Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Білім беру реформасы Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі»


Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда алатын орны



бет4/6
Дата22.12.2023
өлшемі31.85 Kb.
#487611
1   2   3   4   5   6
Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі

2. Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда алатын орны

    1. Бастауыш сыныптарды оқытудағы көрнекіліктердің түрлері мен рөлі

Бастауыш сыныптарда, оның ішінде 1-сынып оқушыларының дайындық кезеңіндегі танымдық ерекшеліктеріне байланысты көрнекі құралдарды пайдаланбай сабақ өту мүмкін емес. Себебі, көрнекі құралдарды пайдаланғанда оқушылардың ойлау және қабылдау қабілеттері дамиды; жаңа материалды жете түсінеді, сабаққа деген белсенділіктерін арттырып, теориялық материалды терең игеріп, білімдерін практикада саналы пайдалануларына көмегін тигізеді. Әр түрлі көрнекі құралдарды пайдаланып өткізілген сабақ және сабақтан тыс тәрбие жұмыстары түсінікті және өте тартымды, қызық болып өтеді. Я.А.Коменский көрнекі құралдардың пайдасы туралы былай деген: «Мұның бәрі мұғалімнің 158 іскерлігін кемітеді деп қорқуға болмайды... Балаларға сол көрнекі құралдарды мұғалімнің өзі істеді ме, әлде оны біреулер күні бұрын дайындап қойды ма дегеннің бәрі бір бәс, тек іске қажет болған жерде соның бәрі оның қолында болса болғаны. Мұғалім сол құралдардың қалай қолданылатынын ғана дәл көрсетіп үйретеді. Балалардың қолында дайын құралдардың болуы жақсырақ, ол кезде дайын құралдарға сүйенген бала қателік жібермеймін деп санайды, одан қалса, тәжірибелік жаттығуларға уақыт көбірек жұмсалмақ». Затта құбылысты, оның қасиеттері мен қатынастарын көру үшін балаға жай ғана көрнекілік емес, заттар мен олардың қасиеттері белгіленген модельдер (үлгілер) қажет. Көрнекі математикалық модельдер ретінде абстрактілі чертеждерді, сүлбілерді және сүлбілік суреттерді, белгілік модельдерді пайдалану қабылданған. Көрнекі құралдарды қолдану: оқу материалын терең түсінуге және ұғынуға; тез және нәтижелі еске сақтауға; оқушылардың жас ерешеліктерін есепке алуға (11 жасқа дейінгі оқушыларда көрнекі-бейнелік және нысанды-амалдық ойлау басым болады. Дайындық кезеңнің материалдарын оқытып-үйретуде тиімді әдіс – көрнекі оқыту әдісі); көру арқылы материалды берік және саналы игеруге; күшіне деген сенімділіктің күшеюіне; елестету мен шығармашылық қиялдың дамуына; балаларға эстетикалық тәрбие беруге; бала сезімінің дамуына ықпал етеді.
Бастауыш кластарда оқу-көрнекі құралдарын математика сабағында қолданудың рөлі өте зор. 1-4 кластарда сандар және оларға амалдар қолдану, ұзындық, масса, уақыт, баға, аудан бірліктері, бөлшек туралы ұғым, арифметикалық амалдардың қасиеттері қарастырылады. Сонымен бірге, балалар алгебралық және геометриялық материалдан ұғым алады. Оқыту процесінде оқу-көрнекі құралдарының атқаратын міндеті мен орны, оларды пайдалану мақсаты, сабақтың мазмұнына, сабақта шығарылатын дидактикалық есептерге және оқушылардың дайындығына тығыз байланысты болады. Математика сабағында қолданылатын оқу-көрнекі құралдарын 3 топқа бөліп қарауға болады:
1-топқа: сандар ұйымын меңгеруге, есептеуді, сандарға амалдар қолдану және арифметикалық амалдардың қасиеттерін ұғынуға көмектесетін құралдар;
2- топқа: геометриялық материалдарды оқып үйренуге көмектесетін құралдар;
3-топқа: ұзындық масса мен сыйымдылық, уақыт, аудан бірлестіктерін оқып үйренуге көмектесетін құралдар кіреді. Көрнекілік бірнеше түрлерге бөлінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет