары – 6 134 кәсіпкерлік субъектілеріне жалпы сомасы 47,9 млрд. теңге субсидия берілген.

Жалпы, Бағдарламаға қатысушылардың бюджетке төлеген салық сомасы 2013 жылы – 84,6 млрд. теңге болса, 2014 жылы – 105,3 млрд. теңгені құраған. Бірақ Бағдарламаға қатысушылардың арасында 2013 жылы – 29, 2014 жылы – 80 кәсіпкерлік субъектілері мүлдем салық төлемеген және бірде бір қызметкерге еңбекақы есептемеген. Ал, 2013 жылы – 236, 2014 жылы – 461 кәсіпкерлік субъектілері 1,0 мың теңгеден 100,0 мың теңгеге дейін салық төлеген, яғни 1 қызметкерге ғана жеке табыс салығын төлеген. 2013 жылы келіп түскен салықтың жартысын 35 кәсіпкерлік субъектісі немесе субсидия алғандардың 1%-ы ғана қамтамасыз еткен, ал 2014 жылы – келіп түскен салықтың жартысын 50 кәсіпорын немесе субсидия алғандардың 1%-ы төлеген.

Сонымен қатар Бағдарлама бойынша 2010 - 2013 жылдар аралығында 262 кәсіпкерге алған несиелері бойынша 9,6 млрд.теңге сомада мемлекет кепілдігі берілген. Олар несиені қайтармаған жағдайда мемлекет тарапынан кепілдік беру туралы шешім қабылдаған лауазымды тұлғалардың ешқандай жауапкершілігі көзделмеген.

Тағы бір – «Дағдарыстан кейін қалпына келтіру» (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бағдарламасы аясында 2011 – 2015 жылдары республикалық бюджеттен субсидиялауға 57,3 млрд. теңге бөлінсе, 2016 жылы 10,3 млрд. теңге бөлу қарастырылған. 01 шілде 2014 жылғы жағдайға сәйкес, аталған бағдарлама аясында 55 компания болған, олардың 32-і негізінен көтерме-бөлшек саудамен, жылжымайтын мүлікті жалға берумен және пайдаланумен айналысқан.

Осы кәсіпкерлік субъектілері аталған екі бағдарлама бойынша мемлекеттен не себептен өтеусіз қаржы алуға лайық болған? Өкінішке қарай, кейде бюджет қаржысын өтеусіз беру бизнесмендерде масылдық пиғылдың қалыптасуына алып келеді.

Жоғарыда аталған екі бағдарламаны іске асыру мәліметтеріне сүйене отырып, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану орын алғандығы туралы айтуға болады. Егер жұмыс істемейтін, жеке табыс салығын төлемейтін кәсіпорындардың бюджеттен берілген субсидияны қайтару тетігі жасалып, мемлекеттік органдар мен «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның лауазымды тұлғаларының жауапкершілігі нақты белгіленген болса мұндай жағдай болмас еді.

Осы айтылғандарға сәйкес және экономикалық жағдайды ескере отырып, Сізден төмендегідей мәселелерді қарастыруды сұраймыз:

1. Қонақүй, демалыс пен ойын-сауық бизнесі, көтерме-бөлшек сауда қызметімен, мүлікті жалға берумен айналысатын кәсіпкерлік субъектілеріне, сонымен қатар кәсіпкерлердің проблемалы несиелеріне субсидия беруді тоқтату;

2. Бағдарлама бойынша субсидия берудің және мемлекет кепілдігін қамтамасыз етудің шарттары мен тетіктерін жетілдіру, мемлекеттік органдар мен «Даму» КДҚ» АҚ-ның лауазымды тұлғаларының жұмыс істемейтін, жосықсыз кәсіпкерлерге, субсидия бергені және мемлекет кепілдігін қамтамасыз еткені үшін нақты жауапкершілігін белгілеу;

3. Бағдарламаның «Қызмет көрсетулер», «Кәсіпкерлерді ақпараттық қамтамасыз ету», «Кәсіпкерлердің біліктілігін арттыру» сияқты бағыттары бойынша шығыстарын онтайландыру.

Осы депутаттық сауалға «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабына сәйкес жазбаша түрде белгіленген мерзімде жауап беруді сұраймыз.



Құрметпен,

депутаттар, «Нұр Отан» партиясы

фракциясының мүшелері Н. Сабильянов
О.Оксикбаев
С.Оспанов

Оглашен Премьер-Министру

11.11.2015 г. Республики Казахстан

Масимову К.К.
Депутатский запрос
Уважаемый Карим Кажимканович!
При встрече с Вами в октябре текущего года, Глава государства Н.А.Назарбаев сказал о том, что «предприятия  не должны ждать, что государство обеспечит их средствами» и запретил использовать деньги из Национального фонда на субсидирование плохо работающих предприятий.

Действительно, по данным о ходе реализации программы «Дорожная карта бизнеса 2020» (далее - Программа), имеются факты субсидирования плохо работающих субъектов предпринимательства.

Так, по Программе субсидировались предприятия оптово-розничной торговли, гостиничного бизнеса, отдыха и развлечений, а также, субъекты предпринимательства, имеющие проблемные кредиты.

Всего по Программе в 2013, 2014 годах получили субсидии 6 134 субъектов предпринимательства на общую сумму 47,9 млрд.тенге.

Уплачено участниками Программы налогов в бюджет в 2013 году - 84,6 млрд.тенге, в 2014 году – 105,3 млрд.тенге. Однако, в 2013 году – 29, а в 2014 году – 80 участников Программы не платили налоги и не начислили зарплаты ни одному работнику. В 2013 году - 236, а в 2014 году - 461 участник Программы заплатили индивидуальный подоходный налог только за 1 работника, уплатив в бюджет от 1,0 тыс.тенге до 100,0 тыс.тенге. В 2013 году половину из всех поступивших налогов обеспечили 35 субъектов предпринимательства или 1% от общего количества получивших субсидии предпринимателей, в 2014 году - 50 предприятий или 1% из общего количества получивших субсидии предпринимателей.

Кроме того, в рамках Программы с 2010 года по 2013 год - 262 предпринимателя получили госгарантии на 9,6 млрд.тенге. В случае невозврата кредитов субъектами предпринимательства, ответственность должностных лиц, принявших решение о предоставлении государственных гарантий – не предусмотрена.

В рамках другой программы - «Программы посткризисного восстановления» (оздоровление конкурентоспособных предприятий)» с 2011 по 2015 годы из республиканского бюджета выделено на субсидирование 57,3 млрд.тенге, а в 2016 году предусмотрено 10,3 млрд.тенге. По состоянию на 01.07.2014г. в ней находилось 55 компаний, из которых 32 - занимались оптово-розничной торговлей, арендой и эксплуатацией недвижимости.

Возникает вопрос, чем такие субъекты предпринимательства - участники двух этих программ, заслужили безвозмездные деньги от государства? К сожалению, иногда безвозмездное предоставление бюджетных средств приводит к иждивенческому настрою у бизнесменов.

Исходя из данных о реализации двух вышеуказанных программ можно говорить о неэффективном расходовании бюджетных средств. Этого бы не произошло при наличии механизма возврата субсидий, бюджетных средств неработающими, не платящими индивидуального подоходного налога предприятиями и установлении ответственности должностных лиц государственных органов и АО «ФРП «Даму» за неэффективное расходование бюджетных средств.

На основании вышеизложенного и учитывая экономическую ситуацию, просим Вас рассмотреть вопросы о:

1. Прекращении субсидирования субъектов предпринимательства в сфере гостиничного бизнеса, отдыха и развлечений, занимающихся оптово-розничной деятельностью, арендой недвижимости, а также прекращении субсидирования проблемных кредитов предпринимателей;

2. Совершенствовании условий и механизма субсидирования и выдачи государственных гарантий по Программе, с установлением ответственности должностных лиц государственных органов, АО «ФРП «Даму» за выдачу субсидий и государственных гарантий не работающим, недобросовестным предпринимателям;

3. Оптимизации расходов по таким направлениям Программы как «Сервисные услуги», «Информационное обеспечение предпринимателей», «Повышение квалификации предпринимателей»;

Ответ просим предоставить в письменном виде в соответствии со статьей 27 Конституционного закона Республики Казахстан «О Парламенте Республики Казахстан и статусе его депутатов» в установленные законом сроки.




С уважением,

Депутаты,

Члены фракции партии «Нұр Отан» Н.Сабильянов
О.Оксикбаев
С.Оспанов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет