Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Білім беру реформасы Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі»


Бастауыш сатыда математикада көрнекіліктерді пайдалану - сапалы білім кепілі



бет6/6
Дата22.12.2023
өлшемі31.85 Kb.
#487611
1   2   3   4   5   6
Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі

Бастауыш сатыда математикада көрнекіліктерді пайдалану - сапалы білім кепілі

Бастауыш сыныпта математикадан оқушылардың білім деңгейін көтеруде көрнекілік әдісінің рөлі ерекше.
Көрнекі түрде оқыту – оқушылардың тиісті бақылауларына сүйеніп оқыту, бірақ көрнекі оқыту дегенді тек көрнекі құралдарды пайдаланып отыру деп түсінбеу керек. Алдыңғы айтқандай көрнекілікпен оқыту арқылы білім сапасын артттырамыз, материалды жетік терең әрі тез, жеңіл түсінуіне ықпал жасаймыз. Көрнекі құралдар оларды қалай пайдалану керектігі туралы бірқатар педагогикалық-психологиялық зерттеулерге тоқталып өтуге болады.
Көрнекілік әдісін теориялық жағынан бірінші болып негіздеген Я.А. Коменский (1592-1670) болса, орыс педагогтары ең алдымен ұлы педагог К.Д. Ушинский (1824-1870) көрнекілік мәнін психологиялық жағынан қоса алып көрсетті. Көрнекілік әдісімен оқу – оқушыларды өз бетінше байқауға үйретуге негізделеді. К.Д. Ушинский көрнекілік әдіске психологиялық анализ жасай келе, көрнекілік тек көру сезіміне ғана байланысты деген бір жақты пікірді сынады. Себебі қандай нәрсені болса да қабылдағанда сезім мүшелеріміз неғұрлым көбірек қатынасса зат және құбылыс жөніндегі қабылданбаған ұғым, түсінік есіңізге соғұрлым берік, тиянақты есте сақталады.
Сондықтан сабақта көзбен көру, дыбыс органымен айту, қолмен жазу, тағы басқа сезім мүшелерінің белсенді қатысуы тиіс. Егер де педагог баланың есінде бірдеңені берік қалдыруды көздейтін болса, ал көз, құлақ, дауыс, бұлшық ет сияқты сезім органдарының, тіпті мүмкін болса, иіс және дәм сезімдерін де есте сақтап қалу актісіне көбірек қарастыруға тырысуы керек деген К.Д. Ушинский. Көрнекілікті қолдану оқушылардың білім сапасын арттырады, көрнекі құралды пайдалана отырып, мұғалімнің жетегімен, оқушылар өздігінен оңай қорытындылар жасай алады. Оқылатын материалды көрнекі құралдармен иллюстрациялау арифметикалық оқытудың бірінші күнінен бастап барлық оқу жылдарында қолданылып отырады. Баланың санды үйренудегі бірінші адымы сурет қараудан басталады. Баланың көз алдынан құстың, қоянның, мысықтың, тағы сол сияқты суреттері өтеді. Бұл суреттер белгілі жолмен құралып, бірінші ондық сандарының әрқайсысын кескіндейді. Көрнекі құралдар арқылы балалар амалдың идеясын да түсінетін болады, мысалы, тәрелкедегі сүтті жалап жатқан екі мысыққа үшінші бір мысық жүгіріп келе жатқанын көргенде, бала барлығы неше мысық деген сұрауға жауап беру үшін, 2+1 керек деген ой келеді. Көрнекі құралдарды әр-түрлі тәсілмен пайдаланудың маңыздылығы оны жеткілікті және қажетті пайдалануды көрсету керек. Жүйесіз пайдаланған көрнекілік өзінің сапасын жоғалтады. Мұнда оқу процесінің білімділігі де кемиді. Оқушылардың сабаққа ынта-жігері, қызығушылықтары жоғалады. Сондықтан көрнекіліктерді тиімді тәсілмен қолдану керек. Көрнекілік қолдану тәсілдерін таңдау үшін көрнекі құралдарды оқушылардың оқу процесіндегі ролін білуіміз керек. Көрнекіліктің оқу процесіндегі роліне қарай екі үлкен топқа бөліпқараймыз. Заттың-бейнелік көрнекі құралдармен таңбалы көрнекілікке бөлуге болады. Бірінші топтың құралдары: суреттер, фотосуреттер, диафильмдер, кино үзінділері, табиғи объектілер және тағы басқалар. Осылар міне мұғалімге түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыру кезінде сезімдік қабылдауына оқушыларға өзара жәрдем беріп отырады. Екінші жағдайдағы көрнекі құралдар: схемалық көлемді объектілердің күрделі байланыстарын, өзара тиімділігін және нақты бейнеде қабылдауға байланысты пайдалану керек. Көрнекі құралдарды қолданудың осындай тәсілдерін білу мұғалімнің оларды дұрыс таңдап алуына және оқытуды тиімді түрде жүргізуге, сондай-ақ сабақтың сапасын арттыруға, оқушылардың зейінін бір мақсатқа бағындыруға көмектеседі. Сабақта көрнекі құралдарды тек қана бір тәсілмен қолдану дұрыс емес. Олар бір-бірімен араласып , біте қайнасып жатады. Көрнекілік математика сабағында білім көзі ретінде қолданылған, ол елеулі мәселеде берілетін білімдерді нақтылау мақсатында көрнекі құралдар да түрлі тәсілдермен қолданылады.
Бастауыш сатыда математиканы окытуда көрнекілікке мынадай талаптар қойылады:
1) сабақ бастарда балалар сабақта жұмыс істеу тартібін сақтайтын болуы керек: окушылардың сабаққа даярлығын кітап, дәптер, сөздік, күнделіктер партаның үстінде болуын тексеру;
2) оқушыларды сабаққа ынтықтыру мақсатымен шағын тақпақ, өлеңдерді куйтабақтан,магнитофоннан тыңдау, оларды қайталау; сабақты әр кезеңінде көрнекілікті қолдануға ұмтылу.
3 )оқушыларға сабақтың мақсатын айқын ашып көрсету;
4) қажетті кезеңдерде әрқашан тақтаны дұрыс пайдалана білу;
5) көрнекілік арқасында есептерді біртіндеп қиындата түсуді ескеру;
6 )балаларға орындалатын есептердің алдын-ала орындау шарты мен
максатын түсіндіру;
7)есептерді шығару кезінде балалардың белсенділігін арттыра алатын
жумыс тәсілдерін пайдалану, жаппай және жұптар бойынша жұмыс жүргізу, жарыс ұйымдастыру, бұл істе хорды, енді, ойындарды пайдалану, көрнекі және техникалық құралдарды қолдану.
8)қонырау соғылмастан бұрын үй тапсырмасын түсіндіру, оны күнделікке жаздыру, үйден көрнекіліктер әзірлету де енбекке шыңдайды.
9)сабақтың соңында оқушылардың білімін, тілдік дағдылары мен сөйлеу іскерліктерін бағалап, сабаққа қорытынды жасау;
10)сабақты қалыпты қарқынмен, айқын мақаммен, ұстаздық өнегелілікпен жүргізу, көрнекілікті қолданатын орынды білу.

Қорытынды


«Білім негізі - бастауышта деп, тегін айтылмаған. Бұл ұзақ жылдар бойы қиыны мен қызығы қатар жүретін педагогикалық мол тәжірибеден альшған сөз. Иә, білімнің берік негізі бастауышта қолданылады, яғни болашақтың біріненде нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш, тек білімде ғана.
Өйткені бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдаланады, оларға оқу үрдісінде үздіксіз дамытып отыру және сабақ барысында алған білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін көрнекі -құралдарды пайдаланудың маңызы зор. Қорыта келгенде:
1.Есеп шығарғанда көрнекі құралдардың алатын орны жоғары, оны дұрыс пайдалану мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
2 Есеп шығарғанда көрнекі құралдарды пайдалану балалардың ойлау қабілеттерін арттырады, есептеу дағдыларын шыңдай түседі, кеңістікті
елестету, жеке бас қабілеттерін дамытуға бірден-бір себепші болатын басты құрал болып табылады.
3.Есеп шығарғанда көрнекілікті пайдалану санды түсініктердің мазмұнды ұғымдардың қалыптасуына көмектеседі.
4.Есеп шығарғанда көрнекілікті пайдалану баланың тапқырлығын арттырып пәнге деген қызығушылығын туғызады, теориялық мәселелерді менгеруге және оларды практикада қолдана білуге машықтандырады.
5. Есеп шығаруды көрнекілікті пайдалану оқушылардың сөйлеу мәдениетіне, мінез-құлқының қалыптасуына, табандылыққа, шыншылдыққа, шындықты жеңе білу сияқты қасиеттерінің тәрбиеленуіне ықпал етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер


1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы: – Алматы, 1999.
2.ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы бастауыш білім. – Алматы, РОНД, 2002.
3.ҚР бастауыш білімнің мемлекеттік стандарттары. – Алматы, 1998.
4.Оспанов Т.Қ., Құрманалина Ш.Х. Математиканың бастауыш курсын оқыту әдістемесі. ІІ – бөлім. – А., Республикалық баспа кабинеті, 1996.
5.Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, С.Қ.Құрманалина. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. – Астана, Фолиант, 2007.
6.Т.Қ.Оспанов, О.В.Кочеткова, Ж.Қ.Астамбаева. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. 1-4-сыныптар. – Алматы, «Атамұра», 2005.
7.Бастауыш мектепте бірнеше сыныпты бір уақытта оқыту туралы: мақалалар жинағы (ред. басқарған Ғ.Бегалиев). – А., 1950.
8.Сайпин М. Орта мектептерде математиканы оқыту. – Алматы, «Мектеп», 1984.
9.Құсайынұлы Ы.Қ., Адыбаева Л.Д. Бастауыш мектепте бастауыш сыныптардағы оқыту әдістері. – Алматы, 2001. – 156 бет.
10.Баймолдаев Т.М. және т.б. Бастауыш мектепте пәндерді оқытуда жаңа педагогикалық әдістерді пайдалану жолдары. (Әдістемелік нұсқау). – Алматы, 2002. –226 бет.
11. Ибрашева А. Бастауышта математиканы технология арқылы оқытудың теориялық негіздері //Білім берудегі менеджмент. –2009 жыл. №4. –184-187б.
12 Баржықпаева С. Көрнекілікті тиімді пайдалану / С.Баржықпаева // Бастауыш мектеп. –1991.№ 8. – 46-48 бет.
13 .Бидосов Ә. Математиканы оқыту методикасы / Ә. Бидосов. –Алматы: Ұлан, 2010. –221 бет.
14 Дарменова Қ. Көрнекілік арқылы ойлау қабілетін арттыру / Қ. Дарменова // Бастауыш мектеп. –2011.- № 4.- 12-14 бет.
15 .Корпешова Г. Балаларды санауға үйретудегі көрнекіліктің рөлі / Г.Корпешова // Қазақстан мектебі. - 1996.- № 4.- 20-21 бет.
16. Қаниева Г. Балалардың ойлау қабілетін дамыту / Г.Қаниева // Қазақстан мектебі.– 1991.-№ 5.- 3-10 бет.
17.Бантова М.А. Бастауыш кластарда математиканы оқыту методикасы / М.А. Бантова .–Алматы: Зерде, 2005. –152 бет.
18.Баржықпаева С. Көрнекілікті тиімді пайдалану / С.Баржықпаева // Бастауыш мектеп.- 2011.-№ 8.- 46-48 бет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет