Қазақстандағы кәсіпкерлікті жетілдіру жолдары



жүктеу 38.09 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі38.09 Kb.
Қазақстандағы кәсіпкерлікті жетілдіру жолдары

Бұл туралы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова VIII Астана эконо­микалық форумы аясында өткізілген «P4D: Кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкін­діктер» атты панельдік сессиясында мә­лімдеді.
«Даму» Қоры ұсынған жаңа құралдардың ішінде несиелерді кепіл­ден­дірудің баламалы бағдарламасы бар. Бұл бағдарлама саласы мен аймағына қарамастан «Даму» Қорының 50 пайыз­ға дейін берілетін кепілдігін қарас­ты­рады. Сонымен қатар кез келген салада кәсіпкерлікті құру мен дамыту үшін са­тып алынатын франшизаны 70 па­й­ыз­ға дейін кепілдендіру көзделген. «Даму» Қоры арқылы енгізілетін тағы бір құрал – ұсақ қаржыландыру. Яғни екінші деңгейлі банктерге ұқсас ұсақ­қаржыландыру ұйымдарын қорлан­дыру бағдарламасы. Бұл Астана, Ал-маты қалалары мен облыс орталық­та­­рынан шалғайда жұмыс істейтін кә­сіп­кер­лер­дің жеңілдетілген қаржы алуы-на мүм­кіндік береді.

«Даму» Қоры сонымен қатар Қазақ­стандағы шағын және орта кәсіпкер­лікті қолдау үшін исламдық қаржы­ландыру жүйесін пайдалануды пы­сықтауда. Қазіргі уақытта халықаралық ислам қаржы институттарынан қаржы тартуға жағдай жасау үшін ҚР Ұлттық Банкі және мемлекеттік органдармен бір­лесіп заңнамалық құжаттар жетіл­дірілуде. Мәселен, Малайзия мен араб елдері қазақстандық жобаларға қаржы салуға қызығушылық танытып отыр.

Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға қаржылай көмек көрсетуді же­делдету үшін,«Даму» Қоры шағын және орта кәсіпкерлікті бағалаудың рей­тингтік жүйесін жетілдіруді ұсын­ды. «Даму» Қоры басқармасының төрайымы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, «Кәсіпкерлердің екінші деңгейлі банктерден несие алу үдерісі несие комитеттеріне бару қажеттілігі­нен созылып кетеді. Әйтсе де әлемдік тәжірибеде клиент кейбір көрсет­кіш­терімен бағаланып, саласының сипат­тамасымен салыстырылады, дефолт деңгейіне орай – бұл клиентке несие беру керек пе, жоқ па деген байлам жа­салады. Қазақстандық тәжірибеде банк­тер тек жекелей жұмыс істейді. Яғни егер сіздің жалақыңыз тұрақты болса, сіз уақтылы коммуналдық тө­лемдерді төлеп тұрсаңыз, тағы сол сияқ­тылар, сонда сізге өте қысқа мерзімге несие береді. Ал шағын және орта кә­сіпкерлер үшін мұндай жүйе жоқ». Сонымен қатар «Даму» Қоры «шағын және орта кәсіпкерлік» түсінігінің бар­лық сипаттамаларын бір қорытындыға келтіруді ұсынады. Ләззат Ибраги­мова­ның айтуынша, шағын және орта кә­сіпкерлік бағдарламасын қолдаудың тиімділігін арттырады. Ал клиенттерге несие алуды жеңілдетеді. ШОК-ты қар­жыландыруды жетілдірудің өзге де амалдары ретінде, Қор басшысы несие менеджерлерін оқыту тәжірибелері мен сертификаттау керектігін атап

өтті. Ләззат Ибрагимованың пікірінше, бұл тәсіл кәсіпкерлерге қарыз алуға ұсы­нылған жоба сараптамаларын са­палырақ жасауға мүмкіндік береді. Со­нымен қатар мемлекеттік бағдарлама шарттарын қайталанған, бір-біріне ке­реғар шарттарды анықтап, алып тастау арқылы «түгендеу» енгізуді ұсынады.

«P4D: Кәсіпкерлер үшін жаңа мүм­кіндіктер» атты панельдік сессияда Оңтүстік Корей елінің старт-ап жоба­ларын кепілдендіру мен қаржылан­ды­рудағы тәжірибесі тыңдалды. «KODIT» Кореяның несиені кепілдендіру Қоры­ның бас орындаушы директоры Бо-Гён Лидің сөзінше, «KODIT» Қоры Корей еліндегі әрбір төртінші несиеге кепілдік береді. Ескере кететіні, Оңтүстік Ко­рея­да жылына 800 мың қарыз берілсе, «KODIT» соның 200 мың несиесін ке­пілдендіреді. Оның мәліметінше, «Қа­зақстанда ШОК саласында – 57 мың қарызгер бар. 2014 жылы бар болғаны 13 мың қарыз берілді. Сонымен бірге Кореяда 51,4 млн халық тұрады, ал Қа­зақстанда – 17,4 млн ғана. Яғни тұр­ғындар саны Кореядан 3 есе аз. Ал қа­рызға берілген ақша – 44 есе төмен! Бұл – қазақстандық компанияларға айналым капиталы жетіспейді деген сөз. Әрі қазақстандық банктер жүйесі экономиканың нақты секторларын не­сиелендіруді толық деңгейде жүргізе алмайды». «Даму» Қоры Кореяның «KODIT» несиені кепілдендіру Қоры­мен бірнеше жылдан бері жұмыс істеп, ШОК жетілдіру жұмыстарында өзара тәжірибе алмасып келеді.

Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстан мен Моңғолия­дағы шағын кәсіпкерлікті қолдау бағ­дарламасының аймақтық басшысы Холь­гер Вифельтің мәлімдеуінше, ЕҚҚДБ инвестициялық қаржылан­ды-ру мен кеңестер беру үшін 2015 жылы Қазақстандағы моноқалалар мен ауыл­дық аймақтарда жобаларды жүзеге асыруды жоспарлайды. «Біздің банк­-тің Қазақстанмен бірлесе жұмыс іс­теуінде басымдық шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға беріледі» деді Хольгер Вифель. Жақында ЕҚҚДБ қорынан елдегі әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға ($20 млн) және ұсақ шағын және орта кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін жобаларды несиелендіруге ($50 млн.) қаржы бөлуге уағдаластық. Сондай-ақ ЕҚҚДБ 2001 жылдан Қазақстанның шағын және орта кә­сіпкерлігіне бизнес-кеңестер алу үшін қар­­жылай көмек көрсетіп келеді. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ меншікті капиталы он жыл-да (2005-2014ж.ж.) 4,5 есеге ұлғайды. Яғни 18,3 млрд теңге 83,1 млрд теңгеге өсті. «Даму» Қорының активі 9,6 есеге өсіп, 23,1 млрд теңгеден 223,1 млрд тең­геге жетті.

«Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы мен екінші деңгейлі банктерге шартты түрде қар­жы салу бағдарламаларын жүзеге асы­ру арқасында шағын және орта кәсіп­керліктің операторы болып табылатын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ 2,1 трлн теңге сомаға 20 мың жобаға қаржылай қолдау көрсетті, 255 мың клиент қаржылай емес қолдаумен қамтылды, (жылдық көрсеткішпен)

112 млрд теңге көлемінде салық тө­леді, 183 мың жұмыс орны құрылды. «Биз­нес­тің жол картасы – 2020» бағдарла­масының несиелік портфелі 1 трлн теңгеден асты. Бүгінгі күні «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасымен 5 210 компания сыйақы мөлшерлемесімен субсидия алды. 94,2 млрд теңге қайтарымсыз субсидия төленді. 2010 жылдан «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ кәсіп­керлерге 840 кепілдеме берді. Соның 500-ден астамы 2014 жылы берілді. Осы­лайша «Даму» Қоры 2014 жылы өз кепілдігімен елдегі барлық берілген несиелердің 5 пайызын, басым сектор­лардың 20 пайызға жуығын жапты. Ұлттық Банктен бөлінген қаражатты игеруі де нәтижелі болды. 2014-2015 жыл аралығында барлығы үш траншпен жалпы сомасы 200 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде жалпы сомасы 171 млрд.теңгеге 814 жоба қолдау тапты.



Толығырақ: http://alashainasy.kz/economica/kaspkerlkt-koldau-tetkter-jetldrld-69761/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет