Қазақстан Республикасының Президенті



Дата17.07.2016
өлшемі143.51 Kb.
Жоба

Қазақстан Республикасының

Заңы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағындағы жер учаскесін зымырандардың бөлінетін бөлшектері құлау аудан ретінде пайдалана отырып, Домбаровский позициялық ауданынан зымырандар ұшыруды жүргізу кезіндегі өзара іс-қимыл жасау тәртібі туралы

Келісімді ратификациялау туралы

2015 жылғы 15 қазанда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағындағы жер учаскесін зымырандардың бөлінетін бөлшектері құлау аудан ретінде пайдалана отырып, Домбаровский позициялық ауданынан зымырандар ұшыруды жүргізу кезіндегі өзара іс-қимыл жасау тәртібі туралы Келісім ратификациялансын.



Қазақстан Республикасының

Президенті


Қазақстан Республикасы

Парламентінің Мәжілісі

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағындағы жер учаскесін зымырандардың бөлінетін бөлшектері құлау аудан ретінде пайдалана отырып, Домбаровский позициялық ауданынан зымырандар ұшыруды жүргізу кезіндегі өзара іс-қимыл жасау тәртібі туралы

Келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы

Заңының жобасына түсіндірме жазба

2015 жылғы 15 қазанда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағындағы жер учаскесін зымырандардың бөлінетін бөлшектері құлау аудан ретінде пайдалана отырып, Домбаровский позициялық ауданынан зымырандар ұшыруды жүргізу кезіндегі өзара іс-қимыл жасау тәртібі туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қол қойылған.

Осы Келісімнің мәні Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысын зымырандардан бөлінетін бөліктердің құлау ауданы ретінде пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының Ақтөбе және Маңғыстау облыстарының аумақтарынан ұшу трассасы бойынша өтетін, Ресей Федерациясының Орынбор облысында орналасқан Домбаровский позициялық ауданынан зымырандар ұшыруларды жүргізуге байланысты Тараптар арасындағы (Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының үкіметтері) қатынастарды реттеу болып табылады.

Қазақстан тарапы Ресей тарапына ұшыруды жүргізетін, атап айтқанда құлау ауданын пайдалану мен қайтару шартын көздейтін ресейлік ұйым мен Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысының әкімдігі арасында тиісті шарттар жасаса отырып (бұдан әрі – жалға беру шарты), уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға беру) құқығымен құлау ауданы ретінде Қазақстан Республикасының аумағындағы жер учаскесін береді.

Құлау ауданын пайдалану үшін жылдық жалға беру төлемі 460 000 (төрт жүз алпыс мың) АҚШ долларын құрайды және жалға беру шартының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысының бюджетіне аударылады.

Осы Келісім шеңберінде Ресей тарапы құлау ауданын пайдаланған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген экологиялық талаптарды сақтай отырып, табиғатты пайдалануды, қазақстандық мамандармен бірлесіп, құлау ауданында экологиялық мониторинг бойынша жұмыстар жүргізуді, зымырандар ұшырудың қоршаған ортаға тигізетін әсерін бірлескен аспаптық бақылау бағдарламасын әзірлеуді және іске асыруды, құлау ауданын зымыраннан бөлінетін бөліктерден тазарту және оны детоксикациялау жөніндегі іс-шаралар өткізуді қамтамасыз етуге міндеттеледі.

Келісім ұшыру жоспарын келісу тәртібін, сондай-ақ авария туындаған жағдайдағы өзара іс-қимыл жасау тәртібі реттейді.

Зымырандарды ұшыру халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының ғарыш жобаларын іске асыру мақсаттарында жүзеге асырылады.

2014 жылғы 20 маусымда Домбаровский позициялық ауданынан айыру қабілеті орташа «KazEoSat-2» ЖҚЗ қазақстандық спутнигін ұшыру ойдағыдай жүзеге асырылды. Ғарыш аппаратын дайындау және ұшыру бойынша старт алдындағы жұмыстарға қазақстандық мамандар қатысты.

Қазіргі таңда Қазақстан «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының атынан «Космотрас» халықаралық ғарыш компаниясы» жабық акционерлік қоғамы акцияларының 10%-ына ие. Бұл Қазақстан тарапына іске қосу қызметтерінің тапсырыстар портфелін қалыптастыруға тікелей қатысуға және Астанадағы ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінде құрастырылатын, отандық өндірістегі ғарыш аппаратын шығару жөніндегі өзінің басым мүдделерін ілгерілетуге мүмкіндік береді.

Заң жобасын қабылдау республикалық бюджеттен қосымша шығыстарды талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеліп соқпайды.

Қазақстан Республикасының Жер Кодексі 6-бабының 7-тармағына сәйкес басқа мемлекеттердiң Қазақстан Республикасының аумағынан жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шарттарға сәйкес туындайды.

Айтылғанның негізінде, «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағындағы жер учаскесін зымырандардың бөлінетін бөлшектері құлау аудан ретінде пайдалана отырып, Домбаровский позициялық ауданынан зымырандар ұшыруды жүргізу кезіндегі өзара іс-қимыл жасау тәртібі туралы Келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне қарауға енгізеді.


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағындағы жер учаскесін зымырандардың бөлінетін бөлшектері құлау аудан ретінде пайдалана отырып, Домбаровский позициялық ауданынан зымырандар ұшыруды жүргізу кезіндегі өзара іс-қимыл жасау тәртібі

туралы Келісімді ратификациялау туралы»

Қазақстан Республикасының Заң жобасына

АНЫҚТАМА ПАРАҚ


1.

Заң жобасының бастамашысы (органның толық атауы)

Қазақстан Республикасының Үкіметі

2.

Заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының құрамы

Құрылған жоқ

3.

Заң жобасы бойынша бас комитет




4.

Заң жобасының Қазақстан Республикасының Парламентінде тіркелген күні




5.

Қазақстан Республикасының Парламенті тұрақты комитеттерінің заң жобасы бойынша қорытындылары




6.

Заң жобасының ғылыми сараптамасы


«Болашақ» консалтингтік тобы» ЖШС-нің 2013 жылғы 13 мамырдағы № 37 ғылыми құқықтық сараптамасының қорытындысы;

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заң шығару институты» ММ-нің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 18-07/778 ғылыми лингвистикалық сараптамасының қорытындысы



Ғылыми сараптама қорытындысының қабылданған және қабылданбаған ескертулері

«Болашақ» консалтингтік тобы» ЖШС және «Қазақстан Республикасының Заң шығару институты» ММ сараптамаларының оң қорытындысы

Ғылыми сараптама қорытындысының ескертулерін қабылдамау себептерінің негіздемесі




7.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары




Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларының қабылданған және қабылданбаған ескертулері




Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларының ескертулерін қабылдамау себептерінің негіздемесі




7-1.

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса)




8.

Заң жобасын пысықтау процесінде енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар





9.

Заң жобасы бойынша баяндама жасау кімге тапсырылды

Инвестициялар және даму министрі Ә.Ө. Исекешевке

10.

Балама жобалардың бар-жоғы

Жоқ

11.

Қазақстан Республикасы Парламентінің заң жобасын бірінші оқылымда қараған күні және оның нәтижелері




12.

Заң жобасын пысықтау және оны екінші оқылымға дайындау тапсырылған бас комитет (комиссия), басқа орган




13.

Заң жобасын халықтық талқылауға шығару және оның мерзімі




14.

Комитеттің заң жобасы бойынша қорытындысы (екінші оқылымның алдында)




15.

Қазақстан Республикасы Парламентінің заң жобасын екінші оқылымда қараған күні және оның нәтижелері




16.

Заңның күшіне енетін уақыты




17.

Өзге де белгілер




______________________________________________
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағындағы жер учаскесін зымырандардың бөлінетін бөлшектері құлау аудан ретінде пайдалана отырып, Домбаровский позициялық ауданынан зымырандар ұшыруды жүргізу кезіндегі өзара іс-қимыл жасау тәртібі туралы

Келісімді ратификациялау туралы» қабылданатын Қазақстан Республикасы Заңының әрекетінен мүмкін болатын экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, экологиялық

салдарлар болжамы
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағындағы жер учаскесін зымырандардың бөлінетін бөлшектері құлау аудан ретінде пайдалана отырып, Домбаровский позициялық ауданынан зымырандар ұшыруды жүргізу кезіндегі өзара іс-қимыл жасау тәртібі туралы Келісімді ратификациялау туралы» (бұдан әрі – Келісім) Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау теріс әлеуметтік, құқықтық, экономикалық және экологиялық салдарға әкеліп соқпайды.

Келісімнің күшіне енуі Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысын зымырандардың бөлінетін бөлшектері құлау аудан ретінде пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының Ақтөбе және Маңғыстау облыстарының аумақтарының үстінен ұшу трассасы бойынша Ресей Федерациясының Орынбор облысында орналасқан Домбаровский позициялық ауданынан зымырандар ұшыруды жүргізу Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы үкіметтерінің арасындағы өзара қатынасты қадағалау үшін ұйымдастырушылық-құқықтық негізді құруға мүмкіндік береді.

Экономикалық тұрғыдан қарағанда Келісімнің күшіне енуі ұшырулар өткізетін ресей ұйымдарымен Маңғыстау облысының әкімдігі арасында тиісті шарт (бұдан әрі – жалға беру шарты) жасалғанда, Қазақстан тарапы Ресей тарапына уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға беру) құқығымен құлау ауданы ретінде Қазақстан Республикасының аумағындағы жер учаскесін беру мүмкіндігін иеленеді. Құлау ауданын пайдалану үшін жылдық жалға беру төлемі 460 000 (төрт жүз алпыс мың) АҚШ долларын құрайды және жалға беру шартының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысының бюджетіне аударылады.

Экологиялық тұрғыдан алғанда, аталған Келісім шеңберінде Ресей тарапы құлау ауданын пайдаланған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген экологиялық талаптарды сақтай отырып, табиғатты пайдалануды, қазақстандық мамандармен бірлесіп, құлау ауданында экологиялық мониторинг бойынша жұмыстар жүргізуді, Қазақстан тарапына мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұсына отырып, қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалауды әзірлеуді, зымырандар ұшырудың қоршаған ортаға тигізетін әсерін бірлескен аспаптық бақылау бағдарламасын әзірлеуді және іске асыруды, құлау ауданын зымыраннан бөлінетін бөліктерден тазарту және оны детоксикациялау, сондай-ақ жерді қалпына келтіру, әрбір ұшырудан кейін және жыл ішінде серпініне қарай экологиялық ахуалды бақылау жөніндегі іс-шаралар өткізуді қамтамасыз етуге міндеттеледі.

Аталған Заңның қабылдануы Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына қайшы келмейді және оның өзгеруіне әкеліп соқпайды. Келісімнің ратификациялануы қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

Келісімнің күшіне енуі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында стратегиялық әріптестікті және екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.



Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев

Заң жобасын бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Интернет желісінде талқылау нәтижелері туралы

АНЫҚТАМА

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағындағы жер учаскесін зымырандардың бөлінетін бөлшектері құлау аудан ретінде пайдалана отырып, Домбаровский позициялық ауданынан зымырандар ұшыруды жүзеге асыру кезіндегі өзара іс-қимыл жасау тәртібі туралы Келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2015 жылғы 15 қазанда Астана қаласында Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путиннің Қазақстан Республикасына ресми іссапары барысында Келісімге қол қойылды.

Келісімге екі мемлекеттің Үкіметтері атынан Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Т.А. Мұсабаев пен Ресей Федерациясының Қорғаныс министрінің орынбасары, армия генералы Ю.И. Борисов қол қойды.

Келісімнің мақсаты зымырандардан бөлінетін бөліктердің құлау ауданы ретінде Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысының аумағындағы жер учаскесін пайдалана отырып, Маңғыстау және Ақтөбе аумақтарынан ұшыру трассасы бойынша өтетін, Ресей Федерациясы Орынбор облысында орналасқан Домбаровский позициялық ауданынан зымырандар ұшыруларды жүргізуге байланысты Қазақстан мен Ресей тараптарының арасындағы қарым-қатынасты реттеу болып табылады.

Осы Заң жобасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің http://www.mid.gov.kz. ресми веб-сайтында жарияланды.



Бүгінгі күні бұқаралық ақпарат құралдарына, оның ішінде Интернет желісіндегі қатысушылар тарапынан заң жобасының мәтіні бойынша ескертулер мен ұсыныстар келіп түскен жоқ.

Келісу

ПАРАҒЫ
Қазақстан Республикасының Заң жобасының атауы:

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағындағы жер учаскесін зымырандардың бөлінетін бөлшектері құлау аудан ретінде пайдалана отырып, Домбаровский позициялық ауданынан зымырандар ұшыруды жүргізу кезіндегі өзара іс-қимыл жасау тәртібі туралы Келісімді ратификациялау туралы»



Әзірлеуші – мемлекеттік органның атауы:

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі





Алынған күні


Мемлекеттік органдар, басшылар

Нақты кіммен келісілді (Т.А.Ә.)

Келісу нәтижелері (қолы, күні)


Қайтарыл-ған күні

1

2

3

4

5










































































































































































Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
pages -> Оңтүстік Қазақстан облысының 2014 – 2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Кіріспе
pages -> 2. Мақсаттарға жету және іс-шараларды орындау
pages -> 2015 жылдың 9 айға су көлігі қызметіне талдау Теңіз көлігі
pages -> Бағдарламасы Бағдарламаның паспорты Атауы
pages -> Бәйдібек ауданының 2015-2017 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті
pages -> Облыстың 2013-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
pages -> «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына анықтама-негіздеме
pages -> Қаулы жобасына ТҮсіндірме жазба
pages -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет