3 Жобаның конструкторлық бөлімі
3.1 Сүт салқындатқыштарға қойылатын зооинженерлік талаптар
және олардың жіктелімі
Жаңа сауылған сүтті салқындату - сүтті алғашқы өңдеудегі маңызды процестердің бірі. Сондықтан да сүтті салқындататын аппараттарға мынадай зооинженерлік талаптар қойылады:
-физикалық-механикалық қасиеттері әртүрлі сұйық сүт өнімдерін салқындатуға бейімделген әмбебап болуы;
-салқындатудан кейін салқындатқыштың жұмыстық органдарын тазалау,
жуу және дезинфекциялаудың ыңғайлығы;
-өнімнің булануын болдырмау қабілеті.
Қазіргі кезде өнеркәсіп шығаратын салқындатқыштарды төмендегідей негізгі белгілермен жіктейді (17сурет):
Сурет 13. Сүт салқындатқыштар жіктелімі
Салқындатқыш аппараттар құрылысының қандайлығына қарамастан, салқындатылатын 1 л сүтке 3 л-ден 5 л-ге дейін су жұмсалады. Әрине табиғи мұзды пайдаланған өте-мөте тиімді болған болар еді, бірақ еліміздің оңтүстік аудандарында оны дайындау аса қиынға түседі және тіпті бұл жерлерде мұз кездеспейді десе де болады. Сүттің сапасын жоймай сақтау үшін оны қалыпты температурада ұстау мәселесі әр түрлі салқандатқыштарды жасап шығаруға себепші болды.
- қоршаған ауамен түйісу сипаты бойынша - ашық суармалы, жабық және ағынды;
- жұмыс бетінің пішіні бойынша - түтікті және пластиналы;
- секциясының саны бойынша - бір және көпсекциялы;
- пішіні бойынша - тегіс және дөңгелек;
-өнімді жылжытатын әсері бойынша - қысыммен немесе вакуумды пайдалана отырып және өнімнің өз массасымен;
-жылу алмастыратын құралдардың салыстырмалы бағыттағы жүрісі бойынша - ағынға қарсы, тура ағынмен және құралдардың айқыш - ұйқыш жұмысымен.
Сұйық көзі ретінде су, мұз және химиялық салқындатқыштар (аммиак, көмірқышқыл газы, фреон, т.б.) пайдаланылады. Су – анағұрлым кең тараған және үнемді суық көзі. Бірақ, онымен небары – 3 - 4оС-қа дейін, судың
3.2 Сүт салқындатқыштардың құрылысы мен жұмысын талдау
Су жібергіш салқындатқыштар жылу алмастыру принципімен жұмыс істейді. Сүт салқындатқыштың сыртқы жағынан төмен қарай жылыстап ағады, ал қабырғаның ішкі жағынан төменнен жоғары қарай сүттің ағысына қарсы суық су немесе тұзды су беріледі. Мұндай салқындатқыштарда салқындатылатын сүттің температурасы салқындатқыш судың температурасынан 3 - 4оС жоғары болады.
Цилиндрлі-вакуумды сүт салқындатқышқа сүт сауын аппаратынан сүт өткізгіш арқылы ағып келеді. Мұнда салқындатқыштың ойлы - қырлы үстімен (1) жылжи отырып, төменгі келтетүтіктен ағып шығады. Суық су келтетүтік (8) арқылы жетіп, оның ішкі бетімен (2) жоғары көтеріліп, шығару каналынан (7) ағып кетеді. Салқындатудың бұл тәсілі анағұрлым қолайлы. Өйткені сүт бірден сауылып жатқанда салқындатылады.
Цилиндрлі су жібергіш салқындатқыштардан басқа шаруашылықтарда бір және екісекциялы болып келетін жайпақ салқындатқыштар да пайдаланылады. Секциялар белгілі-бір жүйемен орналастырылады. Бірінші секцияда - сүт сумен, ал екіншісінде - тұзды сумен салқындатылады. Екінші секциядағы тұзды судың орнына температурасы судың температурасымен салыстырғанда төмен кез - келген сұйықтықты пайдалана беруге болады. Сүт салқындатқыштың сыртқы бетімен жылжи отырып, бірін-ші секцияда алдын - ала, ал екінші секцияға түскеннен кейін әбден салқындайды. Жаз айларында мұндай ағынды сулы салқындатқыштарда сүтті 12 – 150С - қа дейін салқындатуға болады.
ПОМ 2-2-0 флягалы салқындатқыш қондырғысы сүтті химиялық салқындатқыш - фреонмен тікелей салқындатады. Бұл қондырғыны шағын мал фермаларында, фермерлік (шаруа) және жеке қосалқы қожалықтарда пайдалануға болады. Қондырғы компрессорлы-конденсаторлы агрегаттан және батырмалы салқындатқыштан тұрады. Химиялық салқындатқыштың (фреон-22) циркуляциясы жүруі үшін, бұлар өзара иілгіш шлангалармен жалғанған. Салқындатқыш сезгі – температура релесімен, бұлғауыш жетегінің электрқозғалтқышымен және термореттегіш шұрамен жабдықталған. Жұмыс кезінде батырмалы салқындатқышты сүт құйылған флягаға батырады, ол жарты сағаттың ішінде сүтті 4...6оС температураға дейін салқындатады. 1000 л өнімді салқындату үшін 12,8 кВт·сағ энергия жұмсалады. Компрессорлы-конденсатты агрегаттың массасы – 86 кг, ал батырмалы салқындатқыштың массасы – 9 кг. Сүтті салқындату үшін суық судың қажеті жоқ, сүт тікелей салқындатқыш агент - фреонмен салқындатылады. Флягалы суландыру салқындатқыштары сүтті фляганың (1) сырт жағына арнайы суландырғыштан (2) келетін суық сумен салқындатады (19 сурет). Сонымен бірге бұлғауышпен (3) фляганың ішіндегі сүт араластырылып тұрады. Бұлғауыштың жетегі - гидравликалық, яғни салқындатқыш судың ағынымен іске қосылады. Мұндай салқындатқыш 1 сағаттың ішінде флягадағы сүтті 15 0С – қа дейін салқындатады, салқын судың шығыны - 120 л, салқындатқыштың массасы - 1,5 кг.
1 - сүт құйылған фляга, 2 – суландырғыш, 3 – бұлғауыш
Сурет 14. Флягалы салқындатқыш
ОМ типтес пластиналы сүт салқындатқыш тіреуге (5) бекітілген екі көлденең штангаға (7) орнатылатын жылуалмастырғыш пластиналар жиынтығынан (6) тұрады (20 сурет). Пластиналар пішінделген тоттанбайтын болаттан жұқа қабырғалы етіп жасалады. Олар сұйық жүретін оқшауланған каналдар түзеді. Каналдар сүт пен сұйықты енгізіп-шығарушы штуцерлермен жалғанады.
Сүт пластиналар арасындағы тақ каналдармен таралады да, пластиналардың бедерлі беттерімен төмен ағады. Сораппен берілетін салқындатқыш сұйық жұп каналдармен жоғары көтеріліп, пластина арқылы сүтті салқындатады. Осылайша сүт белгіленген температураға дейін тез салқындатылады. Мұндай салқындатқыштардың кемшілігі - пішінді резеңке төсемдер (9) санының көптігінде, бір жағынан оларды абайлап, мұқият пайдалану қажет.
Жұмысшы пакеттегі пластиналар саны бойынша жылу алмасу ауданын және салқындатқыштың өнімділігін анықтайды. Өнімділікті салқындатқыш сұйық пен сүттің бастапқы және қажетті соңғы температурасын ескеріп, анықтайды.
Салқындатқыштардың жұмыс режимі сүт пен салқын судың 1:3 қатынасына, ал тұзды сумен салқындатқанда - 1:2 қатынасына есептелген.
Пластиналы салқындатқыштарды ОМ-1 және ОМ-1А сүт салқындатқыш қондырғыларында, ООТ-М және ООУ-М автоматтандырылған қондырғылар-ында пайдаланады. Бұл қондырғыларда екісатылы салқындату жүргізіледі.
Бірінші секцияда сүтті - салқын сумен, ал екінші секцияда - тұзды сумен немесе тоңазытқыш машинада салқындатылған сумен салқындатады.
Пластиналы салқындатқыштарды пайдаланғанда, оларды су және дезинфекциялаушы ерітінділермен жуып қана қоймай, сонымен бірге кем дегенде аптасына бір рет бөлшектеп, тазалап жуу қажет.
Сүтті жинап, салқындатып және уақытша сақтау үшін қабырғаларының арасында суық су жүретін РПО-1,6 және РПО-2,5 резервуар-салқындатқыштары, жылу рекуператоры бар МКА-2000Л-2А резервуар-салқындатқышы, ООМ-1000 "Холодок" сүттазартқыш - салқындатқышы, РПО-Ф-0,8 резервуар-салқындатқышы және т.б. пайдаланылады.
Өнеркәсіп шағын фермаларға арналған МКЦ сериялы, сыйымдылықтары 150, 200 және 250 л резервуар-салқындатқыштарын, сыйымдылығы 320 л ОМ-3-300 резервуар-салқындатқышын, сүтті бидондарда салқындататын және сақтайтын ОМБ-Ф-8, УОМ-Ф-300, УОМ-Ф-500, УОМ-Ф-1000 қондырғыларын шығарады. Резервуар -салқындатқыштардың негізгі көрсеткіштері 6 кестеде берілген.
Кесте 5 – Сүтті салқындату жабдықтарының техникалық сипаттамасы
Көрсеткіш
|
РПО-1,6
|
РПО-2,5
|
МКА-2000л-2А
|
ООМ-1000 "Холодок"
|
ФОМ-1,25
|
РПО-Ф-0,8
|
ОМ-3-300
|
ОМ-2-250
|
ОМБ-Ф-8
|
УБМ-Ф-300
|
УБМ-8-500
|
Сыйымды лығы, л
|
1600
|
2500
|
2000
|
1500
|
1250
|
800
|
320
|
400
|
200
|
300
|
500
|
Салқындату уақыты, сағ
|
3
|
3
|
3
|
Ағын-мен
|
2
|
2
|
2
|
2,5
|
5
|
5
|
|
Қондырылған қуат, кВт
|
1,28
|
1,28
|
6
|
0,6
|
0,6
|
2,3
|
-
|
1,8
|
1,1
|
-
|
-
|
Массасы, кг
|
400
|
635
|
620
|
100
|
100
|
550
|
500
|
180
|
-
|
-
|
-
|
РПО типтес резервуар-салқындатқыш фермаларда сүтті салқындатуға және уақытша сақтауға (20 сағатқа дейін) арналған. Резервуар-салқындатқыш бөлек орнатылып, суды мұздай етіп суытатын МВТ типтес су салқындататын қондырғылармен жабдықталады.
Резервуар - салқындатқыштың сүт астауы (8) екіқабырғалы етіп жасалған. Сүтпен жанасатын ішкі қабырғасы - тоттанбайтын табақша болаттан, ал сыртқы қабырғасы - кәдімгі табақша болаттан жасалады. Осы қабырғалардың арасындағы қуыстарға сусалқындатқыш қондырғыдан суық су беріледі. Осы суық су астаудың ішкі қабырғасы арқылы сүтті салқындатады. Жылыған су сораппен салқындатқыш қондырғыға қайта суытылу үшін жіберіледі. Астаудың қақпақтарында (2,5) сүтті құю, астауды жуу және желдету үшін арналған люктар бар. Резервуарда жылу алмасуды қарқынды ету үшін, электрқозғалтқышпен іске қосылатын бұлғауыш (10) қондырылған. Бұлғауыш әрбір 0,5 сағат сайын 180 с - қа автоматты түрде қосылады. Осындай режимнің негізінде сүттің бірқалыпты салқындатылуы және жоғары сапасы қамтамасыз етіледі. Астауды жуып-шаю кезінде, оған қажетті жуғыш ерітіндіні құйып, сорап пен бұлғауышты іске қосады. Сұйық жуғыш құрылғымен астаудың қабырғаларына қысыммен беріледі де, оны жуып - шайып шығады. Жылу рекуператоры бар МКА-2000Л-2А резервуар-салқындатқышы, сүтті жинап, салқындатып және сақтаумен бірге технологиялық қажетке керекті жылу, су өндіру үшін жылуды рекуперациялайды. Ол сүт астауынан (1), компрессорлы-конденсаторлы агрегаттан, электр сорабынан, бұлғауыштан (6) және таратқыш шкафтан тұрады. Бұл резервуардың РПО типтес резервуардан ерекшелігі, мұнда сүтті салқындату үшін суды пайдаланудың қажеті жоқ. Сүт суытқыш агенттің (фреон 12) буландырғыштың саңылаулы каналдарында қайнау арқылы салқындатылады.
РНО типтес резервуар-салқындатқыш сүтті жинап, салқындатып және уақытша сақтау үшін қолданылады. Мұнда резервуарға арналған суытқыш агент (сұйық фреон) бөлек орнатылған компрессорлы - конденсаторлы агрегатта өндіріліп беріледі. Сұйық фреон резервуардағы сүттің жылуын сіңіріп, бу түрінде қайтадан агрегатқа қайтарылады да, цикл қайталанады. РНО-1,6 және РНО-2,5 резервуарларының сыйымдылығы 1600 және 2500 л.
Достарыңызбен бөлісу: |