Қазақстандағы мал басы саны өз нарығын қамтамасыздандыра алмауы және оны шешу жолдары



Дата24.02.2016
өлшемі85.5 Kb.
Қазақстандағы мал басы саны өз нарығын

қамтамасыздандыра алмауы және оны шешу жолдары


Қазақстан Республикасындағы мал саны төмендеп кету себептертерін анықтау, оны шешу үшін мемлкет тарапынан қабылданған кейбір бағдарламаларды талдау.

Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының маңызды бір бөлігі болып табылады. Елімізде мал шаруашылығы ата кәсіп болғанымен, мал шаруашылығында әлі де шешілмеген проблемалар баршылық.

Республикамызда мал басы санының артуы тұрақсыз болып табылады. Қазақстан Республикасындағы мал шаруашылығына баға беру үшін оны келесі SWOT -талдаумен көрсетуге болады.



Мемлекеттегі мал шаруашылығының мықты жақтары:

  • Мал шаруашылығы халқымыздың ежелден бері келе жатқан шаруашылығының бір түрі




Мемлекеттегі мал шаруашылығының әлсіз жақтары:

  • Мемлекеттегі мал саны өз нарығын қамтамасыз ете алмайды. Нәтижесінде халық мал мен мал өнімдерін шет елдерден импорттайды

  • Елімізде асыл тұқымды малдар өте аз көлемде.

  • Мемлекетте малға арналған жемтік базалары көлемі аз мөлшерде

  • Мемлекетте мал өнімдерін өндіретін завод, фабрикалар саусақпен санарлықтай. Және олардың өнімдерінің сапасы төмен.

  • Асыл тұқымды малдарды күтетін фермерлер мен білікті мал дәрігерлері және мамандар аз

Мемлекеттегі мал шаруашылығының мүмкіндіктері:

  • Мемлекет мал шаруашылығына инвестиция бөле алады

  • Мемлекет территориясы улкен болғандықтан, мал шаруашылығын дамытуға барлық климаттық жағдайлары бар

  • Республикамыз ғылым мен инновацияны қолдана отырып, мал генетикасын жақсартатын ғылыми орталықтар ашуға инвестиция сала алады

Мемлекет мал шаруашылығының қауіп-қатерлері:

  • Адам факторынынң әсерінен мемлекет тарапынан мал шаруашылығына бөлінген инвестициялар дұрыс пайдаланбауы мүмкін

  • Мал шаруашылығына үлкен зардап тиетін климаттық жағдайлар болуы мүмкін




SWOT –талдауда көрсетілгендей Қазақстан Республикасында мал шаруашылығының әлсіз жақтары баршылық. Соның бірі мемлекеттегі мал саны өте төмен болуы. Мал санының төмен болуын келесі Сурет 1 толығырақ көрсетілген:

Сурет 1

[3] мәліметтен алынған.



Сурет 1 көрсетілгендей елмізде 1991-2000 жылдар аралығында мал басы санының кемуі тез артып келді. Оның бір себебі Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін алғаннан кейін, мемлекет экономикасы біраз жылдарға құлдырауға ұшырады, яғни дағдарыс орын алды. Дағдарыстың бір бұрышы мал шаруашылығының төмендеуіне әкеп соқты.

2001-2010 жылдар аралығында мал саны өсті. себебі мемлекет экономикасы мен мемлекет саясаты тұрақталды. Бірақ мал саны өскенімен мемлекеттегі бар мал саны өз ішінде халықты қамтамыздандыра алмайды. Еліміз мал өнімдерін, кейбір асыл тұқымды

мал басын да шетелдерден импорттайды.

Қазақстан Республикасындағы кейбір мал түрлерінің мал басы саны келесі Сурет 2 берілген. Оған сәйкес 1990 жылмен 2012 жылды салыстырғанда ірі қара мал саны 2 есге, қой мен ешкі саны 1,8 есеге төмендесе, шошқа саны 3 есеге төмендеді. Ал жылқы саны 1990 жылы 1626,3 мың бас болса, 2012 жылы 1686,2 мың бас болды. Сонда жылқы саны 1990 жылдан бастап 2012 жылға дейін тек 59,9 мың басқа ғана жоғарылады. Бұл көрсеткіш Қазақстан сияқты территориясы үлкен мемлекет үшін өте аз болып табылады.

Сол сияқты түйе малының саны 1990 жылы 143,0 мың санды болса, 2012 жылғы статистикалық мәлімет бойынша 164,8 мың басты құрады. Яғни 1990 жылмен салыстырғанда 2012 жылы түйе саны 21,8 мың басқа өсті .

сурет 2

[3] мәліметтен алынған.
Сурет 1 мен сурет 2 көргеніміздей мал шаруашылығы Қазақстан Республикасында әлі де дамымағын салалардың бірі табылады. Бірақ ол жағдайды түзету үшін мемлекет тарапынан шаралар жүргізіліп жатыр. Мысалы ауыл шаруашылығына бөлінген субсидиялар. Келесі Кесте 1 мемлекеттік бюджеттік бағдарлама 100 « Ауыл шаруашылғын қолдау лизингтері» бойынша кредит берілген кейбір банктерді көруге болады.


Кредит берген банктер

Кредит мөлшері, тенге

АО "АТФ Банк

3898816397,41

АО "Банк ЦентрКредит

3995949107

АО "Казагрофинанс"

2084589226,77

ДО АО Банк ВТБ (Казахстан)

1079179675,57

АО "Цеснабанк"

184878500

АО "БТА Банк"

547300000

АО "Нурбанк"

1056245816,73

АО "Аграрная кредитная корпорация"

248000000

Кесте 1
Мал иелері кредит алу есебінен өздерінің мал басы санын көбейтеді, жемдіктері мен мал тұратын қораларын жөндейді, және ең маңыздысы малдарының тұқымын жақсартады.
Субсидиядан бөлек елімізде әр мал түрін жақсарту үшін жобалар мен заңдар жасалуда. Сондай жобалардың бірі « Қазақстан Республикасының ірі қара мал етінің экспорт әлеуетін дамыту жобасы» болып табылады. Ол жобаның негізгі мақсаты :


  • ет малының генетикалық әлеуетін жақсарту

  • аз өнім беретін малдардың орнына көп өнім беретін мал түрлерін өсіру

  • етті қайта өңдеу инфраструктурасын дамыту

Бұл жоба 2011-2020 жылдар аралығына негізделген.

Келесі Сурет 3 жобаның шамалап жоспарланған мақсаттары берілген.




Сурет 3


[2] алынған мәлімет
Сурет 3 Қазақстан бойынша болатын әр фермерлік шаруашылықтардағы асыл тұқымды ірі қара мал саны 300 мыңға дейін өседі деп жоспарлануда. Ал жемтік беретін(откормочные) жерлер көлемі әр регионда 150 мыңға дейін болады деген жоспар бар. Бірақ бұл мәліметтер әлі толық емес. Себебі нақты іс жүзіне келгенде жағдай өзгеріп кетуі мүмкін.

Қазақстан Республикасы мал тұқымын жақсарту үшін асыл тұқымды малдарды шет елдерден импорттауды жөн көрді. Мысалы ауыл шаруашылық Министрлік Департаментінң директоры Рабиға Тоқсеитова асыл тұқымды ірі қара малды шет елден импорттау үшін мемлекет бюджетінен 2 млрд тенге қаржы бөлінгенін хабарлады. [10].

«Асыл тұқымды ірі қара малдардың тайпалық шаруашылығын жасау» мемлекеттік бағдарламаға сәйкес АО «КазАгроФинанс» мемлекетте 9809 шет елдік малдарды импорттауға рұқсат етті. Нацхолдинг «КазАгро» бағдарламасы аясында елге импортталған ірі қара малды келесі Кесте 2 көреміз.




2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Сиыр

52 мың

63мың

20,3 мың

Бұқа

2,2 мың

2,3мың

1167 бас

Кесте2

[8]мәліметтен алынды.

Елімізге импортталған ірі қара малдар ангус, шароле және герефорд сияқты тұқымдар әкелінген болатын. Одан басқа «Нух «КазАгро» ірі қара малға арналған жемтік беретін (откормочные места) орындарды салу үшін арнайы қаражат бөлген.

Мемлекет тарапынан жасалған «Сыбаға» бағдарламасы ол асыл тұқымды ірі қара малдарда фермерлер сатып алуларына субсидия түрінде қаражат береді. Фермерлерге субсидияны қайтаруы жеңіл болуы үшін жеңіл шарттар жасалған. Мысалы кредит пайызы 6-ға тең. Және кредитті төлеу кем дегенде 12 айдан кейін басталады. [11].



Қорытынды мен ұсыныстар. Қорытындылай келе Қазақстанда мал шаруашылығы дамымаған салаға жатады. Соның салдарынан мемлекетте мал мен мал өнімдері халыққа жетіспегендіктен, оларды импорттауға тура келеді. Ондай жағдайды түзету үшін мемлекет тарапынан бағдарламалар қабылданып жатыр. Бірақ ол бағдарламалар кейбір факторларға байланысты толық жүзеге аспайды. Мысалы 2012 жылы Австралиядан импортталған ірі қара малдың бәрі ауру болып, оларды жойып жіберуге тура келді. Ал оған бөлінген қаражат мөлшері қайтарылған жоқ. Ондай жағдай болуының себебі, малды кеденнен өткізгенде Қазақстан тарапынан малдың сау немесе сау емес екені тексерілмеген.

Ал оны тексеру үшін бізге арнайы аппараттар мен білікті маманддар болуы қажет. Келешекте ондай қателіктер жібермес үшін Қазақстан Республикасында арнайы малдардың генетикасын жақсартатын ғылыми орталықтар ашылуы қажет. Яғни асыл тұқымды малдарды шет елдерден импорттамай, өз елімізде зерттеп олардың генетикасын жақсартуымыз қажет. Егер малдардаң генетикасын жақсаратын болса, олар көп өнім береді. Соның салдарынан Қазақстанда мал мен мал өнімдері өз нарығына жеткілікті болады және олардың бағасы әлдеқайда төмендейді.



Қолданылған әдебиеттер тізімі:


  1. http://dknews.kz/myasa-mnogo-ne-byvaet-iz-za-chego-padaet-pogolove-skota-v-kazakhstane.htm

  2. http://kzgov.docdat.com/docs/364/index-311790.html

  3. http://www.kaz.stat.kz/digital/SELSKOE_HOZ_kz/Pages/default.aspx

  4. http://dknews.kz/myasa-mnogo-ne-byvaet-iz-za-chego-padaet-pogolove-skota-v-kazakhstane.htm

  5. http://www.kazakh-zerno.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=78604&Itemid=108

  6. http://www.meta.kz/310914-zhivotnovodstvo-kazakhstana-ne-v-polnojj-mere.html

  7. http://thenews.kz/2010/09/21/534673.html

  8. http://www.agrodom.kz/item/plemennoj

  9. http://www.kazakh-zerno.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=72310&fromfeed=1

  10. http://www.agroalem.kz/news/184-kazahstan-prodolzhit-zakupat-skot-za-rubezhom.html

  11. http://investvko.kz/ru/content/podderzhka-selskogo-xozyajstva/programma-«syibaғa»-(zakup-skota).html

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
publications -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
publications -> Тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы Отандық тарих ғылымының методологиялық мәселелері
publications -> Магистр юридических наук Муйденова А. К., магистр юридических наук Э. О. Тойлыбекова
publications -> Қызылорда облысының экологиялық Қолайсыз аймақтарында тұратын халықТЫҢ медициналық-демографиялық жағдайының сипаттамасы
publications -> К. э н. Айдосова Б. Х., Магистр экономических наук Жунусова Э. Ж
publications -> Ибн сина, оның Өмірі, философия мен медицинадағЫ Үлесі
publications -> Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының негізі
publications -> Программа аудита денежных средств
publications -> Әож 351. 79: 556. 536. 2 Трансшекаралық суларды қҰҚЫҚТЫҚ реттеу тарихы жайында


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет