Қазақстан Республикасының Заң жобасына тұжырымдама Заң жобасының атауы


Қаралатын мәселе бойынша шетелдік тәжірибенің бар-жоғы



бет3/3
Дата20.06.2016
өлшемі454.6 Kb.
#149439
1   2   3

9. Қаралатын мәселе бойынша шетелдік тәжірибенің бар-жоғы

Мемлекеттік заңнамалық және реттеуші саясат ұлттық пошта операторының да, басқа операторлардың да қызметтерінің сапасына маңызды ықпал етеді. Заңнама құзыретіне пошта байланысы қызметтерін реттеу, сондай-ақ осы органның функциялары мен өкілеттіктері кіретін мемлекеттік орган - «мемлекеттік реттеушіні» айқындайды.

Дүниежүзілік пошта одағына мүше елдің барлығы дерлік операторлар көрсететін қызметтердің сапасы мен көлемі өсуінің ең маңызды пошта факторы болып табылатын пошта қызметін мемлекеттік реттеуді заңнамалық деңгейде іс жүзінде бекітіп қояды. Заңнама (немесе мемлекеттік реттеуші) қызметтердің құрамын, осы қызметтердің әрқайсысының нарығында бәселестік деңгейін, осы қызметтердің сапасына қойылатын талаптарды, сондай-ақ тарифтік саясаттың қағидаттарын анықтайды. Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде пошта байланысы саласында көрсетілетін қызметтер мен қызметінің негізгі түрлері регламенттелген. Дүниежүзілік пошта одағына мүше-елдер негізінен пошта байланысы саласындағы қызмет пен көрсетілетін қызметтердің негізгі түрлерін сақтайды және өздерінің ұлттық заңнамаларында бекітіп қояды. Бұл ретте, әрбір елдің өзінің экономикалық, әлеуметтік және тарихи факторларына орай пошта байланысы саласындағы көрсетілетін қызметтер мен қызметтің негізгі түрлері бойынша айырмалық ерекшеліктері бар.

Алайда, батыс Еуропа елдерінде мемлекеттік реттеу бір-бірінен ерекшеленеді, мәселен Германияның пошта саласындағы заңнамасы пошта қызметі саласында консервативті болып қала беретін, Ұлыбритания заңнамасымен салыстырғанда анағұрлым ырықты. Бұл ретте, осы елдердегі операторлардың қызметі жеке және мемлекеттік сектордың мүдделеріне қысым көрсетпей, Ұлттық пошта операторлары мен операторлар арасында бәсекелес және тең жағдайларда жүзеге асырылады.

Қызметтердің сапа деңгейін арттыру оларға деген сұранысты арттырады және қызметтер көлемінің өсімін айтарлықтай жылдамдатады. Poste Italiane, New Zealand Post, Empresa Brasileira de Correios e Telégrafos және Eesti Post сияқты шетелдік ұлттық пошта операторларын қайта құрылымдау тәжірибесі қызметтердің сапасын түбегейлі жақсарту хат-хабардың көлемін жылына 15%-ға дейін арттыратынын көрсетеді. Мәселен, Бразилияда Empresa Brasileira de Correios e Telégrafos 17 жаңа сұрыптау орталығын құруға шамамен 160 млн. АҚШ долл. инвестициялады. Пошта жұмысының тиімділігін және ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру нәтижесінде жеткен жетістік жазбаша хат-хабар көлемінің жылына 10%-ға өсуіне алып келді.

Эстонияда инфрақұрылымға, көлікке, персоналды оқытуға, Таллинде жаңа сұрыптау орталығын құруға инвестиция жасау, сондай-ақ пошта байланысы бөлімшелерін 60% жөндеу және қайта жабдықтау жазбаша хат-хабардың жылына 13%-ға және сауқаттардың жылына 95%-ға өсуіне алып келді.

Бұдан бұрын Қазақстан Республикасында Ұлттық пошта операторының базасында пошта-жинақтау жүйесін құру кезінде Германия және Жапония сияқты елдердің поштасын реформалау тәжірбиесі ескерілді.

Осыған баланысты, елдерді поштаны дәстүрлі жолдармен дамытатын (Ұлыбритания, Ресей) және поштаны жаңғырту арқылы дами бастаған елдер (90-жылдардың ортасындағы Германия, 2000-жылдардың басындағы Жапония) деп шартты түрде бөлуге болады.

Көбіне шет елдер поштаны дәртүрлі нысандарда дамытуды ұстанады, яғни поштаға тән қызметтің жаңа және басқа да түрлерін енгізу басқа елдерде оларды енгізу және дамыту тәжірибесі ескеріліп баяу қарқынмен жүзеге асырылуда.

Поштаны дамыту мен жаңғыртудың жарқын мысалы мемлекеттік поштаны толықтай жекешелендіруді жүзе асыра алған және үш негізгі: пошта, қаржы және логистикалық сегментте операторлардың қызметі үшін заңнамалық негізді құра алған Германия мен Жапония поштасы бола алады. Осыған байланысты, Германия мен Жапонияның пошта операторлары пошта, қаржы және логистикалық қызметті жүзеге асырады. Мұндай қызмет Германия поштасына алушыларға жөнелтілімді келесі күн жеткізуге мүмкіндік берді және поштаны жеткізу және Батыс Еуропа елдерінің арасында кіріктірілген логистика сапасы алдыңғы қатарлы болып қала берді, сондай-ақ Германияның федералдық банкінен кейін екінші бола отырып, қаржы секторында ірі және тұрақты пошта банкі болуына мүмкіндік берді. Жапонияда сақтандыру қызметіндегі және халықтың салымдарын жинақтау бойынша пошта операторы алдыңғы позицияларда тұр, мұндай жинақтармен салыстырғанда Жапонияның басты банкінің өзі жолда қалады.

Қазіргі уақытта, Ресей Федерациясы Ресей поштасының қызметін кеңейту және жекешелендіру арқылы поштаны жаңғырту жөніндегі бағдарламалар мен заңнамалық жобаларды енді әзірлеуде.

Австралия мемлекеттік пошта корпорациясы (бұдан әрі – Австралия поштасы) соңғы 15 жылда көрсетілетін қызметтердің тізбесін кеңейтті және өз инфрақұрылымының дамуына елеулі қаржыны инвестициялады. Пошта желісі 4462 пошта бөлімшесіне жататын 10 млн. аса пошта мекен-жайын қамтиды. Күн сайын Австралия поштасы миллионнан аса клиентке қызмет көрсетеді.

Австралия поштасы жетекші пошта бизнесі ретінде халықаралық деңгейде мойындалған. Австралия поштасы Австралияның бүкіл аумағында халыққа қызмет көрсетілетін, елдің ірі және қолжетімді бөлшектік желілердің бірі болып табылады.

Желісінің үлкен бөлігін лицензиат, агент немесе франчайзи ретінде әрекет ететін жеке тұлғалар пайдаланады. Лицензияланған пошта бөлімшелері (бұдан әрі – ЛПБ) бүкіл ел бойынша клиенттер үшін тікелей қатысуын кеңейте отырып, Австралия поштасының ұлттық пошта желісінің үштен екісін құрайды. Қазіргі уақытта шамамен 2900 ЛПБ бар деп есептеледі. ЛПБ пошта бөлімшесі ретінде айрықша және басқа бизнеспен, мысалы, newsagency немесе дүкенмен үйлесімділікте іске қосылуы мүмкін. ЛПБ пошта қабылдауды және өңдеуді, пошта маркаларын, ақша аударымын, шот төлемдері мен банктік қызметтерді қосқанда, Австралия поштасы тауарлар мен қызметтердің кең спектрін ұсынады. Олар сондай-ақ поштаны өңдеу мен жеткізуді, филателиялық өнімді, буып-түю өнімдерін, кеңсе заттарын, сыйлықтар мен пошта жәшіктерін қосқанда, қосымша өнімдер мен қызметтер ұсына алады.

Елді мекеннің/ауданның пошта агенттері (бұдан әрі – ЕМПА) ауылдық және шалғайдағы аудандарда 2500 пошта бөлімшесінің едәуір бөлігін құрайды. Олар жеткізу қызметін қамтамасыз етеді және пошта баптарын бағалайды. Австралия поштасының 700 аса аудандық пошта агенттері бар, оның ішінде 90 пайызға жуығы басқа бизнес бөлігі ретінде де, әмбебап дүкендер ретінде де жұмыс істейтіндер. Барлығы әрбір екі жыл сайын жаңартылатын болып табылатын жалпы келісіммен жұмыс істейді. ЕМПА түрлі пошта және филателиялық қызметтер ұсына алады. Кем дегенде, поштаны бағалаудың негізгі қызметін, пошта маркаларын сатуды, электрондық поштаны қабылдау мен жеткізуді ұсынады. Олар шоттарды төлеу мен банктік қызметтер сияқты агенттік қызметтерді көрсетпейді. Жұмыс сағаты олардың басқа бизнесімен байланысты поштаның келу уақытына, жұмыс сапасына байланысты құбылады.

Франчайзингтік пошта бөлімшелерінің жұмысы «кілтпен» жүзеге асырылады, демек Австралия поштасы оларды франчайзи үшін ыңғайландырады, жабдықтайды. Қазіргі уақытта бүкіл ел бойынша 29 франчайзингтік пошта бөлімшесі бар. Франчайзингтік пошта бөлімшелері корпоратив иелеріне де, желі операторларына да сол өнімдер мен қызметтерді ұсынады. Франчайерлерге тауарларды консигнация шарттарымен ұсынады.



2013 жылы Украина Үкіметі «Укрпошта» Украина мемлекеттік пошта байланысы кәсіпорнымен (бұдан әрі – «Укрпошта» УМПБК) бірлесіп азаматтардың және мемлекеттік билік органдарының шаруашылық жүргізу субъектілері қызметтерді алуы үшін қолжетімді және ыңғайлы жағдайлар жасауға қатысты мемлекеттік-әлеуметтік реформа шеңберінде іске асырылатын «Әкімшілік қызметтер: пошта арқылы оңайлатылған қолжетімділік» жобасын іске қосты. 2013 жылғы қазаннан бастап, «Укрпошта» УМПБК 13 000-нан астам пошта байланысы бөлімшесі кем дегенде 31 әкімшілік қызметке қолжетімділікпен қамтамасыз етілген. Пошта байланысының кез келген бөлімшесіне азаматтар мен бизнес-құрылымдар өтініш білдіре отырып, сұралатын қызмет туралы біліктілік консультациясын және қажетті ақпарат алу, сондай-ақ тіркелетін пошта жөнелтілімімен субъект мекен-жайына оны ұсына отырып қажетті қызметтерді алуға құжаттарды жіберу мүмкіндігі бар. «Укрпошта» УМПБК клиенттердің жеке уақытын және билік органдарына бару үшін қажет көлік шығыстарына арналған қаражатын үнемдеп, құжаттарды тез және кепілдендірілген жеткізуді қамтамасыз етеді.

Электрондық (гибридтік) пошта

Алушыға электрондық құралдарды қолданып жеткізілетін пошта.

Дүниежүзілік пошта конвенциясының 17-бабына сәйкес мүше-елдер немесе тағайындалған операторлар регламенттерде сипатталған мына электрондық пошта қызметтерін ұсыну туралы өзара уағдаласа алады: тағайындалған операторлар хабарламалар мен ақпараттарды электронды беруде қолданатын, пошталық электрондық қызметтер болып табылатын, электрондық пошта; аутентифицияланған пайдаланушылар арасында қорғалған байланыс арнасы арқылы өтетін электрондық хабарлама жіберілгені туралы растауды және жеткізілгені туралы растауды білдіретін, қауіпсіз электрондық қызмет болып табылатын, тапсырысты электрондық пошта; белгілі бір уақытта бір немесе бірнеше қатысушы жүргізген операциялардың дұрыстығына электронды түрде және тиісті нысанында құжаттардың тапсырылғанына дәлелді растама болып табылатын, сертификаттауға арналған электрондық пошта штемпелі; аутентифицияланған жөнелтушіге электрондық хабарлама жіберу, сондай-ақ аутентифицияланған жөнелтуші үшін электрондық хабарламалар мен ақпараттарды жеткізуді және сақтауды жүзеге асыру мүмкіндігін беретін, электрондық пошта жәшігі.

Тапсырыс беруші пошта операторына алушының және жөнелтушінің мекен-жайлары бар электрондық құжаттарды жібереді, соның нәтижесінде алушыға жақын маңдағы пошта офисінде қағаз түрінде басып шығарылады, конверттерге салынады және мейлінше қысқа мерзім ішінде алушыға жеткізіледі. Бұл бір жағынан тапсырыс берушінің хат-хабарды жіберу шығындарын, мысалы шоттар немесе хабарламалардың үлкен көлемін азайтуға мүмкіндік береді, ал екінші жағынан пошта операторына қағаз хат-хабарды жеткізу бойынша ыңғайлы және сапалы қызметтерді ұсыну мүмкіндігін береді.

«Ресей поштасы» ФМБК Италиямен бірлесіп Гибридтік пошта қызметтерін ұсынады. Ресей поштасы бәрімен, ірі кәсіпорындармен де, мемлекеттік құрылымдар – Ресей зейнетақы қорымен, Федеральдік салық қызметімен, Сбербанкпен, Мосэнергосбыт, Ростелеком, Сот приставтарының федеральдік қызметімен, Гаспромбанкпен де және т.б. жұмыс істейді. Қазір Мәскеу және Санкт-Петербург қ. өңдеу орталықтары бар. Екатеринбург, Новосибирск, Краснодар ққ. гибридтік поштаны өңдеу бойынша орталықтар ашу жоспарлануда.

Беларуссияда тапсырыс берушіден электронды түрде алынған құжаттарды басып шығару, конвертке салу және жіберу бойынша қызмет – «Гибридтік пошта» қызметі бар. А4, А5 форматтағы қағаздар басып шығарылады, конвертке салынады (жазбаша хабарлама конвертке салынады және желімделеді).

Канада поштасы өзінің клиенттеріне тегін e-post қызметін ұсынады, ол 7 күн ішінде электронды түрдегі шоттар мен қаржылық құжаттарды көруге, төлеуге және басқаруға мүмкіндік береді. E-Post жүйесі компанияларға шоттарды, парақшаларды, шоттан үзінді көшірмелерді, төлем түбіртектерін немесе сіздің ePost басқаша сәйкес келетін қораптар алуға мүмкіндік береді. E-Post қолдану арқылы Сіз шотты төлеу үшін интернет-банкинг сервистеріне де қосыла аласыз.

Италияда гибридтік пошта нарығы ойдағыдай дамуда, осы поштаның қызметтерін 8 мыңға жуық кәсіпорын мен ведомство пайдаланады. Гибридтік пошта Италияда қағаз поштаның 25% жуығын құрайды. Бұл - баспа сапасын және мәліметтерді өңдеудің жоғары жылдамдығына қатысты мемлекеттік сектордың компаниялары және банктік құрылымдар.

Австралияда филиал бірнеше бөлімшелермен бірге жазба бизнесті көрсететін және Австралияның бүкіл аумағында гибридтік пошта қызметтерін басып шығару және одан әрі жеткізумен ұсынатын e-Letter қызметі бар. E-Letter соңғы жеткізу пунктеріне жақындау орналасқан Австралияның бүкіл желісі бойынша басып шығаруды және өңдеуді тұспалдайды.

Электрондық пошта жәшігі

Австрияның гибридтік пошта қызметтері электронды немесе дәстүрлі форматта құпия құжаттарды қауіпсіз және кепілдендірілген жеткізуді қамтамасыз ету бойынша сервисті қамтиды. Әдетте, осы сервисті қолдану азаматтың электрондық картасын пайдаланумен және электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданумен байланыстырылады. Австриядағы көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылар осы сервиске жазыла отырып, өз хатын айтылған уақытта қауіпсіз жеткізу кепілдігін алады. Ол адресат хатты алғаны туралы немесе жеткізуді жүзеге асыру мүмкін еместігі туралы хабардар етіледі. Алушылар екінші жағынан, барлық кіріс хаттар ресми көздер арқылы жіберілгеніне сенімді бола алады. Олар жаңа хаттар туралы хабарлама алады, оларды қауіпсіздіктің жоғарғы деңгейіне ие интернет-порталдағы жеке кабинетті қолдана отырып кез келген қолайлы сәтте электронды түрде қабылдай алады және бірде-бір маңызды хат-хабарды жібермейтініне сенімді бола алады. Тағы бір басымдылық жеткізу арнасына толық бақылау жасау есебінен хат контентінің өзгермейтініне кепілдік беруден тұрады. Азаматты ресми электрондық хабарламаны жөнелтуші немесе алушы ретінде де сәйкестіндіру азаматтың электрондық картасының немесе ЭЦҚ көмегімен болады. Австрияда осы сервис гибридтік пошта порталында тіркелген пайдаланушылар үшін құрылды және бір «электрондық пошта жәшігінде» электронды форматта жіберілген немесе алынған хаттарды толығымен басқаруға мүмкіндік береді. Гибридтік поштаны және электрондық абоненттік пошта жәшіктерін дамыту үшін мүмкіндіктердің елеулі көлемі түпкілікті пайдаланушыларға шоттарды (әсіресе ТКШ үшін), қаржылық есептер және үзінді көшірмелерді дайындау және жіберу саласында жатыр. ТКШ саласындағы ұйымдар, қаржы мекемелері, телекоммуникациялық компаниялар нысаналы клиенттер болып табылады. Таратуға тапсырыс берушілер қорғалған байланыс арнасы арқылы толық дайындалмаған форматтағы өз деректерін пошта операторына біржолғы немесе тұрақты негізде жібере алады. Бұл деректер дайын баспа шаблон-құжаттар (пошта операторының күшімен электронды түрде тапсырылатын болатын) түрінде де, клиенттер туралы деректерді қамтитын кестелер түрінде де немесе электронды нысан түрінде де тапсырылуы мүмкін. Пошта операторы келісілген ережелер бойынша тапсырыс берушімен келісілген түрде басып шығарылатын және адресаттарға дәстүрлі хат түрінде немесе жеткізудің электронды құралдарымен (екі әдіс те мүмкін және комбинация) жіберілетін дербестендірілген құжаттардың жиынтығын шығарда ала отырып, ақпаратты өңдейді.

Пошта ұйымдасқан қылмыстар жасау үшін де, жеке құқық бұзушылық үшін де қастандық жасау объектісі болды. Қауіпті тауарларды, оның ішінде, әсіресе әуе көлігімен поштаны тасымалдау кезінде жоғары қауіп-қатер болатын, қару-жарақтарды, оқ-дәрілер, жарылғыш заттарды жіберуге байланысты ықтимал қауіптің өсімі байқалады. Осылайша, құқық бұзушылықтың ең тараған түрі бүгінде пошта жөнелтілімдерін ұрлау болып табылады.

ДПО Вашингтон конгресі ДПО мүше-елдердің пошта әкімшіліктерінің алаңдаушылығын ескеріп, пошта қауіпсіздігін дамыту бағдарламасын 1989 жылы әзірлеп бекітті және осылай халықаралық пошта қауіпсіздігі желісін құру бастамасын жасады. Cеул конгресі 1994 жылы және Пекин конгресі 1999 жылы пошта қауіпсіздігі стандарттарын әрі қарай дамытуға және жетілдіруге арналған ДПО стратегиясын қолдады. Бүгінде ДПО мүше 80-нен астам ел мемлекеттік пошта секторы жүйесінде пошта қауіпсіздігі бөлімшесін құрып, оны дамытуда. Халықаралық пошта алмасу мүдделерін қорғау бойынша Африкада, Оңтүстік-Шығыс Азияда, Батыс Еуропада және Америка континентінде пошта қауіпсіздігінің өңірлік одақтары құрылып, белсенді жұмыс істеуде. Мыңдаған құқық бұзушылық анықталды, жол берілмеді және ашылды, жүздеген тонна пошта жөнелтілімінің сақталуы қамтамасыз етілді, клиенттер мен пошта қызметтерінің мүдделері қорғалады. Қауіпсіздік ретінде пошта қызметтері ұсынылатын қызметтердің сапасын, пошта байланысы жүйесінің сенімділігін және тұтастығын арттыратын аспап сатып алды. ДПО шеңберінде пошта байланысының ұлттық қызметтерінің және аумақтық және тілдік қағидаттар бойынша ұйымдастырылған өңірлік одақтардың (Панафрикалық пошта одағы, Америкалар одағы, Испания мен Португалия, Азия-Тынық мұхит, Батыс Еуропалық және басқа да өңірлік бірлестіктер) құрылуы жөніндегі тәжірибе жинақталды.

Қызметтердің өкілеттіктері мен мүмкіндіктеріндегі айырманы айта кету керек. Осылай, АҚШ пошта инспекциясы қызметі (USPIS) қалай болғанда да Америка поштасымен байланысты барлық қылмысқа тергеу жүргізген, құқық қорғау органы болып табылады. Онда 4000-ға жуық адам бар, оның ішінде 1400 тергеуші. Сонымен қоса, USPIS 1000-ға жуық адам қызмет ететін, жеке қарулы бөлімшесі бар.
Сондай-ақ, инспекцияның жеке сот-медициналық зертханасы бар.

1772 жылы Бенджамин Франклин кезінде құрылған USPIS қалай болғанда да пошта қызметін қозғайтын шамамен 200 федералды заңның орындалуын қамтамасыз етеді. USPIS заң құзыреті айтарлықтай кең, қызметті тергеу бірнеше негізге бағыттарға қатысты. Бұл:

• тұтынушыларды, коммерциялық және үкіметтік құрылымдарды алдау үшін поштаны пайдаланумен байланысты алаяқтық;

• поштаны және пошта мүлігін ұрлау;

• пошта қызметкерлеріне шабуыл жасау;

• заңсыз пошта жөнелтілімдері;

• АҚШ аумағында поштаны тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қауіп-қатердің кез келген түрінен қорғау;

• пошта операторы шығын шегетін, поштада алаяқтық схемаларды қолдану жағдайлары;

• халықаралық тергеу және жаһандық қауіпсіздік және т.б.

«Ресей поштасы» ФМБК пошта қауіпсіздігі қызметі құқық қорғау органдарының құрамына кірмейді және өзінің штатында біршама аз қызметкері бар, ал міндеттер мен функциялар оған жүктелген, негізінен ұқсас және ведомстволық тергеулер шеңберіндегі сол бағыттар кіреді.



10. Заң жобасын іске асыруға байланысты болжанатын қаржы шығындары

Заң жобасын іске асыруға байланысты қаржы шығындары қажет етілмейді.


 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет