Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі нысанасына есепке қоюға өтініш берген шетелдік теле-, радиоарналар өнімдеріне сараптама жүргізу қағидалары



жүктеу 32.53 Kb.
Дата26.02.2016
өлшемі32.53 Kb.



Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрінің

2015 жылғы « » _______

бұйрығымен бекітілген



Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі нысанасына есепке қоюға өтініш берген шетелдік теле-, радиоарналар өнімдеріне сараптама жүргізу қағидалары



  1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі нысанасына есепке қоюға өтініш берген шетелдік теле-, радиоарналар өнімдеріне сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 1-тармағының 3-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі нысанасына есепке қоюға өтініш берген шетелдік теле-, радиоарналар өнімдеріне сараптама жүргізу тәртібін айқындайды.

2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі нысанасына есепке қоюға өтініш берген шетелдік теле-, радиоарналар өнімдеріне сараптама жүргізуі (бұдан әрі – Сараптама) және қорытындысын беру Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Талдау және ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ТжАО) жүзеге асырады.

2. Сараптаманы жүргізудің объектілері мен субъектілері
3. Сараптама объектілеріне:

теле-, радиоарнаның негізгі тақырыптық бағыты;

теле-, радиоарна хабарын тарату кестесі;

сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді немесе құрылтайшы – шетелдік заңды тұлға шет мемлекет заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа заңдастырылған құжат жатады;

4. Сараптаманы өткізу үшін ТжАО сарапшысы техникалық көмекті керек болған жағдайда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорныдан сұрайды.

3. Сараптама жүргізудің негіздері
5. Сараптама жүргізудің негіздері:

1) Уәкілетті органға шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы өтiнiш келіп түсуі;

2) Уәкілетті орган басшысының жазбаша тапсырмасы болып табылады.

4. Сараптаманың жүргізу тәртібі
6. Сараптамаға:

1) уәкілетті орган тарапынан қойылған сұрақтарды ескере отырып, сараптама объектілерін қарастыру. Шетелдік теле-, радио арнамен ұсынылған құжаттардың қарастыру барысында, теле-, радиоарна хабарын тарату кестесін фактілік сәйкестікке зерделеу жүргізіледі;

2) сараптама объектісінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасының нормаларына қайшылықтардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын бұзылуын зерделеу

7. Сараптама уәкілетті органмен көрсетілген мерзімде жүргізіледі, бірақ оны жүргізу туралы тапсырманы алған күннен бастап 5 жұмыс күнінен асырмайтын мерзімде жүргізіледі.

8. ТжАО басшысы сарапшыны (сарапшыларды) тағайындайды

9. Уәкілетті орган ТжАО объект бойынша сараптама жүргізу үшін сұрақтар тізбесін ұсынады.

10. Сараптама жүргізу барысында ТжАО:

1) дәлелді, объективті және толық сараптама қорытындысын дайындайды;

2) сараптама жүргізу үшін ұсынылған сараптама объектісі, материалдар мен ақпараттар туралы мәліметтерді жария етпейді, сондай-ақ оларға жария баға беруден тартынады.

11. Сараптама нәтижелері бойынша ұсыныстық сипаттағы сараптама қорытындысы дайындалады.

Сараптама қорытындысында:

1) сараптаманы жүргізген тұлға (тұлғалар);

2) сараптама объектісінің толық атауы;

3) сараптама объектісінің шығыс деректері көрсетіледі;

4) уәкілетті орган қойған сұрақтарға дәлелді, ғылыми негізді, объективті және толық жауаптар;

5) сараптама объектісінің Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға және таратылуға ұсынылатыны немесе ұсынылмайтыны көрсетілетін сарапшының тұжырымы көрсетіледі.



12. Сараптама қорытындысына сарапшы және ТжАО басшысы қол қояды.

13. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мерзімде ТжАО уәкілетті органға сараптама қорытындысын қоса тіркей отырып хат жолдайды.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет