(ОСӨЖ)
1. Егер реакциялық 2NO + O2 →2NO2 ыдыстың көлемін 2 есе ұлғайтса реакцияның жылдамдығы қалай өзгереді:
A) 4 есе азаяды; B)8 есе азаяды; C)4 есе өседі; D) 8 есе өседі
2. Жүйеге катализатор қосқанда реакция жылдамдығының өсуі немен түсіндіріледі:
А) активтендіру энергиясының азаюымен;
В) молекулалардың орташа кинетикалық энергиясының өсуімен;
С) соқтығысу санының өсуімен;
D) активті молекула санының өсуімен.
3. 20 0 C температурада белгілі бір реакцияның жылдамдық константасы 10-4 мин -1 , ал 50 0 C температурада 8∙10-4 мин -1ге тең. Реакция жылдамдығының температуралық коэффициенті нешеге тең:
A) 2; B)3; C)4; D)5
4. Келтірілген реакция үшін:
S(к) + O2(г) = SO2(г)
Әрекеттесу массалар заңының көрінісі:
-
υ=k.C(S).C(O2) В) υ=k.C(O2) С) υ=k.C(S)
D) υ=k.C(S O2). Е) υ=k.C(S).C(O2) . C(S O2).
5. 2NH3(г) + HCl(г) →NH4 Cl(к) реакцияда аммиактың концентрациясын 2 есе арттырса реакция жылдамдығы қалай өзгереді?
A) өзгермейді B)2есе артады C)2есе кемиді
D)4 есе артады E) 4есе кемиді
6. Әрекеттескен заттардың концентрациясын 2 есе артырса реакция:
2N2O5=2N2O4 +O2 жылдамдығы қалай өзгреді?
-
10 есе артады; B) 4есе кемиді; C)өзгермейді;
D)2 есе артады ; E) 4есе артады.
7. Температуралық коэффициент γ=3 болса, реакция жылдамдығын 81 есе кеміту үшін температураны неше градусқа төмендету керек?
A)40; B) 30; C)20; D)10; E)9
8. Тепе-теңдікті: 2CO2(г) + O2(г) ↔2CO2(г) +Q бастапқы заттарға (солға) қарай ығыстыру үшін:
А) СО концентрациясын арттыру керек
В) температураны кеміту керек
С) қысымды арттыру керек
D) CO2 концентрациясын кеміту керек
Е) температураны арттыру керек
9. 2NH3(г) +5NO2(г) = 7NO(г) + 3H2O(г) реакциядағы аммиактың концентрациясын 4 есе артырса, реакция жылдамдығы неше есе өседі?
A) 2 B) 16 C) 32 D) 128 E) 512
10.Температураны 70 0C- ден 40 0C-қа дейін төмендетсе, реакция жылдамдығы қалай өзгереді ( γ=3)?
A) 3есе кемиді B) 9 есе артады C) 27 есе артады
D) 27есе кемиді E) 30есе артады
11. Тепе-теңдікті солға қарай ығыстыру үшін реакция жағдайын қалай өзгерту керек: H2(г) +Cl2(г) ↔2HCl(г)
А) жүйенің қысымын кеміту керек
В) жүйенің қысымын арттыру керек
С) хлордың концентрациясын арттыру керек
D) хлорсутектің концентрациясн арттыру керек
Е) сутектің концентрациясын арттыру керек
12. 4HCl(г) +O2(г) ↔2H2O(г) +2Cl2(г) , ΔH<0, жүйенің тепе-теңдігін оңға (хлор түзілу бағытқа) қарай ығыстыру үшін:
А) қысымды кемітеді
В) HCl концентрациясын кемітеді
С) Cl2 концентрациясын арттырады
D) температураны арттырады
Е) қысымды арттырады
13. Fe3O4(қ) + 4CO(г) ↔3Fe(қ) + 4CO2 (г) – Q реакция тепе-теңдігін солға қарай ығыстыру үшін:
А) қысымды арттыру керек
В) CO концентрациясын арттыру керек
С) температураны төмендету керек
D) қысымды кеміту керек
Е) температураны арттыру керек
14. Мына әсер етулердің қайсысы химиялық реакцияның тепе-теңдік константасының мәнінің өзгеруіне әкеледі:
А) қысымның өзгеруі;
В) температураның өзгеруі;
С) катализаторды ауыстыру;
D) әрекеттесуші заттардың концентрациясын өзгерту?
Студенттің өзбетімен орындауға арналған жаттығулар мен есептер (СӨЖ )
1.A және В заттарының арасындағы реакция А+2В→С теңдеуімен өрнектеледі. Бастапқы концентрациялар [A]0 = 0,03моль/л, [B]0=0,05моль/л құрайды. Реакция жылдамдығының константасы 0,4. А затының концентрациясы 0,01 моль/л ге азайғандағы біраз уақыт өткеннен кейінгі жылдамдығын және реакцияның бастапқы жылдамдығын табыңдар.
2. Егер a)жүйедегі қысымды 3 есе арттырса ;б) жүйенің көлемін 3 есе азайтса ; в) NO концентрациясын 3есе арттырса, 2NO(2) +O2(г) →2NO2(г) реакциясының жылдамдығы қалай өзгереді?
3. Егер температураны 30 0C-қа көтергенде, реакция жылдамдығы 15,6 есе өссе, реакция жылдамдығының температуралық коэффициенті нешеге тең?
4. Реакцияның жылу эффектісі оның активтендіру энергиясына тәуелді ме? Жауаптарыңды дәлелдеңдер.
5. Егер тура реакция жылу бөле жүрсе, онда қандай бағыттағы тура немесе кері реакцияға үшін активтендіру энергиясы үлкен болады?
6. Егер 280 K-ге қарағанда реакция жылдамдығы 300K-та 10 есе көп болса, реакцияның активтендіру энергиясының мәні неге тең?
7. O3 (г) +NO(г) →O2(г) + NO2(г) реакциясының активтендіру энергиясы 10 кДж/моль-ге тең. Температураны 27 oC- ден 37 0C-ге дейін көтергенде реакция жылдамдығы неше есе өзгереді?
8. Реакция жылдамдығының температуралық коэффициенті активтендіру энергиясының мәніне байланысты ма? Жауаптарыңды дәлелдеңдер.
9. 2SO2 + O2 =2SO3 теңдеу бойынша:
а)оттегінің концентрациясын 2 есе өсіргенде ;б) SO2 нің концентрациясын 3 есе өсіргенде жылдамдығы қалай өзгереді?
10. Реакцияның жылдамдығын 9 есе арттыру үшін берілген реакциядағы 2H2S+SO2=3S+2H2O күкіртсутек пен күкірт (IV) оксидінің концентрацияларын неше есе өсіру керек?
11. 2Fe(қ) + 3Cl2(г) = 2FeCl3(қ) реакцияның жылдамдығы қысымды 3 есе арттырғанда қалай өзгереді?
12. Газдар қоспасының температурасын 140 0C-ден 110 0C-ге дейін төмендетсе температуралық жылдамдық коэффициенті 3-ке тең реакцияның жылдамдығы қалай өзгереді?
13. Температура 45 0C-ге төмендегенде 25 есе баяулайтын реакция жылдамдығының температуралық жылдамдық коэффициентін табындар.
14. Жабық ыдыста тепе-теңдік орнаған:
CO2 (г) + H 2 →CO(г) + H2O(г) ; тепе-теңдік константасы бірге тең.
a) Егер берілген температурада 1 моль CO2 және 5моль H2 араластырса, CO2 нің қанша проценті CO-ға айналады;
б) егер тепе тендік орнағанда реакцияға сутектің бастапқы мөлшерінің 90% реакцияға түссе, CO2 мен H2 қандай көлемдік қатынаста араластырылған?
15. N2(г) + 3H2(г) →2NH3(г) ΔH 0 =-92,4кДж жүйесінде тепе-тендік кезінде қатысатын заттардың концентрациялары тең : [N2]=3 моль/л ; [H2]=9 моль/л ; [NH3]=4моль/л.
a) H2 және N2 бастапқы концентрацияларын;
б) температураның өсуімен тепе-тендік қалай қарай ығысатын;
в) реакциялық ыдыстың көлемін кішірейтсе тепе-тендік қай бағытқа ығысатынын анықтандар.
16.Белгілі бір температурада 2NO2→2NO+O2 жүйесіндегі тепе -тендік келесі концентрацияларда орнады : [NO2]=0,006моль/л ; [NO]=0,024моль/л ; [O2]=0,012 моль/л. Реакцияның тепе-тендік константасын және NO2-ның бастапқы концентрацияларын табыңдар.
17.A(г) + B(г) →C(г) +D(г) жүйесіндегі A және B газдарын араластырған соң мынадай концентрацияларда тепе –тендік орнайды: [B]=0,05 моль/л; [C]=0,02 моль/л. Реакцияның тепе –тендік константасы 4∙10-2 тең. A және B заттарының бастапқы концентрацияларын табыңдар.
18.Егер N2O4 бастапқы концентрациясы 0,08 моль/л, ал тепе –тендік орнаған сәтте 50% N2O4 диссоциацияланған болса, онда N2O4→2NO2 реакциясының тепе –тендік константасын табындар.
19.C (графит) +CO2(г) →2CO2(г) ; ΔH 0 =172,5 кДж жүйесі тепе тендік жағдайда болады:
а) қалыпты қысымда температура жоғарлағанда тепе тендік қоспада CO2 мөлшері қалай өзгеретінің;
б) температура өзгеріссіз болса, жалпы қысымды жоғарлатқанда, температураны жоғарлатқанда, жүйеге катализатор қосқанда тепе тендік константасы өзгере ме?
20. Қайтымды реакцияларының:
2CO(г) + O2(г) →2CO(г); ΔH 0 =-566 кДж
N2 (г) + O2 (г) → 2NO (г) ; ΔH 0 =160кДж
а) температура төмендегенде; б) қысым жоғарлағанда тепе тендік қай бағытқа ығысады?
21. Мына реакциялардың:
2H2(г) +O2(г) → 2H2O(г) ΔH 0 =- 483,6 кДж
CaCO3(қ)→ CaO(қ) + CO2(г) ΔH 0 =179 кДж
а) қысымның өсуі; б) температураның өсуі тепе тендігіне қалай әсер етеді?
22. Жабық ыдыста AB(г) →A(г) + B(г) реакциясы жүрді. Реакцияның тепе тендік константасы 0,04, ал В затының тепе тендік концентрациясы 0,02 моль/л құрайды. АВ затының бастапқы концентрациясын табындар. Қанша процент АВ зат ыдырады?
23. Егер қысымды екі есе өсіріп, сонымен қатар температураны 10 0C-қа көтерсе А2(г) + B2(г) →2АВ(г) реакциясының тепе тендігі қай бағытқа ығысады? Тура және кері реакцияның температуралық коэффициенті сәйкесінше 2 және 3-тең. Осы реакцияның ΔH 0 белгісі қандай?
24. Реакцияның активтендіру энергиясы EA=191кДж/моль. Температураны 330- ден 400 K дейін арттырса реакцияның жылдамдық константасы қалай өзгереді kT1/kT2 ?
25. Реакция температурасын 500-ден 1000 K дейін арттырса жылдамдық константасы kT2/kT1 100 есе артады. Осы реакцияның активтендіру энергиясын EA анықтаңыз.
26. Реакцияның активтендіру энергиясы EA=95,5 кДж/моль. Температураны 500-ден 1000 K дейін арттырса реакцияның жылдамдық константасы қалай өзгереді kT1/kT2 ?
27. 4NH3(г) + 5O2(г) =4NO(г) + 6H2O(г) реакциядағы: а) аммиактың концентрациясын 2 есе арттырып, ал оттектің концентрациясын 2 есе кемітсе; б) жүйенің қысымын 2 есе арттырса, реакция жылдамдығы қалай өзереді?
28. 4NO(г) + 6H2O(г) = 4NH3(г) +5O2 (г) реакция жылдамдығы қалай өзгереді, егер: а) жүйенің қысымын 2 есе арттырса; б) жүйенің көлемін 2 есе арттырса; в) NO концентрациясын 3 есе арттырса?
29. H2 + I2 = 2HI реакцияның белгілі температурада жылдамдық константасы k=0,16. [H2] бастапқы = 0,04моль/л , [HI] бастапқы = 0,05 моль/л. Реакцияның бастапқы жылдамдығын, және [H2]=0,03 моль/л болған кездегі жылдамдығын анықтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |