«Қазақстан тарихы, жалпы білім беру пәндері және ақпараттық жүйелер» кафедрасы



бет47/64
Дата17.06.2022
өлшемі0.51 Mb.
#459285
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   64

3. Visual Basic


1991 жылы Microsoft корпорациясы компьютерлік әлемге Visual Basiс бағдарламалау жүйесін ұсынады.
Visual Basiс – оқиғалы-бейімделгіш бағдарламалауды ұстанатын (поддерживающий) алғашқы тілдердің бірі. Оқиғалы-бейімделгіш бағдарламалауда әрбір қадамды толықтай сипаттаудың орнына әр түрлі оқиғаларға, яғни пайдаланушының әрекеттеріне қалай жауап қайтару керек екенін (реагировать) кӛрсетсеңіз болғаны.
Бұл бағдарламалау жүйесі арқылы бір ауқымды бағдарлама емес, Windows-тың пайдаланушы басқаратын, ӛзара байланысты микропрограммалары (процедура) бар қосымшасы құрастырылады. Visual Basiс кӛмегімен осындай қосымшаларды жылдам құрастыруға болады, ол үшін міндетті түрде бұл тілді терең, профессионалды түрде меңгеру қажет емес.

4. Өңдеудің интеграцияланған ортасы


Visual Basiс-тің жұмыс ортасын ӛңдеудің интеграцияланған ортасы деп жиі атайды (Integration Development Eniroment немесе қысқаша IDE), себебі оның сан алуан функциялары бар: жобалау, редакциялау, компиляциялау және қателерді іздеп, түзету.
Сайып келгенде, IDE дегеніміз – бұл бағдарлама жасауға қатысатын құралдар үстелі мен жұмыс ортасы. Бағдарламалауды іске қосқан кезде ең қажет деген элементтер экранға шығады. Оларға қоса ондаған кӛмекші және жасырын терезелер бар, олар тек пайдаланушыға керек кезде ғана шақырылуы мүмкін.

Си++


Бұл бағдарламалау тілі 1980 жылы пайда болды. Оны құрастырған Бьяр Страуструп. Оның атауын ойлап тапқан Рик Масситти деген адам. Бұл Си атты бағдарламалау тілінің Си++ тіліне эволюциялық түрде кӛшуін білдіреді.
Си++ - бұл Си тілінің объектігі бағытталған кеңейтілген түрі.
Си++ үшін базалық тіл ретінде Си-дің таңдалды, себебі ол:

  • кӛпмақсатты, ықшамды және біршама тӛмен деңгейлі;

  • жүйелік бағдарламалаудың мақсаттарының кӛбісіне жауап береді; * UNIX бағдарламалау ортасында жарамды болып табылады.

Бағдарламалау тілдері тӛменгі деңгейден жылдар ӛте келе жоғарғы деңгейлі бағдарламалау тілдеріне дейін дамыған. Осы даму барысында не жаңадан тілдер ойланып табылып немесе бұрын болған тілдерді жетілдіру арқылы жаңа бағдарламалау тілдерін жасаған. Осы бағдарламалау тілдері арқылы біз машинамен, яғни компьютермен қарым-қатынас жасауға, аз да болса бір-бірімізде түсінуге септігін тигізеді. Егер бағдарламалау саласындағы жаңаша технологиялардың даму қарқынын қарайтын болсақ, онда келешекте аса жоғарғы деңгейлі бағдарламалау тілдері пайда болатыны күмән туғызбайды.
Бағдарламалау тідерімен бірге бағдарламалау жүйесі де дамып келеді. Жүйелік бағдарламалау, оқиғалы-бейімделуші бағдарламалау, объектіге бағытталған бағдарламалау – олар алуан түрлі. Болашақта бағдарламалаудың жаңа, одан әрі жетілдірілген түрлері пайда болады деуге әбден болады.
Қандай да нақты жазылған қолданушы программалары басқа тілге түрлендіретін программаларды транслятор деп атайды. Трансляторларды екі топқа бӛлуге болады. Егер кіруші тіл сандық машиналық тілдің символикалық репрезентациясы болса, онда оны ассемблер, ал кіруші тіл ассемблер тілі деп аталады. Егер кіруші тіл жоғары деңгейлі тіл болса, ал шығатын тіл не сандық машиналық тіл, не оның символикалық репрезентациясы, онда транслятор компилятор деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет