«Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының атынан Ұсыныс хат


Әбубәкіров Сағынғали Сандыбайұлын Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің «Құрметті профессоры» атағына ұсынамыз



бет2/2
Дата03.01.2022
өлшемі36.5 Kb.
#450370
1   2
Усыныс хат

Әбубәкіров Сағынғали Сандыбайұлын Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің «Құрметті профессоры» атағына ұсынамыз

Әбубәкіров Сағынғали Сандыбайұлы 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген. 1966 жылы Түркістан қаласындағы Н.Төреқұлов атындағы орта мектепті бітірген соң, еңбек жолын Сауран ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте бастады.

1968 жылы Шымкент педагогика институтының тарих факультетіне оқуға түсіп, оны 1973 жылы тарихшы мамандығы бойынша үздік дипломмен бітіріп шықты. Студент кезінде Бүкілодақтық В.И.Ленин атындағы арнайы стипендияның иегері болды.

1974 жылы Кеңес Армиясының қатарында әскери борышын өтеді. 1974-1977 жылдары Шымкент облыстық партия комитетінің құжаттар бөлімінде жауапты қызметкер, 1978-1980 жылдары Шымкент педагогика институты тарих факультетінің оқытушысы қызметін атқарды. 1980-1983 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы Ш.Уәлиханов атындағы тарих институтының аспирантурасында оқыды. 1984-1988 жылдары Шымкент педагогикалық инстиуты КСРО тарихы кафедрасының аға оқытушысы, 1988-1991 жылдары Шымкент педагогикалық институты партия комитетінің хатшысы, 1991-1993 жылдары Шымкент педагогикалық институтының тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры қызметтерін атқарды. 1994-1996 жылдары аға ғылыми қызметкер ретінде ғылыми тағылымдамадан өтті. 1996-1998 жылдары ХҚТУ Шымкент бөлімі Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, 1998-2003 жылдары ХҚТУ Шымкент бөлімшесі тарих факультетінің деканы, 2003-2004 жылдары Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2004-2008 жылдары Қ.А.Ясауи ХҚТУ Шымкент институты директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары - проректор болып қызмет атқарды. 2008-2011 жылдары Академиялық – инновациялық университеттің ғылым және тәрбие жұмысының проректоры болды. 2011–2013 жылдары Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық институты тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры және ректордың кеңесшісі қызметтерін атқарды.

Сағынғали Әбубакіровтің 3 ғылыми монографиясы, 7 оқу құралы, 6 оқу-әдістемелік нұсқауы мен 100-ден астам ғылыми мақалалары жарық көрген. Оқырман қауымға және студент жастарға «Қазақстан инженерлік-техниқалық интеллигенциясы», «Алтын діңгек», «Қожа Ахмет Иассауи және оның сәулет кешені», «Мемлекет қайраткерлері», «Студенттік топ – қоғамның ірі интеллектуалдық тобы» және тағы басқа кітаптары мен оқу құралдары кеңінен таныс.

С.С.Әбубәкіров «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» (1998 ж.) төсбелгісімен, бірнеше рет Оңтүстік Қазақстан облыстық Кеңесінің, Оңтүстік Қазақстан облысының, Оңтүстік Қазақстан облысы маслихатының, Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің және Шымкент қаласы әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. 2005 жылы білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» медалі берілді. 2005 жылдың қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің шешімімен «Ең үздік тәлімгер» номинациясын және Шымкент қаласы мәслихатының шешімімен «Шымкент қаласын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін» деген медалін иеленді. 2006 жылы «ҚР мәдениет қайраткері» төс белгісімен марапатталды. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің жанындағы ономастикалық комиссияның мүшесі. 2011 және 2015 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Сол жылы Астана қаласында өткен ҚР Президенті Н. Назарбаевтің қайта сайлануына арналған салтанатты жиынға (инаугурация) ОҚО делегациясының құрамында қатысты. С. Әбубәкіров - Түркістан қаласының Құрметті азаматы.

2011 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының қайтадан ашылуына байланысты ұйымдастыру жұмыстарының басшылық етті. Институт ұжымының атынан жоғары жаққа жазылған ашық хаттың мәтінін өз қолымен жазып, белгілі ардагерлерге және Қазақстанға танымал екі жүзге жуық Астана, Алматы қалаларындағы түлға-түлектердің қолдарын жинап, ОҚО әкімдігіне, ҚР білім және ғылым министрлігіне, ҚР Премьер-министріне, ҚР Түнғыш Президенті – Елбасы Нұрсултан Назарбаевтың кеңселеріне өз қолымен тапсырды.

2012 жылы ақпан айында ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен 2013-2020 жылдарға арналған республикалық жастар тәрбиесінің кешенді бағдарламасын дайындайтын жұмыс тобының құрамында болды.

Ол Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2012 жылғы 24 қазандағы №1-267 - Өкімімен «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен наградталды. 2015 жылы ҚР білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» медалі берілді. 2016 жылдың қорытындысы бойынша Елбасының ҚР халқына арнаған Жолдауын кеңінен насихатағаны үшін ОҚО «Үздік насихатшы» номинациясы бойынша Бас жүлдемен марапаталды. 2017 жылы ҚР білім және ғылым министрінің бұйрығымен «Ыбырай Алтынсарин атындағы төс белгісімен», Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының Тәуелссіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен наградталды, 2018 жылы 28 қарашада «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісімен, сол жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Астана қаласының 20-жылдығына арналған мерекелік төс белгімен марапатталды.



Сағынғали Әбубәкіров бүгінгі таңда қала және облыстың қоғамдық жұмыстарына белсене араласады. Түркістан облысының және Шымкент қаласының әкімінің жанындағы ономастиқалық комиссиясының, Шымкент қаласының ардагерлер пленумының, ОҚМПУ кәсіподақ комитетінің мүшесі.

Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент, Г.М.Сыздықова

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет