Қазақстан Республикасының құрама командаларын жасақтау мен даярлауды Ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы



Дата24.02.2016
өлшемі80.95 Kb.
#16732
Қазақстан Республикасының құрама командаларын жасақтау мен даярлауды Ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрiнiң 2011 жылғы 24 тамыздағы № 02-02-18/169 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2011 жылы 22 қыркүйекте № 7193 тiркелдi.


"Егемен Қазақстан" газетi 2011 жыл 18 қазан N 501-502 (26894)


      Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 2 желтоқсандағы "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңының 23-бабы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 26 сәуiрдегi "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнiң мәселелерi" № 329 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлген Қазақстан Республикасының құрама командаларын жасақтау мен даярлауды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлсiн.
      2. Стратегиялық жоспарлау департаментi (Д. Қамзебаева) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне осы бұйрықты мемлекеттiк тiркеуге ұсынуды қамтамасыз етсiн.
      3. Әкiмшiлiк жұмыс департаментi (Ғ. Әбiлова) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсiн.
      4. "Қазақстан Республикасының құрама командаларын жасақтау мен даярлауды ұйымдастыру жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2004 жылғы 1 наурыздағы № 06-2-2/69 (нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде № 2762 болып тiркелген. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi бюллетенiнде жарияланған, 2004 ж. № 25-28, 939-құжат) бұйрығының күшi жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Е. Омаровқа жүктелсiн.
      6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                      Т. Ермегияев

Қазақстан Республикасы   
Туризм және спорт министрiнiң
2011 жылғы 24 тамыздағы  
№ 20-20-18/169 бұйрығымен 
бекiтiлген         

Қазақстан Республикасының құрама командаларын жасақтау мен даярлауды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының құрама командаларын жасақтау мен даярлауды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23 бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 26 сәуiрдегi № 329 қаулысына сәйкес әзiрленген.


      2. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) аға жаттықтырушы - Қазақстан Республикасының құрама командалардың жастар (резервтiк) құрамасы үшiн жауап беретiн жаттықтырушы;
      2) бас жаттықтырушы - Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасына басшылық жасауға, спорт түрi бойынша әлем чемпионаттарында, Азия және Олимпиада ойындарында және басқа да халықаралық жарыстарда оның даярлығына, қалыптасуы мен сайысқа түсуiне жауап беретiн жаттықтырушы;
      3) жылдың басты жарыстары - Қазақстан Республикасының чемпионаттары, Қазақстан Республикасының Спартакиадасы;
      4) жаттықтырушылар кеңесi - спортшылар мен командаларды спорт жарыстарына қатысуға даярлау әдiстемесiне ұсынымдар әзiрлеу үшiн бас жаттықтырушы, мемлекеттiк жаттықтырушы, аға жаттықтырушылардан, спорт түрлерi бойынша құрама командалардың дәрiгерлерiнен, дене шынықтыру және спорт саласындағы ғалымдардан, дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерiнен құрылған, спорт түрлерi бойынша республикалық федерациялардың кеңесшi органы;
      5) нысаналы кешендi бағдарлама - спорттық ұйымдардың күш-қимылын мақсатты және тиiмдi бөлуге, бiлiктiлiгi жоғары спортшыларды тәрбиелеудiң басты бағыттарына назар аударуға мүмкiндiк беретiн, оқу-жаттығу, ғылыми-әдiстемелiк және медициналық қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базаны, тәрбиелiк және патриоттық жұмысты дамытуды қоса алғанда, олимпиядалық циклға спортшыларды даярлау жөнiндегi мәселелердi кешендi шешуге арналған перспективалы жоспар;
      6) мемлекеттiк жаттықтырушы - Қазақстан Республикасында спорт түрiн дамытуға және оны басқаруға жауапты жаттықтырушы;
      7) спортшы - спортпен жүйелi шұғылданатын және спорт жарыстарына қатысатын жеке тұлға.
      3. Қазақстан Республикасының құрама командалары - спортшылардың, жаттықтырушылардың, отандық және шетелдiк мамандардың, дене шынықтыру-спорт және медицина ұйымдарының басқа да қызметкерлерiнiң ұжымдары спорттың түрлерi бойынша қоғамдық бiрлестiктердiң құрамдас бөлiгi болып табылады, халықаралық жарыстарға даярлық және оларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы астында қатысу мақсатында құрылады.
      4. Әртүрлi спорт түрлерi бойынша түрiнен Қазақстан Республикасының құрама командалары, дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) бекiткен арнайы нормативтердi орындаған спортшылардың арасынан спорт түрлерi бойынша тиiстi республикалық федерациялардың, жаттықтырушылар кеңесiнiң, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру-спорт ұйымдарының ұсыныстарын ескере отырып, конкурстық негiзде құрылады.
      5. Спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасы негiзгi және жастар (резервтiк) құрамынан құралады.
      Республикалық және халықаралық жарыстардың жеңiмпаздары және жүлдегерлерi спорт түрiнен Қазақстан Республикасының негiзгi және жастар (резервтiк) құрама командасына мүшелiкке үмiткерлер болып табылады.
      Қазақстан Республикасы құрама командаларының негiзгi және жастар (резервтiк) құрамаларына мүше спортшылар өз қатарларынан команда капитанын сайлайды. Команда капитаны оқу-жаттығу процесi мен жарыс кезiнде құрама команданың мүшелерi мен команда басшылығы арасында негiзгi дәнекер болады.
      6. Негiзгi және жастар (резервтiк) контингентiнiң сандық құрамына:
      1) спорттың олимпиадалық түрлерi бойынша: үш құрам;
      2) спорттың олимпиадалық емес түрлерiнен: екi құрам;
      3) спорттың ойынды (олимпиадалық, олимпиадалық емес) түрлерiнен: бiр жарым құрам қабылданады.
      7. Қазақстан Республикасы құрама командаларының негiзгi мақсаттары:
      1) Қазақстан Республикасының әлемдiк спорттық қоғамдастықтағы беделiн одан әрi нығайту үшiн әлемдiк спорт ареналарында алдыңғы қатарлы ұстанымдарды жеңiп алу;
      2) әртүрлi деңгейдегi спорттық iс-шараларға қатысу, Олимпиадалық және халықаралық спорттық қозғалысты Қазақстан Республикасында және одан басқа жерлерде насихаттау;
      3) халықаралық спорттық жарыстарға қатысу арқылы халықтар арасындағы достық пен өзара түсiнiсушiлiктi нығайту.
      8. Қазақстан Республикасы құрама командаларының негiзгi мiндеттерi:
      1) Азия, Олимпиада, Параолимпияда және Сурдолимпиада ойындарында, Универсиадаларға, әлем, Азия, Еуропа чемпионаттары мен Кубоктарына және басқа халықаралық жарыстарға дайындалу мен табысты өнер көрсету;
      2) спортшылардың спорттық шеберлiгiн одан әрi жетiлдiру;
      3) Қазақстан спортының халықаралық аренадағы беделiн арттыру;
      4) спортшыларды патриоттықка тәрбиелеу және дене шынықтыруды және спортты насихаттау;
      5) команданы, спорт түрiнiң жақсы дәстүрлерiн сақтайтын, аға ұрпақтың тәжiрибесi мен жетiстiктерiн ескеретiн ұжымды қалыптастыру;
      6) спортшыларды даярлаудың, оқу-жаттығу процесiн ғылыми және медико-биологиялық қамтамасыз етудiң әдiстемесiн жетiлдiру;
      7) өскелең ұрпақты спортпен жүйелi шұғылдануға тарту.

2. Қазақстан Республикасы құрама командаларының құрамы

      9. Спорт түрлерi бойынша тиiстi қоғамдық бiрлестiктер (федерациялар) жылдың басты жарыстарының нәтижелерiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының құрама командасы мүшелiгiне үмiткерлер арасында конкурс өткiзедi. Конкурс қолданыстағы заңнамаға сәйкес өткiзiледi. Мiндеттi конкурстық талаптар:


      1) арнайы нормативтердi орындау (жылдың басты жарыстарында көрсетiлген спорттық жетiстiктер);
      2) денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсыну (спортшылар үшiн спорттық медицина және оңалту орталығының медициналық қорытындысын ұсыну);
      3) сотты болғандығы немесе болмауы туралы анықтама ұсынуы.
      Осы құжаттардың көшiрмелерi, конкурстық комиссияның отырысының хаттамасы және үмiткерлерiнiң тiзiмi Қазақстан Республикасы құрама командасының құрамын бекiту кезiнде уәкiлеттi органға жолданады. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының, құрама командасына үмiткерлердi қарастыратын комиссияны құрады және бекiтедi.
      Қазақстан Республикасы құрама командасының құрамын бекiтетiн комиссия бес адамнан тұрады:
      1) уәкiлеттi органның екi өкiлi;
      2) спорт түрi (түрлерi) бойынша мемлекеттiк жаттықтырушы;
      3) Шататтық ұлттық командалар дирекциясының екi өкiлi.
      10. Спортшылар, жаттықтырушылар, отандық және шетелдiк мамандар, дене шынықтыру-спорт және медицина ұйымдарының басқа да қызметкерлерi уәкiлеттi орган шешiмiмен Қазақстан Республикасы құрама командаларына мүшелiгiне үмiткер ретiнде бекiтiледi.
      11. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы құрама командасының құрамын, спорттың жазғы түрлерi бойынша, әр жылдың 31-шi желтоқсанына дейiн, қысқы түрлерi бойынша, әр жылдың 20 мамырына дейiн бекiтедi.
      12. Құрама командалардың мәртебесiн және спортшылардың жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында негiзгi және жастар (резервтiк) құрамындағы спортшылар арасынан ұжымға құрама команданың жаңа мүшелерiн салтанатты түрде қабылдау 1-қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасы құрама команда мүшесiнiң антын қабылдайды.
      13. Қазақстан Республикасы құрама командасының мүшесi спорттық нәтижелердi төмендеткенi, жеке жоспарлар мен белгiленген нормативтердi жүйелi орындамағаны, тыйым салынған препараттарды қолданғаны, шарт талаптарын бұзғандығы үшiн команда құрамынан шығарылады.

3. Қазақстан Республикасының құрама командаларын даярлау

      14. Спорт түрiнен Қазақстан Республикасының құрама командасын басқаруды бас жаттықтырушы жүзеге асырады және спорт түрiнен жаттықтырушылар кеңесi басқарады..


      15. Бас жаттықтырушы спорт түрлерiнен құрама команда мүшелерiнiң даярлығы жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады және құрама командаға мүше спортшылардың жарыстарға қатысуының нәтижелерiне үнемi талдау жүргiзедi. Даярлықтың нысаналы әрi кешендi бағдарламаларын (бұдан әрi - бағдарлама) iске асыру жөнiнде жұмыстар жүргiзедi. Бас жаттықтырушының жұмысы оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыруға және халықаралық жарыстарға қатысуға, команда құрамындағы тәрбие жұмыстарына және команда құрамында психологиялық ахуал жасауға бағытталған.
      16. Қазақстан Республикасы құрама командасына мүше спортшының жеке жаттықтырушысы Қазақстан Республикасы құрама командасына орталықтандырылған даярлық үшiн уақытша iссапарға жiберiлуi мүмкiн. Жеке жаттықтырушы Қазақстан Республикасы құрама командасынан тыс жерде спортшының жеке дайындық жоспарын орындағаны үшiн жеке өзi жауап бередi.
      17. Спорт дәрiгерi Қазақстан Республикасы құрама командасына мүше спортшының денсаулығын қадағалайды, жаттықтырушылар құрамына спортшының хал-жайы және ұсынылатын жаттығу жүктемелерi жөнiнде ұсыныстар бередi, медико-биологиялық, қалпына келтiру шаралары мен емдеудi, сондай-ақ спортшыны теңгерiмдi тамақтандыруды, оқу-жаттығу жиындары мен жарыстар өтетiн орындардың санитарлық-тазалық жағдайын бақылауды жүзеге асырады.
      18. Қазақстан Республикасы құрама командасының массажшысы спорт дәрiгерiнiң немесе бас дәрiгердiң әдiстемелiк басшылығымен жұмыс iстейдi.
      19. Қазақстан Республикасы құрама командасын ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету үшiн тартылатын мамандар спортшыларды даярлау жөнiнде әдiстемелiк көмек көрсетедi, оның функционалдық және техникалық деңгейiне ағымдағы бақылауды жүзеге асырады. Бас жаттықтырушымен, жаттықтырушылар кеңесiмен бiрлесiп дайындықтың бағдарламаны және жеке жоспарларды әзiрлеуге қатысады.
      20. Қазақстан Республикасы құрама командасына тартылатын басқа да мамандар (қару және кеме шеберлерi, механиктер, атбегiлер және тағы басқалар) өздерiнiң лауазымдық нұсқаулықтары мен бiлiктiлiк мiнездемелерiндегi талаптарға сәйкес жұмыстарды орындайды.

Қазақстан Республикасы    


Туризм және спорт министрiнiң 
2011 жылғы 24 тамыздағы   
02-02-18/169 бұйрығымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасының   
құрама командаларын жасақтау 
мен даярлауды ұйымдастыру   
жөнiндегi нұсқаулыққа 1-қосымша

      Нысан



Қазақстан Республикасының құрама
командасы мүшесiнiң
АНТЫ

      Мен, (Т.А.Ә), менi________________________________(спорт түрi)


      Қазақстан Республикасының құрама командасына қабылдауды мемлекеттiң көрсеткен ерекше сенiмi ретiнде бағалай және өзiмнiң жауапкершiлiгiмдi сезiне отырып:
      - аса жоғары нәтижелерге жету үшiн өзiмнiң жеңiске деген бар күш-жiгерiмдi жұмсай отырып, спорт аренасында бiздiң Отанымыздың намысын лайықты қорғау үшiн спорттық шеберлiгiмдi үнемi жетiлдiруге;
      - спорт жарыстарында адал күресуге, жарыс ережелерiн қатаң сақтауға, допингке қарсы кодекстi ұстануға және тыйым салынған заттарды пайдаланбауға;
      - спорттағы тәлiмгерлердiң барлық нұсқаулары мен талаптарын орындауға, жаттықтырушы-оқытушылар құрамына, команда мүшелерiне, бәсекелестерге, төрешiлерге, көрермендер мен жанкүйерлерге сыйластықпен қарауға;
      - өзiмнiң барлық қарекетiмде спорттық әдеп ережелерiн басшылыққа алуға салтанатты түрде ант етемiн.
      Менiң осы антты бұзуым Қазақстан Республикасы құрама командасының мүшесi деген жоғары атақпен сыйыспайтындығын ұғынамын.

      _______________________________           __________________


          Тегi Аты Әкесiнiң аты                      (күнi)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет