Ќазаќстан республикасыныњ


Психодраманың негізгі міндеттері



бет21/35
Дата11.10.2023
өлшемі385.5 Kb.
#480446
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35
Ќазаќстан республикасыныњ

Психодраманың негізгі міндеттері:

  1. Клиенттің өз проблемалары мен конфликтерін шығармашылық тұрғыдан қайта түсіну.

  2. Клиенттің өзін- өзі түсінудің терең және адекваттылығына қол жеткізу.

  3. Конструктивті емес қылық- әрекеттік стереотиптерді және эмоционалды әсерлену тәсілдерін жеңу.

  4. Эмоционалды реакция жасаудың жаңа тәсілдері мен жаңа адекватты әрекет- қылықты қалыптастыру.

Рөлдерді психодрамалық ойнау клиент әрекет- қылығын, оның қатынасын, бағдарын,эмоционалды әсерлену жолдарын өзгертеді. Бағдарлардың өзгеруіне жағымды әсер ететін факторлар: клиентке психодрамаға қатысуды және рөлдерді таңдауға мүмкіндік беру, клиентті орындаушылық әрекетке итермелеу, ойынға өзіндік импровизация кіргізуге мүмкіндіктер тудыру.
Психодрама клиенттегі қорғаныс позициясын жеңуге ықпал етеді, эмоционалды қызығушылықты жоғарылатады, өзінің проблемаларын түсінуге, катарсис пен инсайтқа жетуге көмектеседі.
Психодраманың классикалық процедурасы негізгі 5 элементті қамтиды:

  1. Протагонист

  2. Режиссер (фасилитатор)

  3. Көмекші «Мен»

  4. Көрермендер

  5. Сахна

Протагонист- алғашқы ойыншы (гр. «protos»- алғашқы, бірінші және «agon»- күрес, ойын), психодрамалық сахнада өзінің проблемаларын көрсететін басты кейіпкер. Протагонист өз өмірінің образын тудырады. Ол басты персонаж болып табылады және топтың назары оған аударылған. Режиссердің, аудиторияның және арнаулы қойылым тәсілдерінің көмегімен протагонист өзінің актуалды психологиялық шындығын көрсетеді. Ол өз алдына инсайтқа жетуге және реалды өмірін функциялау қабілеттілігін жақсартуға арналған.
Режиссер- клиентке өз проблемаларын зерттеуге көмектесетін адам. Ереже бойынша ол психолог болып табылады. Оның қызметі психодрамалық әрекетті, кеңістікті ұйымдастыру, сенімділік атмосферасын тудыру, қатысушыларды аяқ- астылыққа стимулдау, рөлдік ойынға топты және кеңістікті дайындау, проблемаларды ашу, клиенттің қайғыларын шығару, көмекші персонаждарды кіргізу, болып жатқан жағдайды талқылау, анализдеу және интерпретациялауды ұйымдастыру болып табылады. Режиссер топта белгілі бір атмосфераны тудырады, рөлдерді бөледі, сонымен қатар топ мүшелеріне өздерінің ойлары мен сезімдерін драмалық әрекет тіліне аударуға мүмкіндік береді. Жақсы режиссерден икемділік, психодрамаға бүкіл топтың қатысуына қызықтыру қабілеті сияқты қасиеттер талап етіледі.
Психодрамада режиссер аналитик, терапевтің функцияларын атқарады.
Қойылымшы рөліндегі режиссер топтағы жұмысты ұйымдастырады. Қойылымшы психодрама актерінің психологиялық күй- жағдайының барлық вербалды және вербалсыз көріністеріне өте сезімтал болуы керек. Жақсы қойылымшының басты қасиеттері: жұмысқа деген шығармашылық көзқарастары, икемділігі, психодрамалық әрекетке топ мүшелерінің барлығының көңілін аудара білу қабілеті болып табылады.
Аналитик рөліндегі режиссер психодрамаға қатысушылардың барлығының әрекетін талқылайды, мінез- құлқын, ойларын және сезімдерін интерпретациялайды. Аналитик рөліндегі топ басшысы көрсетілім кезіндегі әр топ мүшесінің әрекет- қылығын интерпретациялайды және талқылайды. Сонымен қатар ол жеке эпизодтарға қатысушылардың жалпы реакцияларын белгілеп, анализдейді.
Терапевт рөліндегі психодрамалық әрекеттің басшысы керекті психокоррекциялық бағытқа бағыттайды. Терапевт рөліндегі психодраманың режиссері қатысушыларға қалаусыз әрекет- қылық формасын өзгертуге көмектесуге тырысады. Қатысушыларға спектакльді өздігімен жүргізуге мүмкіндік бере отырып, терапевт өзіне креслода отыруына рұқсат ете алады немесе топ мүшелерін әрекетке итермелей, жоғарғы деңгейде белсенді бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет