«Қазақстан тарихы» ПӘні бойынша маңызды оқИҒалардың хронологиялық кестесі



Дата03.03.2023
өлшемі21.61 Kb.
#470299

«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» ПӘНІ БОЙЫНША МАҢЫЗДЫ ОҚИҒАЛАРДЫҢ
ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ КЕСТЕСІ
1. Б.з.б. ІІІ–ІІ мыңжылдықтың аралығы – Энеолит (мыс-тас дәуірі).
2. Б.з.б. ІІ мыңжылдықтың басы– Қола (мыс пен қалайының қосындысы) қорытуды меңгеру.
3. Б.з.б. І мыңжылдықтың басы
– Темірді игеру басталды.
4. Б.з.б. I мыңжылдық ‒ Сақ тайпалық одақтарының өмір сүрген мерзімі.
5. Б.з.б. І мыңжылдық – Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы.
6. Б.з.б. VІІІ ғ. ‒ Қазақстан аумағындағы ең ежелгі сақ қорғандары.
7. Б.з.б. ІІІ ғ. соңы ‒ Көшпелі ғұн (хунну) тайпаларының билігіне Мөденің келуі.
8. Б.з.б. 530 ж. ‒ Сақ-массагеттердің парсы патшасы Кирді талқандауы.
9. 552–603 жж. ‒ Түрік қағанатының өмір сүрген мерзімі.
10. 603–704 жж. ‒ Батыс Түрік қағанатының өмір сүрген мерзімі.
11. 704–756 жж. ‒ Түргеш қағанатының өмір сүрген мерзімі.
12. 751 ж. ‒ Атлах (Талас) шайқасы.
13. 756–940 жж. ‒ Қарлұқтар мемлекетінің өмір сүрген мерзімі.
14. 870 ж. – Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірге келген жылы.
15. 942–1212 жж. ‒ Қарахан мемлекетінің өмір сүрген мерзімі.
16. ІX ғ. соңы-XI ғ. басы ‒ Қимақ мемлекетінің өмір сүрген мерзімі.
17. ХІ ғасыр. – Махмуд Қашғаридің өмір сүрген уақыты.
18. ХІ ғасыр. – Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік» поэмасының жазылған мерзімі.
19. ХІІ ғасыр. – Қожа Ахмет Йассауидің «Диуани Хикмет» еңбегінің жазылған мерзімі.
20. 960 ж. ‒ Қарахан мемлекетінде ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялануы.
21. XI ғ. басы‒XIII ғ. басы ‒ Қыпшақ хандығының өмір сүрген мерзімі.
22. 1227–1255 жж. ‒ Алтын Ордада Батудың билік құрған жылдары.
23. 1428–1468 жж. ‒ Әбілқайыр хандығының өмір сүрген мерзімі.
24. 1465 ж. ‒ Қазақ хандығының құрылуы.
25. XVI ғ. басы ‒ Қасым ханның билік еткен уақыты.
26. XVI ғ. басы – «Қасым ханның қасқа жолы» заңдары шықты.
27. 1538‒1580 жж. ‒ Хақназар ханның билік еткен уақыты.
28. 1582/1583‒1598 жж. ‒ Тәуекел ханның билік еткен уақыты.
29. XVI ғ. соңы–XVIІ ғ. басы – «Есім ханның ескі жолы» заңдары шықты.
30. 1628/1629–1652 жж. – Жәңгір ханның ел билеуі.
31. 1643 ж. ‒ Орбұлақ шайқасы.
32. 1680‒1715/1718 жж. ‒ Тәуке ханның билік еткен уақыты.
33. ХVII ғ. соңы. ‒ Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағы.
34. 1723 ж. ‒ «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» («Ұлы апат жылдары») басталуы.
35. 1726/1728 ж. ‒ Бұланты шайқасы.
36. 1729/1730 ж. ‒ Аңырақай шайқасы.
37. 1731 ж. – Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі Ресейдің қол астына өтуі.
38. 1771‒1781 жж. ‒ Абылайдың Қазақ хандығын басқарған жылдары.
39. 1783‒1797 жж. ‒ Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
40. 1835–1865 жж. – Шоқан Уалихановтың өмір сүрген жылдары.
41. 1836‒1838 жж. ‒ Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс.
42. 1837‒1847 жж. ‒ Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс.
43. 1841 ж. ‒ Бөкей хандығында қазақ балаларына арналған алғашқы зайырлы мектептің ашылуы.
44. 1841–1889 жж. – Ыбырай Алтынсариннің өмір сүрген жылдары.
45. 1845–1904 жж. – Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы әрі ағартушысы Абай Құнанбаевтың өмір сүрген жылдары.
46. 1866–1937 жж. – Әлихан Бөкейхановтың өмір сүрген уақыты.
47. 1893 ж. – В.Томсен ежелгі түркі жазбаларының құпиясын ашты.
48. 1913‒1918 жж. ‒ «Қазақ» жалпыұлттық газетінің шығуы.
49. 1916 ж. – Қазақстан және Орта Азиядағы ұлт-азаттық қозғалыс.
50. 1917 ж., шілде ‒ «Алаш» партиясының құрылуы.
51. 1917 ж., желтоқсан ‒ Орынборда ІІ жалпықазақ съезі. Алаш-Орда үкіметінің құрылуы.
52. 1918–1920 жж. – Қазақстандағы шетел интервенциясы мен Азамат соғысы.
53. 1920 ж. ‒ Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуы.
54. 1925 ж., сәуір ‒ Қазақ Кеңестерінің V съезі өтіп, қазақ халқының тарихи атауы қалпына келтірілді.
55. 1925 ж. – Қазақ АКСР-i астанасын Орынбордан Қызылордаға көшірілуі.
56. 1928 ж. – Алғашқы жоғары оқу орны – Қазақ мемлекеттiк педагогикалық институтының ашылуы.
57. 1929 ж. – Қазақ АКСР-i астанасын Қызылордадан Алматы қаласына көшірілуі.
58. 1931–1932/1933 жж. ‒ Күштеп ұжымдастыру жылдарындағы жаппай ашаршылық.
59. 1936 ж. – Қазақ АКСР-iнің одақтық республика болып қайта құрылуы (ҚазКСР).
60. 1937–1938 жж. ‒ Жаппай қуғын-сүргін орын алды.
61. 1937 ж. – Қазақ КСР Конституциясының қабылдануы.
62. 1939 ж. – Екінші дүниежүзілік соғыстың басталған жылы.
63. 1941 ж. – Ұлы Отан соғысының басталған жылы.
64. 1946 ж. – Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуы.
65. 1949 ж. – Семей ядролық полигонындағы алғашқы атомдық жарылыс.
66. 1949 ж. – М.Әуезовке «Абай» романы үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығының берілуі.
67. 1954 ж. – Тың және тыңайған жерлерді игерудің басталуы.
68. 1957 ж. – Экономикалық аумақтық ұстаным бойынша басқаруды қайта құру.
69. 1959 ж. – Теміртаудағы жұмысшылар толқуы.
70. 1961 ж. – «Байқоңыр» космодромынан тұңғыш ғарышкердің ұшырылуы.
71. 1960-1962, 1964-1986 жж. – Д. А. Қонаевтың Қазақ КСР Компартиясы ОК бiрiншi хатшысы қызметін атқарған жылдары.
72. 1963 ж. – Ядролық қаруларды атмосферада, ғарышта және су астында сынауға тыйым салу туралы келісімшарт.
73. 1969 ж. – Есік қорғанынан «Алтын адам» табылуы.
74. 1978 ж. – Қазақ КСР Конституциясының қабылдануы.
75. 1979 ж. – Целиноград қаласындағы Қазақстанда немiс автономиясын құруға қарсы наразылық шерулері.
76. 1986 ж. ‒ Желтоқсан оқиғасы.
77. 1988 ж. – Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатовтардың ақталуы.
78. 1989 ж. – Қарағанды шахтерлерiнiң ереуiлi.
79. 1989 ж. ‒ О. Сүлейменов бастаған «Невада-Семей» экологиялық қозғалысының құрылуы.
80. 1989 ж. ‒ «Тілдер туралы Қазақ КСР Заңының» қабылдануы, қазақ тілінің мемлекеттік тіл болып жариялануы.
81. 1990 ж., 25 қазан ‒ Қазақ КСР-нің Егемендігі туралы Декларацияның қабылдануы.
82. 1991 ж., 29 тамыз – Н.Ә. Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қоюы.
83. 1991 ж., 1 желтоқсан ‒ Н.Ә. Назарбаевтың бүкілхалықтық сайлауда Қазақстан Президенті болып сайлануы.
84. 1991 ж. – Қазақ КСР-iнiң алтын қоры мен алмаз қорының құрылуы.
85. 1991 ж., 16 желтоқсан ‒ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының қабылдануы.
86. 1992 ж. – Қазақтардың дүниежүзiлiк алғашқы құрылтайының өтуi (Алматы қ.).
87. 1992 ж., маусым ‒ Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы бекітілуі.
88. 1992 ж. ‒ Қазақстан Республикасының БҰҰ-ға толыққанды мүше болып қабылдануы.
89. 1993 ж., қараша ‒ Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы ‒ теңгенің енгізілуі.
90. 1995 ж. – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы.
91. 1995 ж., 30 тамыз ‒ Бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясының қабылдануы (Конституция күні).
92. 1997 ж. ‒ Жалпыұлттық татулық пен қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы.
93. 1997 ж. – Қазақстан Республикасының астанасы Алматы қаласынан Ақмола (Нұр-Сұлтан) қаласына көшірілуі.
94. 1999 ж. – ЮНЕСКО шешімімен Астана (Нұр-Сұлтан) қаласына «Бейбітшілік қаласы» мәртебесінің берілуі.
95. 2003 ж. ‒ Астанада (Нұр-Сұлтан) әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің I съезі.
96. 2010 ж. ‒ Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі.
97. 2011 ж. ‒ Қазақстанда Азиаданың өткізілуі.
98. 2017 ж. ‒ Қазақстанда дүниежүзілік ЭКСПО көрмесінің өткізілуі.
99. 2019 ж. ‒ Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгеруі.
100. 2019 ж. – Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануы.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет