Қазақстан республикасының заңЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға»



бет2/3
Дата07.07.2016
өлшемі236 Kb.
#183437
1   2   3

4. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 жыл, қыркүйек, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, ст. 92; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 30 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы, 2014 жылғы 31 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы, 2014 жылғы 31 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы, 2015 жылғы 14 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы, Қарулы Күштері және Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы, 2015 жылғы 17 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы.):


1) 170-бапта:

мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:

«10. Сұйытылған мұнай газы көлемін заңсыз тұрде Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге өткізу, іс-әрекетінде қылмыстық жазаланатын іс-қимылдар белгісі болмаса әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерін тәркілей отырып, екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:

«11. Газ желісі ұйымдарының арасында сұйытылған мұнай газының көлемін көтерме саудада өткізу әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерін тәркілей отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:


«12. Осы баптың оныншы он бірінші бөлігінде қайтадан жасалған әрекет – аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданысын тоқтата тұрып не одан айыра отырып және әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстер тәркiлене отырып шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сегіз жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

2) 684-баптың 1-тармағында «170 (жетінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктерінде)» деген сөздер «170 (жетінші бөлікпен)» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 804-баптың 1-тармағының 42) тармақшасында «170 баптарда» деген сөздер «170 (жетінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, және он екінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын.

5. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы.; 2014 жылғы 6 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 3 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы.):

1) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8-2) тармақшамен толықтырылсын:

«8-2) коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды, қайта өңдеуді және кәдеге жаратуды жүзеге асыруды ұйымдастырады;»;

2) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 29) тармақшамен толықтырылсын:

«29) коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды, қайта өңдеуді және кәдеге жаратуды жүзеге асыруды ұйымдастырады;».

6. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2014 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы.; 2014 жылғы 30 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы.):

1) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 15-42) және 15-43) тармақшалармен толықтырсын:

«15-42) Қазақстан Республикасында суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйінің мониторингін және оны бағалауды және ақпараттық деректер банкін мемлекеттік жүргізу қағидалары мен тәртібін әзірлеу және бекіту;

15-43) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйінің мониторингін және оны бағалауды жүргізу үшін техника мен жабдықтармен материалдық-техникалық жарақтандыру, пайдалану шығындарын есептеу, шаруашылық тауарлармен және кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз ету нормаларын, гидрогеологиялық-мелиоративтік қызмет жұмысшыларының уақыты мен жұмысбастылығы нормаларын әзірлеу және бекіту;»;

7. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің

Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3-құжат, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1,2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6, 9-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 9-құжат; 2014 жылғы 12 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дамуға ресми көмек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы.) :

1) 17-бапта:

4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасы аумағында қалдықтардан алынған қайталама шикізат тауарына ерікті сертификаттаудан өткен құжатының;»;

мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

«4-1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы немесе мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада растайтын құжаты бар Қазақстан Республикасы аумағына қалдықтардан алынған қайталама шикізат тауарына басымдығын ескеруге міндетті.».

8. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 13-14, 61-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2014 жылғы 30 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы.):



1) 1-бапта:

2) тармақшада:

«газды,» деген сөзден кейін «құрамында күкірт бар шикізатты,» деген сөздермен толықтырылсын;

«субъектілері;» деген сөзден кейін «жаңадан пайдалануға берілгендерді

қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;

12) тармақшада «тұлға» деген сөзден кейін «немесе заңды тұлға» деген сөздермен толықтырылсын;

13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«13) электр энергиясын нетто-тұтынушы (бұдан әрі – нетто-тұтынушы) – таратушы электр желісіне қосылған және желіден электр энергиясын тұтыну көлемдері мен оған әртүрлі жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын құрастырылған жаңартылатын энергия көздері қондырғыларын қоса алғанда, жалпы белгіленген қуаты 20 кВт-қа (жеке тұлғалар үшін) және 100 кВт-қа (заңды тұлғалар үшін) дейін беру көлемдерін бөлек есепке алу жүйелерімен жабдықталған, өзіне меншік құқығымен тиесілі жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісінен электр энергиясын өзінің толық немесе ішінара тұтынуын қамтамасыз ететін жеке тұлға немесе заңды тұлға;»;

мынадай мазмұндағы 15), 16), 17) тармақшалармен толықтырылсын:

«15) резервтік қор –жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы қалыптастыратын қор, оның ақшалай қаражаты арнайы банктік шотта сақталады және кассалық алшақтықтарды және қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіретін ұйымдар алдындағы жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілер өндірген олар берген электр энергиясы үшін шартты тұтынушылар тарапынан төлемеу немесе төлеуді кідірту салдарынан туындайтын берешекті жабуға ғана пайдаланылады;

16) Жаңартылатын энергия көздері секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштері – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жаңартылатын энергия көздері объектілерінің жалпы энергия тұтынудағы және жиынтық белгіленген қуаттағы, оның ішінде түрлері 2017, 2020, 2025 және 2030 жылдарға арналған бойынша жаңартылатын энергия көздері объектілерінің электр энергиясын өндіретін көлемі үлесінің көрсеткіштері;

17) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілерді қосу туралы шарт – жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын не жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға ниет білдірген энергия беруші ұйым мен энергия өндіруші ұйым арасында жасалатын, энергия беруші ұйымның осы Заңның 10-бабының ережелеріне сәйкес құрылған (реконструкцияланған) не құру (реконструкциялау) процесіндегі жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін электр және (немесе) жылу желілеріне қосу туралы жазбаша келісім.»;

2) 2-баптың 3-1-тармағының төртінші абзацы «ұйымдарға;» деген сөзден кейін «жаңадан пайдалануға берілгендерді қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;

3) 3-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) жаңартылатын энергия көздерінің секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштерін ескере отырып, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастырудың болжамды жоспарын бекітуді және іске асыруды;»;



  1. 5-бапта:

мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) жаңартылатын энергия көздері секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштерін бекітеді;»;

5) 6-бапта:

5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін енгізудің нысаналы көрсеткіштерін ескере отырып, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастырудың болжамды жоспарын бекітеді;»;

мынадай мазмұндағы 5-1), 9-1), 9-2) тармақшаларымен толықтырылсын:

«5-1) жаңартылатын энергия көздері жобаларын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастырудың болжамды жоспарына енгізу қағидаларын бекітеді;

9-1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін энергия беруші ұйымның электр және (немесе) жылу желілеріне қосу туралы үлгі шартты әзірлейді және бекітеді;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет