Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы


Қазіргі заманның жаһандык мәселелерін философиялық пайымдау



бет2/3
Дата04.10.2023
өлшемі114.71 Kb.
#479854
1   2   3
Қазіргі жахандану мәселелері

Қазіргі заманның жаһандык мәселелерін философиялық пайымдау. Жаһандық энергетика мәселесі – адамзатты қазіргі кезде және жақын болашақта энергия мен отынмен қамтамасыз ету мәселесі. Бұл проблеманың шығуының негізгі себебі ХХ ғасырда минералды отынды пайдалануының күрт өсуі. Дамыған елдер энергияның жұмсалуына сұранысты кеміту арқылы шешсе, қалған елдерде салыстырмалы түрде энергия жұмсалуы өсуде. Сонымен қатар, әлемдік нарықта энергоресурстарға дамыған елдер мен жаңа ірі индустриалды елдер (Қытай, Индия, Бразилия) арасында бәсеке өсіп келе жатыр. Осы жайттар және кейбір аймақтардағы әскери-саяси тұрақсыздықтар энергоресурстардың әлемдік бағасы деңгейіндегі ауытқуларына алып келеді. Олар ауытқуларға алып келіп қана қоймай, сонымен қатар кейбір кездерде дағдарыстық жағдайларды туғызып, ұсыныс пен сұраныстың динамикасына, энергетикалық тауарлардың өндірісі мен тұтынуына айтарлықтай әсер етеді.
Әлемдік экономиканың экологиялық потенциалы адамзаттың шаруашылық қызметі себебінен жиі бұзылып отыруда. Бұған жауап болған экологиялық тұрақты даму концепциясы болды. Оның мәні болашақ заман қызығушылықтарын бұзбайтын қазіргі кездегі қажеттіліктерді ескере отырып әлемнің барлық елдерінің дамуы.
Қоршаған ортаны қорғау дамудың маңызды бөлігі болып табылады. ХХ ғасырдың 70-жылдары экономистер қоршаған орта проблемалары экономикалық даму үшін өте маңызды екенін түсінген. Қоршаған ортаның деградация процестері өздігінен даму сипатына ие. Бұл ресурстардың толықтай жойылып кетуіне алып келуі мүмкін.
«Жаһандану» деген терминді қазіргі таңда естімеген адам жоқ шығар. Бұл сөзді балабақшадағы балаға дейін біледі деген ойдамын. Бірақ «Жаһандану деген не?» деген сұраққа адамдардың көбісі нақты жауап бермейді. Елдің көп бөлігі бұл сөздің мағынасын түсінгенімен аталған сұраққа нақты жауап бере алмайды. Сонымен, ең алдымен біз жаһанданудың не екенін біліп алу керекпіз.
Әлемдік мұхиттар мәселесі – мұхит кеңістігі мен оның ресурстарын сақтап қалу мен тиімді пайдалану мәселесі. Қазіргі кезде әлемдік мұхит тұйық экологиялық жүйе ретінде бірнеше есе өскен антропогенді күштерге әрең шыдап отыр. Оның өзі мұхит өліміне әкелетін үлкен қауіп болып табылады. Қазір аса үлкен қиындықты мұхиттың мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластануы тудырып отыр. Мұхиттың көп бөлігінің мұнаймен ластануы теңіз көлігі мен қалалық аумақтардан мұнайдың ағызылуынан болады. Ағзаға түскен кезде теңіз мекендеушілеріне улы әсерін тигізетін мұнайдың еритін құраушылары өте қауіпті. Бұл - мұнайдың құрамында бар күкірт, азот, ауыр металдар қосындылары. Мұнайдың төгілуінің ауыр зардаптары - мұнай қабыршағының пайда болуы: яғни газ алмасу бұзылады, суға жарықтың түсуі нашарлайды, фотосинтездің тоқтауы нәтижесінде фитопланктон құриды. Фитопланктонның және одан кейін зоопланктонның құруы мұнай төгілген жерде мұхиттың азық тізбегінің толық құруына алып келеді, онда балық жоғалады. Мұнайдың ауыр құрамдас бөлшектері (мазут) түбіне шөгеді, бұл бентостың құруына алып келеді. Осыдан кейін мұхитасты қоғамдастықтарының қалпына келуі ондаған жылдарға созылуы мүмкін.
Демографиялық мәселе екі түрлі көрініс табады: дамушы елдердегі демографиялық күрт өсу және дамыған және өтпелі кезеңдердегі елдердің демографиялық қартаюы. Біріншісінің шешімі – экономикалық даму қарқынының дамуын жоғарылатып, халық санының өсу қарқынын төмендету болса, екіншісінің шешімі - эмиграция мен зейнетақы жүйесін реформалау болып тұр.
Экономикалық өсу мен халық санының өсу ұзақ уақыттан бері экономисттердің зерттеу пәні болып келеді. Бірақ осыған қарамастан, көптеген мамандар негізгі проблема – халық санының өсуі емес, келесі 2 мәселені айтады:
-нашар дамушылық, яғни дамуда артта қалу;
-әлемдік қорлардың таусылуы мен қоршаған ортаның бұзылуы.
Жаһандық мәселелер дегеніміз шешімі өркениеттің ары қарай өмір сүруіне әсер ететін мәселелердің жиынтығы болып табылады. Олар қазіргі заман адамының өмірінің дамуының әркелкілігі мен адамдардың әлеуметтік – экономикалық, саяси – идеологиялық арақатынасында пайда болатын қарама – қайшылықтардың себебінен туындайды. Бұл мәселелер жалпы адамзаттың өміріне әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет