Ќазаќстан республикасыныѕ



бет4/62
Дата20.10.2022
өлшемі0.87 Mb.
#463062
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
ОҚӘ Кәсіпкерлік қызмет негіздері пәні бойынша

Валюталық биржа – валюталармен ірі көлемде сауда жасалатын, ұйымдық жағынан жасақталған және тұрақты жұмыс істейтін рынок.
Вексельбелгілі бір уақыт өткеннен кейінгі оның ұстаушысының (вексель ұстаушының) вексель берушіден ақшаларды төлеуін талап етуге деген құқық беретін жазбаша борыштық міндеттеме.
Венчур – бұл ірі фирмалармен тәуекелді кәсіпорындарды қаржыландыру нысаны. Бірнеше тәуекелді кәсіпорындардың венчурлық капиталы жаңа технологияларға қол жеткізуге, немесе жоба табысты түрде жүзеге асырылғандағы акциялар құнының күрт өсуіне қызығушылық білдіретін ірі инвесторларға акциялар пакетін сату есебінен құралады. Венчурлық қаржыландыру шағын кәсіпорындарға бастапқы капиталды тез жинауға, ал ірі фирмаларға бүгінгі минималды тәуекелдермен болашақта ірі табысқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Г


Гиперинфляция – ерекше ірі ауқымдағы инфляция, ол айналыстағы ыақша көлемінің және тауар бағасының айрықша тез өсуімен сипатталады.
Грант – мәдени, ғылыми т.б. мекемелер мен ұйымдарға ақшалай соманы қайтарымсыз бөлу немесе жабдықтарды, құралдарды т.б. сыйға тарту.

Д


Дара кәсіпкерлік жеке тұлғалардың өз меншігіне негізделген, олардың тәуекелімен және өз мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын, табыс табуға бағытталған, жеке тұлғалардың ынталы қызметі.
Дивиденд – акционерлік қоғамның балансында көрсетілген, пайдаға байланысты болатын акциялар бойынша төлемдер шамасы.
Дилер – өз атынан және өз есебінен тауарды қайта сатуды жүзеге асыратын делдалдық құрылым (заңды немесе жеке тұлға).
Дисконттау – пайыз нормасының белгілі бір мерзімі арқылы төленетін капиталды активтер табысының сомасын ағымдық баламасын есептеу.
Джоббердайын өнім қорлары бар, тауарлардың тасымалы мен сақталуын қамтамасыз ететін делдалдық сфера субъектісі.

Е




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет