Қазақстан Республикасының Заңы «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы»


-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ТҰТЫНУШЫЛАР МЕН СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ



бет2/3
Дата03.07.2016
өлшемі445.9 Kb.
#175317
1   2   3

3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ТҰТЫНУШЫЛАР МЕН СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
14-бап. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері
1. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушының:

1) мемлекеттік қызмет көрсету, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету субъектілері туралы толық және дұрыс ақпарат алуға;

2) мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынуға;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз түрінде (дәстүрлі) және/немесе электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынуға;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекет қызмет көрсетуді тұтынуға;

5)  Мемлекеттік қызмет көрсету уақытылы және/немесе сапасыз жүргізілген немесе жүргізілмеген жағдайда, осы Заңның 32-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне шағымдануға;

6) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға, орталық мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар енгізе отырып, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын, мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін, мемлекеттік қызмет көрсету тізілімін әзірлеу процесіне қатысуға;

7) мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу процесіне қатысуға;

8) Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтар мен заңды мүдделерді іске асыруға, қорғауға құқығы бар.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушы:

1) мемлекеттік қызмет көрсету субъектілеріне мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынуға алу үшін қажетті құжаттар тізбесін ұсынуға;

2) мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынуға алу үшін мемлекеттік қызмет көрсету субъектілеріне ұсынылған ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз етуге;

3) Мемлекеттік қызмет көрсету туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.

15-бап. Мемлекеттік қызмет көрсету

субъектілерінің құқықтары мен міндеттері
1. Мемлекеттік қызметтер көрсету субъектілерінің:

1) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті қосымша ақпарат үшін тиісті мемлекеттік органдарға сауалмен жүгінуге;

2)  мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыдан мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес талап етуге;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сот органдарына жүгінуге;

4) мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыдан мемлекеттік қызмет көрсету туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтауды талап етуге құқығы бар.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету субъектілері:

1) мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына және регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге;

2) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз етуге;

3) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің автоматтандырылуын қамтамасыз етуге;

4) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңтайландыруды қамтамасыз етуге;

5)  мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етуге;

6) мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушылардан мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы туралы ақпаратты алу үшін жағдай жасауға;

7) мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына қолжетімділікті қамтамасыз етуге;

8) мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге;

9) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушылардан талап етпей, мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерімен алмасуды қамтамасыз етуге;

10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында өзгеше көзделмесе, халыққа қызмет көрсету орталықтарына мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетімділікті ұсынуға;

11) мемлекеттік қызмет көрсету стандартында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күннен кешіктірмей, халыққа қызмет көрсету орталығындағы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін халыққа қызмет көрсету орталығына жіберуге;

12) мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушылардың шағымдары мен өтініштерін қарауға;

13) мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыларды олардың шағымдарын қарау нәтижелері мен қолданылған шаралар туралы хабардар етуге;

14) мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушылардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шаралар қолдануға;

15) мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалау және мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына бақылау жасау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат ұсынуға;

16)  мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторингті жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдар мен тәуелсіз сарапшыларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы ақпарат ұсынуға;

17) мемлекеттік қызмет көрсету туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтауға;

18) мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын, мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін, мемлекеттік қызмет көрсету тізілімін әзірлеу процесіне мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушылардың қол жеткізуін қамтамасыз етуге;

19)  мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу процесіне мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушылардың қол жеткізуін қамтамасыз етуге;

20) Осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де іс-қимылдарды жүзеге асыруға міндетті.



4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ СТАНДАРТЫ
16-бап. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартының мазмұнына қойылатын талаптар
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметті көрсету мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты:

1) мемлекеттік қызмет көрсету субъектісінің атауын;

2) мемлекеттік қызмет көрсету стандартын әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның атауын;

3) мемлекеттік қызмет көрсету нысанын;

4) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысанын;

5) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін;

6) мемлекеттік қызмет көрсетудің тегін немесе ақылы болуын;

7) осы заңның 7-бабында көзделген мемлекеттік қызмет көрсету сыныптамасын ескере отырып, мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін, мемлекеттік қызмет көрсетуді электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптарды көздейді.

17-бап. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын әзірлеуге қойылатын жалпы талаптар
1. Мемлекеттік қызмет көрсету субъектілері жүзеге асыратын мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бірыңғай талаптарды қамтамасыз ету үшін, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, орталық мемлекеттік органдар мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын әзірлейді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты мемлекеттік органның бұйрығымен бекітіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің электрондық нысанын және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуді көздейтін мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша бекітіледі.

Мемлекеттік органдар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасау жөніндегі уәкілетті органның, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның ұсынымдарын, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг қорытындыларын, мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушылардың шағымдарын қарауды ескере отырып, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын тұрақты жетілдіруді қамтамасыз етеді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандарты негізінде әзірленеді.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы уәкілетті орган әзірлейді.



18-бап. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын жария талқылау
1. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын жария талқылау мүдделері, құқықтары мен еркіндіктері мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарында қозғалатын мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушылардың (әлеуетті тұтынушылар), өзге де азаматтар мен ұйымдардың ұсыныстарын есепке алу мақсатында жүргізіледі.

Жария талқылауды мемлекеттік қызмет көрсету стандартының жобасын әзірлеуге уәкілетті мемлекеттік орган ұйымдастырады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының жобаларын жария талқылау мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушылардың ұсыныстары мен ескертпелерін орналастыру мүмкіндігімен мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының жобаларын мемлекеттік қызмет көрсету стандартын әзірлеуге уәкілетті мемлекеттік органның интернет-ресурсында және «электрондық үкіметтің» веб-порталында орналастыру арқылы жүзеге асыруға тиіс.

3. Жария талқылау нәтижелері бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандартының жобасы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының жобасын әзірлеген мемлекеттік органның пысықтауына жатады. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартының жобасын әзірлеген мемлекеттік орган, жария талқылау барысында алынған осы ескертпелер мен ұсыныстардың мазмұны қысқаша баяндалған, олардың алынған көзін және олардың талқылануы мен есепке алынуы көрсетілген ұсыныстар мен ескертпелер тізбесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсету стандартының жобасын жария талқылаудың аяқталуы туралы хабарламаны жасайды.

Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын жария талқылаудың аяқталуы туралы хабарламада жария талқылау нәтижелері бойынша енгізілген ескертпелер мен ұсыныстар ескеріле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету стандарты жобасымен танысу тәсілі туралы ақпарат қамтылуға тиіс. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарлама жарияланған күннен бастап, мемлекеттік қызмет көрсету стандартының пысықталған жобасы танысу үшін қолжетімді болуға тиіс.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартының жобасын талқылау және пысықтау кезеңі тиісті мемлекеттік қызметтің Мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне енгізілуін бекітетін нормативтік құқықтық акт қолданысқа енгізілген күннен бастап, күнтізбелік он бес күн болады.



5-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ РЕГЛАМЕНТІ
19-бап. Мемлекеттік қызмет көрсету регламентінің құрылымына қойылатын талаптар
1. Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінің іс-әрекетінің (өзара әрекет етуінің) сипаттамасын, сондай-ақ, олардың мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын ақпараттық жүйелерін белгілейді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету регламентінің құрылымы:

1) жалпы ережелерді;

2) мемлекеттік қызмет көрсетуге кететін уақыт шығынын көрсете отырып мемлекеттік қызмет көрсету кезеңділігінің процесін;

3) мемлекеттік қызмет көрсету субъектілері құрылымдық бөлімшелерінің өзара әрекет ету, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі оның ақпараттық жүйелерінің пайдаланылу тәртібін;

4) композитті мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсететін өзге де субъектілердің өзара әрекет ету тәртібін;

5) электрондық нысанда композитті мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінің ақпараттық жүйелерінің өзара әрекет ету тәртібін;

6) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін;

7)  электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері осы заңнын 7-бабында көзделген мемлекеттік қызмет көрсетудің сыныптамасын ескере отырып, мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптарды көздейді.

20-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету регламентін әзірлеуге қойылатын талаптар
1. Мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметін ұйымдастыру үшін орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызмет көрсету стандарты қабылданғаннан кейін бір ай мерзімде мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін әзірлейді және бекітеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету регламентін мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары әзірлейді және бекітеді.

3. Орталық мемлекеттік орган жүзеге асыратын мемлекеттік қызмет көрсету регламенті орталық мемлекеттік органның бұйрығымен бекітіледі.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жүзеге асыратын мемлекеттік қызмет көрсету регламенті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің нормативтік қаулысымен бекітіледі.

4. Электрондық нысанда жүзеге асырылатын мемлекеттік қызмет көрсету және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету регламенті ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша бекітіледі.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсету регламенті Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі регламенті негізінде әзірленеді.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі регламентін мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы уәкілетті орган мен ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган бірлесіп әзірлейді.

6-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТІЗІЛІМІ
21-бап. Мемлекеттік қызмет көрсету тізілімінің құрылымы
1. Қазақстан Республикасында көрсетілетін мемлекеттік қызмет Мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне енгізілуге жатады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тізілімі мынадай ақпаратты:

1) Осы Заңның 7-бабына сәйкес сыныпталған мемлекеттік қызмет көрсету тізбесін;

2) мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыларды;

3) мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын әзірлеуші мемлекеттік органды;

4) мемлекеттік қызмет көрсететін субъектілерді;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәліметтерді көздейді.

7-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУГЕ ҚОЙЫЛАТЫНЖАЛПЫ ТАЛАПТАР
22-бап. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет көрсету мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттеріне сәйкес жүзеге асырылады.

2.  Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақылы немесе тегін жүзеге асырылады.

Ақылы негізде мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыру мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушының мемлекеттік баж немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және мөлшерлерде өзге де төлемдер төлеуін көздейді.

Тегін негізде мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыру мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушының мемлекеттік баж немесе өзге де төлемдер төлеуін көздейді.

3. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету жүзеге асырылады.

23-бап. Электрондық нысанда мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қойылатын талаптар
1. Мемлекеттік қызмет көрсетуді электрондық нысанда жүзеге асыру ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, оның ішінде «электрондық үкімет» порталы, интернет-ресурстар және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, ақпараттық жүйелері, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «электрондық үкіметтің» веб-порталымен өзара әрекет ететін өзге де мемлекеттік қызмет көрсету субъектілері арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуді көздейді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетуді электрондық нысанда жүзеге асыру кезінде, мемлекеттік қызмет көрсетуші субъектілердің мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыдан мемлекеттік ақпарат жүйесінде және халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпарат жүйесіндегі қолжетімді ақпаратты сұратуына жол берілмейді.

3. Электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыру мемлекеттік қызмет көрсету процесін толық немесе ішінара автоматтандыруды көздейді.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесін толық автоматтандыру мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушының, мемлекеттік қызметті көрсететін субъектінің және өзге де адамдардың нақты қатысуынсыз ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы мемлекеттік қызмет көрсетілуін көздейді.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесін ішінара автоматтандандыру мемлекеттік қызмет көрсетуді ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, ішінара қағаз түріндегі құжат айналымын қолдану, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушының, мемлекеттік қызмет көрсететін субъектінің және де өзге адамдардың нақты қатысуы арқылы жүзеге асыруды көздейді.

4. Электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушының электрондық цифрлық қолтаңбасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушының жеке тұлға атынан жеке сәйкестендіру нөмірі, мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушының заңды тұлға атынан бизнес сәйкестендіру нөмірі болған кезде жүзеге асырылады.

5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, электрондық немесе қағаз түріндегі құжатты немесе мемлекеттік органның ақпараттық жүйесіндегі мәліметтерді беру мемлекеттік қызмет көрсетуді электрондық нысанда жүзеге асырудың нәтижесі болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету субъектісінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат заңдық күші жөнінен мемлекеттік қызмет көрсету субъектісінің қол қойылып, мөрі басылған қағаз түріндегі құжатпен теңдей.



24-бап. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру және қайта жалғатыру
1. Мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыратын субъектілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет алдындағы міндеттемелерін өз еркімен орындамаған тұлға ретінде есепте тұрған, құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыға мемлекеттік қызметтер көрсетуді тоқтата тұрады.

2. Әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтата тұруға жатпайды.

3. Қазақстан Республикасының Заңнамасында белгіленген жағдайларда әкімшілік мемлекеттік қызмет көрсетудің жекелеген түрлерін тоқтата тұруға жол берілмейді.

8-тарау. ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
25-бап. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастырудың ерекшеліктері


  1. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызмет жүргізу Қазақстан Республикасының осы Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

  2. Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметінің негізгі мәні «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушылардан мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынуға өтініштер қабылдау және оларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушылардан мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынуға өтініштер қабылдау және оларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері жүзеге асырады.

Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметкер мен жұмыс беруші арасында жасалған еңбек шарты негізінде өзінің қызметін (еңбек функциясын) жүзеге асыратын адам болып табылады.



  1. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерімен өзара әрекеттестігі тек Қазақстан Республикасының Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы өтініш берушінің қатысуынсыз жүзеге асырылады.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары қабылдаған мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарында көзделген тиісті құжаттар қоса берілетін өтініштерді мемлекеттік қызмет көрсету субъектілеріне жөңелту және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерінің халыққа қызмет көрсету орталықтарына кері жеткізілуі Қазақстан Республикасының Халыққа қызмет көрсету орталықтарының Ақпараттық жүйесі арқылы тіркеледі.

  1. Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініштер қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету стандартымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну мерзіміне кірмейді.

  2. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыда электрондық цифрлық қолтаңба болмаған жағдайда, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкеріне мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушының жазбаша келісімі негізінде қызметтік мақсатта пайдалануға берілген электрондық цифрлық қолтаңбаны мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушының сауалын куәландыру өкілеттігі беріледі.

  3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, оның ішінде электрондық нысанда да жүзеге асырылады.

  4. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіруді және олардың қызмет мәселелері жөніндегі әдіснамалық қамтамасыз етуді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

  5. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін ұйымдастыру тәртібін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

  6. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында алынған мәліметтерді жария еткені үшін және өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.



26-бап. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының

функциялары, құқықтары мен міндеттері
1. Халыққа қызмет көрсету орталықтары:

1) мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушылардың мемлекеттік қызмет көрсету туралы өтініштерін, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шалғай елді мекендерге шығу арқылы қабылдауды;

2) өтініш берушілерге халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы, рәсімдеуге қабылданған құжаттарды мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары мен өзге жеке және заңды тұлғалардың орындау барысы туралы, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсетумен байланысты өзге де мәселелер жөнінде ақпарат беруді;

3) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерімен өзара әрекеттесуді;

4) мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шалғай елді мекендерге шығу арқылы беруді жүзеге асырады.

2. Халыққа қызмет көрсету орталықтары:

1) мемлекеттік қызмет көрсету үшін мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінен мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес қажетті құжаттар мен ақпараттар сұратуға;

2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінің мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге кедергісіз қол жеткізуіне;

3) тұтынушы мемлекеттік қызмет көрсету стандартында көрсетілген құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтыну үшін берілген өтініштерді қабылдаудан бас тартуға құқылы.

3. Халыққа қызмет көрсету орталықтары:

1) мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын басшылыққа алуға;

2) мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінің ақпараттық жүйелерінен қолжетімді ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыдан оны талап етпей пайдалануды қамтамасыз етуге;

3) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік қызмет көрсету субъектілері жүзеге асыратын мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, талаптары мен мерзімдері туралы мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыларға толық және өзекті ақпаратты ұсынуға;

4)  мемлекеттік қызмет көрсету барысында алынған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік, коммерциялық немесе өзге қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді жария етпеуге;

5) мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушының жеке басын сәйкестендіруге;

6) мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінің мемлекеттік ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда құжаттың электрондық көшірмесін жасауды және (немесе) оны куәландыруды қамтамасыз етуге міндетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет