Қазақстандағы инновациялардың даму перспективалары



жүктеу 84.67 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі84.67 Kb.
Қазақстандағы инновациялардың даму перспективалары
Аннотация: Статья посвящена рассмотрению основной поддержки инновационного развития национальной экономики и масштабы инвестирования в инновационный сектор. Отдельное внимание уделено анализу особенностей инновационной политики других стран, и их система налогооблажения на инновационный сектор. Авторами предлагается ряд мер по эффективному налогообложению частного сектора и его мотивированию на инновационную деятельность.

Summary: Article is devoted to consideration of the main support of innovative development of national economy and scales of investment into innovative sector. The separate attention to the analysis of features of innovative policy of other countries, and their system of the taxation on innovative sector. Authors offer a number of measures for the effective taxation of the private sector and to its motivation on innovative activity.


Қазақстан соңғы жылдары орнықты өсу үшін ноу-хау секторын дамытудың маңыздылығын түсіне отырып, ұлттық экономиканың сенімді және ұзақмерзімдік дамуына жағдай жасап, мүмкіндіктер қалыптастыруда.

Ұлттық инновациялық қордың мұрагері Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік бүгінге инновациялар енгізу саласындағы жобаларды қолдаудың түрлі тетіктерін ұсынуда.Технологиялық инновациялық бизнеске қаржы салып отырған қазақстандық және шетелдік капиталдарына ие венчурлық инвестициялық институттар құруға атсалысу мүмкіндігі қарастырылуда.Осылайша, отандық инноваторлар алдыңғы қатарлы батыс технологияларына қол жеткізіп, оларды Қазақстанға трансферттемек.Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік 2012 жылдың басында ғана бұрынғы жетекші инновациялық құрылымның мұрагері атанғанын ескерсек, әзірге Израиль, Германия, Малайзия, АҚШ және Ресей елдерінің бірқатар верчурлық қорларымен ғана байланыс орнатылғанын айта аламыз.Агенттіктің ірі венчурлық жобаларға инвестор болуы отандық инноваторлардың осынау тәуекелі мол, бірақ табысты нарықтағы белсенділіктерін арттыруға деген ниеттерін паш етеді. Егер қолдау тетіктері туралы айтар болсақ, бүгінгі таңда екі негізгі ұсыныс бар – технологиялық бизнес-инкубациялау және инновациялық гранттар беру [1].

Сонымен қатар қазіргі кезде инновациялық гранттар ҚР-дағы инновацияларды құру мен ендірудің барлық тізбегін қамтып отыр және олардың мынадай артықшылықтары бар:


  • Барлық инновациялық гранттар 2014 жылдың 18 маусымындағы №800 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Үкіметте анықталған басым бағыттар шеңберінде беріледі.

  • Мемлекет инновациялық грантты ортақ қаржыландыру арқылы береді және жобаның жүзеге асу шығындарын қайтарады, бұл өз кезегінде өтініш берушілердің жобаның жүзеге асу мүмкіншілігін арттырады және бюджеттік қаржының бағытсыз жұмсалу мүмкіншілігін азайтады.

  • Тәуелсіз шетелдік сарапшылардың өтініштерді бағалауға тарту міндеті заңды түрде бекітілген.

  • Егер бұрын тапсырыстар жылына бір рет бәйге басталғандығы туралы жарияланғаннан кейін бір ай көлемінде ғана қабылданған болса, қазіргі кезде жыл бойы тұрақты түрде өтініштер қабылданады.

Алғаш рет гранттар беру процесі бюджеттік жылмен қатаң байланысты емес, сондықтан грант алушыларға желтоқсанның 31-жұлдызына дейін берілмеген қаржы келесі жылға қалдырылып, гранттық бағдарламаның қаржыландырылуы үзілмейді және жылдың он екі айы бойы жалғасады [2].

«Технологияларды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ арқылы берілетін гранттар:

- технологиялар сатып алуға — 25 млн. теңгеге дейін;

- шет елдерде және (немесе) өңiрлiк патенттiк ұйымдарда патенттеуге -

3 млн. теңгеге дейін;

- өнеркәсіптік зерттеулер жүргізуге – 30 млн. теңгеге дейін;

- инновациялық технологиялық зерттеулерге – 1 адамға 2 млн теңгеге дейін;

- дамудың бастапқы сатысында жоғары технологиялық өнiм өндiру жөнiндегi қызметтi қолдауға – 1 адамға 9 млн теңгеге дейін;

- консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға — 30 млн. теңгеге дейін;

- жаңа өндірістік технологияларды енгізуге – 15 млн. теңгеге дейін;

- технологияларды коммерцияландыруға – 150 млн теңгеге дейін;

- басқарушылық және өндiрiстiк технологияларды енгiзуге – 50 млн теңгеге дейін.

Инновациялық гранттарды беру кезiнде отандық және шетелдiк сарапшыларды тарта отырып, тәуелсiз сараптама жүргiзiледi [3].

Сонымен қатар, "Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама» бойынша 2015-ші жылға қарай ғылым мен инновацияларға мемлекеттен кететін шығыстарды ЖІӨ-нің 1% -на дейін өсіру жоспарланып отыр. Ол көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда 4 есе көп. Ғылыми қызметкерлердің еңбекақысын олардың статусын, еңбек спецификасына қарап төлеу қолға алынуда [4].

Инновациялық-қабiлеттi бизнестiң сындарлы көлемiне қол жеткiзу индустриялық дамыған елдерде маңызды рөл атқарады. Салыстыру үшiн Қазақстанмен экономика құрылымы мен өзге де факторлар бойынша ұқсас елдер Канада мен Австралияда компаниялардың жалпы санынан инновациялық-белсендi бизнестiң үлесi тиiсiнше 65% және 50% құрайды. Канадада бұл ретте, оның iшiнде шамамен 12,2%-ына әлемдiк деңгейдегi бiр жаңалықты жасауда [5].

Ал, отандық инновацияларды инвестициялау саласындағы мемлекеттің заңнамалары жетілдіруді қажет ететіні анық. Зияткерлік меншікті қорғау жөніндегі отандық және шетелдік азаматтарға арналған формалды гарантияларға қарамастан, көптеген шетелдік инвесторлар Қазақстан заңнамасы инновациялық үдерістің жетілуіне кедергі туғызады деп санайды. Мысалы, шикізатты секторға салық салу мен инновациялық секторға салық салуды қарастырайық.Жер қойнауын пайдаланушыларға келесі салықтық жеңілдіктер қарастырылған:



  • Корпоративті табыс салығын, қосымша құн салығын және пайдалы жер қазбаларын өндіруге салықтық қойылымды төмендету;

  • ҚҚС бойынша дебетті сальдоны автоматты түрде қайтару;

  • Үстеме табысқа салынатын салыққа нормаларды жұмсарту;

  • Инвестициялық салықтық преференцияардың іс-әрекеттерінің қатыстылығын жоғарылату.

Ал, енді ғылыми-инновациялық секторға салық салу ерекшеліктерін қарастырсақ:

  • Корпоративті табыс салығына жеңілдіктер қарастырылмаған;

  • ҚҚС-на жеңілдіктер қарастырылмаған;

  • Ғылыми зерттеулер жүргізу үшін Қазақстан Республикасының территориясына импортталған тауарларға кедендік салық толық түрде алынады.

Әрине, мұндай салықтық саясат тек қана инновациялардың дамуын ғана емес, экономиканың диверсификациялануын да тежейді. Бұл ірі бизнестің консолидациясына әкеліп, инновацияларға инвестициясыз-ақ, жоғары табыс әкелетін табиғи ресурстарды сатудан елдің негізгі қаржысын қалыптастыруда. Сол себепті, Қазақстанда жоғары технологиялық саланың дамуына тікелей қызығушылығы бар «драйверлердің» үлес салмағы өте аз [6].

Яғни, инновациялардың дамуы геометриялық прогрессияда өсуі үшін, жеке секторды инновацияларға және жоғары технология саласына тартып, қызықтыру қажет.Әлемдiк тәжiрибеде жеке секторда ҒЗТКӘ-ны ынталандырудың екi негiзгi әдiсi қолданады: гранттар мен мемлекеттiк бағдарламалар арқылы тiкелей қаржыландыру және салық жеңiлдiктерi арқылы жанама субсидиялау.Өнеркәсiптi дамыған елдерде мынадай салық жеңiлдiктерi анағұрлым жиi пайдаланылады:



  • жаңа жабдықтар мен құрылыстарға капитал салу көлемiндегi табысқа жеңiлдiк;

  • жиi ұлғаймалы коэффициенттi қолдана отырып, ТҚЖ-ға шығындар мөлшерiнде табыс салығына жеңiлдiк;

  • әдетте ғылыми зерттеулерде пайдаланылатын жабдықтардың жеке арналған шығыстарды ағымдағы шығындарға жатқызу;

  • салық салынбайтын және ҒЗТКӘ-ны жүргiзуге жiберiлетiн пайданың есебiнен арнайы мақсаттағы қорларды құру;

  • зияткерлiк меншiктен кiрiстерге төмендетiлген ставкалар;

  • төмендетiлген ставкалар бойынша табысқа салық салу (шағын кәсiпорындар үшiн);

  • ҒЗТКӘ-ны жүзеге асыратын кәсiпорындарға салық кредиттерi мен каникулдары [7].

Бұдан басқа шетелде зерттеулердiң перспективалық бағыттары үшiн ұзақ мерзiмдi кредиттер беру жолымен ТҚЖ-ы үкiметтiк кепiлдiгiмен ынталандыру тәжiрибесi кең пайдаланады. АҚШ-та ресми үкiметтiк құжаттарда ғылыми-технологиялық салаға капитал салу тiптен «болашаққа инвестициялау» деп аталады, ал ТҚЖ саласы стратегиялық ұлттық мақсаттарды жүзеге асырудың тиiмдi тетiктерi ретiнде қарастырылады. Әлемнiң көптеген дамыған елдерiнде мемлекеттiк ғылыми-техникалық саясаттың өңiрлiк құраушысын пайдалану үрдiсi үлкен маңызға ие болып отыр, бұл жекелеген өңiрлердiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының тең емес деңгейлерiмен түсiндiрiледi. Бұдан өзге, индустриялық-инновациялық қызмет және тауарлық белгiлердi қорғау саласындағы зияткерлiк меншiк объектiлерiн патенттеу жүйесi әлемдiк практикада инновациялық белсендiлiктi жоғарылатудың құралдарының бiрi болып табылады.

Канада, Швейцария, Қытай, Германия, Франция, Ресей және басқа да сияқты экономикалық дамыған елдерде индустриялық саладағы зияткерлiк меншiк объектiлерiн тиiстi өнеркәсiптiк ведомстволар патенттейдi.Қазiргi уақытта, тауарлық белгiлердi қорғау саласындағы өңiрлiк халықаралық ұйымдар жоқ. ТМД елдерiнiң Еуразиялық кеңiстiктегi тығыз ықпалдасуына байланысты (Кеден Одағын құру, Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк) тауарлық белгiлердi қорғауды реттеу саласында проблемалар одан сайын туындайтын болады, өйткенi тауарлық белгiлердiң аумақтық сипаттағы қорғауы бар [8].

Жалпы, VII Астана экономикалық форумы аясындағы Инновациялық конгресте қазақстандық инноваторлардың әзірленімдерін жүзеге асыруға қаржылық көмек 2010-2013 жылдары 12 млрд. теңгеден. асып түсті деп хабарланған болатын.

«Инновациялармен белсенді айналысатын кәсіпорындар, инноваторлар мен ғалымдар үшін мемлекеттік қолдау жүйесі құрылды. Ол ғылыми идеяларға қолдау көрсетуден бастап өндіріске инновациялар енгізуге дейін барлық инновациялық кезеңді қамтиды. 2010-2013 жылдары 3000-нан астам инновациялық әзірленімдер мен жобаларды сәйкестендіру мүмкін болды, олардың 553-іне 12 млрд. теңге жалпы сомаға жүзеге асыруға практикалық көмек көрсетілді.Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі қолдауды негізінен гранттық қаржыландыру есебінен жүзеге асырады. 4 жылда 9,3 млрд. теңге жалпы сомаға 210 жобаға қолдау көрсетілді.

Бұдан өзге, ғалымдар мен студенттер үшін ЖОО мен ҒЗИ жанында 21 коммерциализация офисі ашылған, 8 технопарк жұмыс жасайды. 4 конструкторлық бюро арқылы өнеркәсіптік машина жасау кәсіпорындарымен ынтымақтастық қалыптасты [5].

Жеке секторды инновацияларға ынталандыру көптеген елдерде негізгі саясатқа айналған. Мысалы, британдық инновациялық саясатының жетістігінің негізгі факторы жеке инициативаға бағдар болып табылады. Басқа көптеген елдерден ерекшелігі инновациялық дамуда жетекші рөлді мемлекет емес, инновацияларға деген сұранысқа негізделген жеке секторға тиесілі. Швециялық инновациялық дамудың негізгі факторы болып – білім беру жүйесіне ірі масштабтағы капитал салулар болды. Ол өз кезегінде ғылымның дамуына түрткі болды. Негізгі 3 компонент ретінде – білім беру, зерттеулер және технологиялар қолдауға ие болды [9].



Қалай болғанда да, бұл Қазақстанның миллиондаған инвестициялар тарту үшін верчурлық және интернет-жобалар нарығында әлі де әлсіз ойыншы екенін көрсетеді. Бірақ айта кету керек, әлеуетті инвесторлар тарапынан жеткілікті еркін қаржылай ресурсқа ие екені анық.Жаңа бағыттардың бірі «жасыл инновацияларға» ұстанған бағыт болып табылады. Жоғары деңгейде мемлекеттік биліктің қолдауын алғаннан кейін әлеуетті перспективалық тренд, Елбасының мәлім етуінше және EXPO-2017 көрмесін өткізу тақырыбында осы бағыттың пайда болуына байланысты, отандық инновациялық жобалар пакетін жасақтауда негізгі секторға айналады.Аталған бағыттағы инновациялық ұсыныстар алдағы жылдары мемлекеттік деңгейде сұранысқа және қолдауға ие болады деп пайымдауға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер

  1. www.primeminister.kz, экономика, EXPO-2017, «Қазақстанның инновациялық дамуының жаңа мүмкіндіктері», 17 желтоқсан 2012 жыл

  2. Атырау innovations сайты , www.atyrauinnov.kz, Инновацияны қолдау орталығының ресми мәлімдемелері

  3. «Отарқа» Екібастұз қалалық газеті, Ерғазина Д., «Өнертабысқа инновациялық грант» , 30 қараша 2014 жыл

  4. Г.М.Мутанов «инновации: создание и развитие», 5.2. перспективы развития инноваций в Казахстане, Қазақ университеті, Алматы, 2012 жыл

  5. www.businessnews.kz, «инновацияларды қаржыландыру» 24 мамыр 2014 жыл

  6. Палташев.Т.Т «Проблемы индустриально-инновационного развития Қазахстана», материалы семинара в КазНу им. аль-Фараби, Алматы, 2011 жыл

  7. Ю.А.Ковальчук., С.Г.Поляков, И.М.Степнов, «роль государственного регулирования и институциональной среды в условиях инновационной экономики», журнал «Инновации» №3 (173), 2013 жыл

  8. Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1308 Қаулысымен бекітілген

  9. В.Д.Ли., «реализация инновационного развития в Казахстане» , международная научно-практическая конференция посвященная к 80-летию КазНУ им.аль-Фараби – «Регулирование экономических вопросов в рамках ТС и ЕЭП:практика и проблемы», Алматы, 6-7 декабря 2013 год


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет