Модельдеу тілі жобаның сипаттамасын беру үшін қолданылатын нотация. Нотация – бұл модельдерде қолданылатын графиктік объектілердің жиынтығы. Модельдеу тілінің синтаксисі де нотациямен анықталады. Процесс – бұл жобаны құру кезінде жасалатын қадамдардың сипаттамалары.
UML (Unified Modeling Language) – бұл 1980-1990 ж. қолданылып келген, объектіге бағдарланған анализ бен жобалаудың орнына келген әдіс болып табылады. UML алу үшін бірнеше авторлардың әдістерін біріктіруге тура келді: Boosh – авторы Гради Буч; OMT (object modeling technique) – авторы Джеймс Рамбо; OOSE (object oriented SoftWare engineering) – авторы Ивар Якобсон.
UML тілінің негізгі мақсаттары мен мүмкіндіктері:
қолданушыға түсінікті болатын визуальды модельді құру;
практикалық тәжірибелердің ең жақсысын біріктіру және тарату; UML-дың пайда болу және даму тарихына сәйкес келесі нұсқалары белгілі (3.11- сурет. Википедия бойынша 2011 жылғы мәлімет):