1.2 Математика сабағындағы көрнекілік әдісінің маңызы туралы мәселелер
Әл – Фараби, Я. А. Коменский, И. Г. Пестолоцци, Ж. Ж. Руссо, А. Дистерверг, Ы. Алтынсарин, К. Д. Ушинский т.б оқыту арқылы оқушылардың ақыл – ой қабілеттерін, дербестігін дамытуға көңіл бөлу керектігін айтқан болса, оқыту үрдісінің ерекшеліктері мен ұстанымдары, оқыту әдістерімен құралдары туралы М. А. Статкин, Н. Я. Лернер, Р. Г. Лемберг, Ю. К. Бабанский, В. Оконь, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, А. Клингберг, М. Марев. С. Н. Архангельский, еңбектерінде талқылаған.
А. С. Выготский «Мектепке оқуға даярлау балалардың алған білім, дағды, біліктерінің ауқымынан зор, ақыл – ой үрдістерінің сапасына көбірек тәуелді болды. Сондықтан мұндай сапаға қол жеткізудің аса маңызды жақтарының бірі - балалардың бойында танымды тудыратын тәсілді қалыптастыру болып табылады.» - дейді.
Бұл жерде оқушының алдына танымдық міндеттерді қойып, оның белсенділігін арттыруға бола ма? - деген сұрақ туындайды. Оқушылардың бақылауын ұйымдастырудың негізгі әдістілік ережелері мен тәсілдерін профессор Т. Сабыров былай көрсетеді.
1) Мұғалім оқушылардың бақылауын - ұйымдастыру үшін ең алдымен, бақылаудың мақсатын, байқайтын нәрселердің немесе көлемін анықтап жоспарын жасау.
2) Бақылауды, мүмкіндігінше оқушылардың барлық сезім мөлшерін қалыптастыру арқылы нәрселердің анағұрлым көп және әртүрлі қасиеттерін жан - жақты байқатқан жөн.
3) Мұғалім бақылау кезінде оқушылардың анализ бен синтез жасап, нәрселердің негізгі қасиеттерін айыру, топтастыру сияқты ойлау амалдарын қоданып, қорытындылар шығаруына басшылық ете білуі қажет.
4) Бақылау кезінде мұғалім өз сөздеріне басшылық ету ролі мен оқушылардың өздігінен жұмыс істеуінің арасында дұрыс байланыс болуын қамтамассыз етіп, олардың өздігінен бақылау қабілетін мейлінше дамыту мақсатын көздеу керек. Демек, мұғалім баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, заттарды немесе көрнекі құралдар мен техникалық құралдарды көрсетеді, ал оқушылар сол кезде тыңдайды, қызығады, қабылдайды, бақылайды , ойланады және т. б. Таным әрекеттерін жасайды. « Мұғалім оқыту әдісі арқылы оқушыларға білім беруде өзінің іс - әректін балалардың таным әректіне басшылық, етумен байланыстырлады » - деп жазады бұл жөнінде профессор Т. Сабыров. Бұның өзі оқылатын объектілер немесе құбылыстрдың аса маңызды қасиеттері туралы олардың динамикалық белегілерін жан - жақты түсінуіне мүмкіндік береді.
«Таным психикалық үрдістерінің ( түйсік, қабылдау, зейін, ойлау, сөйлеу, т. б. ) дамумен бірге баланың психикалық қасиеттері де (қабілет, бейімділік, мінез) қалыптаса бастайды. Осыған байланысты ойлаудың қабылдағыштық, бақылағыштық, білімге құмарлық, тапқырлық, ізденімпаздық сияқты болымды жақтары да жетіле түседі», - дейді Р. М. Қоянбаев осы мәселе жайында жазған өз еңбегінде:
Ендеше педагог - ғалым Оразбек Нұсқабайдың сөзімен айтсақ, оқыту, тәрбиелеу және жетілдіріп дамыту үрдістерін білім берудің субъектісі болып табылатын оқушылардың белсенді іс - әрекетімен тығыз бірлікте жүргізу керек. Сонда ғана оқушылар өз іс - қимылының мақсаты мен маңызын түсініп – ұғынуға талаптанады. Олардың ойлау қабілеті жан - жақты толысып, пісіп - жетіледі. Алдағы өміріне қажетті білімнің, біліктің және дағдылардың берік негізін дамытады.
Оқушылардың теориялық ойлауын дамытуға көрнекіліктің бір жағынан көптеген нәрселер мен құбылыстарға тән анағұрлым ортақ қасиеттеріне назар аудармауға мүмкіндік беретін, ал екінші жағынан ұғымдарды деректендіруге септігін тигізетін түрлерін қодануға жәрдем етеді. Көрнекі құралдардың бұл мүмкіншіліктері А.М. Пышкало жазған мақаланың бірінде ашылып көрсетілген:
«Әр - алуан нәрселерімен және геометриялық фигуралар моделдерімен жанасса, көптеген тәжрибелерді орындай отырып, оқушылар олардың қандай материалдан жасалғандығын, түр - түсіне, салмағына және т. с. с. қатысы шамалы оларға анағұрлым ортақ қасиеттерді айқындайды»!
Достарыңызбен бөлісу: |