Класстар диаграммасы – жүйедегі класстардың статикалық құрылымын модельдеу үшін және класстар арасындағы байланысты кӛрсету үшін жасалады.
Класстар диаграммасы объектіге бағдарланған ұстанымдағы негізгі диаграмма болып табылады. Класстар диаграммасының қызметі: жүйедегі объектілердің типін анықтау және олардың арасындағы байланысты кӛрсету болып келеді. Байланыстың статикалық екі түрі қолданылады: ассосация және подтиптер (тума типтер).
Бұлардан басқа класстар диаграммасының элементтеріне атрибуттар, операциялар және объектілер арасындағы шектеулер жатады. Класстар диаграммасын жобалаудан бұрын, ол диаграмманың қандай мақсатта қолданылатынын анықтап алу керек.
Класстар диаграммасын жобалаушы үш түрлі мақсатта қолдануы мүмкін:
концептуалдық аспект – мұнда класстар даграммасы зерттелетін пәндік облыстағы негізі ұғымдарды анықтайды. Бұл ұғымдар болашақта құрылатын класстарға сәйкес болу керек, бірақ іс жүзінде ол барлық уақытта бірдей орындалмайды. Сондықтан концептуалдық модель болашақ ақпараттық жүйемен әлсіз байланыста болады және ол программалау тіліне тәуелсіз болады;
спецификациялық аспект – мұнда құрылатын диаграмма ақпараттық жүйенің (программалық жабдықтың) интерфейсі деңгейінде жасалады. Класстың ӛзінің ішкі құрылымы қарасытырылмайды;
жүзеге асыру аспектісі (реализация) – мұнда класстар диаграммасы ақпараттық жүйеге (программалық жабдыққа) қатысатын класстарды ішкі құрылымдарымен қоса анықтайды. Бұл аспекті программистер үшін негізгі диаграмма болып табылады.
Бақылау сұрақтары UML тілі және объектіге бағытталған талдау?
Диаграммалардың әртүрлілігі?
Кластардың диаграммалары?
Объектілік ұстанымға негізделген программалық жабдықтардың ерекшеліктері және оларға қойылатын талаптар?
Модельдеу тілі?
UML –де қолданылатын негізгі диаграммалар? 7. Класстар диаграммасы?