Қазақстан-венгр экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 1-ші отырысына



Дата08.07.2016
өлшемі140.06 Kb.
#185835

Қазақстан-венгр экономикалық ынтымақтастық

жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 1-ші отырысына

Хаттама




2008 жылдың 27 қарашада Астана қаласында Қазақстан-венгр экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) 1-ші отырысы өтті.

Комиссияның Қазақстан бөлігіне Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі – Бақыт СҰЛТАНОВ мырза басшылық етті.

Комиссияның Венгрия бөлігіне Венгрия Республикасының Қаржы министрі – Янош ВЕРЕШ мырза басшылық етті.

Комиссия 2007 жылғы қарашадағы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы НАЗАРБАЕВтың Венгрия Республикасына арнайы іс-сапары екі жақты қарым-қатынас серпінінде жағымды үрдістерді бекітуге және Қазақстан Венгрияның Орталық Азия өңіріндегі негізгі экономикалық серіктесі болатынын дәлелдеуге мүмкіндік берді. Тараптар осы сапар сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге және кеңейтуге, венгрия іскерлік және қоғамдастық ортасының Қазақстан туралы пікірлерін шетел инвесторлары үшін ашық жаңа серпінді дамып отырған нарық ретінде қалыптастыруға ықпал еткендігін айқындады.

Делегацияның құрамы қоса берілді (№ 1-қосымша).

Бекітілген күн тәртібіне сәйкес (№ 2-қосымша) іске асыруда отырыста мынадай мәселелер қарастырылды:
І. Қазақстан-венгр экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссия
Тараптар 2008 жылы 20 маусымда Будапешт қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Венгрия Республикасының Үкіметі арасындағы Экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің 4-бабына сәйкес Қазақстан-венгер экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясын құрды.

Тараптар Комиссия отырыстарының аралығындағы кезеңде ұлттық бөліктердің хатшылары бірлескен міндеттердің орындалу барысын тексеру үшін тікелей жұмыс байланысын орнатуларын белгілеу қажет деп санайды.

Комиссияның пленарлық отырысында бекітілген күн тәртібінің тармақтары бойынша мынадай шешімдер мен ұсыныстар қабылданды.
II. Қазақстан Республикасы мен Венгрия Республикасының экономикалық дамуы туралы
Тараптар екі елдің экономикалық жағдайы туралы Комиссияның тең төрағаларының ақпараттарын тыңдады және мемлекеттердің экономикалық ахуалы туралы және экономикалық реформаларды жүргізуі туралы ақпараттармен тұрақты алмасып тұратынын шешті.

Тараптар елдер арасындағы тауар айналымының серпінін атап өтті.

Тараптар 2007 жылы қазақстан-венгр тауар айналымының серпіні бұрынғыша серпінді дамып отырғанын атап өтті.

Тараптар елдер арасындағы сауда айналым динамикасын атап көрсетті.

ҚР кедендік статистикасына сәйкес 2008 жылдың 9 айы ішінде Қазақстан мен Венгрия арасындағы тауар айналымының көлемі 211,7 млн. АҚШ долларын құрады және 2007 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ($133,4 млн.) 58,7 %-ға ұлғайды.

Венгрия статистикасының мәліметтері бойынша 2007 жылы қазақстан-венгр тауар айналымының көлемі 2006 жылмен салыстырғанда 64%-ға ұлғайды және 350 млн. АҚШ долларынан асты. 2008 жылдың тауар айналымы едәуір серпінмен сипатталады. Қаңтар-тамыз кезеңінде тауар айналымының көлемі 67%-ға ұлғайды және 370 млн. АҚШ долларына жетті.

Комиссия өзара инвестициялар Венгрия мен Қазақстан арасындағы сауданың кеңеюіне ықпал еткендігін атап өтті. Тараптар өзара инвестицияларды, сондай-ақ оған байланысты шешімдердің айқындығы мен ашықтығын ынталандыратындығын мәлімдеді.

Сонымен қатар, қазақстан тауарларын экспорттауда Венгрия Республикасында 2008 жылы 9 айдың ішінде $96,3 млн. құрады және 2007 жылғы кезеңдегі ұқсастықпен салыстырғанда ($48,6 млн.) 2 есеге өсті.

1993 жылдан бастап 2008 жылдың 1 жарты жылдығы кезеңінде Венгриядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 42 млн. АҚШ долларын құрады.

2008 жылғы 1 шілдедегі жағдайы бойынша Қазақстанда венгриялық капиталдардың қатысуымен 6 біріккен кәсіпорын жұмыс істеді.

Кәсіпорындар негізінен сауда және құрылыс салаларында айналысты.
III. Қазақстан мен Венгрия ынтымақтастығының маңызды аспектілері

3.1 Екі жақты ынтымақтастықтың шарт-құқықтық базасын дамыту
Тараптар Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің Венгрия Республикасына жұмыс сапары шеңберінде Венгрия Республикасының Қаржы министрі Вереш Яношпен бірге жаңа Экономикалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол койылу фактісін қанағаттана атап өтті.

Қазақстан тарапы салық салу бойынша мәселесі ақпарат алмасу туралы ведомствоаралық меморандум жасау мүмкіндігін қарауды ұсынды. Тараптар осы салада меморандум әзірлеуді сарапшыларға ұсынды.

Тараптар 1997 жылы 1 қаңтарда күшіне енген Қазақстан Республикасы мен Венгрия Республикасының арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігін қарауға дайындықтарын білдірді.

Тараптар 1994 жылы 30 наурызда Алматы қаласында бекітілген Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi мен Венгрия Республикасының Өнеркәсіп және сауда министрлігі арасындағы Туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын келісу процесін тездетуді ұсынды.


3.2 Өнеркәсіп, инновация, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ ғылым саласындағы ынтымақтастық
Тараптар өзара тиімді ынтымақтастық орнату мақсатында екі елдің индустриялық-инновациялық инфрақұрылымын дамытуға келісті.

Қазақстан тарабы Қазақстанда әр түрлі арнайы экономикалық және индустриялық аймақ құрылғандығы туралы хабардар етті.

Тараптар Қазақстандағы индустриялық аймақтар мен арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарына инвестициялық жобаларды тартуға жәрдемдесуге келісті.

Венгрия тарабы ақпараттық технологиялар, «электронды үкіметтік әкімшілік» дамыту саласында кәсіпорындарды дамытуда, инновациялық процестерді басқару саласында мамандар даярлауда жинақталған тәжірибесі туралы хабардар етті.

Қазақстан тарабы шағын және орта ғылымды қажет ететін кәсіпорындарды дамытудағы венгр тәжрибесін зерделеуге, венгр инвестициялары мен технологияларын тартуға, «Қазына-Самұрық» ұлттық әл-ауқат қорының активтерін пайдалана отырып, қайта өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды бірігіп іске асыруға, сондай-ақ ғылыми-технологиялық дамытудың басымды бағыттары: ақпараттық және ғарыш технологиялары, нанотехнологиялар және жаңа материалдар, биотехнологиялар, жаңартылатын энергетикалық технологиялар, көмірсутек және тау металлургияларының секторы, «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ-ы мен Қазақстандағы басқа ғылыми ұйымдар әлеуетін пайдалана отырып, оларға байланысты сервис салаларына қызығушылықтарын білдірді.

Тараптар кәсіпкерлік қызметті реттеу және шағын және орта бизнесті қолдау саласында тәжірибе алмасуға мүдделіліктерін білдірді.

Тараптар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қаржы-кредиттік қолдау жүйесі туралы ақпарат беру мүмкіндігін талқылады.

Тараптар шағын және орта бизнесті реттеу мен қолдауда жауапты мемлекеттік органдар арасында дамыту және тығыз байланыты бекіту тиісінше атап көрсетті.

Тараптар «KAZNEX» экспорттарды дамыту және алға жылжыту жөніндегі корпорация» АҚ мен Инвестиция мен сауданы дамыту жөніндегі Венгрия агенттігі (Hungarian Investment and Trade Development Agency - ITD Hungary), сондай-ақ басқа да ұқсас венгрия ұйымдары арасында экспортты дамыту және алға жылжыту бойынша екі елдің тиісті құрылымдары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал етуге келісті.

Тараптар шағын және орта бизнесті қолдау саласында тәжрибе алмастыру мақсатында бірлескен форумдар, конференциялар және семинарлар өткізуге келісті.

Бұдан басқа, венгриялық шағын кредит беру жүйесі өтпелі кезең уақытында ең үздіктердің бірі болып саналған, қазақстан тарабы осы бағыт бойынша одан әрі ынтымақтастыққа мүдделілік танытты.

Қазақстан тарабы:

- кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті қолдау саласындағы Венгрия заңнамасын зерделеу;

- ғылымды қажет ететін, инновациялық салалардың, индустриялық парктердің шағын және орта кәсіпорындарын қолдау тәжрибесімен танысу және енгізу;

- Кәсіпкерлік инфрақұрылымдарын қолдау бойынша Венгрия Республикасының тәжрибесін зерделеу (кәсіпкерлікті дамыту орталығы);

- шағын қаржыландыру саласында ынтымақтастықты дамыту, осы секторды дамыту бойынша венгр тәжірибесінің жағымды сәттерін ендіру;

- экономика саласында менеджерлер даярлау бойынша ынтымақтастық мүмкіндігін қарау мүдделіліктерін білдірді.

Венгрия тарабы екі ел арасындағы ғылыми-зеттеу және инновациялық байланыстарды жандыру мақсатында ВР зеттеу және технологияны ұлттық басқау және тиісті казақстандық серіктестік ұйымдары арасында байланыс орнатуды ұсынды.

Венгрия тарапы «ЕSS» жобасына өзінің қызығушылығы туралы, сондай-ақ осы жобаның аса маңызды ғылыми, ендірушілік және қаржылық ерекшелігі туралы Қазақстан тарабын хабардар етті. Венгрия тарабы «ESS» XXI ғасырдың ғылымды қажет ететін зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік беретін еуропа елдерінің бірлескен күшімен жүзеге асырылатын құны миллиард еуро болатын жоба болып табылатындығы туралы Қазақстан тарабын хабардар етті. Венгрия тарапы, Венгрия Үкіметі құрылыс салатын жерді Дебрецен қаласы деп ұсынып отырған, «ESS» нейтрондар бөлшектерінің/көздерінің теңдесі жоқ бірегей шапшаңдатқышы болып табылады деп хабаралды.

Осыған байланысты венгрия тарапы қазақстан тарапын осы жобаға қатысу мүмкіндігі туралы ұстанымын (ғылыми, әрі қаражат тұрғысынан да) айқындауды сұрады.



3.3. Денсаулық сақтау және медицина өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық
Тараптар денсаулық сақтау саласында екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге, оның ішінде медицина кадрларын даярлау және біліктілігін жетілдіру (Қазақстанда және Венгрияда), қазақстан азаматтарын жетекші медицина орталықтарында емдеу, фармацевтика саласын кластерлік дамыту бойынша және тағы басқаларына мүдделілігін білдірді.

Қазақстан тарапы Қазақстан Республикасында венгрия компанияларының дәрілік перпараттарды өндіру және өлшеп орау бойынша объектілер салу мүмкіндігін қарауды ұсынды.

Қазақстан тарапы медициналық жабдықтар және, атап айтқанда, диагностикалық аспаптардың импортын ұлғайтуға мүдделілігін білдірді.

Қазақстан тарапы Қазақстан Республикасының аумағында дәрілік перпараттарды шығару бойынша, оның ішінде «Gedeon Richter Ltd», «Egis AO», «Хиноин Фармацевтикалық және химиялық өнімдер зауыты» сияқты венгрияның дәрілік заттарды өндірушілермен және тағы басқалармен бірлескен кәсіпорындар құруға мүдделілігін танытты.

Қазақстан тарапы венгрия тарапына Қазақстан Республикасының аумағында бірлескен фармацевтика өндірісін ұйымдастыру бойынша ұсыныс беруіне байланысты венгрия тарапы қазақстан тарапының ұсынысын қарайды, венгрияның дәрілік перператтарды өндірушілеріне ақпарат береді және өздерінің ұсыныстары туралы қазақстан тарапына хабарлайды.

Венгрия тарабы қазақстандық студенттерді венгрия жоғарғы медициналық оқу орындарында оқытуды ұсынды.



3.4 Энергетика саласындағы ынтымақтастық
Венгрия тарабы:

- қазақстандық көмірсутектерін (табиғи газ және сұйықтандырылған газ өнімдері) жеткізуге және « ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ мен MOL Rt.арасындағы ынтымақтастықты дамытуға;

- « ҚазМұнайГаз» АҚ мен MOL Rt. арасындағы табиғи газды сатып алу туралы ұзақ мерзімді келісім-шарт жасауға;

- Еуропаны газбен жабдықтау қауіпсіздігін ұлғайту мақсатында қазақстандық газ қорын Еуропаға жеткізуге (көздерді әртараптандыру) және Набукко газ құбырына қосылу үшін халықаралық инфрақұрылымын құруды қолдауға;

- сұйықтандырылған газ өнімдерінің импортын ұлғайтуға, сондай-ақ оларды венгер-қазақстан біріккен кәсіпорыны арқылы қайта сатуға;

- «Казкем» ЖШС біріккен кәсіпорыны шеңберінде ALT Energo Invest Kft венгр фирмасының қазақстандық мұнай және газ өнеркәсібі үшін қазіргі заманғы технологиялар мен жабдықтар жеткізуге қызығушылықтарын білдірді.

Тараптар табиғи газдан басқа, қазақстандық көмірсутек шикізатын Венгрия аумағы арқылы Батыс Еуропаға тасымалдау мүмкіндігі туралы мәселені қарауға келісті.

Венгрия тарабы Қазақстан тарабын «Фогаз» ЖАҚ жекешелендіру процессі туралы хабардар етті және жақын арада болатын тендерге қатысуын ұсынды.



3.5 Аграрлық саласындағы ынтымақтастық
Тараптар өзара тиімді жағдайларда мынадай салаларда ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.

селекция, тұқым шаруашылығы, ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынақтан өткізу, тұқым жеткізу;

мал шаруашылығы мен ветеринария: эмбриондар отырғызу, құс шаруашылығы, сондай-ақ ветеринарлық дәрі-дәрмек жеткізу және бірігіп шығару;

мамандарды, оның ішінде, ветеринария саласында мамандарды оқыту;

Қазақстан тарабы венгрлік мамандар мен компаниялардың қазақстанда өтетін халықаралық көрмелерге, жәрмеңкелерге, бизнес-форумдарға және конференцияларға қатысуы қажеттігін атап өтті.

Венгр тарабына қазақстандық агробизнеске инвесторларды тарту мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.


3.6. Көлік және логистика саласындағы ынтымақтастық
Тараптар көлік саласындағы екі жақты ынтымақтастықты дамытудың үлкен мүмкіндіктерін және Батыс Еуропа мен Азия бағытында тауарларды тасымалдау көлемін ұлғайту үшін көлік әлеуетін барынша белсенді пайдалану қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты, Венгрия тарабы көлік саласында екі контингент арасында жетекші рөл ойнауы мүмкін Захонь қаласындағы Венгриялық темір жол терминалының базасында ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігін атап өтті. Осыған байланысты, Венгрия тарабы қазақстандық инвесторларға осы жобаны іске асыруға белсенді қатысуды ұсынды.

Тараптар Қазақстан Республикасы мен Венгрия Республикасы арасындағы автомобиль көлігімен тасымалданатын жүктердің көлемін тасымалдау көлемін тұрақты ұлғайтуды атап өтті, бұл екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Тараптар 2008 жылғы 8 ақпанда Будапешт қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі мен Венгрия Республикасының Экономика және көлік министрлігінің өкілдері арасындағы кездесу хаттамасына сәйкес көлік саласындағы әлеуетті инвестициялық жобалар бойынша ақпарат алмасу туралы уағдаласты.

Тараптар авиация саласындағы одан әрі ынтымақтастықты дамытуға келісті. Осыған байланысты Венгрия тарабы Қазақстан мен Венгрия арасындағы тікелей рейсті жүзеге асыру мүмкіндігін зерделеуді ұсынды.

Венгрия тарабы автожол салу, темір жол машиналарын жасау және темір жол салу саласындағы қолда бар тәжірибесі туралы хабардар етті және мемлекеттік жеке әріптестік түріндегі көлік инфрақұрылымының құрылысы саласында қазақстан тарабымен ынтымақтастық жасауға дайындықтары туралы хабардар етті.
3.7. Құрылыс саласындағы ынтымақтастық
Тараптар құрылыс саласындағы ынтымақтастыққа қанағаттанғандығын білдірді және осы саладағы ынтымақтастықты одан әрі қолдау әрі оны дамыту қажет деп санайды, атап айтқанда: венгрлік құрылыс компанияларының ауруханалар, оқу ғимараттарын, коммуналдық жүйелерді, тұрғын үйлерді, білім беру объектілері мен инженерлік инфрақұрылымдарды, көпірлер мен автомобиль жолдарын салу жөніндегі жобаларды іске асыруға қатысу мүмкіндігін зерделеу шеңберінде ынтымақтастықты жалғастыру.

Тараптар «Атырау қаласында жобалау құны жылына 100 мың тоннаға дейінгі мұнай-битум зауытын салу» жобасын іске асыру бөлігінде бірлескен кәсіпорын құру жөніндегі мүмкіндікті қарау туралы уағдаласты.

Тараптар ҮАК шеңберінде құрылыс дәне құрылыс монтаж жұмыстарының сапасын арттыру саласындағы жұмыс тобын құруға келісті.
3.8. Білім беру саласындағы ынтымақтастық
Тараптар ғылым және білім саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттігін білдірді. Осы мақсатта олар Тараптар мемлекеттерінің білім беру ұйымдары мен ғылыми орталықтары арасындағы тікелей байланыстарды көтермелеу туралы уағдаластықты.

Қазақстан тарабы Венгрияның жоғары оқу орындарына оларды Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге ұсынылған жоғары оқу орындарының тізіміне қосу үшін жәрдем көрсетуге әзірлігі туралы мәлімдеді.

Тараптар:


  • білім беру ұйымдары арасындағы алмасулар өткізу практикасын жолға қоюға уағдаласты.

Қазақстан тарабы қазақстандық мамандарды «Пакш» ЖАҚ-ның атом станциясы базасында оқытуға мүдделіліктерін танытты. Венгрия тарабы бұл мәселеге келісетіндіктерін және жақын арада өзінің дайындықтарын хабарлайтынын мәлімдеді.
3.9. Туризм саласындағы ынтымақтастық
Қазақстан тарабы Қазақстан аумағында өткізілетін көрмелерге, жәрмеңкелерге, конференцияларға қатысуды ұсынды.

Тараптар арасында туризм саласындағы ынтымақтастық екі мемлекеттің туризм саласының ұйымдары арасындағы өзара тиімді байланыстарды белгілеуге жәрдем көрсету жолымен қолдау табады.

Тараптар қазақстандық жастарды Венгрияға жіберу жөніндегі өткізілетін мәдени-туристік іс-шаралар туралы ақпаратты назарға алды және осы саладағы одан арғы ынтымақтастық туралы мәселені қараудың орындылығы туралы мәлімдеді.
3.10. Қаржы және банк саласындағы ынтымақтастық
Тараптар екі жақты үкіметаралық қаржы қатынастары реттелгенін, шешілмеген және ашық мәселелер жоқ екендігін атап көрсетті.

Венгриялық қаржы-қадағалау және кеден органдары қазақстандық бейінді ұйымдармен ынтымақтастықты тереңдетуге және Венгрия тарабының тәжірибесін беруге бағытталған консультациялар өткізуге әзірлігі туралы мәлімдеді.

Венгриялық «Эксимбанк» ЖАҚ мен «Мэхиб» ЖАҚ қаржы институттары Қазақстанның ұлттық жобаларын кредиттер беру және оларды сақтандыру жолымен іске асыруға қатысуға әзірлігі туралы хабарлады.

Тараптар «Эксимбанк» ЖАҚ тендер конкурстарындаи жеңімпаздар венгр компаниялары болатын Қазақстандағы жобаларды қаржыландыру мүмкіндігі туралы мәлімдемесін қабылдады.


3.11. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық
Венгрия Республикасының Қоршаған ортаны қорғау және су шаруашылығы министрлігі осы секторда озат тәжірибені, қазіргі заманғы технологияларды, қызметтерді, әдістерді тарату, қолдану қажеттігіне баса назар аудара отырып қоршаған ортаны қорғау және су шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық (KEXPORT) мүмкіндігін қарауды ұсынды. Осыған байланысты венгрия тарапы қалдықтарды кәдеге жарату, ағынды суларды тазалау, ауа тазалығын қорғау сияқты өзара мүдделілік саласын қарауды ұсынды.

Венгрия тарапы Венгрия Республикасының Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өндірушілер мен қызмет көрсетушілер одағы осы саладағы ынтымақтастыққа дайын екендіктеріне ерекше назар аударды.

Қазақстан тарапы ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі атынан өзара пайдалы ынтымақтастыққа дайын екенгді туралы хабарлады.
IV. Өзара мүддені білдіретін басқа да ынтымақтастық мәселелері
Қазақстан тарапы венгрия тарапына Қазақстан Республикасының қаржыландыруды қажет ететін басым инвестициялық жобаларының тізбесін берді. Венгрия тарапы бұл тізбені қарап, ықылас білдірген жағдайда қазақстан тарапына нақты ұсыныстарын жібереді.

Қазақстан тарапы венгрия тарапымен кеден қызметі саласындағы ынтымақтастыққа мүдделі екендігін білдірді.

«Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы мен Венгрияның Сауда палатасы Венгрия-Қазақстан Іскерлік Кеңесін құру туралы Өзара түсіністік пен Келісім жөнінде Меморандумға қол қойды.

Тараптар «Kazyna Capital Management» АҚ, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының еншілес компаниясының және CORVINUS Venture Capital Fund Management Ltd атынан қаржы институттарына бірлескен Венгрия-Қазақстан инвестициялық қорын құру мүмкіндігі туралы мәселені зерделеуді жалғастыруды ұсынды.

Тараптар қазақстан тарабы жеке меншік әріптестік саласында тәжірибемен алмасу мәселесі бойынша өзара іс қимыл мен ынтымақтастық туралы меморандумның жобасын ұсынуға келісті.

Тараптар осы Хаттамада көрсетілген құжаттардың жобалары 2009 жылдың бірінші жартыжылдығында келісілітіндігіне және қол қойылатындығына келісті.




V. Комиссия қызметін ұйымдастыру мәселелері
Тараптар Комиссияның кезекті мәжілісін 2009 жылдың екінші жартыжылдығында Будапешт қаласында өткізуге келісті, Комиссия мәжілісінің нақты өтетін күні дипломатиялық арналар арқылы келісілетін болады.



2008 жылғы 27 қарашада Астана қаласында, әрқайсының бірдей күші бар қазақ, орыс және венгрия тілдеріндегі үш данада қол қойылды.


Қазақстан бөлігінің тең төрағасы

- Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі

Бақыт СҰЛТАНОВ


Венгрия бөлігінің тең төрағасы - Венгрия Республикасының

Қаржы министрі


Янош ВЕРЕШ






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет