Сурет 3 – Динамикалық жадтың бӛлінуі
Біз білеміз, NEW процедурасының параметрі тек қана типтендірілген кӛрсеткіш бола алады. Типтендірілмеген кӛрсеткіштермен жұмыс істеу үшін мына процедуралар қолданылады:
GETMEM (P, SIZE) – жадыны бӛлу; FREEMEM(P, SIZE) – жадыны босату. Мұнда Р – типтендірілмеген кӛрсеткіш;
SIZE – талап етілген не босатылатын үйме бӛлігінің байттық ӛлшемі.
GETMEM процедурасын бір шақыруда 65521 байтқа дейін динамикалық жадыны иелеуге болады.
GETMEM-FREEMEM процедураларын қолдану жалпы динамикалық жадымен жұмыс істеу сияқты, қарапайым ережені қатал сақтауды талап етеді: қанша кӛлемде жады иеленсе, сонша кӛлемде жадыны босату керек және қай адрестен бастап иеленген болса, сол адрестен бастап босатылады. Типтендірілмеген кӛрсеткіштердің ендірілуі(стандартты Паскальда жоқ болатын) типтерді айқын емес түрлендіруге кең мүмкіндіктер ашады. Ӛкінішке орай, NEW және DISPOSE процедураларын корректсіз қолдану типтерді күтілмеген түрлендіруге әкелуі мүмкін. Айталық, мынадай программа бар болсын:
var i,j : Integer;
r : Real; begin
new(i); {i := HeapOrg; HeapPtr:= HeapOrg + 2}
j := i; {j := HeapOrg}
j := 2;
dispose(i); {HeapPtr := HeapOrg} new(r); {r := HeapOrg; HeapPtr:= HeapOrg + 6} r := pi;
WriteLn(j) end.
Дисплей экранына не шығарылады? Бұл сұраққа жауап беру үшін HEAPPTR кӛрсеткішінің мәндерін бақылайық. Программа орындалу алдынан үйме басының адресі –HEAPORG-ке ие болған, бұл мән I кӛрсеткішіне ал, бұдан соң J кӛрсеткішіне беріледі. DISPOSE(I) орындалғаннан кейін үйме кӛрсеткіші қайтдан HEAPORG мәніне ие болды, осы адес NEW(R) процедурасындағы R кӛрсеткішіне беріледі. R адресі бойынша pi=3.14159 нақты саны орналастырылғаннан кейін, үйменің алғашқы 2 байтын осы санның ішкі кӛрінісінің бір бӛлігі иелейді. Бұл кезде J-де әлі де HEAPORG адресі сақталынған, содықтан WRITELN(J^) операторы pi санының 2 байтын бүтін санның ішкі кӛрінісі деп түсінеді( ӛйткені J – INTEGER типті кӛрсеткіш) және 8578 мәнін кӛрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |