Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы



бет1/4
Дата23.02.2016
өлшемі0.52 Mb.
#5077
  1   2   3   4
Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 сәуiрдегi № 473 Қаулысы



      «Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың iргесiн бiрге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 18 ақпандағы № 1158 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
       1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы бекiтiлсiн.
      2. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың 2020 жылға дейiнгi бағдарламасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 1 қарашадағы № 1146 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                     К.Мәсiмов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң
2011 жылғы 30 сәуiрдегi
№ 473 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылығын жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға
арналған бағдарламасы

1. Бағдарламаның паспорты

      Ескерту. 1-бөлiмге өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.04.20 № 501 Қаулысымен.

Атауы                  Қазақстан Республикасының тұрғын
                       үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың
                       2011 - 2020 жылдарға арналған
                       бағдарламасы

Әзiрлеу үшiн           Қазақстан Республикасы


негiздеме              Президентiнiң «Мемлекет басшысының 2011 жылғы
                       28 қаңтардағы «Болашақтың iргесiн бiрге
                       қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын
                       iске асыру жөнiндегi шаралар туралы»
                       2011 жылғы 18 ақпандағы № 1158 және
                       «Қазақстан Республикасының 2020 жылға
                       дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» 2010
                       жылғы 1 ақпандағы № 922 жарлықтары

Бағдарламаны           Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын


әзiрлеуге және iске    үй-коммуналдық шаруашылық iстерi
асыруға жауапты        агенттiгi
мемлекеттiк орган

Мақсаты                Халықтың тұруына қолайлы жағдайды қамтамасыз


                       ету және коммуналдық инфрақұрылымның жағдайын
                       жақсарту

Мiндеттерi             1. Тұрғын үй қорын күтiп-ұстауды қамтамасыз


                          ету
                       2. Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту

Iске асыру мерзiмдерi  2011 - 2020 жылдар


мен кезеңдерi          1-кезең: 2011 - 2015 жылдар
                       2-кезең: 2016 - 2020 жылдар

Нысаналы               1. 2015 жылға қарай күрделi жөндеудi талап


индикаторлары          ететiн кондоминиум объектiлерiнiң үлесi 32
                       %-дан 22 %-ға төмендейдi;
                       2. 2015 жылға қарай жаңғыртылған жүйелердiң
                       ұзындығы 31 мыңнан астам км құрайтын болады
                       осы Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде 24,4
                       мың км және «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша)
                       6,7 мың км);
                       3. 2015 жылғы қарай тұтынушылардың кемiнде 50
                       %-ы және 2020 жылға қарай елдiң әр өңiрiндегi
                       тұтынушылардың кемiнде 70 %-ы коммуналдық
                       қызмет көрсету сапасына қанағаттанады

Қаржыландыру көздерi   2011 - 2020 жылдары Бағдарламаны


және көлемi            iске асыру жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру
                       көлемi 877 170 млн. теңгенi құрайды, оның
                       iшiнде: республикалық бюджет - 304 478 млн.
                       теңге, жергiлiктi бюджет- 44 476 млн. теңге,
                       кәсiпорындардың қаражаты - 452 406 млн. теңге,
                       азаматтардың қаражаты - 75 810 млн. теңге.
                       Бағдарламаны iске асырудың бiрiншi кезеңiн
                       (2011 - 2015 жылдар) қаржыландыру көлемi 396
                       533 млн. теңгенi құрайды, оның iшiнде:
                       республикалық бюджет - 172 678 млн. теңге;
                       жергiлiктi бюджет - 20 436 млн. теңге;
                       кәсiпорындардың қаражаты - 184 899 млн. теңге;
                       азаматтардың қаражаты - 18 520 млн. теңге.
                       Бағдарламаны iске асырудың екiншi кезеңiн
                       (2016 - 2020 жылдар) қаржыландыру көлемi
                       бiрiншi кезеңде iске асырудың нәтижелерi
                       бойынша белгiленетiн болады.

2. Кiрiспе

      Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың iргесiн бiрге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы № 1158 және «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 жарлықтарына сәйкес әзiрлендi.


      Бағдарлама коммуналдық инфрақұрылымға жаңғырту жүргiзу үшiн шаралар әзiрлеудi және қабылдауды қамтамасыз етедi, тұрғын үй қатынасының оңтайлы моделiн құрады, халыққа көрсетiлетiн тұрғын үй-коммуналдық қызметтердiң сапасын арттыруға, сондай-ақ қаржыландырудың әлеуметтiк тетiктерiн құру арқылы терможаңғыртуды қоса алғанда, кондоминиумның ортақ мүлкiне күрделi жөндеу жүргiзуге мүмкiндiк бередi.

3. Ағымдағы ахуалды талдау

      Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (бұдан әрi - ТКШ) саласы өзара байланысты екi негiзгi элементтен тұрады:


      коммуналдық қызметтердiң негiзгi тұтынушылары болып табылатын көп пәтерлi тұрғын үйлердi (бұдан әрi - КПТҮ) және жеке үй құрылыстарын қамтитын тұрғын үй секторы;
      жылумен, газбен және электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететiн желiлер мен құрылыстарды (жүйелердi) қамтитын коммуналдық сектор.

1. Тұрғын үй қоры және тұрғын үй қатынастары

      Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң (бұдан әрi - ҚР СА) деректерi бойынша республиканың тұрғын үй секторының жалпы алаңы 270,9 млн. шаршы метрдi құрайды, оның iшiнде 263,9 млн. шаршы метр немесе 97,4 % тұрғын үй жеке меншiкке тиесiлi.


      Жергiлiктi атқарушы органдардың (бұдан әрi - ЖАО) деректерi бойынша КПТҮ-ге жататын тұрғын үй қорының 50,1 млн. шаршы метрi немесе 32 % күрделi жөндеудiң жекелеген түрлерiн жүргiзудi талап етедi, ал 3,8 млн. шаршы метр (2 %) бұзылуға жататын, одан әрi пайдалануға жарамсыз авариялық тұрғын үйлер.
      ҚР СА-ның деректерi бойынша Қазақстандағы тұрғын үй секторы босатылған жылу энергиясының шамамен 40 %-ын тұтынады. Бұл ретте, сараптамалық бағалау бойынша тұрғын ғимараттардағы босқа кеткен жылу ысырабы 30 %-ға жетедi.
      2010 жылы жүргiзiлген зерттеулердiң деректерi бойынша Қазақстанда ғимараттардағы жылу энергиясының шығыны жылына бiр шаршы метр үшiн шамамен 240 кВт болады, бұл жылына 1 шаршы метрге 100-120 кВт деген ортаеуропалық көрсеткiштен айтарлықтай төмен.
      Бүгiнгi күнi көп пәтерлi тұрғын үй қорын басқару және күтiп ұстау саласы негiзiнен пәтер меншiк иелерiнiң кооперативтерi (бұдан әрi - ПИК) қызметiмен қамтамасыз етiледi, олар бiр мезгiлде жөндеу жұмыстары мен қызметтерiнiң тапсырыс берушi және мердiгер бола алады, нарықта «монополиялық» жағдайға ие және кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн жөндеу бойынша сапалы қызмет көрсетуге тырыспайды.
      Әдiлет органдарында жылжымайтын мүлiк ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен кондоминиум объектiлерiнiң пайызы төмен екенi байлады. Айталық, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң деректерi бойынша тiркелген кондоминиум объектiлерiнiң саны 14687 бiрлiктi құрайды, бұл кондоминиум объектiлерiнiң жалпы санының 8,5 %-ы болады (172164 бiрлiк).
      Kөп пәтерлi тұрғын үйлердiң негiзгi проблемалары:
      тұрғын үй иелерiнiң кондоминиум объектiсiн басқаруда белсендiлiгiнiң төмен болуы;
      кондоминиум объектiлерiн басқару органдарының қызметiне пәтер иелерiнiң қанағаттанбауы;
      басқару органдарының қызметiнде кондоминиум объектiсiн басқару және күтiп ұстау функцияларын шоғырландыру;
      үйге ортақ мүлiктi күрделi жөндеуге ақшалай қаражат жинақтау практикасы әлсiз;
      кондоминиум объектiлерiн басқару органдарына ортақ мүлiктi күрделi жөндеуге қол жетiмдi кредит беру тетiктерiнiң болмауы;
      кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн басқару және күтiп ұстау жөнiндегi қызметтерге төлемдердi жинау деңгейiнiң төмен болуы;
      тұрғын үй көмегiн көрсету тетiгiн пайдаланудың жеткiлiксiз деңгейi;
      энергия ресурстарын тұтыну деңгейiнiң жоғары болуы.

2. Коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйi

      Жылумен жабдықтау


      ҚР СА-ның деректерi бойынша екi құбырлық деп есептегенде жылу желiлерiнiң жалпы ұзындығы 11,7 мың км немесе оның 32,6 %-ы немесе 3,8 мың км коммуналдық меншiкте, 67,4 %-ы немесе 7,9 мың км жеке меншiкте. Бұл ретте желiлердiң жалпы ұзындығының 63 %-ы ауыстыруды және жөндеудi талап етедi.
      Жылу желiлерi қатты тозғандықтан жылу энергиясы ысырабының артуына алып келедi, ол 2009 жылы ҚР СА-ның деректерi бойынша 11,6 млн. Гкал немесе босатылған жылу энергиясының жалпы санының 17,5 %-ын құрады.
      Жылумен жабдықтау жүйесi есептеу құралдарымен қамтамасыз етудiң өте төменгi деңгейiмен сипатталады. Сарапшылардың бағалауы бойынша оларға жалпы қажеттiлiк 45,8 мың бiрлiктi құрайды, 23,3 мың бiрлiк есептеу құралы орнатылған. Тиiстi деңгейде есепке алу болмағандықтан, жылу энергиясының нақты шығындары мен тұтыну деңгейiн анықтау мүмкiн емес.
      Шамамен жылу энергиясының 30 %-ын қуаты 100 Г кал/сағ. кем шағын қазандықтар өндiредi. Осы жылу көздерi шамамен 60 % пайдалы әсер ету коэффициентiмен және отынның жоғарғы үлестiк шығыстарымен сипатталады, бұл жылына шартты отынның 645 300 тоннасын немесе 1,75 млрд. теңгенi артығымен жұмсауға, сондай-ақ қоршаған ортаға қосымша зиянды заттар шығаруға алып келедi.
      Электрмен жабдықтау
      Электрмен жабдықтау саласында барлық коммуналдық сектордың iшiнен жөндеудi талап ететiн желiлердiң үлесi өте жоғары. Айталық, 10/0,4 кВ электр желiлерiнiң жалпы ұзындығы республика бойынша 199,5 мың км құрайды, 73 % немесе 145,6 мың км жөндеудi талап етедi. Бұдан басқа, 10/0,4 кВ трансформаторлық қосалқы станциялар, электр беру желiлерi, үйдiң iшiндегi таратушы қондырғылар мен желiлер жөндеудi талап етедi.
      Электрмен жабдықтау саласында есептеу құралдарымен қамтамасыз ету деңгейi коммуналдық шаруашылықтың басқа салаларымен салыстырғанда мейлiнше жоғары (88,5 %), олардың көпшiлiгi дәл есептеу сыныбы төмен ескi үлгiде.
      Жұмыс iстеп тұрған электр жабдықтарының (трансформаторлық қосалқы станциялардың, үйдiң iшiндегi тарату құрылғыларының, желiлердiң) технологиялық артта қалуы, сондай-ақ олардың энергетикалық тиiмдiлiгiнiң өемен болуы электр энергиясының техникалық және коммерциялық ысырабына себеп болып табылады, бұл жаңа технологияларды (энергетикалық тиiмдi жабдықтарды, аспалы оқшауланған сымды, ресурстар мен энергияны есепке алатын автоматтандырылған жүйелердi) жеткiлiктi қолданбаудың салдары болып табылады.
      Газбен жабдықтау
      Газ желiлерiнiң жалпы ұзындығы тұтастай республика бойынша 27,3 мың км болады, соның 33,7 %-ы (9,2 мың км) коммуналдық меншiкте, 66,3 %-ы (18,1 км) жеке меншiкте. Бұл ретте желiлердiң жалпы ұзындығының 54 %-ы ауыстыруды және жөндеудi талап етедi.
      ҚР СА-ның деректерi бойынша 2009 жылы республика бойынша 594 елдi мекен табиғи газбен газдандырылды, бұл елдi мекендердiң жалпы санының 8,3 %-ы (7152), 16 елдi мекен сұйытылған газбен газдандырылды, бұл елдi мекендердiң жалпы санының 0,2 %-ы болады.
      Газбен жабдықтау жүйесiнде тұтынылған қызметтердi есепке алу толық көлемде жүргiзiлмей отырғанын атап өткен жөн. 90-шы жылдарда орнатылған есептеу құралдары негiзiнен сертификатталмаған және дәл есептеу талаптарына сәйкес келмейдi.
      Газ бөлу жүйелерiнiң қызметiн инспекциялау жүйесi жолға қойылмаған және газ бөлу қондырғыларына техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргiзiлмейдi.
      Көп қабатты (2 қабаттан артық) үйлерде баллондағы газды пайдалану практикасын пайдалануды тездетiп шешу талап етiледi, бұған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң талаптары бойынша үзiлдi-кесiлдi жол берiлмейдi.
      Коммуналдық инфрақұрылымдағы негiзгi проблемалар:
      инженерлiк желiлер мен құрылғылардың қатты тозуы;
      ресурстарды тұтынуды есептеу құралдарымен қамтамасыз етудiң төмен деңгейде болуы;
      саланың технологиялық жағынан артта қалуы, оның iшiнде инновациялық энергия мен ресурс үнемдеу технологиялары мен iс-шараларын қолдану практикасының әлсiз болуы;
      желiлер мен құрылғыларды қайта жаңарту жөнiндегi жобаларды бюджеттен тыс көздерден қаржыландыру көлемiнiң жеткiлiксiз болуы.

3. Саланы мемлекеттiк реттеудiң қолданыстағы саясатын талдау

      ТКШ-тiң нормативтiк-техникалық базасында шамамен 169 нормативтiк-техникалық құжат (бұдан әрi - НТҚ) бар. Бүгiнгi күнi осы құжаттар секторды қазiргi заманғы технологиялық дамытудың талаптарына толық сәйкес келмейдi және энергетикалық тиiмдiлiктi арттыруға, үлестiк пайдалану шығындарын төмендетуге, инновациялық технологияларды енгiзуге ынталандырмайды.


      ТКШ саласындағы мемлекеттiк реттеудi талдау тұрғын және қоғамдық ғимараттардың пайдалану сипаттамаларының бұрынғы Кеңес Одағы кезеңiнде әзiрленген қолданыстағы нормалары осы заманғы энергия үнемдеу стандарттарына сай келмейтiнiн куәландырады.

4. ТКШ-дегi ағымдағы жағдайдың күштi және әлсiз жақтарын талдау

Күштi жақтары

Әлсiз жақтары

Қауiптер (тәуекелдер)

Мүмкiндiктер

республика халқының тұрғын үймен қамтамасыз етiлудiң жоғары деңгейi

КПТҮ-дi тиiстi күтiп ұстау мен пайдалануға бақылау әлсiз

КПТҮ қатты тозған

КПТҮ-дi жөндеу жөнiнде iс-шаралар жүргiзу

коммуналдық желiлер мен объектiлер жүйесiн дамыту

инженерлiк желiлер мен объектiлердiң қатты тозуы

коммуналдық желiлер мен объектiлердегi апатты жағдайдың және ысыраптың одан әрi өсуi

инженерлiк желiлер мен объектiлерге жаңғырту және қайта жаңарту жүргiзу

ТКШ саласын шикiзат базасымен қамтамасыз етудi дамыту

қолда бар ресурстарды ұтымсыз пайдалану және ысыраптың жоғары деңгейi

халық үшiн тарифтердiң артуы

энергия және ресурс үнемдейтiн iс-шаралар жүргiзу

мемлекет тарапынан ТКШ саласын қолдау

тиiмдi және дәл жоспарлаудың болмау

ТКШ саласындағы бағдарламалар бойынша республикалық бюджеттi секвестрлеу

ТКШ саласын қаржыландырудың жаңа тетiктерiн әзiрлеу

электрмен жабдықтауда сараланған тарифтердi қолдану практикасының болуы

5 және одан көп жылдарға ұзақ мерзiмдi тарифтердiң болмауы

реттелмеген тарифтер нәтижесiнде ТКШ саласының бәсекеге қабiлетiнiң төмендеуi

ТКШ-тiң басқа салаларында ұзақ мерзiмдi және сараланған тарифтердi қолдану мүмкiндiгi

ТКШ саласы үшiн тауарлар өндiретiн отандық кәсiпорындардың болуы

ТКШ саласының бәсекеге қабiлетiнiң төменгi деңгейi, әлсiз материалдық- техникалық база, қажеттi технологиялар трансфертiнiң болмауы

технологияларды практикада қолдану мүмкiн еместiгiнiң ықтималдығы

ғылыми зерттеулер жүргiзу және конструкторлық әзiрлемелер, ТКШ саласында инновациялық технологиялар трансферт, отандық өндiрiстi ынталандыру жөнiндегi шетелдiк тәжiрибенi пайдалану

аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үй көмегiн көрсету тетiгiнiң болуы

кондоминиум объектiлерiн күрделi жөндеуге тұрғын үй көмегiн көрсету тетiгiнiң болмауы

қаржыландырмау

кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн жөндеуге тұрғын үй көмегiн бөлу

5. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы
тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi қазақстандық
қамтуды талдау

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Кедендiк бақылау комитетiнiң 2009 жылғы деректерi және сыртқы сауда көрсеткiштерi бойынша отандық тауарлар өндiрiсiнiң жай-күйiн талдау iшкi нарықта тауарлардың бәсекеге қабiлетiнiң жоғары емес екенiн көрсетедi.



Көрсеткiш

Мәнi, млн. теңге

Үлесi, %

ТКШ саласында қолданылатын өнiмдердiң тауар айналымы, оның iшiнде:

280 548,8




экспорт

62 456

22,3 %

импорт, оның iшiнде

218 092,8

77,7 %

Ресейден

76 878,5

35,2 %

Қытайдан

31861

14,6 %

      Сондай-ақ коммуналдық сектор саласы үшiн тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң жекелеген түрлерiнiң өндiрiсiнде қазақстандық қамтудың үлесiн арттыру бойынша әлеуеттiң бар екенiн атап өткен жөн.

6. Шетелдiк оң тәжiрибеге шолу

      Нарықтық экономикасы дамыған елдерде тұрғын үй-коммуналдық қызметтердi мемлекеттiк және жеке секторлардың аясында ұйымдастырудың бай тәжiрибесi жинақталған.


      Шығыс Еуропа елдерiнiң көп пәтерлi тұрғын үйлердi басқару жөнiндегiдегi тәжiрибесi тұрғын үй иелерi тұрғын үй иелерiнiң серiктестiктерiне (бұдан әрi -ТИС) бiрiгетiнiн (ТИС - қазақстандық ПИК ұқсасы) және конкурстық негiзде кәсiптiк сервистiк компанияны тартатынын, олар тұрғын үйдi күтiп ұстаумен және пайдаланумен байланысты жұмыстардың барлық түрлерiн орындайтынын көрсетедi. ТИС тек орындалған жұмыстарға мониторинг және бақылау жүргiзедi. Көрсетiлген қызметтердiң сапасы қанағаттанғысыз болған жағдайда басқа сервистiк компанияны жұмысқа шақыру туралы шешiм қабылдайды.
      Әлемдiк практикада мемлекеттiк жеке-меншiк әрiптестiк (бұдан әрi - МЖӘ) бойынша айрықша табысты тәжiрибе, кеңiнен қолдану және ТКШ саласында МЖК нысандарын дамытудың жоғарғы деңгейi, әдеттегiдей, Батыс Еуропа және Солтүстiк Америка елдерiнiң жоғары дамыған елдерiнде байқалады. Ал перспективалы экономикалық көшбасшыларға (Қытай, Үндiстан, Ресей, Бразилия және т. б.), сондай-ақ бұрынғы кеңестiк кеңiстiктегi көптеген елдерiне қатысты айтатын болсақ, олар әлi де болса МЖӘ нысандарын дамыту тәжiрибесi бойынша, қолданылу аясы бойынша да едәуiр артта қалған.
      Шетелдiк тәжiрибе тұрғын үй-коммуналдық саладағы МЖӘ дамытудың келесi бағытын көрсетедi:
      тұрғын үй қорын ұйымдастыру және пайдалану (Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Бельгия, Нидерланды, Швеция, Австрия);
      тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету: жөндеу қызметтерi, аулалық аймақтарды абаттандыру, жинау, тұрмыстық қалдықтарды жою және қайта өңдеу (Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Франция, Германия, Жапония, Канада, Швеция, Австрия);
      жинау жұмыстары, көгалдандыру (Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Австрия, Германия, Бельгия, Канада);
      көлiктiк қызмет көрсету (Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Франция, Швеция, Австрия);
      жолдарды жөндеу және күтiп ұстау (Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Франция, Италия, Бельгия, Латын Америкасы елдерi, Австрия).
      Назарға алатын бiр жайт, дамыған елдерде коммуналдық инфрақұрылымдарды мемлекеттiк реттеу жойылмаған, сонымен бiрге ТКШ-ның қандай да бiр саласына арнайы қажеттiлiк әсерiмен терең эволюцияны бастан өткiзген.
      Батыс және Шығыс Еуропа елдерiнде тұрғын үй секторында мамандандырылған қаржы институттарын құру арқылы кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiне күрделi жөндеу жүргiзу (жаңғырту) бойынша көп пәтерлi тұрғын үйлердiң иелерiн мемлекеттiк қолдау жөнiнде бiрқатар шараларды iске асырылды, олар көп пәтерлi тұрғын үйлердi жаңғыртуға және жалға берiлетiн муниципалдық тұрғын үй қорын арттыруға кредиттер мен субсидиялар бередi.
      Осы елдерде қабылданған мемлекеттiк бағдарламалар жергiлiктi билiк органдарын, тұрғын үй иелерi мен оларды жалдаушыларды тарту арқылы тұрғын үй қорының энергетикалық тиiмдiлiгiн арттыруға арналған.

7. Қоршаған ортаға әсердi бағалау

      Қоршаған ортаға айтарлықтай әсер ететiн коммуналдық саладағы объектiлерге жылыту объектiлерi: қазандықтар, жылу орталықтары, тазарту құрылыстары, сырқынды суды жасанды-биологиялық тазарту құрылғылары жатады, жаңа объектiлердi жобалаған немесе қолданыстағы объектiлердi қайта жаңартқан кезде «Қоршаған ортаны қорғау» бөлiмi бар жұмыс жобалары пайдаланылады, олар әзiрленуiне қарай және жоспарлар iске асырылатын жерде мемлекеттiк экологиялық сараптамадан мiндеттi түрде өтедi.


      Энергиямен үнемдеу жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу электр және жылу энергияларының қажеттiлiгiн қамтамасыз етуге арналған отынның шығыстарын едәуiр қысқартады. Жылу және электр энергиясының көздерiн, жылу және электр желiлерiн жаңғырту және қайта жаңарту жаңа энергия үнемдейтiн технологияларды пайдалану арқылы жүргiзiледi, бұл өнiмнiң бiрлiгiне шаққанда парниктiк газдарды атмосфераға шығаруды төмендетедi.

4. Бағдарламаның мақсаты, мiндеттерi, нысаналы
индикаторлары және оны iске асыру нәтижелерiнiң

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет