Қазақстан республикасының президенті н.Ә. Назарбаевтың



жүктеу 0.53 Mb.
бет1/5
Дата23.02.2016
өлшемі0.53 Mb.
  1   2   3   4   5


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ

2012 ЖЫЛҒЫ 27 ҚАҢТАРДАҒЫ

«ӘЛЕУМЕТТІК─ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ»

АТТЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН

ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ

Астана қаласы, 2013 жыл


Мазмұны


1.Қазақстан Республикасын әлеуметтік─экономикалық жаңғырту бағыттары 3

1.1. Жұмыспен қамту 3

1.2. Қолжетімді тұрғын үй 5

1.3. Өңірлік даму 5

1.4. Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру 7

1.5. Мемлекеттік қызмет 9

1.6. Сот және құқық қорғау жүйелерін жаңғырту 10

1.7. Қазақстанда адами капиталдың сапалық өсуі 11

1.8. Индустриялық─инновациялық жобалар 19

1.9. Ауыл шаруашылығын дамыту 28

2.Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты 31



  1. Қазақстан Республикасын әлеуметтік─экономикалық жаңғырту бағыттары




    1. Жұмыспен қамту

2012 жылы нәтижелі және тұрақты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыруға бағытталған «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы (бұдан әрі ─ Бағдарлама) ауқымды түрде іске асырылды.

Бағдарламаны қаржыландыру көлемі 2012 жылы 57,6 млрд. теңгені құрады. Бұған қоса, жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз етуге 2,9 млрд. теңге бөлінді.

2012 жылы Бағдарламаға қатысу мәселесі бойынша 111,5 мың адам өтініш білдірді, 102,8 мың адам Бағдарлама қатысушыларының құрамына енгізілді, бос орындар базасында бар бос жұмыс орындарына 18,9 мың адам жұмысқа орналастырылды.

Бағдарлама шеңберінде өткізілетін іс-шаралар халықты жұмыспен қамтудың басқа да шараларымен қатар республиканың еңбек нарығындағы ахуалға оң әсерін тигізді.

Еліміздегі жұмыссыздық деңгейі 5,4%-дан (2011ж. 4-тоқсан) 2012 жылғы 4-тоқсанда 5,3%-ға төмендеді. Қарастырылып отырған кезеңде жұмыспен қамтылғандардың саны 8429,1 мың адамнан 8499,9 мың адамға ұлғайды, яғни 70,8 мың адамға өскені байқалады. Өз бетінше жұмыспен айналысатындардың үлесі 32,4%-дан 31,2%-ға дейін азайды. Жастар арасындағы жұмыссыздық 2012 ж. 4-тоқсанда 3,9% болды, бұл 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,2 пайыздық тармаққа аз.

Бағдарламаның бірінші бағыты аясында кәсіптік оқытумен 6,3 мың адам қамтылды, оның ішінде 48,3 мың адам кәсіптік даярлаудан, 12 мың адам қайта даярлаудан, 2,8 мың адам біліктілікті арттырудан өтті.

Елдегі 6 мыңнан астам кәсіпорындармен және ұйымдармен келісім бойынша орташа еңбекақысы 44,8 мың теңгені құрайтын әлеуметтік жұмыс орындарына 27,5 мың адам жұмысқа орналастырылды.

Жастар практикасын ұйымдастыру үшін 8,0 мың жұмыс берушімен шарт жасалып, оларға 24,9 мың адам жұмысқа орналастырылды.

Бағдарламаның екінші бағыты аясында 6 мыңдай адам кәсіпкерлік негіздері бойынша оқудан өтті, Бағдарламаның 6572 қатысушысы микрокредит алды. Микрокредиттің орташа мөлшері 2 млн. теңгені құрады.

Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден 2184 отбасы көшті. Оларға Бағдарламаны іске асыруға бөлінген қаражат есебінен салынған қызметтік тұрғын үйлер жалға берілді. Отбасы құрамында қоныс аударған адамдардың жалпы саны 8115 адамды құрайды, олардың ішінде 3789 адам еңбек етуге қабілетті жаста, олардың ішінде 2291 адам жаңа тұрғылықты жері бойынша жұмысқа орналастырылды.

2012 жылы әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті орта немесе жоғары ауылдық елді мекендерде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру арқылы халықты жұмыспен қамтуға бағытталған «Ауылдық елді мекендерді дамыту» жаңа төртінші бағытын іске асыру басталған болатын.

Осы бағыт аясында 565 жобаны іске асыру көзделген, олар бойынша ауылдық жерлерде 7,3 мың жұмыс орны ашылып, оларға 7,2 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 4,4 мыңы Бағдарлама қатысушысы болып табылады.

Бағдарлама аясында жүргізіліп жатқан іс-шаралар, аумақтарды дамытудың өңірлік бағдарламаларын іске асыру республикадағы еңбек нарығындағы ахуалға оң әсер етті.

Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша ресми еңбек нарығындағы жұмыссыз азаматтардың саны (жұмыспен қамту органдарында тіркелген) 2013 жылғы 1 қаңтарда 35,9 мың адамды құрады.

2012 жылдың басынан бері республиканың жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналасуға көмек көрсету туралы өтінішпен 344,5 мың адам жүгінді, оның ішінде 213,4 мың адам жұмысқа орналастырылды.

Еңбек нарығындағы шиеленісті төмендету үшін жергілікті атқарушы органдар жаңа жұмыс орындарын құру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізілуде.

2012 жылдың басынан бері 281,5 мың жаңа жұмыс орны, оның ішінде ауылдық жерлерде – 128,6 мың жұмыс орны құрылды. Салалар бойынша жұмыс орындарының саны жағынан көбі саудада – 38,8 мың, өнеркәсіпте – 39,9 мың, құрылыста – 36,6 мың, ауыл шаруашылығында – 23,0 мың құрылды. Жалпы құрылған жұмыс орындарының ішінде 75,3 – тұрақты жұмыс орындары, ал қалғаны – уақытша және маусымдық жұмыс орындары.

Үкіметтің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1772 қаулысымен «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасына мыналарды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

«Оқыту және жұмысқа орналасуға ықпалдасу» бірінші бағыты аясында білім беру ұйымдары мен Бағдарламаға қатысушыларды жұмыс берушілердің өздерінің таңдауы;

«Кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты аясында кредиттік серіктестіктерінің қатысу мүмкіндігін кеңейту және кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруда қатысушыларға бір жылға дейін қолдау көрсетуді (маркетингтік, заңдық, бухгалтерлік және өзге де қызметтер) қоса алғанда жаңа бастаған кәсіпкерлерге сервистік қызмет кешенін ұсыну;

үшінші және төртінші бағыттар аясында жергілікті бюджет пен әлеуметтік жауапты кәсіпкерлер тарапынан қоса қаржыландыру тәжірибесін қолдану. Бұл өз кезегінде, бөлініп отырған қаржының тиімді пайдаланылуына және Бағдарламаны іске асыру барысында мемлекеттік─жекеменшік серiктестiк тетіктерін қолдануға жағдай жасайды.

Бірінші және үшінші бағыт бойынша енгізілген өзгерістерді Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда және Павлодар облыстарында 2013 жыл ішінде пилоттық режімде жүзеге асыру ұсынылады.

  1   2   3   4   5


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет