Қазақстан республикасыныңҒ Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы



Дата26.02.2016
өлшемі101.77 Kb.
#27403
ҚРӘМ № 2547 29.10.03ж.тіркелді
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢҒ ҰЛТТЫҚ БАНКІ

БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

Алматы қаласы 2003 жылғы 24 қыркүйек № 346




Сақтандыру ұйымдарының – Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті жарналар мен шартты міндеттемелердің


ставкасын есептеу әдістемесі, міндетті, қосымша және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу туралы ережені бекіту туралы
өзгерістер мен толықтырулар:

1.ҚҚА № 75 15.03.2004ж.

2.ҚҚА № 394 27.11.2004ж.

3.ҚҚА № 159 28.05.2005ж.

4. ҚҚА № 180 25.06.2007ж.
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Сақтандыру ұйымдарының – Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті жарналар мен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, міндетті, қосымша және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу туралы ереже бекітілсін.


2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күннен кейін күшіне енеді.

3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):

1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ. Сәйденовке жүктелсiн.


Ұлттық Банк Төрағасы Г. Марченко






Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының


«Сақтандыру ұйымдарының – Сақтандыру


төлемдеріне кепілдік беру қоры

қатысушыларының міндетті жарналар

мен шартты міндеттемелердің

ставкасын есептеу әдістемесі, міндетті, қосымша және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу туралы ережені бекіту туралы» 2003 жылғы 24 қыркүйектегі № 346 қаулысымен бекітілген





Сақтандыру ұйымдарының – Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті жарналар мен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, міндетті, қосымша және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және

есебін жүргізу туралы

ереже

Осы Ереже «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалды және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен қатысу шартын жасаған сақтандыру ұйымдарының (бұдан әрі – сақтандыру ұйымдары – қатысушылар) міндетті жарналардың, шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесін, міндетті, қосымша және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу тәртібін айқындайды.

1-тарау. Міндетті жарналар мен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, оларды төлеу тәртібі мен мерзімдері

1. Міндетті жарналар ставкасын Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры (бұдан әрі – Қор) жыл сайын барлық сақтандыру ұйымдары – қатысушылар үшін міндетті сақтандырудың түрлері бойынша өткен қаржы жылындағы орташа айлық сақтандыру төлемдерінің ең жоғарғы мөлшері негізінде айқындайды.

2. Ағымдағы қаржы жылының міндетті жарна ставкасы Қорға міндетті қатысу көзделген Қазақстан Республикасының заң актілерінде міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша (бұдан әрі – міндетті сақтандырудың түрлері) мынадай формулада айқындалады.


Ставка (процентпен) = ((СТЖМ/12)*5/ ССЕЖМ)*100,

мұнда:


СТЖМ - барлық сақтандыру ұйымдарының – қатысушылардың ішіндегі міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша өткен қаржы жылына бір сақтандыру ұйымы – қатысушы есептеген сақтандыру төлемдерінің ең жоғарғы жиынтық мөлшері;

ССЕЖМ - міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша өткен қаржы жылы үшін барлық сақтандыру ұйымдары – қатысушылар есептеген сақтандыру сыйлық ақыларының жиынтық мөлшері.

3. Осы Ереженің 2-тармағына сәйкес айқындалатын міндетті жарна ставкасын Қор есептейді және міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша өткен қаржы жылына есептелген сақтандыру сыйлықақылырының жалпы сомасының 0,5 процентінен төмен және 2 процентінен жоғары болмайды.

4. Сақтандыру ұйымдары - қатысушылар қаржы жылы аяқталғаннан кейін 30 күнтізбелік күн ішінде Қорға жасалған сақтандыру шарттарының саны, міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша өткен қаржы жылы үшін сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерінің есептелген жалпы сомасы туралы ақпаратты береді.

5. Осы Ереженің 4-тармағында көзделген ақпаратты алғаннан кейін Қор 30 күнтізбелік күн ішінде міндетті жарна ставкасын есептеп, бекітеді және оны сақтандыру ұйымдары – қатысушылардың назарына жібереді.

Сақтандыру ұйымдарының – қатысушылардың жасалған сақтандыру шарттарының саны, сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерінің есептелген жалпы сомасы туралы жалған (толық емес) ақпарат беру фактілері анықталған жағдайда, Қор міндетті жарна ставкасына түзету жасайды. Мұндайда, міндетті жарна ставкасы азайған жағдайда, Қор сақтандыру ұйымдары – қатысушылар артық төлеген сомаларды ағымдағы қаржы жылы үшін олардың болашақ жарналарды төлеу есебіне есептейді. Міндетті жарна ставкасы ұлғайған жағдайда, сақтандыру ұйымдары – қатысушылар Қорға осы Ереженің 7-тармағында көзделген мерзімде толық есептелген сомаларды төлейді.

6. Міндетті жарна сомасын есептеуді сақтандыру ұйымы – қатысушы міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша есепті тоқсан ішінде есептелген сақтандыру сыйлықақыларының сомасына міндетті жарна ставкасын көбейту арқылы (сақтандыру шарттары мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда (қайта сақтандыру) сақтанушыларға (қайта сақтанушыларға) нақты қайтарылған (қайтаруға тиісті) сақтандыру сыйлыққақыларын және Қазақстан Республикасының резиденттері – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қайта сақтандыру шарттары бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларын шегергенде) есепті тоқсаннан кейінгі айдың бірінші күнгі жағдай бойынша тоқсан сайын дербес жүргізеді.

7. Міндетті жарналар төлеуді сақтандыру ұйымдары – қатысушылар әрбір тоқсанның нәтижесі бойынша Қордың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотына есептік тоқсаннан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей дербес жүргізеді.


1-1-тарау. Қосымша жарналар ставкасын есептеу әдістемесі, оларды төлеу тәртібі және мерзімдері
7-1. Қосымша жарналар ставкасы Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры жыл сайын өткен қаржы жылына барлық сақтандыру ұйымдары - қатысушылары бойынша көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандырудың түрі бойынша орташа айлық сақтандыру төлемдерінің барынша жоғары мөлшері негізінде белгілейді.

7-2. Ағымдағы қаржы жылына көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандырудың түрі бойынша қосымша жарнаның ставкасы мынадай формулада айқындалады:

Ставка (пайызбен) = ((САЖМ/12) *2,5/ССЕЖМ)*100,

мұнда:

САЖМ – барлық сақтандыру ұйымдарының – қатысушыларының ішіндегі көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандырудың түрі бойынша бір сақтандыру ұйымы – қатысушы өткен қаржы жылына есептеген сақтандыру төлемдерінің ең жоғарғы жиынтық мөлшері;

ССЕЖМ - көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру түрі бойынша өткен қаржы жылына барлық сақтандыру ұйымдары – қатысушылары бойынша сақтандыру төлемдерінің жиынтық мөлшері.

7-3. Осы Ереженің 7-2-тармағына сәйкес айқындалатын қосымша жарна ставкасын Қор есептейді және міндетті сақтандырудың көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру түрі бойынша өткен қаржы жылына есептелген сақтандыру сыйлықақыларының жалпы сомасының 1 пайызынан төмен және 3 пайызынан жоғары болмайды.

7-4. Сақтандыру ұйымдары – қатысушылар қаржы жылы аяқталғаннан кейін Қорға осы Ереженің 4-тармағына сәйкес ақпарат береді.

7-5. Осы Ереженің 4-тармағына сәйкес ақпарат алғаннан кейін Қор 30 күнтізбелік күн ішінде қосымша жарналардың ставкасын есептейді және оны сақтандыру ұйымдары – қатысушылардың назарына жазбаша түрде жібереді.

Сақтандыру ұйымдарының – қатысушылардың жасалған сақтандыру шарттарының саны, сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерінің есептелген жалпы сомасы туралы шынайы емес (толық емес) ақпарат беру фактілері анықталған жағдайда, Қор қосымша жарна ставкасына түзету жасайды. Қосымша жарна ставкасы азайған жағдайда, Қор сақтандыру ұйымдары - қатысушыларының артық төлеген сомалары ағымдағы қаржы жылы үшін олардың болашақ жарналарды төлеу есебіне тараптардың келісімі бойынша есептейді немесе артық төлеген сомаларды сақтандыру ұйымдарына қайтарады. Қосымша жарна ставкасы ұлғайған жағдайда, сақтандыру ұйымдары – қатысушылар Қорға осы Ереженің 7-тармағында көзделген толық есептелген сомаларды төлейді.

7-6. Қосымша жарна сомасын есептеуді сақтандыру ұйымы – қатысушы міндетті сақтандырудың көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру түрі бойынша есепті тоқсан ішінде есептелген сақтандыру сыйлықақыларының сомасына қосымша жарна ставкасын көбейту арқылы (сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары мерзімнен бұрын бұзылған жағдайда сақтанушыларға (қайта сақтанушыларға) нақты қайтарылған (қайтаруға тиісті) сақтандыру сыйлықақыларын және Қазақстан Республикасының резиденттері – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қайта сақтандыру шарттары бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларын шегергенде) есепті тоқсаннан кейінгі айдың бірінші күнгі жағдай бойынша тоқсан сайын дербес жүргізеді.

7-7. Қосымша жарна төлеуді сақтандыру ұйымдары – қатысушылар осы Ереженің 7-тармағына сәйкес іске асырады.
2-тарау. Шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, оларды қалыптастыру және есебін жүргізу тәртібі
8. Сақтандыру ұйымдары – Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қатысушылары өздерінің Қор алдындағы шартты міндеттемелерін қалыптастырады және есебін жүргізеді.

9. Шартты міндеттемелер ставкасын Қор жыл сайын өткен қаржы жылына барлық сақтандыру ұйымдары – Қордың қатысушылары жөніндегі міндетті сақтандырудың түрлері бойынша айлық сақтандыру сыйлықақыларының ең жоғарғы мөлшері негізінде белгілейді.

10. Ағымдағы қаржы жылына шартты міндеттемелердің ставкасы міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша мынадай формулада айқындалады:

Ставка (процентпен) = ((САЖМ/12)*6/ ССЕЖМ)*100,

мұнда:

САЖМ - барлық сақтандыру ұйымдарының – қатысушылардың ішіндегі міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша өткен қаржы жылы үшін бір сақтандыру ұйымы – қатысушы есептеген сақтандыру сыйлықақыларының ең жоғарғы жиынтық мөлшері;



ССЕЖМ- міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша өткен қаржы жылы үшін барлық сақтандыру ұйымдары – қатысушылар есептеген сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық мөлшері.

11. Осы Ереженің 10-тармағына сәйкес айқындалатын шартты міндеттемелер ставкасын Қор есептейді және міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша өткен қаржы жылы үшін есептелген сақтандыру сыйлықақыларының жалпы сомасының 1 процентінен төмен және 4 процентінен жоғары болмайды.

12. . Қор осы Ереженің 4-тармағында көзделген ақпаратты барлық сақтандыру ұйымдарынан - қатысушылардан алған сәттен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде шартты міндеттемелер ставкасын есептеп, бекітеді және оны сақтандыру ұйымдары – қатысушылардың назарына жібереді.

Сақтандыру ұйымдарының – қатысушылардың жасалған сақтандыру шарттарының саны, сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерінің есептелген жалпы сомасы туралы жалған (толық емес) ақпарат берген фактілер анықталған жағдайда, Қор шартты міндеттемелер ставкасына түзету жасайды.


13. Шартты міндеттемелердің мөлшерін сақтандыру ұйымы – қатысушы есепті тоқсан ішінде есептелген сақтандыру сыйлықақыларының сомасына шартты міндеттемелер ставкасын көбейту арқылы (сақтандыру шарттары мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда (қайта сақтандыру) сақтанушыларға (қайта сақтанушыларға) нақты қайтарылған (қайтаруға тиісті) сақтандыру сыйақыларын шегергенде??? және Қазақстан Республикасының резиденттері – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қайта сақтандыру шарттары бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларын шегергенде) есеп берілетін тоқсаннан кейінгі айдың бірінші күнгі жағдай бойынша тоқсан сайын дербес есептейді.

14. Шартты міндеттемелердің есептелген сомасы сақтандыру ұйымының – қатысушының қаржылық есебінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңдарының талаптарына сәйкес ескеріледі және тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың бірінші күнінің жағдайы бойынша көрсетіледі.

15. Сақтандыру ұйымының – қатысушының қалыптасқан шартты міндеттемелерінің сомасы ((сақтандыру шарттары мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда (қайта сақтандыру) сақтанушыларға (қайта сақтанушыларға) нақты қайтарылған (қайтаруға тиісті) сақтандыру сыйақыларын шегергенде??? және Қазақстан Республикасының резиденттері – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қайта сақтандыру шарттары бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларын шегергенде) өткен қаржы жылындағы міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша осы ұйымның есептеген сақтандыру сыйлықақыларының сомасынан асқан жағдайда, есептелмейді.

16-тармақ алынып тасталсын.


3-тарау. Төтенше жарналар төлеудің тәртібі мен мерзімдері
17. Сақтандыру ұйымы – қатысушы төтенше жарналарды Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жағдайларда және мөлшерде төлеуге міндетті.

18. Сақтандыру ұйымдары – қатысушылар Қордан төтенше жарналар төлеу туралы хабарлама алған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде Қорға төтенше жарналар төлейді. Төтенше жарналар төлеу туралы хабарламада сақтандыру ұйымы – қатысушы төлеуге тиіс төтенше жарна мөлшері жазылады.

19. Қор төтенше жарналарды кезеңдік төлемдер түрінде төлеу мүмкіндігін белгілуі мүмкін. Мұндай жағдайда сақтандырушы ұйым – қатысушы төтенше жарналарды Қор белгілеген мерзімде төлейді.

20. Сақтандыру ұйымы – қатысушы Қорға төтенше жарналар төлеген жағдайда, осы сақтандыру ұйымының – қатысушының шартты міндеттемелері өзі төлеген төтенше жарналар сомасына азайтылады.



21. Қатысу шарты тараптарының келісімі бойынша сақтандыру ұйымының – қатысушының шартты міндеттемелері еріксіз таратылатын сақтандыру ұйымының – қатысушының сақтанушымен міндетті сақтандыру шарты жасалған жағдайда, еріксіз таратылатын сақтандыру ұйымы – қатысушымен жасалған міндетті сақтандыру шартының өткен қолданылу кезеңі үшін сақтандыру сыйлықақыларының сомасына азайтылады. Мұндай жағдайда, Қор сақтандыру ұйымдарына – қатысушыларға қабылданған сақтандыру шарттары үшін өтемақы төлемейді.
4-тарау. Қорытынды ереже
22. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет