Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев



жүктеу 53.93 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі53.93 Kb.
«Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты жақын жылдардағы әлемдік экономиканың дағдарысы кезінде экономика өсімінің қозғалтқышы болады, деп атап өтті Президент. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев негізін жолдардың құрылысы жататын, соның арқасында 200 мың жұмыс орны құрылып, Қазақстан халқының жұмыспен қамтылуы мен табысының өсімін қамтамасыз етуі тиіс «Нұрлы жол» атауын алған жаңа экономикалық саясат туралы жариялады. Н.Ә.Назарбаев ҚР астанасы Астана қаласынан барлық жақтарға автомобильдік, теміржол және авиациялық магистральдар таралатын көліктік желіні құру қажет деп санайды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев

2016 жылы Кадрлық саясатты жүзеге асыру

Компанияның кадрлық саясаты адами қорларды басқару және қызметкерлер құрамын әлеуметтік қолдау саласында Компаниялар тобы жанындағы барлық ұйымдарға арналған бірыңғай саясатты анықтайды.


Кадрлық саясаттың негізгі мақсаты

  • Компания тобының алдында тұрған барлық стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге уақытылы әрі сапалы қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін адами капиталды тиімді басқару, дамыту және пайдалану.

  • Қазақстан экономикасында техникалық, технологиялық және басқарушылық көшбасшылыққа бағытталған бәсекеге қабілетті ұйымшыл ұжымды құру.

  • Еңбеккерлердің еңбек қызметіне, мансаптық өсіміне, өзін-өзі жетілдіруге, сонымен қатар материалдық және моральдік амандығы үшін үздік жағдайларды қамтамасыз ету.

  • Тиімді әлеуметтік-еңбек қарым-қатынастарын нығайту.


Кадрлық саясаттың негізгі қағидаттары

еңбеккерлерді құрметтейді және бағалайды.

  • Еңбеккерлер стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін бар күш-жігерін жұмсайды.

  • Компания әр еңбеккермен ұзақ еңбек қарым-қатынастарын орнатуға ұмтылады.


Кадрлық саясаттың негізгі міндеттері

  • Әрекеттегі қызметкерлер құрамын оңтайлы орналастыру.

  • Ішкі еңбек қорларының арқасында бос жұмыс орындарын толтыру – бос орындардың 80%-ынан кем емес.

  • Әкімшілік-басқару қызметкерлер құрамының бос лауазымдарын толтыру үшін кадрлық қорды барынша пайдалану – ӘБҚҚ бос орындарының 80%-ынан кем емес.

  • Еңбек өнімділігін жоспарлы арттыруды қамтамасыз ету.

  • Кадрлар тұрақсыздығы – 8%-дан артық емес.

  • Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелеріне оқытуды қамтамасыз ету – бар санаттағы жұмыскерлердің 100%.

  • Жаңа технологияларға оқыту – негізгі кәсіптегі жұмыскерлердің 50%-ынан кем емес.

  • Бюджеттік қаражаттар шегінде басқаруды жетілдірумен және бизнес тиімділігін арттырумен байланысты бағыттар бойынша қызметкерлер құрамының сыртқы оқуларын қамтамасыз ету.

  • Жас еңбеккерлердің кәсіби қалыптасуын және дамуын қамтамасыз ету.

  • 2015 жылдан төмен емес деңгейде әлеуметтік кепілдемелер жүйесі мен әлеуметтік қызметтер көлемін қамтамасыз ету.

  • Компания қызметінің қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау және еңбеккерлер денсаулығы саласындағы барлық талаптарға сәйкестігі.

  • Компания мен оның еңбек ұжымының өзара қарым-қатынасындағы кері байланысты қамтамасыз ету.

  • Еңбеккерлердің мемлекеттік тіл білімдерінің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету.

  • Еңбек ұжымдарындағы топтық жұмысты, ниеттестікті, жағымды және шығармашылық жағдайды күшейтетін ұйымдастырушылық шараларды өткізу.

  • Әлеуметтік пікіртерім арқылы Компаниялар тобындағы қызметкерлер құрамының жұмысқа қанағаттылығының мониторингісі.

  • Әлеуметтік-еңбек қарым-қатынастарының деңгейін бұдан әрі арттыру мақсатында Кадрлық саясат пен бенчмаркинг тиімділігін талдау негізінде адами қорларын басқаруды жетілдіру.

Кадрлық саясаттың негізгі басымдықтары

  • Компанияның әр еңбеккері – жоғарғы оқу орнының түлегі немесе жұмыс тәжірибесіне ие маман – қаржы, менеджмент және маркетинг сияқты бизнестің үш бағытында түсінігі бар, ақпараттық технологияларды пайдаланумен ең озат деген жабдықта және ең замануи деген өндірісте жұмыс дағдыларын тұрақты түрде иеленуге әрқашан дайын білікті адам.

  • Компанияның қызметкерлер құрамын оқытуға және дамытуға арналған инвестициялар стратегиялық мақсаттарға қол жеткізудің қажеттіліктеріне сәйкес болуы тиіс. Компания оқудан өткен төменгі өндірістік тізбектерде және практикалық жұмыс тәжірибесіне ие еңбеккерлердің қызметтік өсімі мен дамуын қамтамасыз етуге ұмтылады. Білімдерді және тәжірибелерді жинау қолжетімдігінің, білімдерді өзекті жағдайда қолдауда еңбеккерлерді ынталандыру және алмастыру жағдайында ақпаратты беру жүйесіне ие және ол дамуда. Компания басында тәлімгерлік жақсы дамып келеді: еңбеккерлер өз дағдылары мен білімдерімен әріптестерін үйретіп, бөлісуде.

  • Компания қызметкерлер құрамын бағалаудың қазіргі заманға сай, әділ әрі кешенді әдістемелерін пайдалана отырып, еңбек төлемінің жоғарғы деңгейіне және жұмыстың жоғары нәтижелілігін көрсеткен еңбеккерлерді негізгі қызметтерге жылжытуға болысады.

  • Компания жеке жұмыстың тиімділігін арттыруға ұмтылып қана қоймай, бұнымен қатар қызметкерлер құрамы қызметінің жалпы нәтижесі үшін корпоративтік жауапкершіліктің жүйесін де құрып отыр.

  • Компания өз еңбеккерлері инновациялық технологиялық бағыттың қозғалтқышы болуына ұмтылады.

  • Компания Қазақстанның озат ұйымдарының бірі болуына бағытталған жалпы міндетті жүзеге асыратын ниеттестердің ұйымдасқан тобы арқасында үздік ұйым атануға ұмтылады.

Бастамалар

  • Еңбеккерді еңбек өнімділігін арттыруға ынталандыратын еңбек төлемі мен ПӘК атқару дәрежесі арасындағы нақты және тікелей өзара байланысты орнататын еңбеккерлер біліктілігінің, құзыреттілігінің және еңбек нәтижелілігінің деңгейіне негізделген сыйақы берудің уәждемелі және мөлдір жүйесін қарастыратын еңбеккерлердің еңбегін ынталандыру жүйесін әзірлеу және енгізу.

  • Еңбек ұжымдары арасында тиімді ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру:

- еңбек өнімділігін арттыруға ынталандыру жүйесі бойынша;

- өндіріс сапасын арттыру бойынша;

- өндіріс және инвестициялық қызметті үлгілендіру бойынша;

- кәсіпорындар еңбеккерлерімен қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін сақтау бойынша.



  • Әлеуметтік-еңбек қарым-қатынастарының деңгейін тұрақты арттыруды және сапасын жақсартуды қамтамасыз ету.


Кадрлық әлеуетті инновациялық дамыту және қалыптастыру

  • Теміржол көлігінің саласында кадрлық саясатты инновациялық дамытудың және қалыптастырудың негізгі бағыттары болып табылады:

  • Оқу орталықтарын замануи техникалық құрылғылармен жарықтандыруды, сонымен қатар оларды диагностикалауды және ұстауды ұйымдастыру;

  • Өндірістік қызмет бойынша ғылыми-әдістемелік оқу құралдарын қалыптастыруды ұйымдастыру;

  • Үлгілендірілген техниканың жаңа түрлерін және олардың технологиялық процесстерін игеруге қатысты ПП, ИТЕ құрамын даярлау және біліктілігін арттыру;

  • Шетелде шығарылған жабдықтар мен техниканы пайдалануға қатыстырылған инженерлік-техникалық қызметкерлер құрамын ағылшын тіліне қарқынды оқыту;

  • Теміржол көлігі саласындағы кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін жетілдіру.


Компания жұмыс бабында жоғарғы нәтижелерге, материалдық жетістіктерге және өзін-өзі танытуға қол жеткізе отырып, ұйыммен бірге дамуға, мансап жасауға, өзінің кәсіби деңгейін арттыруға дайын дарынды, мақсатты әрі жігерлі адамдардың іздестіруін белсенді түрде жүзеге асырады.



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет