Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығы



бет11/15
Дата19.06.2016
өлшемі0.77 Mb.
#148135
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Кодексіне, «Техникалық реттеу туралы», «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, Техникалық регламенттерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, техникалық регламенттер талаптарын сақтамаған кәсіпорындарға қатысты әкімшілік әсер етуді күшейту; ЕурАзЭҚ және Кеден одағы шеңберлерінде қабылданған келісімдерге сәйкестендіру.

 

 

2.9 Энергия үнемдеу



Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

 

Қазіргі уақытта Қазақстанға отын-энергетика ресурстары (бұдан әрі - ОЭР бағасының төмендігі мен қолжетімділігі нәтижесінде қалыптасқан ОЭР бағасының әлемдік бағаға қарағанда төмендігі, оларды өндіру, шығару, қайта өңдеу, беру (тасымалдау), сақтау, бөлу және тұтыну (қайта түрлендіру) кезеңдерінде пайдалану тиімділігінің қанағаттанарлық еместігі тән.

Өнеркәсіп секторы, ол ЕС елдерінің энергияны қажетсіну бойынша осыған ұқсас көрсеткішінен бес есеге көп. Әлемдік нарық жағдайларында энергияға бағаның өсуін ескере отырып бәсекеге қабілеттілік мәселелері өткір күйінде қалуда.

Мемлекеттік мекемелердің (мектептер, ауруханалар және т.б.) басым бөлігі, сондай-ақ тұрғын үй ғимараттары энергия жүйелерімен тиімсіз жарақтандырылған және жаңартуды талап етеді.

Әлемдік экономикада энергияны үнемдеу соңғы жылдары қорлардың азаюымен және қалпына келтірілмейтін ОЭР қорының сарқылуымен, климаттың өзгеруіне байланысты экологиялық проблемалармен, парниктік газдардың ауаға шығуын азайту қажеттілігімен сипатталатын жаһандық энергетика проблемасын шешудің ең бір сенімді құралы ретінде көрініп отыр.

Дамыған елдердің даму тәжірибесі қаражатты энергия үнемдеуге салу, энергия объектілері құрылысының толық құқықты баламасы, бірқатар жағдайларда тіптен барынша орынды екенін көрсетіп отыр.

Ел экономикасының халықаралық нарықтық қатынастарға бейімделуі жағдайларында ОЭР-дің ішкі нарығында бағаның іс жүзінде әлемдік деңгейге дейін сөзсіз өсу үрдісі болжануда.

Индустриялық дамыған елдердің өткен жүз жылдықтың 70-ші жылдарындағы энергетикалық дағдарыстан шығу тәжірибесі энергия үнемдеу саласындағы бірқатар маңызды мәселелерді нақты түрде шешу қажеттілігін, әсіресе материалдық өндіріс саласындағы, энергияны үнемдеуді ғылыми және техникалық негізді түрде азайтуға бағытталған нысаналы жобалар кешенінде энергия тұтынуды үздіксіз жүзеге асыру қажеттілігін көрсетіп отыр.

Сондықтан осы саладағы саясаттың мақсаты мыналарды қамтамасыз ететін энергия ресурстарын реттеуші және ынталандырушы тұтынушылардың кең ауқымын пайдалана отырып, энергия тиімділігі өсуінің белгіленген стратегиялық бағдарларына сөзсіз қол жеткізу болып табылады:

энергияны аз тұтынатын өңдеу салаларының пайдасына құрылымдық қайта құру;

технологиялық энергия үнемдеу әлеуетін іске асыру.

Энергияны тиімді пайдалануға ынталандыратын құқықтық, әкімшілік және экономикалық шаралардың тұтастай жүйесін жүзеге асыру қажет. Осы жүйенің шеңберінде мыналар көзделуі тиіс:

отын мен энергияның энергия үнемдеу талаптарын қатаңдату бағытында жұмсалуын айқындайтын қолданыстағы нормаларға, ережелер мен регламенттерге өзгерістер енгізу;

энергия тұтынудың есебін жүргізу мен бақылауды жетілдіру, сондай-ақ энергия тұтыну стандарттарын белгілеу және кеңінен қолданылатын энергия тұтынатын аспаптар мен жабдықтарды олардың энергияны жұмсау нормативтеріне сәйкестігіне міндетті түрде стандарттау;

кәсіпорындарға тұрақты түрде энергетикалық аудит жүргізу (ірі кәсіпорындар мен бюджет саласы үшін міндетті түрде);

оны бизнестің тиімді саласына айналдыратын энергия үнемдеудің қосымша ынталандыруларын жасау;

мемлекеттің тұрғындар арасында энергияны тиімді пайдалануды тартымды етуі, персоналды жаппай оқыту; энергияны үнемдейтін іс-шаралар, технологиялар мен жабдықтар, нормативтік-құқықтық құжаттар туралы ақпараттары бар қолжетімді деректер базасы;

тәжірибе алмасу конференциялары мен семинарлары, бұқаралық ақпарат құралдарында энергия үнемдеуді насихаттау және т.б.

Басты міндет ықтимал қаржы-экономикалық тәуекелдерді азайту арқылы капиталды осы қызмет саласына салу үшін барынша тартымды жағдайлар жасай отырып, нысаналы саясат есебінен энергия ресурстарын тұтынушылардың энергия үнемдеуге инвестиция салуға деген қызығушылығының тұрақты және тиімді жүйесін құру болып табылады.

Энергияны үнемдеу және энергияны тиімді пайдалану жөніндегі іс-шаралар өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың өңірлік кешенді бағдарламаларының (жоспарларының), соның ішінде өңірлік энергетикалық бағдарламалардың негізгі бөлігі болуы тиіс.

Өңірлік бағдарламаларда (жоспарларда) жергілікті атқарушы органдардың өңірлерде энергия үнемдеу саясатын жүйелі жүргізу қызметін бағалау тетіктерін қарастыру қажет.

 

 

Негізгі міндеттер

 

Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында өндірістің энергия қажетсінуін төмендету.

Энергияны аз тұтынатын өңдеу салаларын ұлғайта отырып, экономиканы құрылымдық қайта құру.

Технологиялық энергия үнемдеу әлеуетін іске асыру.

Энергияны тиімі пайдалануға ынталандыратын тұтастай құқықтық,  әкімшілік және экономикалық шаралар жүйесін жүзеге асыру.

 

 

Нысаналы индикаторлар



 

1. Энергия үнемдеу туралы ҚР Заңын іске асыру мақсатында заңға тәуелді актілерді әзірлеу және қабылдау.



2. Энергия үнемдеу туралы ҚР Заңына сәйкес міндетті түрде зерттелуі тиіс кәсіпорындар бойынша тізілім жасауды аяқтау.

3. Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің 2010 - 2015 жылдарға арналған кешенді өңірлік энергия үнемдеу жоспарларын әзірлеуі.

 

 

Іс-қимылдар стратегиясы

 

Энергетика секторы ұлттық шаруашылықтың барлық салаларының өміршеңдігін қамтамасыз етеді және көпшілік жағдайда негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштерді қалыптастыруды айқындайды. Табиғи отын-энергетика ресурстарын, энергетика секторының өндірістік, ғылыми-техникалық әлеуетін тиімді пайдалану халықтың әл-ауқатының өсуі мен өмір сүру деңгейін көтеруді қамтамасыз ететін тұрақты дамудың қажетті алғышарттарын жасайды.

Жаңа уақыт талаптарына қаржылық тұрақты, экономикалық тиімді және серпінді дамитын, алайда үздік технологиялармен және білікті кадрлармен жарақтанған қоршаған орта үшін аса қолайлы сапалық жаңа отын-энергетикалық кешені (ОЭК) ғана сәйкес келе алады.

Мыналар іс-қимыл стратегиясының басымдықтары болып табылады:

өндірістің жалпы шығынын азайту және энергия ресурстарын тұтыну тиімділігі, оларды энергия үнемдейтін технологиялар мен жабдықтарды қолдану есебінен пайдалану;

бәсекеге қабілетті инновациялар құру үшін энергия тиімділігі саласында шағын инновациялық және венчурлік кәсіпкерлікті құруға ынталандыру;

энергия тиімділігі жөніндегі жобаларды іске асыру үшін шетелдік инвестицияларды тарту.

Бұл кезеңде «Энергия үнемдеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Заңды іске асыру үшін бірқатар нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, сондай-ақ Мемлекеттік энергия үнемдеу тізілімін ұйымдастыру  және ірі ОЭР тұтынушыларының энергияны үнемдеуіне мониторинг ұйымдастыру бірінші кезектегі міндеттер болып табылады.

Бұл ретте, заңнамада:

тарифтік, салық, кеден, монополияға қарсы реттеу шараларын қарастыру;

перспективалық техникалық регламенттер, ұлттық стандарттар мен энергетиканы дамыту процесін басқаруды арттыратын және энергия үнемдеуге ынталандыратын нормалар жүйесін енгізу;

шаруашылық жүргізуші субъектілердің инвестициялық, инновациялық және энергия үнемдеу белсенділігі саласында стратегиялық бастамаларын ынталандыру және қолдау қажет.

Отын-энергетика ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруды стандарттау әдістерімен және құралдарымен қамтамасыз ету;

Отын-энергетика ресурстарын пайдалану көрсеткіштерінің оңтайлы номенклатурасы мен деңгейін және қазіргі заманғы ғылым мен техникаға сәйкес келетін бағалау әдістерін белгілеу.

Отын-энергетика ресурстарын есепке алу және жұмсау жүйесін жетілдіруді, газды, суды, жылуды есепке алудың қазіргі заманғы аспаптарын, электр энергиясын тұтыну есептеуіштерін, тиімді құрал-жабдықтарды, жарық техникасын және жылу энергиясын тұтынуды бағдарламалық реттеу жүйелерін енгізуді қамтамасыз ету.

Тұрмыстық электр құралдары мен радиоэлектронды жабдықтарды энергетикалық таңбалау стандарттарын әзірлеу есебінен энергия тұтынатын өнімдерді энергетикалық таңбалауды қамтамасыз ету, бұл халықтың барынша үнемді аспаптарды сатып алуына, ішкі бәсекелестікті күшейтуге жағдайлар жасайды.

Қазақстан Республикасы экономикасының басым салаларындағы нормативтік құжаттарды үйлестіру үшін шетелдердің халықаралық, өңірлік және ұлттық даму стандарттарын сатып алу.

Энергия тиімділігі саласындағы статистикалық есептілік пен мониторинг жүйесін жетілдіру мақсатында статистикалық есеп беру тәртібін жүргізу (есептіліктің арнайы нысандарын, әдістерін әзірлеу), сондай-ақ елдегі энергия тиімділігі саласындағы мониторинг жүйесін әзірлеу қажет.

Бюджеттік мекемелердің энергия ресурстарын ұтымды пайдалануы жөніндегі қызметін ынталандыру мақсатында бюджеттік ұйымдардың энергия үнемдеу іс-шараларын енгізу нәтижесінде үнемделген бюджеттік қаражатты қайта инвестициялау тетігінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету керек.

Энергия тиімділігі саласындағы іс-шаралар мен жобалардың инвестициялық тартымдылығын арттыру және энергия үнемдеуді бизнестің тиімді жұмыс істейтін түріне айналдыру мәселесі ерекше көңіл бөлуге лайық. Дамыған елдердің тәжірибесі энергия сервистік келісімшарттар схемасы бюджеттік мекемелерде энергия үнемдеудің барынша қолайлы тетігі болып табылатынын көрсетіп отыр.

Осы мақсатта энергия үнемдеуді жүзеге асыратын бюджеттік ұйымдар мен энергия сервистік компаниялардың өзара іс-қимыл тетігін және энергетика ресурстарын тұтынуды қысқарту мақсатындағы іс-шараларды әзірлеу қажет.

Бюджеттік мекемелердің энергия ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі жұмысын ынталандыру мақсатында бюджеттік ұйымдардың энергия үнемдеу іс-шараларын енгізу нәтижесінде үнемдеген бюджеттік қаражатта қайта инвестициялау тетігінің істеуін қамтамасыз ету керек.

Іс-қимыл стратегиясының тағы бір басымдығы:

Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясымен ынтымақтастықты, оның ішінде өнеркәсіптік даму жөніндегі ынтымақтастықты дамыту;

Еуропалық Одақ елдерінің энергия үнемдеу жөніндегі уәкілетті органдарымен өзара іс-қимыл жасау;

Тәуелсіз Елдер Достастығына қатысушы мемлекеттерде энергия тиімділігін көтеру мәселесімен айналысатын ұйымдармен тұрақты байланыс орнату. Бірлескен жобаларды іске асыру.

 

 

Заңнаманы жақсарту

 

«Энергия үнемдеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін өнеркәсіп, энергетика, құрылыс және басқа салаларды қамтитын нормативтік құжаттар, сондай-ақ энергия үнемдеу саласындағы жаңа мемлекеттік стандарттар мен техникалық регламенттер әзірленетін болады.

 

 

2.10 Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу



Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау

 

Бүгінгі күні Қазақстанда ғылым шығыстарының үлесі елдің ЖІӨ-ден 0,2 % құрайды, ал Халықаралық академиялық кеңес ұсынатын дамушы елдер шығындарының үлесі ЖІӨ-ден 1-1,5% құрайды. Мысалы, Ресейде тиісті көрсеткіш ұлттық ЖІӨ-ден 1,3 %-ға, Қытайда - 1,4 %-ға, Германияда - 2,5 %-ға, АҚШ - 2,8%-ға және Жапония - 3,3%-ға тең. Осылайша, Қазақстанда берілген патенттердің саны 1671 патентті құрайды, ал Ресейде 19 641 патент, Қытайда - 26 292, АҚШ-та - 154 760 және Жапонияда - 217 364 патент берілді.

Қазақстанда Ғылым академиясы қоғамдық бірлестік болып қайта ұйымдастырылды, ал ғылыми-техникалық институттарды қаржыландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы ұлттық ғылыми орталықтар арқылы орталықтан жасалады, әрі ол қазақстандық экономиканың қажеттілігімен байланысты емес және мәні бойынша ғылыми-зерттеу институттарының ағымдағы қызметін қаржыландыру болып табылады, ал жоғары оқу орындары мен жеке сектордың қатысуы барынша аз болып қала береді.

Қазақстандық өнеркәсіп кәсіпорындары ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстармен (бұдан әрі - ҒЗТКЖ) дербес айналысуға ұмтылмайды және ҒЗТКЖ өнімдерін сатып алуға ақша салуға тырыспайды, салыстырмалы түрде бұл тиісті өндірісті жаңғыртумен айналысатын кәсіпорындарға да тән. Статистикалық деректерге сәйкес Қазақстанда кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейлері соңғы жылдары 3-4% деңгейінде, бұл ЕО елдеріне қарағанда едәуір төмен.

1997 жылдан бастап 2008 жыл аралығында кәсіпорындардың шығындары құрамындағы ғылыми-техникалық қызметтердің үлес салмағы 4,5 еседен астам ұлғайды, бұл ҒЗТКЖ өнімдеріне сұраныстың артқанын куәландырады.

Кәсіпорындардың көпшілігі технологиялық шешімдердің импорттық техникалар мен жабдықтарда қазірдің өзінде бар екендігіне қарамастан, «толық аяқталған» жобаларға басымдық береді. Сонымен қатар лицензияланған технологиялар мен патенттер өте сирек сатып алынады (фирмалардың - 4 %).

Отандық ғылыми-зерттеу кешенінің құрылымын толық талдау кезінде республиканың барлық ғылым саласының 80 %-ын зерттеу бөлігі құрайтынын және 20 %-дан кемі ҒЗТКЖ-ға келетіні анықталды. Қазақстандағы тәжірибе өндірістері ғалымдарының, конструкторлардың және қызметкерлердің арақатынасы 25:4:1, ал дамыған елдерде бұл ара-қатынас 1:2:4-ті құрайды. Ғылымды қаржыландыру жүйесі мына қатынастарда оңтайлы болады: іргелі зерттеулерге 20 %, қолданбалы зерттеулерге 30 %, ТКЖ-ға 50%, бұл инновациялық технологиялар енгізудің тиімді жүйесін құруға мүмкіндік береді.

 

 

Негізгі міндеттер

 

1. Тиімді ұлттық ғылыми инновациялық жүйе қалыптастыру және ұлттық инфрақұрылымды дамыту.

2. Өнімдер мен қызметтердің жаңа түрлерінің инновациялық әзірлемелерін ауқымды және жеделдетіп игеруге ынталандыратын жағдайлар жасау.

3. Отандық кәсіпорындардың техникалық, технологиялық және басқарушылық деңгейлерін жаңғырту.

 

 

Нысаналы индикаторлар

 

1. Халықаралық танылған патенттер санын 2014 жылға қарай 30-ға дейін ұлғайту.

2. Енгізілген жаңа технологиялар мен жүзеге асырылған тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелердің санын 2014 жылға қарай тиісінше 200-ге және 160-қа дейін ұлғайту.

3. 2014 жылға дейінгі кезең ішінде инновациялық инфрақұрылымдарды құру және қолданыстағыларын кеңейту: Салалық орталықтардың саны - 2 бірлік; конструкторлық бюролар - 3 бірлік; технопарктер - 4 бірлік.

4. Елдегі кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін мынадай деңгейлерге дейін арттыру:

- 2015 жылға қарай - 10%;

- 2020 жылға қарай - 20%;

 

 

Іс-қимылдар стратегиясы

 

Үдемелі индустрияландыруды ғылыми қамтамасыз ету

Қазақстанда ғылымды реформалау университеттік ғылымды дамытуға және белгілі басымдықтарды ескере отырып, қаржыландырудың гранттық жүйесін енгізуге бағытталатын болады.

Қазақстан Республикасында ғылымды дамытудың негізгі мақсаты алдағы кезеңге басым салаларды дамыту бойынша нақты ғылыми-техникалық міндеттерді шешуге бағдарланған ұлттық ғылыми-инновациялық жүйені құру болып табылады.

Жоғары ғылыми-техникалық комиссия Президент тапсырмалары мен Бағдарлама басымдықтарын ескере отырып, ғылыми зерттеу саласындағы ұлттық басымдықтарды айқындап, сондай-ақ ғылымға арналған бюджет бойынша ұсыныстар енгізетін болады және іргелі әрі қолданбалы зерттеулер көлемін айқындайды. Ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың үш түрі көзделетін болады, олар: гранттық - елдің ұлттық басымдылықтарына сәйкес келетін ғылыми жобаларды қаржыландыру; нысаналы бағдарламалық - стратегиялық бағыттар бойынша қаржыландыру; және базалық - мемлекеттік тапсырмалар арқылы ғылыми ұйымдарды қаржыландыру.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жанынан шетел сарапшыларының қатысумен Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама (МҒТС) және салалық министрліктердің, бизнес-қоғамдастықтардың, ғылыми қоғамдастықтар мен үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен басым бағыттар бойынша ғылыми кеңестер құрылатын болады.

Ғылыми өтінімдерді ғалымдар, жоғары оқу орындары мен ҒЗИ-лер беретін болады, бұл қойылған міндеттерді шешуде ғылыми еркіндікті көздейді. МҒТС өтінімдерге шетел сарапшыларын тартып, жаңашылдық, перспективалық және ғылыми негіздемелігі мәніне техникалық сараптама жүргізгеннен кейін Ғылыми кеңестер зерттеулердің басым бағыттарына негізделген грант беру туралы шешім қабылдайды.

Жоғары оқу орындарын ғылыми зерттеулерге белсенді қатыстыру үшін жоғары оқу орындары, ҒЗИ-лер және ғылыми орталықтар арасында бірыңғай ғылыми желі құрылатын болады, сондай-ақ грантты алушы үміткерлер үшін конкурс шарттары тең қамтамасыз етіледі.

Астана қаласының Жаңа университеті (Nazarbayev University) және Қазақстанның жұмыс істеп тұрған ірі университеттері базасында зерттеу орталықтары, ұлттық зертханалар, инжинирингтік, жобалау-конструкторлық бюро желісі құрылатын болады.

Зияткерлік меншік объектілерін кешенді және сенімді қорғау тиімді ғылымды дамытудың міндетті шарты болмақ.

Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру және инвестицияларды тарту мақсатында жеке бизнестің белсенді қатысуы қажет, бұл үшін мемлекеттік кредит және мемлекеттік тапсырыс түрінде бастапқы мемлекеттік қолдау көзделетін болады.

Ғылыми қызметті басқару жүйесі мен әкімшілік ету «ғалым - шенеунік - ғалым» қағидаты бойынша жұмыстан «бизнес — шенеунік — ғалым - бизнес» қағидатына бағдарланатын болады.

Ғылымды қаржыландыру құрылымы мынадай бөлікте өзгертілмек - іргелік зерттеулер 20 %, қолданбалы зерттеулер 30 %, ТКЖ 50 %.

«Нақты сектордың қажеттіліктер базасы» жаңа ақпараттық ресурсы құрылып, онда кәсіпорындардың қажеттіліктері мен оларды шешу жолдарын қоса алғанда, өнеркәсіп кәсіпорындарын зерттеу нәтижелері жинақталатын болады (зерттеу ұйымдары және бизнес қажеттілігін қанағаттандыра алатын әлеуеті бар дайын технологиялық шешімдер).

Инновациялық саясат

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі 2010 жылдың соңына дейін орта мерзімді кезеңге арналған өнеркәсіп салаларының басымдықтары бойынша елдің салааралық ғылыми-техникалық жоспарларының нақты міндеті белгіленіп әзірленеді, ол экономиканың басым салалары бойынша елдің нақты белгіленген технологиялық міндеттерін қамтитын Республиканың технологиялық дамуының жаңа деңгейіне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Салааралық жоспар шеңберінде қажетті мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады (гранттар, инжиниринг, сервис, бизнес-инкубациялау және т.б.), инновациялық даму институттары, ҒЗИ, ЖОО-лар, отандық кәсіпорындар, инвесторлар және т.б. технологиялық міндеттерді орындаушылар ретінде көрінеді.

Таяудағы 2-3 жылға арналған инновациялық саясаттың негізгі екпіні технологиялар трансферті, техникалық жаңғырту, бизнес-процестерді жетілдіру, басқару технологияларын енгізу арқылы кәсіпорындардың экономикалық тиімділігін ынталандыруға жасалатын болады. Бесжылдықтың екінші жартысына қолдау векторын шығарылатын өнім сипатын сапалы жақсартуға, жаңа бәсекеге қабілетті өнімді және оларды дайындау бойынша технологиялық процестерді әзірлеуге ынталандыруға ауыстыруды жоспарлайды.

Осы жұмыстың салааралық үйлестірілуін қамтамасыз ету үшін Технологиялық саясат жөніндегі кеңес құрылады, оның негізгі міндеті елдің инновациялық саясатын қалыптастыру және іске асыру болады.

Жыл сайын ғылыми және технологиялық болжамдау, әлемдік және инновациялық нарықтың және жүргізілетін инновациялық саясат тиімділігінің технологиялық даму перспективаларының жай-күйін талдау бойынша зерттеулер (үздік шетелдік және отандық сарапшыларды тарта отырып) жүргізіліп, Үкіметке нақты ұсынымдар, оның ішінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша нақты ұсынымдар берілетін болады.

Салалар мен өңірлер бөлінісінде технологиялық даму бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне рейтингтік бағалау жүргізілетін болады.

Инновациялық қызметті қолдауда мынадай шаралар жүзеге асырылатын болады:

инновациялық, оның ішінде қоса қаржыландыру шарттарымен гранттар бөлу;

жобалық, оның ішінде басым салаларда зәкірлік (брендтік) инвесторлармен БК құруға бағытталған қаржыландыру;

халық арасында инновациялар мен инноваторлар туралы жағымды пікір қалыптастыратын, PR-стратегиялар, жастар мен кәсіпорын қызметкерлері, бизнесмендер арасындағы конкурстар, семинарлар, көрмелер, конгрестер және басқа да іс-шаралар өткізуді қамтитын кешенді насихаттау жұмыстарын іске асыру;

2010 - 2012 жылдары Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласында технопарктер, Технологияларды коммерцияландыру орталықтары құрылатын болады, оның негізгі міндеті нарыққа отандық инновациялық әзірлемелерді енгізу және жылжыту, сондай-ақ нақты техникалық және технологиялық міндеттерді шешудегі өнеркәсіп кәсіпорындары қажеттіліктерінің және отандық зерттеушілердің енгізуі үшін ұсынылатын қолда бар ғылыми-техникалық әзірлемелердің деректер базасын құру және қолдау болып табылады.

Қосымша элементтер ретінде 2010 - 2011 жылдары Шығыс Қазақстан облысында Металлургия орталығы құрылады, 2010 - 2012 жылдары ұйымдастырылатын Каспий энергетикалық хабының базасында Мұнай-газ технологиялық орталығы құрылады.

Құрылатын салалық конструкторлық бюролар пайдаланылатын жабдықтардың, шығарылатын өнімнің сапалық сипаттамаларын жақсарту, тәжірибе-өнеркәсіптік үлгілерін жасауда техникалық жәрдемдесу жөнінде қызметтер көрсететін болады. Конструкторлық бюро сонымен қатар машина жасау кәсіпорындарының роялти және өзге де қаржы тетіктері шарттарында конструкторлық және жобалық құжаттамаларды беру арқылы жаңа өнімдерді енгізуін жеделдетуге ықпал етеді. Барлық отандық кәсіпорындар бірыңғай шарттар бойынша тәжірибелік-конструкторлық бюро қызметтеріне қол жеткізетін болады.

Инновациялық даму институттары инновациялық жобаларды іске асыру үшін халықаралық даму институттарының қаражатын тарту мәселесін белсенді түрде пысықтайтын болады.

Мемлекеттік қолдауды іске асыру қаражаты мемлекеттік тапсырыс шеңберінде инновациялық даму институттары арқылы беріледі.

Өнеркәсіпті жаңғырту

Салааралық жоспарды іске асыру шеңберінде ірі ұлттық компаниялармен және жер қойнауын пайдаланушылармен, орта мерзімді перспективаға (5 жылға) арналған технологиялық бағдарлары сипатталған Технологиялық келісімдер әзірленеді және қол қойылады.

Бұл осы міндеттерді шешуге отандық шағын және орта бизнесті тарта отырып, нысаналы бағытталған мемлекеттік технологиялық саясатты тиімді жүргізуге мүмкіндік береді.

Техникалық, технологиялық және басқару деңгейлеріндегі отандық кәсіпорындардың өсуін ынталандыру және олардың тиімділігінің жасырын әлеуетін іске асыру мыналар арқылы жүргізілетін болады:

қазіргі заманғы басқару және кешенді инжинирингтік шешімдерді енгізу. Бұл ретте құзыретті сарапшыларды, халықаралық инжинирингтік ұйымдарды іздестіру мен тартуға, семинарлар ұйымдастыруға және инжинирингтік шешімдер технологияларды енгізгеннен кейінгі сүйемелдеуге көмек көрсетілетін болады;

негізгі қорларды жаңарту үшін отандық кәсіпорындарға жеңілдікпен кредит беру және лизинг. Жыл сайын Қазақстанның Даму Банкі, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі - КДҚ «Даму» АҚ) арқылы жабдықтарды ауыстыруға жеңілдікпен кредит беруге кредиттер бойынша ставкаларды субсидиялау және жеңілдікті жағдайлармен жабдықтар лизингін беру үшін қаражат бөлінетін болады;

отандық кәсіпорындарды өнімнің және технологиялық үдерістердің сапасын көтеруге ынталандыру. Прогрессивті стандарттар мен техникалық регламенттер енгізілетін болады, оларды сақтау үшін кәсіпорындар перспективалы технологиялық шешімдерді, оның ішінде отандық ғылыми ұйымдардың көмегімен белсенді түрде іздестіретін, әзірлейтін және енгізетін болады;

инновациялар саласындағы уәкілетті органның ірі компаниялар жүргізетін, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған ҒЗТКЖ-ларды қоса қаржыландыруы (құқығының 25 %-іне дейін).

 

 

Заңнаманы жақсарту

 

1. «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет