Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсiндiру және алға жылжыту жөнiндегі ақпараттық-насихаттау топтарын құру туралы



жүктеу 23.46 Kb.
Дата08.06.2016
өлшемі23.46 Kb.
Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсiндiру және алға жылжыту жөнiндегі ақпараттық-насихаттау топтарын құру туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 26 наурыздағы N 68-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасының Президентi Н.Назарбаевтың "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы  Жолдауын  халық арасында насихаттау, түсiндiру және алға жылжыту жөнiндегi мақсатқа бағытталған ақпараттық-саяси жұмысты жүргізу үшiн 1-қосымшаға сәйкес орталық атқарушы органдардың саяси және әкiмшілiк мемлекеттiк қызметшілерi қатарынан ақпараттық-насихаттау топтары (бұдан әрi - АНТ) құрылсын:

      1. АНТ жүргiзілетiн жұмыс барысында:
      мемлекеттілiкті нығайтуға, Қазақстанды осы заманғы демократиялық және құқықтық мемлекет ретiнде дамытуға;
      елiмiздегi және өңiрдегi бекем тұрақтылықты қамтамасыз етуге; өңiрлiк және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға;
      жаһандану талаптарына сәйкес экономиканы серпiндi дамытуға және шикiзаттық емес секторларды iлгерiлетуге баса ден қоя отырып, жаңа технологияларды дамытуға;
      бiлiм берудi, кәсiптiк даярлық пен әлеуметтiк саланы XXI ғасырдың деңгейiне көтеруге;
      азаматтық қоғамды дәйекті дамытуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге;
      қазақ халқының моральдық және рухани құндылықтарын одан әрi дамытуға;
      дiни негiздегi жатсынбаушылық пен конфессиялар аралық келiсiмдi қамтамасыз етуге;
      сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске;
      терроризмге, есiрткi саудасына кез келген түрдегі экстремизмге қарсы жаһандық күреске баса назар аударған жөн.

      2. АНТ республиканың өңiрлерiне шығуды 2-қосымшаға сәйкес 2005 жылғы 1 сәуiр - 1 тамыз кезең iшiнде кемiнде 2 рет жүзеге асырсын.

      3. АНТ-тың жетекшiлерi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен бiрлесiп, осы жұмысты 3-қосымшаға сәйкес жер-жерде барлық меншiк нысанындағы кәсiпорындардың, мекемелердiң еңбек ұжымдарында, жоғары және арнаулы оқу орындарында, ұлттық мәдени орталықтарда, зейнеткерлермен, қалалардың, аудан орталықтарының, кенттердiң, ауылдардың тұрғындарымен, бұл ретте құрметті адамдарды, кәсiпкерлердi, өңiрлiк элитаның ғылым, мәдениет, білім беру қайраткерлерiн тарта отырып, ұйымдастырсын.

      4. АНТ қызметiн әдiстемелiк қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiне жүктелсiн.

      5. Жұмыс сапарларының қорытындылары бойынша АНТ жетекшiлерi сапардан кейiн 10 күн өткен соң қорыту үшiн жүргiзiлген жұмыс туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігіне ұсынсын.

      6. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi ағымдағы жылдың мамырынан бастап әр айдың 5-күнiне АНТ-тың жұмысы туралы қорытынды ақпаратты Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшілiгiне және Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне ұсынсын.

      7. Ақпараттық-насихаттау топтарын басқаратын Yкiмет мүшелерi мен Қазақстан Республикасы Yкiметінің құрамына кiрмейтiн агенттіктердiң төрағалары жүргiзiлген жұмыстың сапасы мен қорытындылары үшiн дербес жауапкершілiкте болады деп белгіленсін.

      8. Осы өкiмнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне жүктелсін.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы  


Премьер-Министрiнiң    
2005 жылғы 26 наурыздағы 
N 68-ө өкiмiне    


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет