«Қазақстан тарихы» курсы бойынша алыстан оқытылатын (дот) студенттерге арналған тапсырмалар топтамалары



бет2/3
Дата15.01.2023
өлшемі24.67 Kb.
#468403
1   2   3
тарих 6

2-тапсырма
Үйсіндердің саяси және экономикалық тарихының ерекшеліктерін негіздеп беріңіз.



Үйсін мемлекетінің аумағы

Үйсін мемлекеті қашан, қай жерде өмір сүрген?

Үйсін мемлекетінің саяси тарихы, шаруашылығы

Үйсіндердің ескерткіштері

1

Жетісу аймағында орналасты. Шекарасы батысында Шу, Талас өзендеріне, шығысында Тянь Шанның шығыс атырауларына, солтүстігінде Балқаш көлінен Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауына дейін созылған.




Үйсін бірлестігінің халқы жартылай көшпелі ел болған. Мал бағып, жер өңдеуді кәсіп еткен. Археологиялық қазбалардан табылған материалдарға қарағанда, сол кездің өзінде-ақ жер өңдейтін тас тырма, тастан қашап жасалған қол диірменнің табылуы — сол замандағы тұрғындардың егіншілікпен айналысып, оның өнімдерін өндей білгендігінің бір дәлелі.

Жетісу жерінде үйсіндердің обалары, қорымдары мекенжайлары зерттелді. Обалардың көбісі диаметрі 6-20 және биіктігі 0,5-1,5 м. Топырақ, тас қиыршық немесе топырақ-тас аралас үйінділер болып келеді.



2

Үйсін бірлестігі жайындағы алғашқы мәліметтер б.з.б. 1 ғасырдағы қытай жылнамаларында кездеседі (Үйсін). 630 мың халқы болған. 189 мың адамдай жасақ құрған. Бірлестіктің бекіністі астанасы — Шығу қ.




 Іле, Шу, Талас алабынан суландыру жүйесінің іздері табылды. Ежелгі үйсіндер б.з.б. 1 ғасырда, әсіресе б.з. 3-5 ғасырда егіншілікпен, бау-бақша, жеміс-жидек өсірумен шұғылданып, отырықшылыққа үйрене бастаған. Олар көшпелілер болғанымен, үй маңында егін де салған. Оған дән дақылдары салынған ыдыс-аяқтар, дәнүккіштер тас кетпендер табылуы дәлел. Байлар киімдерін жібек пен биязы жүн матадан, кедейлер жай қалың жүннен, былғары, қой терісінен тіктірген.Шу, Іле бойындағы елді мекендердің орнынан күйдірілмеген кірпіштен қаланың, таға тәрізді жасалған жер ошақтар, тік бұрышты тұрғын үйлер табылды.

Қорымдары б.з.д.3-2 ғғ. жататындары ерте кезеңі.-Қапшағай 3, Өтеген 3, Қызыл еспе. Оларға ортақ сипат қорымдар теріскейден түстікке қарай, әрқайсысында 5-6-дан обасы бар тізбек болып, созылып жататындай жоспарланған.



3

Батыс пен Шығыс елдері аралығындағы "Ұлы Жібек жолы" торабына орналасқан. Мұның өзі бірлестіктің көрші елдермен (қытаймен, ғұн, қаңлы, алан, ұйғыр, қырғыз тайпаларымен) саяси, экономикалық және мәдени байланысты дамытуына мүмкіндік жасады. Астанасы Чигучен (Қызыл алқап) Ыстықкөлдің жағасына орналасты.




Үйсіндердің шаруашылығы аралас болған, яғни мал шаруашылығымен де, егіншілікпен де айналысқан. Дегенмен үйсіндердің негізгі шаруашылығы - жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Жетісудың жайлы табиғаты оларға көп мал ұстауға мүмкіндік берді. Үйсіндер қой, жылқы, сиыр, қос өркешті түйе, ешкі ұстаған. Көп өсіргені жылқы мен қой болды. Жылқының неше түрлі тұқымын өсірген. Оның ішінде асыл тұқымды арғымақтар да болған. Мысалы, Жетісудағы Теңлік қорымынан табылған алтын қапсырмада құйрық-жалы өрілген, омырауы шығыңқы, тұрқы ұзын нағыз сəйгүлік мінген салт атты бейнелеген.

Орта кезеңге жататындар б.з.б. 1 ғ-б.з. 1 ғ. деп есептеледі. Бұған Өтеген 1,2, Тайғақ 1, Қарлақ 1, Алтын Емел қорымдары. Олар жүйесіз түрде, үш обадан тізбектеліп орналасқан.



4







Үйсіндер суармалы егіншілікпен де, тəлімді егіншілікпен де айналысқан. Дəнді дақылдардан арпа, тары өсірген. Олардың егіншілікпен айналысқандығын қазба жұмысы кезінде тас кетпендер, орақтар мен дəнүккіштер табылуы дəлелдей түседі. Үйсіндер егіс алқабын өзен бойларына салған. Егісті суаруға арық суларын да қолданған. Ертедегі деректердің мəлімдеуінше, үйсіндер "ағаш егіп", "қалалар мен елді мекендер салған". Суармалы егістіктер, суландыру жүйесі, бау-бақшалар үйсіндердің астанасы Чигу қаласының айналасында орналасты.

Соңғы кезеңі 2-3 ғғ. деп саналатын кейінгі кезеңге Қапшағай 2, Шолақ Жиде 1, 2, Гүр қора 2, Қалқан 4 қорымдары жатады. Бұлардағы обалар жүйесіз, ретсіз жасалған, қабырлар жерден қазылған, үстері ағашпен бастырылмаған.
Үйсіндердің алғашқы қонысы Шу алқабынан, Луговое аулынан табылды. Қабырғалары қам кірпіштен жасалған, едендері балшықпен сыланған, ортасында жер ошақ болған.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет