D) Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы.
E) Еділұлы, Тайсойғанұлы.
13. XІX ғ. І жартысында Хиуа феодалдарының жаулап алған жерлері.
A) Сырдария жағалаулары.
B) Жетісу.
C) Шығыс Қазақстан.
D) Оңтүстік Орал.
E) Орталық Қазақстан.
14. 1867-1868 жылғы реформа бойынша Қазақстанда полициялық билік және басқару билігі ақсақалдар қолына берілген облыс
A) Сырдария.
B) Торғай.
C) Жетісу.
D) Қостанай.
E) Семей.
15. ІІ Александр патша "Жетісу және Сырдария облысының" басқару ережесін қашан бекітті?
A) 1867 жылы 11 сәуір.
B) 1867 жылы 11 мамыр.
C) 1867 жылы 11 шілде.
D) 1867 жылы 11 наурыз.
E) 1867 жылы 11 маусым.
16. 1915ж. Риддерде болған көтерілісті ұйымдастырушылар
A) Үй шаруасындағы әйелдер.
B) Кеніш басшылары қолдан ұйымдастырды
C) Қазақ жұмысшылары
D) Соғыс тұтқындары
E) Орыс жұмысшылары
17. 1905 жылғы 17 қазандағы патшаның ''Манифесіне'' қазақ ұлттық-демократиялық зиялыларының көзқарасы?
A) пікірлері әр-түрлі болды.
B) манифесті сынға алып, әшекерледі.
C) қолдады.
D) нарызылықпен қарсы алды.
E) патшаның ''қайырына'' қарсы көтерілді.
18. 1916 ж. 25 маусымдағы патша жарлығы бойынша Түркістаннан және Дала өлкесінен шақырылған адам саны:
A) 300 мың адам.
B) 400 мың адам.
C) 500 мың адам.
D) 600 мың адам.
E) 200 мың адам.
19. 1918 жылы наурыздың 2-нен 3-не қараған түні қарулы көтерілістің нәтижесінде Кеңес үкіметі орнаған қала.
A) Петропавл
B) Верный
C) Семей
D) Қостанай
E) Ақтөбе
20. Азамат соғысы жылдарында Ақтөбе майданына қару жеткізу экспедициясын басқарған қайраткер:
A) Ә.Жанкелдин.
B) Т.Бокин.
C) А.Розыбакиев.
D) Т.Рысқұлов.
E) А.Иманов.
21. Жер-су реформасын жүргізуге кім қатысты?
A) А. Байтұрсынов пен М. Дулатов.
B) М. Дулатов пен Ә. Бөкейханов.
C) Ә. Бөкейханов пен Б. Алманов.
D) А. Асылбеков пен С. Сейфуллин.
E) Б. Алманов пен Р. Пестковский.
22. Сібір мен Орта Азияны қосатын темір жол:
A) Қиыр Шығыс темір жолы.
B) Түрксіб.
C) Орта азиялық темір жолы.
D) КВЖД.
E) Сібір темір жолы.
23. Қазақтың ірі байларын тәркілеу қашан іске асырылды?
A) 1927 ж.
B) 1931 ж.
C) 1928 ж.
D) 1930 ж.
E) 1929 ж.
24. 1934 жылы құрылған Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестірінің жетекшісі.
A) Ә. Қашаубаев.
B) Ж. Шанин.
C) К. Жандарбеков.
D) Е. Брусиловский.
E) А. Жұбанов.
25. Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті қайта өңдейтін Қарағанды металлургия зауытын салу туралы шешім қабылдаған жыл:
A) 1943 ж. қаңтарда.
B) 1943 ж. ақпанда.
C) 1943 ж. наурызда.
D) 1943 ж. мамырда.
E) 1943 ж. сәуірде.
26. 1949 жылы КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алған Қазақстан жазушысы:
A) С.Мұқанов.
B) Ғ.Мүсірепов.
C) М.Әуезов.
D) Ғ.Мустафин.
E) Е.Бекмаханов.
27. 1954-1959 жылдары Қазақстанда тың жерді игеруге жұмсалған қаржы мөлшері:
A) 15 млрд. сом.
B) 5 млрд. сом.
C) 10 млрд. сом.
D) 25 млрд. сом.
E) 20 млрд. сом.
28. Мемлекетсіздендіру және меншікке беру - бұл
A) коммерциялау
B) жекешелендіру
C) национализацияландыру
D) шаруашылық есеп
E) меншікті жалға беру
29. 1991 ж. желтоқсанында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығы бойынша 17-желтоқсан:
A) Республика күні деп жарияланды.
B) Тәуелсіздік күні деп жарияланды.
C) Конституция күні деп жарияланды.
D) Отан қорғаушылар күні деп жарияланды.
E) Демократиялық жаңару күні деп жарияланды.
30. Астананы Ақмола қаласына ауыстыру жөніндегі Президент Жарлығы шыққан уақыт:
A) 1995ж. қыркүйекте.
B) 1994ж. желтоқсанда.
C) 1997ж. қазанда.
D) 1996ж. тамызда.
E) 1992ж. маусымда.
51-НҰСҚА
1. Алғашқы қауым адамдарының топқа бірігуінің себебі:
A) Бірлесіп қорғану және аң аулау
B) Қару жасау
C) От басын сақтау
D) Бірлесіп еңбек құралдарын жасау
E) Бірлесіп жер жырту
2. Андроновтықтар жерді қандай еңбек құралдың көмегімен өңдеді?
A) Темір соқа
B) Күрек
C) Тас тесе
D) Тырма
E) Кетпен
3. Сақтардың Жетісудағы тамаша ескерткіштерінің бірі - "Алтын киімді адам" Есік қорғанынан қазылып алынған жылдары:
A) 1989-90 ж.ж.
B) 1940-41 ж.ж.
C) 1979-80 ж.ж.
D) 1950-51 ж.ж.
E) 1969-70 ж.ж.
4. Алғашқы түрік қағанатының негізін салушы:
A) Білге қаған
B) Естеми қаған
C) Күлтегін
D) Бұмын қаған
E) Сұлу қаған
5. Қазақстанда қай ғасырда мешіттер салына бастады?
A) Х-ХІІІ ғ.ғ.
B) VІІ-VІІІ ғ.ғ.
C) ІХ-Х ғ.ғ.
D) VІІІ-ІХ ғ.ғ.
E) VІІ-ІХ ғ.ғ.
6. Археологтар ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы сириялық бұйымды қай жерден тапты?
A) Сырдариядан
B) Амудариядан
C) Аралдан
D) Іледен
E) Ертістен
7. Монғолдар Оңтүстік Қазақстанның толықтай жойып жіберген үш қаласы:
A) Ашынас, Яссы, Икан
B) Сығанақ, Яссы, Икан
C) Отырар, Сығанақ, Ашынас
D) Отырар, Сайрам, Тараз
E) Икан, Отырар, Сайрам
8. Моғолстанда мемлекеттің саяси басшысы және жердің ең жоғары билеушісі
A) Мырза
B) Жабғы
C) Қонтайшы
D) Қаған
E) Хан
9. "Жеті жарғы" деген не?
A) Шыңғысханның заңдары.
B) Қазақтардың XVІІІ ғ. әдет-ғұрып заңдары.
C) Қазақтардың діни заңдары.
D) Абылай шығарған заңдар.
E) Ақсақ Темір заңдары.
10. ХІV-ХV ғ.ғ. Қазақстан аумағындағы ең елеулі сәулет ғимараты:
A) Бабаша-хатун кесенесі
B) Айша бибі кесенесі
C) Қарахан кесенесі
D) Есім кесенесі
E) Ахмет Яссауи кесенесі
11. Жоңғарлардың Ташкент және Түркістан қалаларын басып алуы.
A) 1718-19 ж.
B) 1724-25 ж.
C) 1717-18 ж.
D) 1721-22 ж.
E) 1720-21 ж.
12. 1847 жылы маусымда Жем маңында жазалаушы отрядтарға шабуыл жасаған батыр:
A) Есет батыр.
B) Бекболат батыр.
C) Жанқожа батыр.
D) Аббас Қошайұлы.
E) Лаубай Мантайұлы.
13. Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталу кезеңінде қандай Жетісу батырлары мен билері орыс әскерлерін қолдады?
A) Сұраншы, Шаян батыр, Жайнақ би.
B) Ағынтай,Нартай батыр, Асан би.
C) Алшыбай би, Қыдырбай.
D) Жасыбай батыр, Үмбетей би.
E) Малайсары, Жақып би.
14. Т.Г.Шевченконың қазақтар мен украиндықтар өмірін салыстырып жазған өлеңі
A) Кобзарь.
B) Гайдамактар.
C) Менің ойларым.
D) Наймичка.
E) Мария.
15. 1851ж. 21 шілдеде Ресей өкіметі мен Қытай арасында қол қойылған келісім.
A) "Шыңжан келісімі"
B) "Шәуешек келісімі"
C) "Петербург келісімі"
D) "Құлжа келісімі"
E) "Жаркент келісімі"
16. ХIX ғ. 2-ші жартысында қазақтарға уақытша Ережеге сай ағарту ісін дамытуға берілген құқық:
A) Тегін оқытатын бастауыш мектептер ашуға
B) Жоғары оқу орнын ашуға.
C) Медресе ашуға
D) Өз еріктерімен қаржы жинауға
E) Мектептер ашуға
17. XX ғ. басында Қазақстандағы қоныстану қоры немен айналысты?
A) Патшаның сауда саясатын жүзеге асырумен.
B) Зерттеу жұмысымен
C) Салық жинаумен
D) Патша реформасын жүзеге асырумен
E) Қазақтардың жерін тартып алумен
18. Верный уезінің Жайылым болысының ханы болып тағайындалды:
A) Оспан Уанов
B) Бекболат Әшекеев
C) Әбділғафар Жанбосынов
D) Жамеңке Мәмбетов
E) Нұрлан Қияшов
19. 1917 жылы 1 қарашада қиян-кескі шайқастан кейін Кеңес билігі орнаған қала.
A) Орынбор
B) Верный
C) Ташкент
D) Семей
E) Орал
20. Қазақ АКСР-нің тұнғыш астанасы.
A) Ташкент
B) Орал
C) Қызыл орда
D) Орынбор
E) Верный
21. XX ғ. 20-30-шы жылдарындағы Қазақстандағы қазақтардың үлесінің азаю себебі:
A) Сібірге жер аудару нәтижесінде.
B) Ашаршылық және миграция нәтижесінде.
C) Жұқпалы аурулар нәтижесінде.
D) Ашаршылық нәтижесінде.
E) Жаппай репрессиялау нәтижесінде.
22. Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің бірінші сессиясы болған уақыт:
A) 1938 ж. 15 наурыз.
B) 1937 ж. 18 маусым.
C) 1936 ж. 5 желтоқсан.
D) 1936 ж. 20 тамыз.
E) 1938 ж. 15 шілде.
23. 20-жылдың аяғы мен 30 жылдарда қазақ әдебиетін толықтырған дарынды шығармашыл жастар:
A) М. Әуезов, С.Ерубаев, С. Сейфуллин.
B) Қ. Аманжолов, Ж. Саин, Т. Жароков.
C) М. Жұмабаев, Б. Майлин, Ғ. Мүсірепов.
D) С. Мұстафин, И. Шухов, С. Ерубаев.
E) А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С.Мұқанов.
24. 1942 ж. 1 қыркүйегінде Қазақстанда Қорғаныс комитеті құрылған қала:
A) Гурьев.
B) Орал.
C) Шымкент.
D) Петропавл.
E) Ақтөбе.
25. 1950 жылы Ембі бассейінін Мұнайлы кәсіпшілік өндірісіне қосу мұнай өндіруді соғысқа дейінгі деңгейден қанша пайызға өсірді?
A) 45 %-ға өсірді
B) 62 %-ға өсірді.
C) 20 %-ға өсірді
D) 52 %-ға өсірді
E) 30 %-ға өсірді
26. 1957 жылы салалық басқаруды жергілікті принцип бойынша қайта өзгерту барысында…
A) Мемлекеттік комитеттер құрылды.
B) Трестер құрылды .
C) Халық шаруашылық кеңестері құрылды.
D) Ведомствалар құрылды.
E) Министрліктер құрылды.
27. Халқаралық көрме мен жәрмеңкелерде қаракөл терісінен аса үздік жетістікке жеткен Жазылбек Қуанышбаев қай жердің азаматы?
A) Шығыс Қазақстан облысы
B) Павлодар облысы
C) Шымкент қаласы
D) Талдықорған облысы
E) Жамбыл облысы
28. 1990 жылы қарашаның басындағы Қазақстанда қалыптасқан саяси қоғамдық қозғалыстардың саны
A) 50
B) 90
C) 70
D) 100
E) 120
29. Қазақстан Компартиясының аты өзгертіліп, орнына келген жаңа партия:
A) "Азат" партиясы.
B) Социалистік партия.
C) Қазақстан Социал-демократиялық партиясы.
D) Қазақстан Халық Конгресі партиясы.
E) Қазақстан Республикалық партиясы.
30. Қазақстан Республикасының президенті Қазақстан ядролық қарудан еркін аймақ болатындығын мәлімдеген Лиссабон хаттамасына қол қашан қойды?
A) 1991 ж.
B) 1986 ж.
C) 1993 ж.
D) 1989 ж.
E) 1990 ж.
52-НҰСҚА
1. Қазба жұмыстары арқылы тарихи мұралар арқылы адамзаттың өткен тарихын зерттейтін ғылым
A) антропология
B) астрономия
C) этнография
D) этнология
E) археология
2. Андронов мәдениетінің тұрақтары алғаш рет ... қаласына жақын жерде табылды
A) Ачинск
B) Алматы
C) Тараз
D) Орынбор
E) Шымкент
3. Б.з.д. ІІ ғасырда үйсін тайпаларының мекендеген жері:
A) Алтай өңірі.
B) Орталық Қазақстан.
C) Іле алқабы.
D) Арал маңы.
E) Ыстық көл жотасы.
4. Қарахандықтар мемлекетінде салық жинау құқығын иемденушіні қалай атады?
A) Ақсақалдар
B) Иктадар
C) Елтебер
D) Басқақтар
E) Бұйрұқтар
5. Жетісу қалаларының негізгі халқы түркілер болғандығын не дәлелдейді?
A) Түрік қолөнер бұйымдары
B) Табылған теңгелер
C) Қалалардың түрікше аталуы
D) Түрік қару-жарағы
E) Түрік әшекейлері
6. Жібек жолы бойындағы елдердің әдебиеті мен өнері
A) Бір-біріне әсер етті
B) Қытай тәртібіне бағынды
C) Парсы тәртібіне бағынды
D) Грек тәртібіне бағынды
E) Жеке дара дамыды
7. Темучин ең жоғарғы билеуші - Шыңғыс хан болып жарияланған жыл
A) 1206 жылы
B) 1200 жылы
C) 1210 жылы
D) 1212 жылы
E) 1215 жылы
8. Қазақстан аумағында ХІІІ-ХІV ғ.ғ. халық ауыз әдебиеті мен әдебиет қай тілде дамыды?
A) Ноғай тілінде
B) Өзбек тілінде
C) Қазақ тілінде
D) Ұйғыр тілінде
E) Қыпшақ тілінде
9. Көктемде қазақтар маусымды жайылымның қай түрін пайдаланған?
A) Көктеуді.
B) Жайлауды.
C) Көктемде жайылым болмаған.
D) Күзеуді.
E) Қыстауды.
10. Орта Азиядағы орта ғасырлардағы қала мәдениетінің гүлдену кезеңі
A) ХІ-ХІІ ғ.ғ.
B) ХІІІ-ХІV ғ.ғ.
C) ІХ-ХІІІ ғ.ғ.
D) ХV-ХVІ ғ.ғ.
E) ХІV-ХV ғ.ғ.
11. Сібір редутынан Омбы бекінісіне дейінгі бекіністер шебінің аталуы:
A) Ертіс шебі.
B) Колыван шебі .
C) Пресногорьковск шебі.
D) Кузнецк шебі.
E) Горьки шебі .
12. 1822 ж. "Жарғыны" жасауға қатысқан желтоқсаншы
A) Г.Батеньков
B) А.Жемчужников
C) А.Янушкевич
D) М.Муравьев
E) В.Вольховский.
13. 1854 жылы орыстар Верный бекінісінің фундаментін қалады, ол қазіргі:
A) Талғар.
B) Қарасай.
C) Медеу.
D) Алматы.
E) Шымбұлақ.
14. Отарлау әкімшілік үшін тілмаштар дайындаған ''Азия училищесінің'' ашылған жылы.
A) 1789 жыл.
B) 1788 жыл.
C) 1787 жыл.
D) 1791 жыл.
E) 1790 жыл.
15. Омбы темір жолшыларының ереуілі болған жыл.
A) 1849ж.
B) 1888ж.
C) 1899ж.
D) 1892ж.
E) 1889ж.
16. Ташкентте мұғалімдер даярлайтын институттың ашылған жылы:
A) 1869ж.
B) 1891ж.
C) 1879ж.
D) 1872ж.
E) 1880ж.
17. Халық дастандарын ел арасында шеберлікпен насихаттаған ұлы ақындардың бірі болған кім?
A) С. Сейфуллин.
B) С.Торайғыров.
C) М.Дулатұлы.
D) Н.Байғанин.
E) Ш.Құдайбердіұлы.
18. 1916 жылғы көтерілісшілерге Ж.Мәмбетов пен Ұ.Саурықов басшылық жасаған жер.
A) Жаркент уезі.
B) Құрғат болысы.
C) Торғай облысы.
D) Лепсі уезі.
E) Қарқара аймағы.
19. 1918 жылғы жазда Орынборды басып алған атаман.
A) Г.Семенов.
B) А.Дутов.
C) Г.Григорьев.
D) В.Толстов.
E) И.Калмыков.
20. Қазақстандағы стахановтық қозғалыстың ізбасарын атаңыз.
A) О. Жандосов.
B) Т. Күзембаев.
C) С. Сәдуақасов.
D) Т. Қазыбеков.
E) Д. Омаров.
21. 1939 жылы Шымкент қорғасын зауыты марапатталған орден түрі:
A) Даңқ.
B) Құрмет белгісі.
C) Ленин.
D) Октябрь Революциясы.
E) Қызыл Ту.
22. 1931 ж. көктемінен бастап жалпыға бірдей оқу енгізілген Қазақстан аудандары:
A) Отырықшы аудандар.
B) Көшпенді халқы бар аудандар.
C) Жартылай отырықшы аудандар.
D) Жартылай көшпенді аудандар.
E) Көшпенді-отырықшы аудандар.
23. "Майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан менің өзімді жіберуді өтінем" деген хат жолының иесі:
A) Ә. Молағұлова.
B) Б. Доспаев.
C) М. Рогозин.
D) П. Ангелина.
E) М. Маметова.
24. КСРО-да Халық шаруашылығын қалпына келтіру және дамыту бесжылдық жоспары туралы заң қашан қабылданды?
A) 1948 ж.
B) 1946 ж.
C) 1945 ж.
D) 1947 ж.
E) 1949 ж.
25. 1960 жылға таман Қазақстан Одақ бойынша өнім өндіруде нешінші орында болды?
A) Бірінші.
B) Жетінші.
C) Бесінші.
D) Үшінші.
E) Тоғызыншы.
26. Ғылым дамуындағы революциялық дүр сілкінудің символы.
A) Маңғыстауда мұнай-кен орындарын игеру.
B) Атом қуатымен су тұщытатын қондырғы орнатылуы.
C) Тың игеру.
D) Байқоңыр космодромынан Ю.Гагариннің ғарышқа қанат қағуы.
E) Семей полигонындағы ядролық сынақ.
27. Семей ядролық полигоны қандай облыстардың шектескен жерінде?
A) Семей, Қарағанды, Шығыс Қазақстан.
B) Семей, Қарағанды, Жетісу.
C) Семей, Шығыс Қазақстан, Қарағанды.
D) Семей, Павлодар, Қарағанды.
E) Семей, Павлодар, Ақмола.
28. Қазақстанда 1990 жылы шілдеде құрылған "Азат" азаматтық қозғалысының алдына қойған күресінің мақсаты
A) Заңдылықты сақтау
B) Адам құқығы
C) Экономикалық өзекті мәселерді игеру
D) Прогрессивті экономикалық реформалар жүргізу
E) Мемлекеттік егемендікті алу
29. Қазақстан Республикасының жаңа Әнұранының мәтіні қашан қабылданды?
A) 1992 ж. қараша.
B) 1992 ж. желтоқсан.
C) 1992 ж. қазан.
D) 1992 ж. тамыз.
E) 1992 ж. маусым.
30. 1993 жылдың соңына қарай Республикадағы қоғамдық-саяси
ұйымдар саны:
A) 500 ден асты.
B) 100 ден асты.
C) 400 ден асты.
D) 300 ден асты.
E) 200 ден асты.
53-НҰСҚА
1. Өнімді еңбектің пайда болуы ғылымда қалай аталады?
A) Өндіріс төңкерісі
B) Еңбек төңкерісі
C) Палеолит төңкерісі
D) Неолит төңкерісі
E) Техникалық төңкеріс
2. От құдайы Агнияға арнап құрбандыққа шалынған мал:
A) Ешкі.
B) Жылқы.
C) Қой.
D) Бұқа.
E) Сиыр.
3. Б.з-дан бұрынғы 1мыңжылдықтың басында Қазақстанның орталық, cолтүстік және шығыс аймақтарды мекендеген тайпалар бұрынғыдан да сапалырақ тапқан жаңа шаруашылықтың негізі:
A) отырықшы мал шаруашылығы.
B) отырықшы шаруашылық.
C) жартылай отырықшы шаруашылық.
D) көшпелі мал шаруашылығы.
E) жартылай көшпелі мал шаруашылығы.
4. "Яғбү" сөзінің мағынасы.
A) Оғыз қаласының аты.
B) Оғыздардағы жетекші тайпа.
C) Оғыз билеушісінің титулы.
D) Оғыз дін басыларының титулы.
E) Оғыз мемлекетінің негізін қалаған адам.
5. Түрік руна ескерткіштері ішінде кімнің құрметіне жазылған тастағы жазулар ең ірісі болып табылады?
A) Бұмын қаған мен Естеми
B) Білге қаған мен Күлтегін
C) Үш-Елік қаған мен Сақал қаған
D) Қасым хан мен Жәнібек хан
E) Мұқан қаған мен Сұлу қаған
6. Сырдария өзені жағалауында монғолдарға өте қатты қарсылық көрсеткен қала:
A) Сығанақ
B) Өзгент
C) Жент
D) Түркістан
E) Янгикент
7. Малдың қар астынан тамақ табу тәсілі:
A) Қыстау.
B) Тебіндеу.
C) Барымта.
D) Тамақтану.
E) Тебен.
8. Шығыстағы қазақ жерінен айрылып қалудың қаупі қай жылы жоңғар мемлекетінің құрылуына әкеп соқты?
A) 1655 ж.
B) 1615 ж.
C) 1635 ж.
D) 1610 ж.
E) 1645 ж.
9. Егіншіліктің дәстүрлі ошағы:
A) Солтүстік Қазақстан.
B) Солтүстік-Батыс Қазақстан.
C) Шығыс Қазақстан.
D) Батыс Қазақстан.
E) Оңтүстік Қазақстан.
10. ''Сібір қазақтарының жарғысы'' туралы ереже бойынша Орта жүз аймақтарының әкімшілік бірлікке бөлінуі.
A) аймақ, болыс.
B) округ, ауыл, болыс.
C) ауыл, облыс, губерния.
D) қыстақ, округ, қышлақ.
E) кантон, аудан, уездер.
11. Сібір қазақтары туралы Ереже бойынша болысқа қанша ауыл кірді?
A) 10-12 ауыл.
B) 5-7 ауыл.
C) 14-16 ауыл.
D) 15-18 ауыл.
E) 18-20 ауыл.
12. XІX ғ. І жартысында Ресей патшасының Орта және Кіші жүз территориясында күшеюінің белгілері:
A) қазақ-орыс мектебінің ашылуы.
B) денсаулықты дамыту.
C) шептер мен форпостардың көптеп салынуы.
D) әскери қазақтардың отарлауының күшеюі.
E) товар-ақша қатынастарының енуі.
13. XІX ғ. аяғында Ресейдің мемлекеттік банктерінің бөлімшелері Қазақстанның қай қалаларында ашылды?
A) Әулие атада, Перовскіде.
B) Ақмешітте, Қазалыда.
C) Семейде, Петропавлда.
D) Ақсуда, Павлодарда.
E) Оралда, Орынборда.
14. 1870 жылы Маңғыстаудағы көтеріліске қай ру қатысты?
A) Тама.
B) Төртқара.
C) Қыпшақ.
D) Адай.
E) Шөмекей.
15. Шоқанмен саяхаттардың кейбір маршруттарында бірге болған көрнекті ғалым, географ:
A) П. Семенов-Тян-Шанский.
B) Ф. Костылецкий.
C) С. Сотников.
D) С.Ф. Дуров.
E) Г. Потанин.
16. "Қазақ" апталық газетінің 1913 жылдан бастап 1917 жылдың қыркүйек айына дейінгі редакторы:
A) М. Тынышпаев.
B) А. Байтұрсынов.
C) Б. Қаратаев.
D) Ш. Құдайбердиев.
E) Ж. Аймауытов.
17. А.Имановтың отрядтарында әскери дайындық мәселесімен айналысқандар.
A) Әскери кеңес.
B) А.Иманов.
C) А.Иманов пен Ә.Жангелдин.
D) Әскери дайындық жүргізілмеді.
E) Жауынгерлердің өздері.
18. " Оян, қазақ!" жыр жинағының авторы:
A) А. Байтұрсынов.
B) М. Жұмабаев.
C) Ә. Бөкейханов.
D) М. Тынышпаев.
E) М. Дулатов.
19. Азамат соғысының бас кезінде ұлттық әскери құрамалардың деңгейі неден аспау керек еді?
A) Роталық звенодан
B) Бригададан
C) Полктен
D) Взводтан
E) Батальоннан
20. ҚазАССР-нің екінші астанасы:
A) Орынбор.
B) Семей.
C) Алматы.
D) Қызылорда.
E) Омбы.
21. Индустрияландыруды жүргізуде Ф. Голощекиннің саясатына қарсы оппозициясы (қарсыласы) басшыларының бірі:
A) И.Құрамысов.
B) А.Иманов.
C) С.Сәдуақасов.
D) А.Андреев.
E) В.Ленин.
22. Соғыс алдында жедел қарқынмен игеру науқаны жүргізілген аудан:
A) Сарыарқа.
B) Бетпақдала.
C) Қызылқұм.
D) Мойынқұм.
E) Қарақұм.
23. 1935 ж. 5 қазанда Ресейдің Соловки лагерінде қайтыс болған Алаш ардагерінің бірі:
A) М.Жұмабаев.
B) Ә.Бөкейханов.
C) Ж.Аймауытов.
D) М.Дулатов.
E) А.Байтұрсынов.
24. 1942 жылы Қ.Сәтбаевқа қандай еңбегі үшін Мемлекеттік сыйлық берілді?
A) КазКСР Ғылым Академиясының басшысы болғаны үшін.
B) Жаңа қару түрін тапқаны үшін.
C) Майданға мол ақшалай көмек көрсеткені үшін.
D) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс.
E) Жезқазған мыс кен орындарына сіңірген көп жылдық еңбегі үшін.
25. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Кеңес Одағының адам шығыны.
A) 15 миллион адам.
B) 30 миллион адам.
C) 25 миллион адам.
D) 20 миллион адам.
E) 27 миллион адам.
26. Тың жерлер үшін егістіктің тиімді жүйесі, жаппай игеру басталғаннан кейін неше жылдан соң құрылды?
A) 15 жыл өткенде құрылды
B) 20 жыл өткенде құрылды
C) 5 жыл өткенде құрылды
D) 10 жыл өткенде құрылды
E) 25 жыл өткенде құрылды
27. Әлемде тұңғыш атом қуатымен су тұщытатын қондырғы Қазақстанның қай жерінде орналастырылды?
A) Зайсан көлінде
B) Арал теңізі жағасында
C) Балхаш көлінде
D) Каспий теңізі жағасында
E) Алакөл көлінде
28. 1970 жылдары Қазақстан жерінде құрылған ірі территориялық өндірістік комплекс:
A) Петропавл
B) Жетіген
C) Маңғыстау
D) Көкшетау
E) Жамбыл
29. ХХ ғ.-ң 90-шы жылдары Қазақстанда жүмыс істеген кәсіптік театрлар:
A) 42
B) 38
C) 52
D) 30
E) 48
30. Президент Н. Назарбаевтың құзыретін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзарту шешімін қабылдаған:
A) Жоғары Кеңес.
B) Жоғары Сот.
C) Конституциялық кеңес.
D) Парламент депутаттарының дауыс беру нәтижесі.
E) Республикалық референдум нәтижесі.
54-НҰСҚА
1. Оңтүстік Қазақстаннан тас ғасыры адамының тұрақтарын тапқан археолог
A) К.М. Байпақов
B) Қ. Ақышев
C) Х.А. Алпысбаев
D) Ә.Х. Марғұлан
E) Е.Б. Бекмаханов
2. Жартылай және жартылай көшпелі мал шаруашылығына көшуге байланысты ... саны азайды
Достарыңызбен бөлісу: |