Бақылау сұрақтары
1. Су негiзiнде бұрғылау ерiтiндiсін даярлау?
2. Бұрғылау ерiтiндiлерін қалай даярлайды?
3. Сазараластырғыштың техникалық сипаттамасы?
4. Саздар және материалдар дегеніміз не?
Әдебиеттер
1. Жантасов М.К., Колдасова А.С., Янгибаев Б.А. Электронный учебно-методический комплекс по дисциплине «Основы нефтегазового дела». – Шымкент. ЮКГУ им.М.Ауезова, 2012. - 13 Мб.
2. Голубев В.Г., Жантасов М.К., Колесников А.С. Основы технологии и техники бурения. Электронное учебное пособие.- Шымкент: Южно-Казахстанский государственный университет им. М.Ауэзова, 2016. -192 с.
3. Жантасов М.Қ. Бұрғылау қондырғылары мен мұнараларын монтаждау және пайдалану: Оқу құралы. – Шымкент: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2011.- 100 б.
4. Жантасов М.Қ., Шуханова Ж.К., Шегенова Г.К., Усманова Н.А. «Бұрғылау қондырғыларын және мұнайгаз құрылыстарын монтаждау және пайдалану»
10 Лекцияның тақырыбы. 1. Бұрғылау режимі, оның параметрлері мен қашаулар жұмысының көрсеткіштері туралы ұғым. 2. Бұрғылау режимі параметрлерінің жаңа қашау үңгуінің механикалық жылдамдығына тигізетін әсері.
Қалақшалы қашаулардың ұңғы түбімен әсерлесуінің мәні төмендегідей. Рz күшінің әсерінен қашаудың жасақтарының кескіш бөлігі тау жынысына батады одан әрі ол қашаумен бірге айналу әсерінен тау жынысының қабатын қыршып алады. Бұнымен қоса қалақшаның әрбір нүктесі т қадамындай винтік қозғалыс жасайды.
т = Н0, (5)
Мұндағы: т – қалақша саны; Н0 – қашаудың бір айналымындағы өтімділік.
Қашаудың өсінен басқа қалақшаның кез келген R нүктесінде винттік қозғалыс төмендегі формула бойынша өрнектеледі.
(6)
Мұндағы: nд – қашаудың айналу жиілігі.
9.2 формуласына қарап біз (R = 0) өсінде қалақшалардың жасақтарының тек батқандығын көруге болады. Қашаудың қалақшаларының кескіштері центірінен керісінше бағытта орналасқандықтан, ұңғы түбінің ортасында бұзылмаған тау жынысының бағанасы қалып қояды. Ол бағана қашаудың көлденең тербелістерінің және қашау тұрқының өзіне байланысты бұзылады (8.1- суретің А түрін қара).
Бұрғылау процессі кезінде айналу және көлденең діріл тербелістері пайда болады. Оның пайда болу себебі қашаудың айналу моментінің М әсерінен бұрғы тізбегінің U патенциялық инергиясы себеп болады. Осы тербелістердің пайда болу айналу жиілігінің бірқалыпсыздығынан және қалақшалардың тау жынысын кесу әсерінен.
Айналу тербелістердің пайда болу механизімі. Қашаудың айналу жиілігінің бірқалыпсыздығы Рz өстік салмағының тербелісіне содан тау жынысының б қабатының қалыңдығының бірқалыпсыздығына әкеліп соғады. Ал қашаудың айналу жиілігін төмендету, бұрғылау тізбегінің потенциялық инергиясының төмендеуін U2 дейін жеткізеді, бұдан бұрғылау тізбегінің φ бұрышына бұрылады:
(7)
Иілмелі- морт тау жыныстарын қалақшалы қашаумен бұзу бірқалыпсыз болады. Тангенальды күштің әсерінен тау жынысының бетінде шектік күш пайда болады, осының әсерінен тау жынысы бұзылады. Бұдан б қабатының қалыңдығының 0-ге жетеді, сәйкесінше қашауға таужыныстарының қарама- қарсылық әсері азаяды. Бұрғылау тізбегінің потенциялық инергиясының қарсылығының азаюынан қашау жылдам айналып кетеді.
Сонымен бұрыштық жылдамдық орташа амплетудамен таужынысының механикалық қасиеттеріне және бұрғы тізбегінің беріктігіне байланысты болады. Бірқалыпсыз айналу барысында бұрғылау тізбегінің ауыр салмағыда үлкен роль атқарады, осыдан қашау жасақтарына жәй айналу кезінде үлкен динамикалық күш әсер етеді. Егер осылардың әсерінен пайда болған тербелістер тізбектің айналу кезінде болатын өз тербелісінен үлкен мәнге ие болатын болса, қашауға және бұрғылау тізбегінің өзіне үлкен резонан қауіпі төнеді.
Көлденең тербелістердің пайда болу механизімін VII.4.суреттегі екі қалақшалы қашаудан үлгі ретінде қарастырамыз. Қашау өз өсінен О бұрыштық жылдамдық φд арқылы айналады. Айналу барысында А қалақшасы алдында тау жынысының сынуы пайда болады, ал В қалақшасының алдында сыну пайда болмайды. Сондықтан қашаудың айналуына қарсылық күші бірқалыпсыз болады, осыдан қашау өсі О нүктесіне Оі нүктесіне ығысады (17а сурет). Бірақ төмендегідей теңсіздік орындалу тиіс.
(8)
Сұлбада көрсетілгендей бір қалақша АА! доғасымен қозғалып ұңғы қабырғасына енеді, ал екінші қалақша 00! доғасымен қозғалып қабырғадан едәуір алшақтайды, осының әсерінен қашау көлденең тербелістерге ұшырайды.
Сурет 17- Екі қалақшалы қашаудың ұңғы ішімен жылжу схемасы (а) және көлденең тербелістердің әсерінен ұңғы қабырғасында пайда болатын өзгерістер (б) көрсетілген
Осы процесстердің салдарынан ұңғы оқпаны көпқырлы, бірқалыпсыз болып шығады (17-сурет (б) ). Қашау осі О'—О"—О'" траекториясы бойынша қозғалады, ал СДЕ үшбұрышы мүлтіксіз қашаулар үшін көрсетілген. СДЕ ауданы Rд шеңбері ауданынан кіші.
Сонымен шеңбер тәріздес ұңғы оқанына жұмсалатын күш, бірғалыпсыз шеңберге жұмсалатын күштен бірнеше есе аз болады. Бірғалыпсыз ұңғы оқпанының пайда болуы біз үшін тиімсіз, өйткені әрі қарай жұмыс істеу процессі кезінде әртүрлі қиындықтар туғызуы мүмкін.
Қалақшалы қашаудың қалақшалары небарынша көп болған сайын, ұңғы оқпаны тегіс болады. Сондықтанда екі қалақшалы қашауларға қарағанда үш және алты қалақшалы қашаулар көп қолданылады. Ұңғы оқпанының мүлтіксіз тегіс болуы үшін, қашау үстіне калибратор орнатылады.
Айналдырып бұрғылау тәсілінде қашу жасақтары және қалақша қырлары ұңғы оқпанымен әрдайым түйісу жағдайында болады, сондықтан ол тез тозады. Тозу салдарынан тау жынысымен жасақтардың түйісу ауданы үлкейеді, одан біз төмен көрсеткіштерге ие боламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |