Статикалық ығысу кернеуі(СЫК) ,жанында тұрған сазды ерiтiндiдегi құрылымның қиратуын бастайтын жылжуды ең төменгi жанама кернеумен анықталады, Па. СЫК тиксотропия құрылымының берiктiгiн және қатайту қарқындылығын уақыт мөлшерінде сипаттайды;
Статикалық ығысу кернеуiн сынамалы сазды ерiтiндiмен толтырылған өстес баяу айналмалы цилиндр жүктелген, цилиндрдiң бетінде пайда болатын күштi өлшеуге негізделген құрылғы СЫК-2 көмегімен анықтаймыз. Стақанға 7 алдын ала жақсы араластырылған сазды ерiтiндiнің 120 см3 құяды. Сонымен бiрге стақандағы ерiтiндiнiң деңгейi 3 цилиндрдың жоғарғы негiзiмен ерiтiндiге оның батуынан кейiн дәл келуін қадағалайды. 9 калибрлеу кестесi бар дисктiң нөлдiк бөлуiн нұсқағышқа 2 қарсы бағытта орнатады. Содан соң ерiтiндiні 1 мин тыныштыққа қойып, кейiн 6 электр қозғағышын қосады, ол ток берілу арқылы 5 үстелшені және сазды ерiтiндiмен толтырылған 7 стақанды баяу айналдырады.
Цилиндр қабырғаларының арасындағы өзара әрекеттесулер салдарынан және 3 аспалы цилиндр сұйықпен бiрге айналады, болаттан жасалған сымға ілінген 1 цилиндр оның айналуына бұралып кедергi көрсетедi.
Қарсыласу күші, сымды бастапқы қалпына келтіру статикалық ығысу кедергісінің шекті мәні цилиндрдің жоғарғы беті сұйықпен жанасу ауданына көбейтілген мәніне тең болғанда, екі қарама-қарсы бағытталған күш теңдігі орнайды және осы кезде цилиндрдің айналуы тоқтайды.
Бiр бұрғылау лабораторияларда бұрғылау ерiтiндiсін, ал басқасында тәулігіне жуу сұйықтығының сапасын бiр рет тексеріп сапасына бақылау жүгізіп отырады. Сынамалар бұрғылаудан көлемі 2, 0...2, 5 л сыйымдылықты аузы жабулы шелектермен жеткізіледі. Шелекте бұрғылама нөмірі, сынама алынған уақыт пен өлшеу тереңдігі көрсетілген бирка жапсырылады.
Жуу сұйықтығының параметрi, жататын бақылаулар сайып келгенде, үш топта бұрғылаудың шарттарына байланысты бөлшектенедi:
1) кез келген геолого-техникалық шарттарда ұңғымаларды бұрғылау барысында параметрлерді бақылау міндетті. Мұндай параметрлерге тығыздық, шартты тұтқырлық, статикалық ығысудың кернеуi 1 және 10 мин, фильтрлеудi көрсеткiш, сүзгi қабығының қалыңдығы және сутек көрсеткiшi жатады;
2) Ерекше геолого-техникалық шарттарда ұңғымалар аймағында кедергі болуы мүмкін жерлердегі немесе арнайы жуу сұйықтығын қолдану (хлорлы кальций, извест, гипс, қали, эмульсия тағы басқалар) мен бақылауда міндетті параметрлер. Екiншi топ бiрiншi топтың параметрлерiмен байланыста , сонымен бiрге минерализацияның көрсеткiшi, кальци, магни, қалидың иондары, сiлтiлiк металлдардың шоғырландыруы, хлор, сульфат, iзбестiң шоғырландыруы, қатты фаза, коллоид бөлшектерi, мұнай, кернеуден тұрады;
3) Жуу сұйықтығының қасиеті жайында қосымша мәлімет алу үшін бақылау қажеттігінің параметрі (мысалы, жоғарғы температурада және қысымдағы параметрлер, т.б.). Үшiншi топ температураға, статикалық ығысудың кернеуi, динамикалық ығысу кернеуi, тұрақтылық және седиментацияның көрсеткiштерi және тағы басқалар бiрiншi және екiншi топтардың параметрлерін, сонымен бiрге жуу сұйықтығының температурасы, фильтрлеудi көрсеткiштен тұрады.
Қалыпты (асқынбаған) жағдайда бұрғылағанда қолданылатын сазды ерітінділер келесідей шарттарда болуы қажет: СПВ-5 бойынша тұтқырлық 30 с астам; статикалық ығысудың кернеуi 1 мин соң 5.10-8 Н/м2 (50 мгс/см2) аспайтын; фильтрлеу көрсеткiші (су серпу ) - 30 мин көлемінде 10 см3 аспайтын; 1% дейін (құмның құрамы) бөтен қатты қоспалардың концентрациясы .
Тампонаждық материалдар ұңғыманың тізбек сыртындағы кеңістігін толтыру үшін және барлық өткізгіш жыныстарды бір-біренен бөлу үшін; сұйықтың (газдың) бір қабаттан екіншісіне немесе тізбек артындағы кеңістік бойынша атмосфераға ағып кетуінің алдын-алу үшін; шаю сұйығы жұтыла алатын жарықтардың тығылып қалуларын және басқа да арындардың толып қалуларының алдын-алу үшін; шегендеу тізбектерінің сыртқы беттерін коррозиядан қабат суларымен қорғау үшін; шегендеу тізбектеріне үлкен тұрақтылықты беру үшін; ұңғыма сағасында уақытша немесе тұрақты қоспасын қалыптастыру үшін және басқа мақсаттарда пайдаланылады.
Өткізгіш қабаттарды ажыратуға арналған тампонажды материалдар келесі талаптарға сәйкес болуы қажет:
1. Мұндай материалдардың суспензиялары ұңғыманың берілген интервалына тасымалдау үшін қажетті уақыт аралығында жеңіл айдалатын болуы қажет, ал тыныштықта – седиментациондық тұрақты.
2. Ұңғымағы тасымалдаудың аяқталуынан кейін суспензия қысқы уақытта, қоршаған ортаның температурасы °С нольден төмен болса да мүлдем қатты өткізгіш денеге айналуы қажет.
3. Суспензия көлемі аз ғана өскен немесе ұңғымадағы белгілі бір жағдайда тұнбай қатты денеге айналуы.
4. Суспензияда қалыптасқан қатты дене жоғары эластикалық, ұзақ уақыттық, қабат сұйығы мен газдармен әсерлескен жағдайда коррозияға тұрақты болуы қажет.
5. Бұл эластикалық дене өзінің механикалық қасиеттерін, өткізбейтіндігін және берілген ұңғыманың жұмыс периодында мүмкін болатын, температураның өзгерулерінде, коррозияға тұрақты болуы қажет.
6. Оның ұңғыманың қабырғалары мен шегендеу тізбегімен ілінісуі болуы және олда ұңғыманың жұмысы кезінде қалыптасуы мүмкін күштерге қарсы тұра алатын беріктігі жеткілікті болуы қажет.
7. Тампонажды материалдар оңай қолжетімді және салыстырмалы түрде қымбат емес болуы қажет, өйткені олардың қажеттігі өте жоғары.
8. Егер тампонажды материал ұңғымадағы қоспаларды (көпірлерді) қалыптастыру үшін, оның суспензияларынан қалыптасатын тас үлкен беріктік пен қаттылыққа ие болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |