«Қазақстан тарихы» пәні бойынша тарих емес мамандықтарға арналған



жүктеу 1.87 Mb.
бет7/10
Дата22.02.2016
өлшемі1.87 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

  1. Қазақ хандығының Ресеймен дипломатиялық қатынастарды орнатуды қай жылы бастады:

  2. Кіші жүз бен Орта жүз хандықтары қай жылдары Ресейдің қоластына енді?

  3. Абылай хан хандық құрған жылдарын айт.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Қазақстан тарихы Көне заманнан бүгінге дейін. 4 томдық 3т.

  2. Қосымбаев Ж.К. Кенесары хан. А-1995. 1-2 тарау.

3. Сулейменов Б., Басин В. Казахстан в составе России в XVIII- XIX вв. А-1993. гл.2-3.
9-тақырып. ХIХ-ХХ басындағы ғғ. Қазақстан мәдениетінің дамуы.

Лекцияның жоспары:

  1. Қазақстандағы ой-пікірлердің дамуы.Сәулет-құрылыстың ерекшеліктері.

  2. Ағартушылық кезеңі.Жазба әдебиеттің дамуы.

3. Зиялы қауымның қалыптасуы.

Мақсаты: Қазақстан мәдениетінің өзегі мен мәйегін, ғылым мен білімнің бастау бұлағын жете меңгеру.

1. ХІХ ғасырда қазақ халқының үш көрнекті шамшырағы – Шоқан, Ыбырай, Абайлар еді. Олар көп салалы мәдениеттің барлық саласын дамытуға үлес қосты. Оның үстіне олардың әрқайсысының мәдениетте түбегейлі айналысқан белгілі бір бағыттары болды. Осы қызметіне қарап халық шоқанды – ғылымды дамытушы, Ыбырайды – оқу ағарту ісін дамытушы, Абайды - әдебиетті дамытушы деп бағалайды.

ХІХ ғасырда қазақтың ауыз әдебиеті бұрынғы уақытпен салыстырғанда дами түсті.Көп замандардан бері қалыптасып қалған халықтың ауыз әдебиеті мен жыраулар шығармаларынан нәр алған ақындардың, әншілердің, күйшілердің үлкен тобы өмірге келді. Олардың арасынан қазақ халқының әдебиеті мен өнерін дамытып, жаңа белеске көтеруге үлес қосқан, есімдері елге мәлім қайраткерлер шықты. Олар: Сүйінбай Аронұлы /1815-1898/, Ақан сері Қорамсаұлы /1843-1918/, Мұхит Мералыұлы /1841-1918/, Құрманғазы Сағырбайұлы /1818-1889/, Тәттімбет Қазанғапұлы /1815-1862/.



2. 1920-шы жылдардан бастап «жоғарыдан» берілген бұйрық бойынша одақтың көптеген республикаларында оларды мекендейтін халықтарды тарихи зердесінен айыру үшін әр түрлі шаралар жүұргізіле бастады. Мұның кесірінің барысында қазақ, өзбек, түркімен, башқұрт, татар, қырғыздардың басым көпшілігі араб жазуымен жарық көрген ата-бабаларының мұрасын пайдалануға қабілетсіз болып шықты. Медреселер мен мешіттер жаппай жабылды.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1. Абай Құнанбайұлы, Ы.Алтынсарин мен Ш.Уәлиханұлы қай жылдары өмір сүрген:



Ұсынылатын әдебиет:

  1. Қазақстан тарихы Көне заманнан бүгінге дейін. 4 томдық 3т.

2. Қазақстан тарихы Очерктер, А-1993. 224-283б.
10-тақырып. ХХ ғ. басындағы Қазақстан 1916 ж. Ұлт-азаттық қозғалыс.

Лекцияның жоспары:

1. Бірінші дүниежүзілік соғыстың Қазақстан экономикасына әсері.

2. 1916 жылғы көтерілістің алғышарттары мен сипаты.1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығына қарсы халықтың қарулы көтерілісіне ұлттық интелегенцияның қатынасы.

3.Көтеріліс ошақтары.Көтерілісшілер басшылары Б.Әшкейұлы, А.Иманұлы және т.б.



Мақсаты: Ресей империясының халықаралық жағдайымен сабақтастыра отырып, қазақ даласын шарпыған 1916 жылғы ұлт- азатық көтерілістің мәні мен мазмұның менгеру.

1. 1914 жылы патшалық Ресей дүниежүзілік соғысқа тартЫлды. Бүл Бірінші дүниежүзілік империалистік соғыс барлық халықтарға, соньтң ішінде Қазақстанға да аса ауыр зарДаптарын тигізді. Ол патша чиновниктері мен жергілікті кімдердің және байлардың зорлық-зомбылығы мен озбырлығьін күшейтті. Соғыс қажетіне Қазақстаннан орасан көп жылқы, ауыл шаруашылық өнімдері жөнелтілді. Жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді, шаруалардьщ ірі қара малы мен мал азығын соғыс қажетіне алу күшейді. Осының бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басының азаюына әкеп соқты. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының күйзелуі Қазақстаң экономикасын күлдыратты. Қалалар мен ауылдардағьі еңбекші бүқараның жағдайы күрт төмендеді.

Соғыс жылдары тек Түркістаннан майдандағы әскер-лердің қажеті үшін 38 мың шаршы метр киіз, 300 мың пүт ет, 473.928 пұт балық, 70 мың жылқы, 12797 түйе күштеп алынып, майдан аймақтарына жіберілді. Қазақ шаруаларын кәсіпорындарға, бай-қүлақ шаруашылықтарына жалдап жүмыс істету күшейді.

Дүниежүзілік империалистік соғыс елде өнеркәсіптің қирауына, ауыл шаруашылығының тоқырауына (дағдары-сына), халық арасындағы аштыққа алып келді. Жергілікті жерлерде шенеуніктер мен әкімшіліктердің зорлап алым-салық жинауы өсті. Бүл кезде әр түрлі салықтардың 10-ға тарта түрі болды. 1916 жылы 3 миллиард сомға жаңа мем-лекеттік заемға жазылу науқаны жүргізілді, олда қазақ халқының мойнына ауыр салмақ болып түсті. Бірінші дүни-ежүзілік соғыстың басталуымен байланысты қазақ халқы-на тағы бір ауыртпалық - әскери салық салды. Оның әр түтінге көлемі 1 сом 84 тиын мөлшерінде белгіленді.

Соғыс жылдарында патша өкіметі қазақтардан жерді тар-тып алуды жалғастырды. Бір ғана Жетісу облысы бойынша 1914 жылға қарай 2 миллион 703 мыңнан астам десяти-на шүрайлы жер тартып алынды. Өлкеде халықтар арасын-дағы үлттық бөлінушілік күшейді. Қазақ даласында жалпы үлттық дағдарыс пісіп жетілді.

Соғыс ауыртпалығы Қазақстанда жүмысшылар мен ша-руалар қозғалысының өсуіне түрткі болды. 1915 жылы маусым айында Екібастүз, Байқоңыр көмір кендерінде, Спасск мыс кен руднигінде, Орынбор-Ташкент темір жолында жүмысшылардың қозғалысы бой көтерді.

Соғысқа қарсы, қымбатшылыққа және етек алып келе жатқан аштыққа қарсы қалалар мен деревняларда қала ке-дейлері мен майданға кеткен солдаттардың әйелдері ереуілге шықты. 1916 жылы қаңтар айында мүндай толқулар Верный, Семей қалаларында болды. Орынбор облысы Ақ Бүлак поселкесінің, Жетісу облысы Лепсі уезінің бірқатар селоларының кедейлері мен майданға кеткен әскерлердің әйелдері жергілікті саудагерлер мен көпестердің дүкендерін талкандады. Сөйтіп, қоғамдағы қанаушы және қаналушы таптар арасындағы қарама-қарсылық, бір-біріне қарсы шығу жалпы бүқаралық сипат алды.

Кәсіпорын иелерінің, жергілікті буржуазия мен феодал-дардың зорлық-зомбылығы 1916 жылы 25 маусымда пат-ша өкіметінің "Бүратана халықты мемлекеттік қорғаныс жүмыстарына пайдалану тәртібі туралы ереже" қабылдау-ына байланысты тіпті күшейе түсті. Жүмыстан немесе әкімшілік ережелері мен талаптарын орындаудан бас тарт-қан жұмысшыларды түрмеге отырғызуға, немесе үш ай мер-зімге түтқынға алуға, болмаса айып ретінде ақша өндіріп алуға кесетін болды. Азық-түліктің екі-үш есе қымбаттауы да халықтыц наразылығын оршіте түсті.

2. Қазақ жастарын майдандағы тыл жұмысына алу жөніндегі патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы халықтың шыдамын тауысып, олардың отарлау езгісі мен орта ғасырлық қанауға қарсы көтерілуіне себеп болды. Жар-лық бойынша Түркістаи мен Дала өлкесінен майданға окоп қазуға 400 мың, соның ішінде Қазақстанның далалық об-лыстарынан - 100 мыңнан астам, Жетісудан 87 мың адам жіберу көзделді. Қазақтардың тууы туралы куәлігінің жоғын пайдаланып, болыстық басқармалар мен ауыл старшындары жастарының аскандығына қармастан кедей жігіттерді майданға жүмысқа алынатын "қара тізімге қосты", ал феодалдар балаларының жасын ез бетінше үлкейтіп, немесе кішірейтіп көрсетіп, әскерге жібермеудің амалын жасап бақты. Моселен, 60 жастағы кедей шалдары 30 жаста болып, 25-30-жастағы бай балалары 50 жастағы больщ жазылды.

Майдан жүмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық Қазақ халқының зор наразылығын тудырды. Елде болыс-тық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатігез байларды өлтіру, ірі феодалдардыц иеліктеріне шабуыл жасау, жер сату жөніндегі қүжаттарды, алым-салык қағаздарын т. б. жойып жіберу секілді ашуыза әрекеттері кең орын алды. Бұл елде жаппай көтерілістерге әкеліп соқтырды.

1916-жылы қазанда Жетісудағы көтеріліс басылып тасталды. 347 адам өлім жазасына кесілді, 178 адам каторгалық жұмысқа аударылды.129 адам абақтыға қамауға алынды. 23-қазанда Амангелді басқарған 15 мың көтерілісшілер Торғай қаласын қоршауға алды.

1916-жылы көтерілісшілер саны 50 мыңға жетті. Көтерілісшілер толықтай жергілікті аппарат әрекетін тоқтатып тастады.Жазалаушы отрядтар көтерілісшілерді баса алмады.

Осылайша патша қазақтар көтерілісін баса алмады, бірақ көтеріліс уақытында қазақ ауылдарының экономикалық-әлеуметтік жағдайы шұғыл құлдырап кетті.Көптеген шаруашылықты жазалаушылар талан таражыға салды, көтерелісшілердің бір бөлігі Қытай мен Монголияға ауып кетуге мәжбүр болды.Бұл жылдары Ресей империясындағы қазақтар саны 600000 дейін қысқарып кетті.

3. 23-қазанда Амангелді басқарған 15 мың көтерілісшілер Торғай қаласын қоршауға алды.Кулак отрядтары мен жазалаушы әскер қолынан қаза тапқандар есепке алынбады, патша жазалаушы әскерлері тек қана көтерілісшілерді емес, сонымен қатар бейбіт халықты да айуандықпен жазалап отырды. 300 мыңға жуық қазақ-қырғыздар туған жерлерін тастап Қытайға, Қашқарға жер ауып кетті. Қазақтарды тыл жұмыстарына шақырған патша жарлығын Орынборда 1916 ж.28 шілдеде алды. Торғай облысының әкімшілігі болыс басшыларын, қадірлі ақсақалдар мен ауыл старшындарының съезін өткізді, мұнда патша жарлығын жедел түрде орындауға шешім қабылдады. Бірақ қазақтар наразылығы күн сайын өрши түсті.Торғай уезінде ірі көтеріліс ошағы пайда болды, оны Амангелді Иманов басқарды.

23-қазанда Амангелді басқарған 15 мың көтерілісшілер Торғай қаласын қоршауға алды. 1916-жылы көтерілісшілер саны 50 мыңға жетті. Көтерілісшілер толықтай жергілікті аппарат әрекетін тоқтатып тастады.Жазалаушы отрядтар көтерілісшілерді баса алмады.



Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

  1. Бірінші дүниежүзілік соғыстың шығу себептері.

  2. 1916ж. Көтеріліске тікелей нелер себеп болды?

  3. Көтеріліске қатысқандар алдарына қандай мақсаттар қойды?

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Қазақстан тарихы Очерктер, А-1993. 195-224б.

  2. Қозыбаев М. Жауды жаптым ту байлап . А-1995.

3. Сулейменов Б.С., Басин В. Востание 1916 г. в Казахстане. А-1997. гл. 1-3.
11-тақырып. Қазақстан азаматтық қарсыласу жылдары.

Лекцияның жоспары:

  1. Ресейдегі Қазан революциясы.Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы.

  2. Азаматтық қарсылықтың басталу себептері.Ақ гвардишылар мен Қызыл Әскер арасындағы әскери қимылдың бүкіл Қазақстан жерін қамтуы.

3. Алашорда үкіметінің жойылуы.

Мақсаты: Қазақстандағы азаматтық қарсыласу қозғалысының туу себептері мен тарихи оқиғалар салдарын түсіндіру.

1. 1917 жылғы Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейін орнаған Уақытша буржуазиялық үкімет елдегі әлеуметтік және ұлттық езгіні жою, жер мәселесін,империалистік соғыстан шығу және т.б. кекейкесті мәселелерді шешпеді. Қазақстандағы жергілікті халықтарды саяси құқыктарынан айырған бұрынғы патша үкіметінің заңдары өз күшінде қалды. Өлкедегі казак-орыс әскерлерінің ұлан-байтақ жер иеліктері меи барлық әлеуметтік артықшылықтары толығымен сақталды. Қазақстанның ең жақсы шүрайлы жерлерін отаршыл кулактар тартып алып берген Қоныс аудару басқармасының жергілікті аппараты өз жүмысын одан ары жалғастырды. Өнеркәсіп орындарында 8 сағаттық жүмыс күні енгізілмеді. Мемлекеттік мекемелер мен мектептерде қазақ тіліне кешуге бүрынғысынша тыйым салынДы- Қазақ халқының өзін-өзі билеуі туралы мәселе тіпті қойылмады да. Сондықтаи Ресей мемлекетіндегі бүл жағдайларды В. И. Ленин бастаған большевиктер партиясы "Бүкіл өкімет еңестерге берілсін" - деген үранды пайдалана отырып, Уақыта Үкіметті қүлату үшін оны басты күралға айналдырды. Бүл Д!Ң барлық жерінде халық бүқарасының большевиктер жағына көптеп шығуына әсер стті. Сөйтіп, 1917 жылғы 25 занда (7 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс бастап Уақытша буржуазиялық үкімет қүлатылды.

Уақытша үкімет құлатылып, мемлекет билігінің кеңес-тердің қолына көшкені тек Ресейді ғана емес, дүниежүзің бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Бүл оқиға бүкіл елде, оньің шет аймақтарында кеңес өкіметін қүру, нығайтумен үшта-сты. Ол көп жерлерде орталық аудандардың ықпалымен қан төгіссіз іске асты.

Революция бүкіл билікті жүмысшы, солдат, шаруа де-путаттары кеңесінің қолына беру арқылы халықтың әр түрлі топтары мен түрлі үлттардың, халықтардың келешектегі тағдырына байланысты түрліше үмітте болуына жол ашты. Ресейдің жүмысшы, шаруа, солдаттар бүқарасы елді соғы-стан шығарып, халықтың бейбіт еңбекке оралуына, соғыс-тан бүрын, соғыс жылдарында жоқшылық пен мүқтаждық зардаптарын шегіп, әбден қажыған жағдайын түзеуге енді айқын жол ашылады деп есептеді. Ресейдің қол астында болып келген орыс емес халықтардың еңбекші бүқарасы Қазан революциясынан кейін экономикалық-әлеуметтік күйзелістен шығумен бірге отаршылдықтың бүғауынан босанып, тәуелсіздік алатын шығармыз деп үміттенді. Ал Ленин бастаған большевиктер зауыт, фабрикалар жүмысшыға, жер шаруаға, бейбітшілік - бүкіл халыққа деген үран көте-ре отырып, Ресейге тәуелді болып келген халықтар жөнінде өз бағыттарын белгіледі. Олар барлық үлттар мен үлыстардың, халықтардың теңдігі мен бостандығын, азаттығын жа-риялай отырып, оларды революция туының астынан кетпеуге шақырды.

Қазан революциясынен кейін көп уақыт өтпей-ақ елде азамат соғысы мен шетел басқыншылығының жорығы бас-талды. Бүл түста Қазақстанда Кеңес өкіметі орнап болған жоқ еді. Биліктің Кеңестердің қолына өтуі мүнда кейінірек жүзеге асты. Оның бір себебі, мүнда саналы, жақсы үйым-дасқан саны мол жүмысшы табы болған жоқ. Екіншіден, шет аймақтарда билікті кімнің алатыны жөнінде жүрт қол-дайтын бірыңғай пікір де болмады. Кейбір жерлерде авто-номия жарияланып, олардың Ресей қүрамында болатыны-болмайтыны жөніндегі мәселе ашық түрды. Мәселен, осы түста қүрылған Башқүрт, Түркістан, "Оңтүстік шығыс одағы" деген атпен Сібірде пайда болған автономиялар қазақ зиялыларын үлттық өз иелігін қүруға қүлшындырДЫ' Сөйтіп, 1917 жылы желтоқсанда Алашорда үкіметі пайда болды. Оның Батыс Казақстандағы бөлігін Халел, Жанша Досмүхамедовтар, Шығыстағы бөлігін Әлихан Бөкейханов, дхмет Байтүрсынов, т. б. басқарды.

Сонымен бірге казақ даласында Кеңес өкіметін орнату жолындағы күресте жүріп жатты. Соның нәтижесінде 1917 жылғы қазаннан 1918 жылғы наурызға дейін Қазақстан-нын көптеген аудандарында кеңес окіметі орнады.

Ресейдің орталық аудандарынан Қазақстанға көмек көрсету үшін Ә. Жанкелдин, В. Чекмарев, П. Кобезев және т. б. төтенше комиссарлардың келуі қазақ халқының ара-сынан Әділбек Майкотев, Бекен Серікбаев, Сәкен Сейфуллин, Тоқаш Бокин, Ораз Жандосов, Амангелді Иманов, Әбдірахман Әйтиев сияқты көптеген күрескерлерді шығарды. Еңбекші халықтың жаңа өмір жолындағы күресіне ба-сқа үлт екілдері К. Шугаев, П. Салов, П. Виноградов, С. Журавлев, Л. Емелев, Я. Ушанов, А. Розыбакиев, В. Зин-ченко, П. Басов, И. Дубынин, тағы басқа да ондаған азаматтардың ат салысуы революцияның Қазақстанда да же-ңуіне жол салды.

Революцияны қолдайтын күштер басым болған жер-лерде жергілікті кеңестер большевиктер жағына түгел-дей шықты. Ал қызыл әскер жасақтары бар аудандарда өкімет билігі жүмысшылар мен шаруалардың қолына большевиктердің Кеңесте көпшілік орынға ие болуы ар-қылы жүзеге асты. Мүндай жағдай Қазақстанның солтүстік-шығыс облыстарының көптеген аудандарын-да, Сырдария және Бөкей ордасында орын алды. Бірақ революция қарсыластарының күштері көбірек шоғыр-ланған Орынбор, Орал, Жетісу облыстарында өкімет билігі жүмысшылар мен шаруалардың қолына қарсылық көрсеткендерді талқандау арқылы, осы күресте жанын пида еткен қүрбандықтар арқасында ғана тиді.

Кеңес өкіметі алдымен Сырдария облысында жеңіп шық-ты. Мүндағы Перовск (Қызылорда) жүмысшылары мен сол-Даттары өкімет билігін 1917 жылғы 30 қазанда (12 қараша) өз қолына алды.

2. 1917 жылғы Қазан революциясыиьщ жеңісі алғашқы күндерден бастап, құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарулы қарсылығын тудырды. Кеңес үкіметі елдің әр түрлі аймақтарындағы, сонын ішінде Қазақстан жеріндегі коытрреволюциялық бүліктерді батыл да шүғыл басып тастап отырды. Дегенмен олар аяғына дейін талқандалмады. Өлкеде азамат соғысының басты ошақтары Қазақстанның батыс аудандарьшда, Торғай обылысының әкімшілік орталығы Орынборда, Орал облысы, Гурьев (Атырау) қаласында, Жетісу жеріпде қалыптасты. Бүл жерде атаман Дутовтың, генерал Толстовтың әскерлері, ал Жетісуда казак-орыс жасақтары, ақ-гвардия офицерлері мен юнкерлер жиналды. Олар контрреволюциялық күштердің негізгі орталығына айналды және Кеңес өкіметіне қарсы азамат соғысын бастады. жылы 23 наурызда Орал казак-орыстары Гурьевте бүлік шығарды. Олар генерал Толстовтьщ бүйрығымен жүмысшы және солдат депутаттары Кеңесінің тоғыз мүшесін сотсыз атты. Сол жылдың 28-29 наурызында ақ казактар алашордашылармен бірігіп Орал қаласында төңкеріс жасады. Мүнда олар кеңес окіметін қүлатып, коммунистерДІ, кеңес қызметкерлерін аяусыз жазалады. Кеңес өкіметіне қарсы күресте ақгвардияшылар казак станицалары мен орыс селоларындағы бай-қүлақ элементтеріне сүйенді, жергілікті кадет,

эсерлер мен меньшевиктерден қолдау тапты.1918 жылы мамырдың аяғында Антанта мемлекеттерінің көмегімен Сібірдегі Чехословак корпусының офицерлері мен солдаттары бүлік шығарды. Бүлар бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ресейге түтқьшға түскендер болатын. Кеңес үкіметі Австро-Венгриямен жүргізген келісім бойынша оларды елдеріне қайтаруға уәделесті. Бірақ Ресей үкіметі олардың Кеңестерге қарсы шығуынан қорқып, чехтар мен словак әскерлерін елдің батыс территориясымен емес, ең әуелі Қиыр Шығыс темір жолы арқылы Владивосток қала-сына жеткізіп, одан ары Еуропаға теңізбен шығарып са-луға келісті. Сібір арқылы жолда қайтып бара жатқан чех-тар меи словактардан құрылған корпусты Антантаның им-периалистері бүлік шығаруға арандатты. Атап айтқанда, олардың арасында елдеріне босату үшін емес, қайта түрме-ге отырғызу үшін алып бара жатыр деген жалған лақаптар таратты. Мүны естіген күрамында 500 мыңға жуық солда-ты мен офицері бар чехословак корпусы бүлік шығарып, Сібір мен Оралдың темір жол бойындағы бірқатар қалала-рын басып алды. Олар Қазақстан жеріндегі Петропавл, Ақмола, Атбасар, Қостанай қалаларын және тағы басқа да елді мекендерді жаулап, ондағы Кеңес өкіметінің жергілікті органдарын таратты. 1918 жылғы 11 маусымда Семейде кеңес өкіметі қүлатылды. Бүл жерлердегі кеңес өкіметінің көрнекті басшылары К. Сүтішев, И. Дубинин, П. Калюж-ная, Ғ. Ыдырысов, К. Шугаев, П. Салов және тағы басқала-рын азаптап өлтірді. Өскемен Совдепінің төрағасы Я. Ушановты тірідей кеменің оттығына тастады. Сөйтіп, интервенттер мен ақгвардияшылар Ақмола, Орал, Семей облыстарын және Торғай облысының көптеген жерлерін басып алды.



1918 жылдың жазында интервенттер мен ақгвардияшы-лар Семей облысы жағынан Солтүстік Жетісуға басып кірді. Бүл жердегі казак-орыс станицаларында Кеңес өкіметіне қарсы бүліктер басталды. Сондықтан Жетісу облыстық ат-қару комитетіиің шешімімен кеңестік қарулы күштері біріктіріліп, Солтүстік Жетісу майданының штабы қүрыл-ды. Атаман Анненковтың дивизиясына және басқа да әске-ри бөлімдерге қарсы кескілескен үрыстар жүрді. Ақ гвардияшылар басып алған аудандарда кеңес жасақтарынын күресі негізінен партизандық харакет түрінде жүргізілді-Мүндағы Черкасск, Андреев, Константиновск және басқа да селолар түрғындарының ақ гвардияшыларымен ерлік шайқастары азамат соғысы тарихында "Черкасск қорғаны-сы" - деп аталды.

Сонымен 1918 жылдың жазында Қазақстанның көп жерін интервенттер мен ақ гвардияшылар басып алды. Кеңес екіметі тек Жетісу мен Сырдария облыстарьшың бірқа-тар болігінде, Торғай облысының оңтүстік аудандары мен Бөкей Ордасының аз ғана жерінде сақталып қалды.

Революцияға қарсы күштер Самарада ак гвардияшылар мен әскерлердің Комуч (Қүрылтай жиналысы мүшелерінің комитеті) "үкіметін", Омбыда Колчак бастаған Сібір ақ гвардияшыларыныц "үкіметін", Каспий сыртқы облысын-да ағылшын "үкімстін" қүрды. Бүл кезде немістер Донбасқа қауіп төндірді. Краснов пен Деникин соғыс қимылда-рын күшейте түсті.

Кеңес елі үшін ең басты майдан - Шығыс майданы еді. Шығыс майданының Орал бағытында ақтармен 4-ші ар-мия үрыс жүргізді. Бүл майданның жағдайы киындауына байланысты 1918 жьтлдың 2 маусымында Орынбор қала-сынан Қызыл Армия бөлімдері оңтүстікке қарай шегінуге мәжбүр болды. Осыған орай Ақтөбс майданы қүрылды. Ондағы қызыл әскерлерге Ташкснт, Шалқар, Қазалы, Перовск /Қызылорда/, Черняевск /Шымкент/, Әулиеата және т. б. қалаларда қүрылған отрядтар комекке келді. Оның қатарына негізінен еріктілер кірді, әскери міндет туралы БОАК-нің 1918 жылғы 29 мамырда қабылданған жарлығы-нан кейін әскери міндетті отеуге еңбекшілердің белгілі жас мөлшеріндегілер шақырылатын болды. Сөйтіп, 1918 жыл-дың жазында үлттық әскери болімдер үйымдаса бастады. Олар алдымен Жетісуда, одан кейін Орынбор мен Орал қалаларьтнда, Батыс Қазақстанда қүрылды. Қызыл армия-ның қүрамдас бөлігі ретінде 1918 жылдың күзінде Бөкей ордасында қүрылған қазақ атты әскер полкінде X. Чурин, Ж. Сәрсенов, X. Ишанов, Б. Жәнікешев т. б. қызмет етті. Сол жылдың қараша айында Ақтобе майданына Әліби Жанкелдин бастаған экспедиция Мәскеуден көп қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізді.1918 жылдың аяғы мен 1919 жылдың басында Ә. Т. Жанкелдин мен А. Иманов Торғайда екі атты әскер эскадронын, әскери оқу және пулемет топтарын, Ырғызда атты әскер эскадронын қүрды. Өлкеде үйымдасқан қызыл әскер өлщдерінің қатарына азамат соғысы жылдарында Ресейге келіп қалған көптеген шетелдіктер: венгр, чех, румын,поляк, неміс жүмысшы және шаруалар өкілдері де кірді.



Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

  1. Кеңестік өкіметке қарсы болған толқуларды ата.

  2. Қазақстанда Казаң төнкерісінің объективті алғы шарттары болдыма?

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Қазақстан тарихы Очерктер, А-1993. 283-298б.

  2. Кузембайулы А., Аманжолулы А. История Республики Казахстан. Астана – 2000. стр.288-302.

3. Нүрпейісов К. Алаш һәм Алаш Орда. А-1995. 2-3 тарау.
12-тақырып. XX ғ. 20-30 жж. Қазақстан

Лекцияның жоспары:

1. Қазақ АССР-і және Түркістан Республикасы.

2.Аштық жылдарындағы қазақ зиялыларының қызметі. 1931-1933ж.ж.аштық.

3.Қазақстанды «индустрияландыру» саясаты.

4.Кеңес өкіметінің мәдениет пен ғылым саласындағы жетістіктері

Мақсаты: XX ғ. 20-30жж. Қаз.АКСР-дегі саяси ахуал және қазақ зиялыларының азаматтық қызметтеріне талдаулар жасау.

1. Елдің шығысында бірінші Кеңестік ұлттық республика Түркістан кеңесінің 5 съезінде қабылданған Түркістан АССР болып табылды. 1918 ж.30 сәуірде қазіргі Қазақстанның оңтүстік облыстары Түркістан республикасының құрамына енді.

1918 ж. аяғы мен 1920 ж. басында Қазақ Кеңес Автономиясын құруға интенсивті дайындық жүріп жатты. 1920 ж.қараша айының басында Ақтөбеде Түркістан және Сібір қазақ аудандарының депутаттары қатысқан өлкелік кеңестік конференциясы өткізілді. 1920 ж. тамыз айының басында ұлттық істер халық комиссариаты жанында Қазревком, Сібір ревком және Турцик өкілдерінің жиналысы өтті, мұнда Ақмола және Семей облыстарын Қазақстанға беру мәселесі түбегейлі шешілді. Қырғыз (қазақ) Кеңес Автономилық Социалистік Республикасын құру жайлы деректің үлгісі 17-тамызда қаралып, РСФСР ХКК қолдады, ал 1920 ж. 26 тамызда бұл деректер бекітіліп, заң күшіне енеді.

1920 ж. 22 қыркүйекте бүкіл ресейлік орталық атқару комитетімен жаңа деректері бойынша КАССР-інің құрамына Орынбор губерниясы қосылды.

1920 ж. 4-12 қазанда Орынборда С.С.Мендешев басшылық еткен орталық атқару комитетінің және В.Радус-Зенькович басқарған халық комиссарлар кеңесін сайлаған Қазақстан кеңесінің құрылтай съезі өтті. Қазақстан Ресей құрамындағы автономия болды, оның астанасы Орынбор қаласы болып жарияланды.

Түркістан құрамына енген Жетісу және Сырдария облыстарын Қазақстанға қосу азамат соғысы кезінде туындаған. Бұл облыстарының қазақтары солтүстік ауданмен бір республикаға бірігу пікірін үнемі ұсынып отырған.1924 ж. ТАССР жойылып Өзбек және Түркімен республикаларына бөлінді.Оңтүстік облыстар Қазақстанға қосылды.Қазақстанның астанасы болып Қызылорда жарияланды.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет