Қазақстан тарихы



Дата04.07.2016
өлшемі119.48 Kb.
#178508
Қазақстан тарихы
Дулатбеков, Н. Алаш ардақтылары: Санкт-Петербург іздері. - Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2013. - 240 бет.

Кітапқа заң ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА корреспондент-мүшесі Н. Дулатбековтің ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында Санкт-Петербург университетінде білім алған бір топ Алаш ардақтыларының өмірі мен қайраткерлеріне қатысты біраз жылдардан бері тұрақты зерттеп, жазып, жариялап келе жатқан мақалалары топтастырылған. Кітап көпшілік қауымға арналған.

Салғараұлы, Қ. Ұлы Дала. - Астана: Фолиант, 2013. - 520 бет.

Көне дұние тарихының білгірі, жазушы-ғалым Қойшығара Салғараұлының «Ұлы Дала» атты жаңа кітабы ежелгі және ортағасырлық далалық империялардың тартысты да талайлы тарихының жаңаша көзқараспен жазылуымен құнды. Туынды терең пайымдаулар мен байыпты да батыл әрі тосын тұжырымдарымен ерекшеленеді. Есте жоқ ерте замандағы ата-баба тарихының қалтарыс-бұлтарыс тұстарын сүзе қараған автор еңбегінің тілі жеңіл, көркем.

Кітап Ұлы Дала аталған ұлан-ғайыр кеңістікте өмір сүрген байырғы қағанаттар мен ұлыстардың тарихына қызығушы барша оқырманға арналған.

Сақ, Қ. Алаш мұрасы./ Қ. Сақ. - Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2014. - 288 бет. Елдік мүддені ту етіп көтерген Алаш зиялыларының жанкешті еңбектері мұрағат материалдары негізінде тарих қойнауынан аршып алынады және бүгінгі күнмен сабақтастырыла қарастырылып, өміршеңдік мән-маңызы айшықталады.

Көпшіліктің қолы жете бермейтін соны мәліметтер, тың толғам, талдауларға кұрылған еңбек гуманитарлық сала ғалымдарына, еліміз жоғары оқу орындары журналистика факультеттері мен бөлімдерінің профессор-оқытушыларына, студенттерге, сондай-ақ ұлт руханиятын қастерлейтін жалпы оқырманға арналады.

Қазақ баспасөзінің фотошежірешілері / құраст. А. Әбдірайым. Фотоальбом (қазақ тілінде) – Алматы: «Өнер 21-ғасыр» қоғамдық қоры, 2013.-240 б.

Бұл фотоальбом Қазақстанның 1930-2000 жылдар аралығындағы тыныс-тіршілігін, ұлттық салт-дәстүрін, соғыс және еңбек ерлерін, әр саладағы белгілі тұлғалардың бейнелерін мәңгілік тарихта қалдырған, баспасөз арқылы халыққа танытқан, ел сүйіспеншілігіне бөленген ардагер фотошежірешілер еңбегіне арналып отыр. Фотоальбом осы салада қызмет етіп жүрген мамандарға, зерттеушілерге, студенттерге және фотографияға қызығушылық танытатын әрбір оқырманға арналған.



Саясат.
Қазақстан даму стратегиясы – Стратегия развития Казахстана – Kazakhstan development strategy / Алматы: «Золотая книга». – 288 б. (үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын)

Қазақстан Респубилкасының даму стратегиясы. Қазақстан Республикасы Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдаулары. «Қазақстан – 2030» стратегиясы – «Қазақстан-2050» стратегиясы.

Кітап барлық оқырмандарға арналған.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері. Тәуелсіздік нышандары. - Алматы: «Тау Кайнар» ТЖО баспасы, 2015. – 324б. Көркем безендірілген фотокітап Мемлекеттік рәміздер мен Тәуелсіздік нышандарына арналған. Көпшілік оқырманға ұсынылады.


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Қызмет хроникасы. 2013 жыл. — Астана: Деловой Мир Астана, 2014. — 312 б.

Бұл кітап «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Қызмет хроникасы» сериясы бойынша шығарылып отырған кезекті басылым болып табылады.

Кітапта 2013 жылы елімізде және шетелдерде Мемлекет басшысының қатысуымен өткізілген басты іс-шаралар жайында баяндалған, сонымен қатар осы кезеңде Н. Ә. Назарбаевтың сөйлеген толыққанды сөздерінің мәтіндері, 2013 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының маңызы зор заңдары мен Президент жарлықтарының тізбесі ұсынылған, түрлі анықтамалық ақпараттар келтірілген. Сондай-ақ, кітаптың компакт-дискідегі мультимедиялық нұсқасы ұсынылған.



Назарбаев, Н. Ақыл-парасат кітабы / құраст: Қасымбеков М, Молдағаринов А., Әлімқұлов Қ., Әлібеков Ә. – Алматы: «Халықаралық Абай клубы», 2015.- 276 б.

Басылым көпшілік оқырманға арналған.

Назарбаев, Н.Ә. Мәңгілік ел. Ғасырға бергісіз жылдар/ Н.Ә. Назарбаев — Астана: Деловой Мир Астана, 2014. — 368 б.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік ел. Ғасырға бергісіз жылдар» атты жаңа кітабы Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне арналған.

Әрбір бөлімінде мемлекет пен қоғамның: экономиканың, әлеуметтік саланың, ішкі және сыртқы саясаттың табысты дамуы туралы сөз қозғалады. Тәуелсіздік алған сәттен бастап бүгінге дейінгі статистикалық мәліметтер заманауи инфографика жанрында ұсынылған.

Бұл - Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында жүріп өткен Ұлы өзгерістер жолы жан-жақты қамтылған тұңғыш кітап.

Кітап қалың оқырман қауымға арналған.


Жалпы қарулы күштер.

Иманасова, Ж.С. Әскери құрылымдарда іс жүргізу. - Алматы: РПБК«Дәуір», 2014 ж.- 344 6.

Кітап мемлекеттік органдардағы басқару-реттеу, азаматтық қарым-қатынастарды рәсімдеу, нормативті-құқықтық актілерді дайындау кезіндегі кұжаттардың мемлекеттік тілде дұрыс толтырылуына ықпал ететін тілдік-стильдік құрылымды қамтыған.

Әскери құрылымдарда іс жүргізу құралы әскери қызметшілерге, әскер саласында қызмет атқарып жүрген мамандарға, әскери оқу орындарының мұғалімдеріне, студенттеріне, қалың оқырман қауымға арналған.


Спорт.

Винокуров, А. Менің алтын мансабым. 1998—2012. Моя золотая карьера. 1998—2012: Фотоальбом. — Алматы: Раритет, 2013. — 200 б.

Қолдарыңызға алған фотосуреттермен деректелген осы кітаптан Сіз Александрдың кәсіби спорттағы баянды өмірімен жақынырақ танысып, мәлімет аласыз, ой түйесіз. Александрдың бойындағы жеңіске деген құлшыныс әлі де сол қалпында, өйткені тарих бетінде тек таңдаулылар қалады. Ендеше Винокуровтың жеңіс шырағы да МӘҢГІ деген сөз.

Эта документальная книга, глава за главой, расскажет и покажет, благодаря фотографиям, историю славного спортивного пути выдающегося казахстанского велогонщика Александра Винокурова. Каждая его победа вписана в историю мирового спорта благодаря силе его духа, терпению и бесконечному трудолюбию.


Тіл білімі.
Сайрамбаев, Т. Қазақ тіл білімінің мәселелері / Құраст.: ф.ғ.д. Ғ. Әнес және К. Шаймерденова. - Алматы: «Абзал-Ай» баспасы, 2014. - 640 бет.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Талғат Сайрамбаев (1937-2009) қазақ тіл білімі синтаксисінің өзекті саласы - сөз тіркесінің қалыптасу кезеңдері, даму тарихы және тілдік қолданыстағы өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты зерттеген бірден-бір жетекші ғалым. Оның еңбектерінде сөз тіркестерінің түрлері, байланысу тәсілдері, сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен үйлесімді тіркес құрау заңдылықтары баяндалады. Сондай-ақ орыс тіл білімі мен түркітану синтаксис мамандарының осы мәселеге қатысты пікірлері, оның қазақ тіл біліміндегі сөз тіркесіне ықпалды тұстары талданып көрсетіледі.

Қазақ тіліндегі сөз тіркесі саласы бойынша кез келген сұраққа жауап табуға болатын зерттеуші еңбегі тілші ғалымдарға, тіл үйретуші мамандарға және көпшілік тіл жанашырларына арналады.

Әдебиеттану.
Досбай, Ж. Қалижан Бекхожин поэмаларының поэтикасы. — Алматы: Мектеп, 2013. — 224 б., сур.

Қазақ өдебиеті тарихында поэма жанрын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан, қырыққа жуық поэма жазған эпик ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Халық ақыны Қалижан Нұрқожаұлы Бекхожиннің шығармашылығы бүгінгі күн тұрғысынан қайта бағаланған бұл зерттеу еңбегі екі негізгі бөлімнен тұрады.

Еңбек ақын Қ. Бекхожиннің (1913—1990) 100 жылдық мерейтойына орай ұсынылып отыр.

Кітап әдебиет, тіл, мәдениет, тарих, этнопедагогика, философия, саясат және т.б. қоғамдық-гуманитарлық сала мамандарына және руханият мәселесіне бей-жай қарамайтын көпшілік қауымға арналған.


Көркем әдебиет.

Доспанбетов, Ұ. Асылдың сынығы / Ұзақбай Доспанбетов - Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2014 - 320 бет.

Белгілі жазушы Ұзақбай Доспанбетовтың «Асылдың сынығы» атты жаңа жинағына соңғы жылдары жазылған «Бақ пен сор» деген көлемді повесі, әңгімелері, пьесалары енгізіліп отыр. Кітаптың тілі өте бай, көтерген мәселелері сан алуан, қалың оқырманның көңілінен шығатыны күмәнсіз.


Нарманбет Орманбетұлы. Құраст.: Аманкелді Туғанбай / Шығармалар жинағы. 1-том. - Алматы: ҚазАқпарат, 2013. -380 бет.

Көрнекті ақын, Алаш түлғасы Нарманбет Орманбетұлы (1859-1918) шыгармаларының 1-томына өлеңдері және өмірбаяны мен мұрасын жан-жақты түсіндіретін, толықтыратын түрлі жазбалар еніп отыр.

Кітап ұлт руханиятына ынтызар жалпы қауымға арналған.


Оразалин Нұрлан Мырқасымұлы. Иесі - халық, киесі - елдің рухы: (баяндамалар, сухбаттар) /Нурлан Оразалин. - Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2014. - 408 6.

Қолдарыңыздағы жинаққа соңғы жылдар ішінде Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы ұйымдастырған құрылтайлар мен пленумдарда, әртүрлі әдеби іс-шараларда Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Нұрлан Оразалиннің жасаған баяндамалары мен сөйлеген сөздері, түрлі басылымдарға берген сұхбаттары топтастырылған.

Қазақстан Жазушылар одағының 80 жылдық мерейтойына орайластыра жарық көрген бұл кітап қаламгерлер мен әдебиет жанашырларына, сондай-ақ оқырман қауымға арналады.



Отарбаев, Р. Айна-ғұмыр. Пьесалар. - Астана: Фолиант, 2013. -512 6.

Рахымжан Отарбаевтың бұл кітабына пьесалары топтастырылған. Тарихтағы табандылық пен тамырдағы тектілікті ұштастыра отырып, адам мен қоғам, тұлға мен тобыр тартысқан замана шындығын бүкпесіз суреттеген автордың әр туындыдағы айтар ойын ойлы оқырман өзі саралар. Талғамы биік көпшіліктің көңілінен шығары талассыз.

Рамазан, Д. Абылай ханның арманы. Пъесалар, аудармалар, жалжазбалар. - Астана: Фолиант, 2014. — 320 бет.

Белгілі жазушы-драматург, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Думан Рамазанның бұл жаңа жинағына пьесалары мен аудармалары, әдеби сын мақалалары мен жолжазбалары топтастырылған.

Қарымды қаламгердің «Абылай ханның арманы», «Кенесары - Күнімжан», «Бала Қазыбек» сынды пьесалары, Харуки Мураками, Уильям Сароян, Әзиз Несин, Марио Варгас Льоса, Леонид Владимирский секілді әлемге әйгілі көркемсөз шеберлерінен жасаған аудармалары, Ғалым Жайлыбай, Маралтай Райымбекұлы тәрізді айтулы ақындар жөніндегі әдеби мақалалары мен Моңғолия және Ресейдегі қандас ағайындар өмірінен сыр шертетін жолсапар жазбалары айтар ойының айшықтығымен, теңіздей телегей мән-мазмұнымен, ішіне бүккен құпия-сырымен һәм самалдай ескен жаңашылдығымен ерекшеленеді. Аталмыш шығармалар оқырман қауымның таным-түсінігі мен ой-өрісін өсіріп, көңіл көкжиегін кеңейте түсері анық.





Сара саңлақ/ Құраст. Ш. Бейсенова-Әшімбаева. - Алматы: Жазушы, 2014. - 432 + 16 бет фотожапсырма.

Қазақ мәдениеті тарихында өшпестей аты қалған, ұлттық өнеріміздің көрнекті тұлғаларының бірі Сара Тастанбекқызының мұрасы бүгінгі ұрпақ үшін қымбат рухани қазынаға айналды. Ақын Сара есімі сөз сайысында бақ сынасқан өнерпаздардың пір тұтары болып жүргені де ақиқат. Бұл жинаққа ақын Сараның өлеңдері мен айтыстары, сондай-ақ өнерпаз қыздың өнері мен өмір жолын арқау еткен мақалалар, естелік әңгімелер, ақын өнеріне бас иген кейінгі толқын ақындардың өлең-жырлары, қаламгерлердің туындылары топтастырылды.

Кітап қалың оқырманға арналған.

Стамбекұлы, Д. Бір тамшы ғұмыр. Өлеңдер. — Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2014. - 240 6.

Дәуітәлі Стамбекұлының «Бір тамшы ғұмыр» атты таңдамалы кітабына жырлары мен «Өлең-өмір» атты поэма-элегиясы кіргізіліп отыр. Ақын шығармаларында туған елге деген құрмет, адам-қоғам-заман үштігінің қыры мен сыры сипатталып, оқырманның тосын шешім жасауына, өзінше түйін тұжыруына мүмкіндік ұсынады. Қазақ оқырмандарының, уақыттың бүгінгі талабына сай жазылған жырлар топтастырылған кітаптың жарық көруін қолдаймыз.


Төлебаев, М. Қазақ халық аспаптар оркестріне лайықталған шығармалары. / құраст: Ә. Д. Алпысбаева, М. Е. Егінбаев. - Алматы: "Алматы-Болашақ" АҚ, 2014. 1-кітап. - 200 бет. Жинақты баспаға ұсынған: Д. Ғ. Төлебаева.

Бұл кітап, Қазақстан Республикасындағы бүгінгі таңда жұмыс істейтін мемлекет тарапынан құрылған 18 кәсіптік және 60-қа жуық әуесқой халық аспаптар оркестрлерінің репертуарларына пайдалану мақсатында ұсынылып отыр.

Беріліп отырған Мұқан Төлебаевтың шығармалары халық аспаптар ансамбльдерінің қолдануларына, арнаулы оқу орындарының музыка мамандарына, дирижерларға, жалпы әнсүйер қауымға арналған.


Өнер

Қазақ әндері. / Құраст. М. Ілиясов. - Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.- 380 бет. Әнқұмар қауымға ұсынылып отырған бұл жинақтың 1 томына кең тараған халық әндері енгізілді. Кітап көпшілік ән сүйер қауымға арналған.
Энциклопедиялар.

АБЫЛАЙ ХАН. Энциклопедия. / Бас. ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013. - 656 бет + 32 бет түрлі түсті суретті жапсырма.

Энциклопедия 18 ғасырда ғұмыр кешкен ұлы хан, дарынды әскери қолбасшы, кемеңгер мәмілегер Абылай ханның қазақ халқының басынан өткен зор-зобалаң замандағы казақтың елдігін сақтап қалудағы тарихи рөлі және ұлтты ұйыстырып, біріктіру мақсаты жолында өзінің бүкіл күш-жігері мен ақыл-парасатын сарп еткен саяси қайраткерлік әрі мемлекеттік істеріне арналған. Қазақ халқының тәуелсіздігі жолында Абылай ханның ұстанған өмірлік мақсат-мұраты жолында күрес жүргізген ілгері-кейінді ел басылары, каһарман ерлер жэне ханның өмірі мен еңбегі жайында қалам тартқан ақындар мен жазушылар, ғалымдар мен зерттеушілер, сондай-ақ Абылай ханнан кейінгі ұрпаққа мұра болып қалған жер-су аттары, т.б. қамтылған.


Жануарлар әлемі. Энциклопедия / Қазақ тіліне аударған Д. Алипбаева. - Астана: «Фолиант» баспасы, 2014. - 160 б. - «Балалар энциклопедиясы» сериясы.

«Жануарлар әлемі» энциклопедиясы жасөспірімдер үшін өте қызықты жөне танымдық жағынан пайдалы басылымдардың бірі болмақ. Мұнда жан-жануарлар мен құстардың сан түрі, мекендейтін ортасы, тіршілік әрекеті туралы жан-жақты мәліметтер берілген. Олардың жойылып кету себептері де баяндалған. Кітап оқырмандарды қызықтырып қана қоймай, қоршаған табиғатты, жануарлар мен құстарды қорғаудың қажеттігін түсіндіреді.

Кітап орта буын жөне жоғары сынып оқушыларына, ата-аналарға, мұғалімдерге және жануарлар әлеміне қызығушылығы бар оқырмандарға арналған.







Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.- 2-том. - 616 бет. «Қазақстан ғалымдары» энциклопедиялық анықтамалығының 2-томында Қазақстанда дүниеге келген, осы жерде ғылыми еңбек атқарған, қазақ ғылымының басында тұрған тұлғалар, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшелері және аса көрнекті ғалымдар, ғылым докторлары, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, белгілі ғылыми мекемелердің басшылары, қазіргі замандағы ғылыми ортаға өзіндік тың жаңалығымен әйгілі тұлғалар, т.б. ғалымдар туралы деректер энциклопедиялық тәртіппен, әліпби бойынша берілген. Бұл басылым Қазақстан ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдардың өмірі мен ғылыми бағыты және толымды табыстары туралы білгісі келетін қалың оқырманға арналады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет