Бақылау сұрақтары
Адам болмысының категорияларына нені жатқызады?
Адам өмірінің мәні мен мағынасының айырмашылығы барма?.
Философия тарихындағы адам өмірінің мәні мәселесін қарастырған қандай мектептер мен ойшылдарды білесіз?
Фатализм, гедонизм, волюнтаризм, функционализм ұғымдарының мәні?.
Эвтаназияны қолдайсыз ба?
Қазақ философиясындағы өмірдің мәні туралы толғаныстарға кімдердің көзқарастарын атауға болады?
Баласағұнның «Құтты білік» еңбегінде неше неше кейіпкер бар?
Қорқыт дүниетанымындағы мәңгілік өмір мәселесін қалай түсінесіз? Қорқыт неліктен өлімнен қашқан? Қорқыт туралы аңыздар мен Қорқыт айтыпты деген қандай қанатты сөздерді білесіз?
Әл-Фараби бойынша өмірдің мәні неде? Ойшыл адамның ең ұлы мақсаты не дейді?
9-тақырып: Этика. Құндылықтар философиясы
Дәрістің мақсаты – философиядағы этика және мораль, адемгершілік пен ізгілік мәнін, құндылықтар мәселесін пайымдау.
Дәріс сұрақтары:
Аксиология және адамгершілік. Аксиология теориясы – ұғымы, тарихы, практикалық маңыздылығы.
Негізгі этикалық категориялар (парыз, игілік, мән және қажеттілік, ар-ұят, еркіндік). Адамгершіліктің алтын қағидасы (Конфуций) және бұлжымас императиві (И.Кант).
Адамгершіліктің бастауларын түсінудің негізгі тәсілдері. Медицина этикасы. Қазақ халқының озық ұлттық этикалық құндылықтарын сақтап, дамыту – қоғамдық сана жаңғыруының алғышарты және негізі.
Кілт сөздер: этос, этика, мораль, адамгершілік, ізгілік, зұлымдық. Рухани және материалдық құндылықтар. Отбасы, Отан, туған жер. Ұлттық құндылықтар. Аксиологияның философиялық мәселелері. Конфуций, Cократ, Аристотель, Цицерон, Гиппократ, Августин, Кант, Бердяев, Абай, Шәкәрім.
Батыстық философияны адам мәселесіне, сондай-ақ этика мен құндылықтар мәселесіне алғаш бұрған көне грек ойшылы Сократ болатын. Сократты бірінші кезекте этика, эстетика мәселелері терең толғандырды. Ол үшін дүниедегі ең бірінші және маңызды нәрсе, ол – рух, адамның санасы, одан кейін табиғат. Сондықтан Сократ дүниедегі барша қамқарекет адам игілігі үшін жасалуы тиіс деп білді. Ол өз заманындағы жаратылыстану ғылымдарындағы жетістіктерді ескере отырып, әлем, табиғат, қоғам, ондағы адамның орны, тұтастай дүние құрылымы, ондағы себептілік байланыс жайын жақсы түсінді, және де ол ойларын қарапайым да, ұғынықты тілде жеткізе білді. Оған мысалға Сократтың адамның әрбір ағзасының белгілі бір қызметтер атқару үшін жаралғаны туралы айтқан ойларын алсақ болады. Яғни оның ойынша, «көз – көру үшін, құлақ – есту үшін, мұрын – иіс сезу үшін жаратылған. Құдай адамдардың өмір сүруіне барлық қолайлы жағадайларды жасаған». Мының мысалына Құдайдың адамдарға ұйықтап, тынуғуы үшін – түнді жатаратқанын, жерден оның тіршілік етуі, өмір сүруіне қажетті барлық заттардың өсіп-өнуін қамтамасыз етіп, күнді де белгілі бір қашықтықта орналастырып адамды күйдіріп жібермеуін ойластырғанын айтады. Сократтың осы және басқа да ойлары кейінгі Платон, Аристотель, әл-Фараби сияқты ұлы философиялық жүйе құрушы ойшылдардың әлем құрылымы мен адам ағзасы, олардың бағыныстылық сипаттағы жаратылуы мен атқаратын қызметтеріндегі ұқсастығы жайындағы, дүние болмысының рухани және материалдық негізінің бірлігі, тұтастығы туралы философиялық, этикалық, жаратылыстанулық және саяси ілімдерінде өз жалғасын тапты. Мұнда бір қарағанда ешқандай асып бара жатқан философия да, даналық та жоқ сияқты. Бірақ бұл жерде Сократтың «Өзімнің ештеңе білмейтінімді ғана білемін» дегеніндей, адам үшін ең маңыздысы, оның дүниедегі ең күрделі, шешімі ең қиын деген мәселелерді пайымдаудан бұрын, бірінші дәл осындай қарапайым деген нәрселердің жайын ұғынып, әр нәрсенің әлемдегі орнын ажыратуды үйренгені дұрыс деген ой жатқанын бағамдауға болады.
Аксиология құндылықтар философиясы. Құндылықтар иерархиясы. Этика термині гректің этос сөзінен шыққан. Алғашқыда бірге тұратын жер мағынасын білдірген. Үй, баспана, апан, ұя мағынасында. Адамгершілік қасиеттерге қанағат, батылдық, жомарттық жатады.
Цицерон этика сөзін грекшеден мораль деп аударады. Яғни бастапқы мағынасында «бірге тұратын жер», «орын», «мекен», «ұя» дегенді білдіретін гректің «этос» сөзі адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеумен байланысты алынып, кейін этика, мораль деген ұғымдардың қалыптасуына әкелген.
Зерттеушілердің пікірінше, ойша елестете білу ақыл-ойдың дамып, сезімдік нысандарды бұрынғыдан да нақтырақ бақылауға мүмкіндік берді. Ерте кездерде адамзаттың миы өміріне қауіп төнген кезде қорғану үшін барынша сақ һәм сезімтал болып келсе, азаматтық қоғамда өмір сүру адамның миын одан әрі дамытып, жаңа қатынас пен эмоциялық дағдылары арқылы әлеуметтік өмірге бейімдеп, сақтық қасиеті сезімталдық қасиетімен тығыз байланыста дамыды. Қауіп азайып, әлеуметтік байланыс дамыған сайын адамның саналы қабылдау қабілеті дами түсіп, ендігі жерде ол дүниеге қандай да бір нысан ретінде қарау қабілетіне ие болды. Яғни осы уақытқа дейін адамның миы өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында сергектікті қамтамасыз етіп, қатер төндіретін белгілерге әсер ету сезіміне назар аударып отырды. Жаңадан пайда болған азаматтық қоғамда өмір тәжірибелері адам миының одан әрі жетілуіне, айналасындағы әрекеттесуші әлеммен байланыстыруды қажет ететін жаңа қарым-қатынастық һәм сезімдік дағдыларды дамыту арқылы әлеуметтік өмірге бейімделуіне мүмкіндік берді. Қауіп-қатердің төмендеуі мен қоғамның ілгерілеуі сананың өсуіне, ақыл-ой әлеуетінің дамуына алып келді, әлемді нысан ретінде толығырақ ұғынуға және зерттеуге мүмкіндік берді. Азаматтық өмірдің қалыптасуы мен ғылымның дамуы бір мезгілде жүзеге асып отырды.
Аксиология және адамгершілік. Этикалық ілімдердің тарихи типтері. Құндылықтар теориясының негіздері. Құндылық ұғымы. Бар болып отырған және болуы тиіс. Адамгершілік ережелері және құқық ережелері. Негізгі этикалық категориялар ( парыз, игілік, мән және қажеттілік, ар-ұят, еркіндік).
Адамгершіліктің алтын қағидасы (Конфуций) және бұлжымас императиві (И.Кант). Адамгершіліктің бастауларын түсінудің негізгі тәсілдері. Утилитаризм және деонтологиялық теориялар (парыз теориялары). Пайдалылық пен принциптер. Құндылықтық сана табиғаты. Фәлсафа дәстүріндегі этикалық өлшем. Жүсіп Баласағұн философиясындағы ақиқат мәселесі. «Құт», «қанағат», «тәубе», «әділет», «сабыр» категориялары. Ұрпақтық дискурсдағы этикалық құндылықтары. Қазақ халқының озық ұлттық этикалық құндылықтарын сақтап, дамыту – қоғамдық сана жаңғыруының алғышарты және негізі. Саяси этика. Зорлық. Толеранттық. Адам құқығы. Кәсіби этика. Бизнестегі этика. Құндылық — объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-социологиялық ұғым.
Философия тарихында құндылық көрінісінің заңдылықтары туралы жалпы түсінік 19 ғасырдың ортасында пайда болды. Құндылық ұғымына тұңғыш филосиялық анықтаманы Р.Лотце мен Г.Коген берді. Ежелгі филосиялық көзқарастарда құндылықтың әр түрлі көріністеріне жататын және табиғи, қоғамдық құбылыстарды, адамның іс-әрекетін бағалауда пайдаланылатын сұлулық, қайырымдылық, мейірімділік секілді этикалық және эстетикалық ұғымдар қолданылды. Құндылық объектінің адам үшін қаншалықты маңызды екендігін айқындайды. Ол пәндік және субъективтік деген екі бөліктен тұрады. Пәндік және субъективтік құндылық - адамның дүниеге қатынасының екі жағы, біріншісі - оның объектісі, екіншісі - субъектісі. Сондықтан пәндік құндылық баға берудің объектісі, ал субъективтік құндылық олардың өлшемі мен әдісі болып табылады. Пәндік құндылыққа заттардың табиғи қажеттілігі, өнімнің өзіндік құны, әлеуметтік игілік, ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұралар, ғылыми ақиқаттың теориясы маңызы мен тәжірибелік пайдасы, адамдардың іс-әрекетіндегі жамандық пен жақсылықтың іске асуы, табиғи және қоғамдық объектілердің эстетикалық қасиеттері жатады. Санадағы құндылық ұғымына қоғамдағы ойлау мен бағалау, мақсат және оған жетудің жолдары, қоғамда кездесетін түрлі нормалар жатады. құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне, т.б. баға беру қатынасынан тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар, нормалар мен мән-мағыналар қызметін өзіне бағындырады және реттейді. Құндылықтар адам мүддесінің объектісі бола тұра, әлеуметтік, заттық ортадағы күнделікті тіршілікте бағыт беру рөлін атқарады. Адам өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Оның шынайы өмірге құндылықтық қатынасы тек сана негізінде болуы мүмкін. Құндылықтық сана заттың біз үшін қаншалықты бағалы, оның құндылығы неде екенін зерттейді.
Әдебиет
Нұрышева Г.Ж. «Философия» – Алматы: Інжу-маржан, 2013.
Петрова В.Ф., Хасанов М.Ш. «Философия». – Алматы: Эверо, 2014.
Мырзалы С. Философия: оқу құралы. – Аcтана: Бастау, 2014/16. – 646 б.
Бертран Р. История западной философии. – М.: Издатель Litres, 2018. – 1195 с.
Джонстон Д. Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін. – Алматы: «Ұлттык аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. – 216 б.
Хесс Р. Философияның таңдаулы 25 кітабы. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. – 360 б.
Канке В.А. Философия: Учебное пособие для студентов высших и средних специальных учебных заведений. – М.: Логос, 2001. – 272 с.
Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы, 3-том, Қазіргі заман философиясының бастауы. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. – 394 б.
Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы, 4-том, Қазіргі заман философиясы / Ғылыми ред. Нұрышева Г.Ж. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 420 б.
Гулыга А. Кант. (1977) www.Lib.ru/MEMUARY/ZHZL/kant.txt
Антология мировой философии библиотека философии www.gumer.info/bogoslov_Buks/Philos/antol/01.php
Достарыңызбен бөлісу: |