Семей сынақ алаңын жабу – ядролық қарусыз әлем құру жолындағы қазақ халқының ұлы қадамдарының бастауы болды. Осы тарихи шешімнен кейін Невада, Лобнор, Жаңа жер секілді ірі полигондардың үндері өшті. Қазақстан Семей сынақ алаңы жабылған сәттен бастап адамзат тарихындағы ең зұлмат сойыл – ядролық қарумен күрестің көшбасшысы атанды. Семей сынақ алаңы жабылған 29 тамыз бұрнағы жыл БҰҰ-ның қарарымен «Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні» ретінде жарияланды.
Осынау аса жауапкершілікті сәтте Елбасы айрықша көрегенділік таныта білгенін бүгінгі таңда біз мақтанышпен айта аламыз. Ядролық қарудан ерікті түрде бас тарту жөніндегі саяси шешім Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік және стратегиялық көрегендігінің, сондай-ақ саяси ерік-жігерінің айқын дәлелі бола алады.
Қазақстанның ядролық қарусыз мемлекет атануына жол салған тағы бір маңызды қадам президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіздік сарайында Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 25 жыл толуына арналған «Ядролық қарусыз әлем құру» атты халықаралық конференцияның өтуі. Қазақстанның ядролық қарусыз мемлекет атануына жол салған тағы бір маңызды қадам президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіздік сарайында Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 25 жыл толуына арналған «Ядролық қарусыз әлем құру» атты халықаралық конференцияның өтуі. Басқосуға әлемнің 50 елінен 200-ге жуық халықаралық ұйымдардың басшылары, беделді саясаткерлер, парламенттік қоғамдастықтың мүшелері мен сарапшылар қатысты. Сала мамандары қарусыздану және ядролық қаруды таратпау секілді өзекті мәселелерді талқылады. Басқосуға әлемнің 50 елінен 200-ге жуық халықаралық ұйымдардың басшылары, беделді саясаткерлер, парламенттік қоғамдастықтың мүшелері мен сарапшылар қатысты. Сала мамандары қарусыздану және ядролық қаруды таратпау секілді өзекті мәселелерді талқылады. «Әлемдік қауіпсіздік жолында көптеген тың бастамалар көтердік. Қазақстанның бұл бағыттағы сан жылдық ерік-жігері мен ұсынған «Әлем ХХІ ғасыр» манифесінде көрініс тапты. Біздің бейбіт бастамаларымыздың бәрі де әлем қауымдастығының жаппай қолдауына ие болды. Соның нәтижесінде Қазақстан жаһандық ядролық қарусыз әлем қозғалысының көшбасшысына айналды. Біздің ұсынысымызбен бүгін жер жүзі 29 тамызды халықарлық ядролық сынаққа қарсы іс-қимыл күні ретінде қабылдады. Бұл Қазақстанның бейбіт бастамалары жер бетіндегі барша елдердің мүдделеріне сай келетінін және олардың қолдайтындығын көрсетті. Бүгінгі өтіп отырған форумда бәрімізді ортақ мақсатқа жұмылдырып, жаһандық қауіпсіздікті нығайта түсуге сүбелі үлес қосарына сенемін», – деді Н.Назарбаев.
Достарыңызбен бөлісу: |